Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шықтандырғыштар

Читайте также:
  1. Шықтандырғыштарды есептеу

Тоңазытқыш техникаларын жасап жатқан өндірістердегі шығарылып жатқан шықтандырғыштарды мынадай түрге бөлуге болады: көлденең және тік түтік-қаптамалы, буландырғышты және ауамен суытылатын.

Көлденең түтік–қаптамалы шықтандырғыштарды тамақ өндірісінде аммиакты және хладонды тоңазытқыш қондырғыларда қолданады. Олар болаттан жасалған цилиндр тәріздес қаптамалы, қаптама ішінде түтікшелер көлденең жайғасқан, түтікшелердің соңы түтікше торға бекітілген болады. Салқындатылатын су осы түтікшелердің ішімен күшпен өтеді. Шықтандырғышта су берілетін және шығатын құбырлары бір жақта орналастырады. Сонымен қатар судың аппарат шіндегі айналымы жұп болуын қамтамасыз ету қажет. Аппаратқа су төменгі жағынан беріліп жоғары жағынан шығарылады. Сонымен қатар аппаратқа қаупсіздік клапаны, тоңазытқыш затының деңгейін көрсететін өлшегіш құралы және аппараттан ауаны шығаратын вентиль орналастырылады (58 –сурет).

 

 

58 -сурет.Көлденең түтік–қаптамалы шықтандырғыш

Көлденең түтік–қаптамалы шықтандырғыштарда тоңазытқыш затының буы құбыр түтікшелерінің арасында сыртқы бетінде шықтанады. Шықтандырғыштың бұл түрі суды суыту қондырғыларымен бірге жұмыс істейді.

Аммиакты және хладонды шықтандырғыштардың бір-бірінен айырмашылығы оларды жасайтын материалдармен жылу алмасу ауданының пішінінде ғана болады.

Хладонды шықтандырғыштарда негізінен түсті металлдар және қолданылатын құбырлардың сыртқы бетіне, жылу алмасу үрдісін жақсарту мақсатында, әр түрлі пішінде жасалынған қабырғалар орналастырылады.

Казіргі уақытта көлденең түтік–қаптамалы шықтандырғыш жасайтын компаниялар олардың бір қатар модельдері шығарады, мысалы: КНГ, ККГ, ESK, FKN, FKH, FKM, «Ангар» жәнеде басқа модельдері. Бұл модельдердің әр қайсысында 10-25 түрлері болады Мысалы «Фабрика холода» кәсіпорны шығаратын көлденең түтік–қаптамалы шықтандырғышы 59 –суретте көрсетілген.

59 –сурет. Көлденең түтік–қаптамалы шықтандырғыштары

 

Тік түтік-қаптамалы шықтандырғыштар өте ірі тоңазытқыш зат ретінде аммиакты қолданатын тоңазытқыш қондырғыларында пайдаланады. Мұнда тік болаттан жасалған цилиндрге жоғары және төменгі бөліктеріне екі түтік торлар орналастырылады. Осы торларға алты қырлы етіліп түтікшелер орналастырылады. Тоңазытқыш затының буы аппаратқа жоғары жағынан беріліп, сұйық түрі төменгі бөлігінен алынады. Тоңазытқыш затының буы, алдында қарастырылған аппараттағыдай, құбыр түтікшелерінің сыртқы бетінде шықтанады. Аппарат ішінде ашық жағдайда суды реттегіш қондырғыш орналастырылған. Әр құбыр ішінде су жоғарыдан төмен аққан кезде айналмалы қозғалыс жасайды. Тоңазытқыш затының түтікшелер сыртындағы қысымы 1,8 МПа аспауы керек, түтікшелер ішіндегі су қысымы атмосфералық болып келеді (60–сурет).

