Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сығымдағышты таңдау.

Читайте также:
  1. Бу сығымдағышты тоңазытқыш машина циклдарының жылулық есебі
  2. Котельников теоремасы бойынша санақ шығарудың жиілігін таңдау.
  3. Сығымдағыштарды таңдау.
  4. Ышқыл-негіздік индикаторлар. Индикатордың ауысу интервалы. Индикатор таңдау.

Жылулық есептеуді келесі ретте жүзеге асырылады.

Машинаның есептемелік сызбасын құрамыз. Онда сығымдағыш, жылуалмастырғыш аппараттары және ондағы тоңазытқыш заттың параметрлерінің өзгерістері және реттегіш вентил кескінделеді (сурет -73). Сонан соң тоңазытқыш машинаның есептемелік режимін таңдаймыз.

Құрылымдық сызба мен есептемелік режим негізінде тоңазытқыш айналмасын және оның жылудық диаграммасын тұрғызамыз (негізінде ℓgP-і диаграммасында). Айналманың нүктелері мен сәйкесінше олардың орны сызбады бір цифрмен белгіленеді. Айналманың түйінді нүктелерінің параметрі (температура, қысым, бөлінген энтальпия мен көлем), кестеге толтырылады. Теориялық айналманың негізгі параметрлері және сығымдағыштың қажетті көлемдік өндірімділігі анықталынады.

Сурет -73. Сығымдағыштардың беру коэффициенттері: 1 және 2 сальникті сығымдағыштар, 2- сальниксіз порошенді сығымдағыштар, 4- бұрандалы сығымдағыштар

 

Тоңазытқыш затының массалық суықөндірімділігі (кДж/кг)

qo = i1 – i4. (7.8)

 

Сығымдағыштың меншікті қысу жұмысы (кДж/кг)

а = i2 - i1′ (7.9)

 

Шықтардырғыштағы меншікті жылулық жүктемесі (кДж/кг)

qк = i2 – і3 (7.10)

Жылуағынының алынып кетуі үшін қажетті айналмадағы тоңазытқыш затының массалық шығымы, (кг/c)

Мт = Qo /qo, (7.11)

мұндағы: Qo – сығымдағыштың қажетті суықөндірімділігі.

Сығымдағыштың қажетті теориялық өндірімділік көлемі, (м3/c)

Vт = Мт ∙ν1/λ, (7.12)

мұндағы: ν1–сорылатын будың көлемі, м3/кг (айналмадағы 1- нүкте);

λ – сығымдағыштың беру коэффициенті: қысымдар қатынасымен анықталынады Рко, (сурет -73). Егреде С=0,04÷0,05 және қысымдар қатынасы Рко>10 арнайы өлі көлемі аз сығымдағыш қолданылады.

Ары қарай анықталған Vт мәні бойынша каталогтан немес таблицадан агрегат немесе сығымдағышты таңдаймыз.

Сығымдағыштағы тоңазытқыш заттың нақты массалық шығыны

Мкм = λ∙Vкм / ν1 (7.13)

Сығымдағыштағы нақты суықөндірімділігі

Qo = Мкм ∙qo (7.14)

Сығымдағышты қозғалысқа келтіретін қуатты төмде келтірілге жолмен анықтайды:

- теориялық (адиабаталық) сығу қуатын

Nт= Мкм ∙ ℓт (7.15)

мұндағы: ℓт – сығымдағыштың меншікті сығу жұмыс (кДж/кг).

- нақты қысу қуаты (индикаторлы қаут)

Nі= Nті (7.16)

мұндағы: ηі – индикаторлық пайдалы әсер коэффициенті: кіші және орта сығымдағыштар үшін ηі = 0,7÷0,8, ал үлкен мәнедер ірі сығымдағыштарға арналған.

Біліктіге берілетін қуат (эффективті қуаты)

Nе=Nтмех (7.17)

мұндағы: ηмех – сығымдағыштың механикалық пайдалы әсер коэффициенті: мәні Рко қысым қатынасына байланысты анықталады:, Рк / Ро= 5÷7 болғанда ηмех= 0,9, ал , Рк / Ро = 11÷13 болғанда ηмех=0,8.

 

Шықтандырғышқа түсетін жылулық жүктемені (жылу ағынын) сығу процессіндегі шығындарды ескермей мына теңдеумен анықтайды

Qк= Мкм ∙ qк= Мкм (i2 –і3) (7.18)

ал егер сығу процессіндегі шығындарды ескерсек онда

Qк.д= Qo + Nі (7.19)

мұндағы: Qo – сығымдағыштың суықөндірімділігі, кВт;

Nі– индикаторлы қуат, кВт;

i2 –і3 – теориялық айналмадағы тоңазытқыш заттың негізгі

нүктелердегі энтальпиясы, кДж/кг.

 

Мысал 1. R12 тоңазытқыш затымен жұмыс істейтін бір сатылы тоңазыту машинасының сығымдағышын жылулық есебі және оны таңдау.

Тоңазытқыш машина балықты tа = -2 оС -та салқындатуға арналған салқындату және етті tа= 0 оС сақтау камераларына арналған. Тоңазытқыш заты камераларда орналасқан жылуалмастырғыш аппараттарында буланады. Сығымдағышқа түсетін жылулық жүктеме Qт=3,2 кВт. Сыртқы ауаның параметрлері: tсырт = 28 оС; φ = 42% (Мәскеу).

Тоңазыту қондырғысының құрылымдық сызбасын құрастырамыз (сурет -74).

Қондырғының есептемелік режимін таңдаймыз.

1.Камерадағы ауа температурасын -2 °С –та қамтамасыз ету үшін (балықты сақтау камерасы), тоңазытқыш заттың қайнау температурасын tо = tі -15 = - 2 – 15 = 17°С тең болуы керек.

Осы температураға сәйкес келетін қысым ро=0,17МПа ℓgP-і диаграммасы бойынша анықталады.

2. Сығымдағышқа берілетін судың температурасын ылғал термометр температурасынан 6 оС жоғары етіп I-d диаграммасы бойынша анықтаймыз. Мәскеу қаласы үшін tн.м = 19 °С, сонда сығымдағышқа берілетін судың температурасы tw1=19+6=25 °С.

 

Сурет -74. Регенеративті жылуалмастырғыш аппараты бар хладонды тоңазытқыш машина схемасы: а) схемасы; б) айналымның lg p – диаграммасы.

 

Шықтандырғыштағы судың қызуын Δtw = 4 °С деп қабылдаймыз. Осыдан судың шықтану температурасы tк = tw1 + Δtw +3 = 25+4+3 = 32°С. Осы судың шықтану температурасына сәйкес келетін қысым рк= 0,8МПа тең.

3. Буландырғыш пен құбыр жолындағы тоңазытқыш затының буының қызуын 5оС тең деп, ал жылуалмастырғышта болса 