 

 

60 –сурет.Тік түтік-қаптамалы шықтандырғыш

Бұл шықтандырғыш түрінің артықшылықтары:

- сығымдағыштар цехынан бөлек жерде орналастыруға болатындығында;

- орналастыру үшін аз аудан керек ететіндігінде;

- кез келген су түрін қолдануға болатындығында;

- құбырлар іші оңай тазалануында;

- судың шығынын көбейту арқылы үлкен жылулық салмақты игеруге болатындығында.

Негізгі кемшілігі-судың құбыр ішіндегі бір келкі таралмауында болып табылады.

Буландырғышты шықтандырғыштар тамақ өндірісінде енді қолданылып келеді. Бұл шықтандырғыштарда жылу тоңазытқыш затынан құбыр қабырғалары арқылы, құбыр сыртымен жұқа қабат болып ағып тұрған суға беріледі. Құбырдың сыртқы қабатындағы судың булану салдарынан жылу ауаға беріледі.

Буландырғышты шықтандырғыштар конструкциясында екі ирек – ирек құбырлар шоғы орналасқан: біріншісі- форшықтандырғыш, екіншісі негізгі шықтандырғыш деп аталады.

Буландырғышты шықтандырғыштардың корпусы жабық болып келеді. Шықтандырғыш астында су жиналатын бак бар. Бактағы су насостың көмегімен көтеріліп коллекторға құйылады. Жоғарыдан желдеткіштің көмегімен ауа үрленеді де ол судың булануын күшейтіп ауа су буының жылуын қабылдайды.

Тоңазытқыш затының аса қызған буы алдымен ирек – ирек құбырға (форшықтандырғыш) кіріп шықтану температурасына жақын температураға дейін салқындайды. Әрі қарай қанықан тоңазытқыш затының буы май бөлгіш аппаратынан кейін шықтандырғыштың көлденен орналасқан негізгі түтікшелер құбырына кіріп шықтанады. Құбыр ішіндегі тоңазытқыш затының шықтану жылуы құбыр сыртындаға жұқа қабат болып ағып жатқан суға беріледі. Алынған жылу кейін жоғарыдан төмен соғып тұрған ауаға беріледі(62 –сурет).

 

 

(61 –сурет).Буландырғышты шықтандырғыштар

 

Бұл шықтандырғыштардың артықшылығына:

- орналастырғанда аз аудан алуы;

- судың шығынының аздығы;

- сумен ауаның интенсивті жылу алмасуы;

- қыс уақытында ауамен суытылатын шықтандырғыш ретінде қолдана алуында.

 

Ауамен суытылатын шықтандырғыштар сауда-саттық жабдықтарында, тұрмыстық тоңазытқыштарда, изотермиялық транспорттар агрегаттарында кеңінен қолданылады.

Ауамен суытылатын шықтандырғыштар жай ауа қозғалысында (Qo = 100...350 кВт) және ауаның еріксіз қозғалысымен (Qo>350 кВт) суытылатын болып екіге бөлінеді. Тоңазытқыш заты ирек-ирек құбырлар ішімен өтеді, ал жылу сыртқы ирек-ирек құбырлар бетінен ауаның конвективті немесе еріксіз қозғалысы арқылы алынады (62 –сурет).

 

 

62 –сурет. Ауамен суытылатын шықтандырғыштар

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 150 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Аралық қысымның тиімді мәнін анықтау | Аралық суытуы толық емес бір рет дросселденетін екі сатылы айналма | Аралық суытуы толық бір рет дросселденетін екі сатылы айналма | Екі сатылы фреонды тоңазытқыш машинаның айналмасы | Көп сатылы дроссельдеудің айналмадағы қайтымсыз шығындарға әсері | Екі буландырғышы бар, екі рет дроссельденетін екі сатылы машинаның айналмасы | Эжекторлы тоңазытқыш машинаның айналмасы | Бу сығымдағышты тоңазытқыш машина циклдарының жылулық есебі | Поршенді сығымдағыштар | Ротационды сығымдағыштар |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бұрандалы сығымдағыштар.| Буландырғыштар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)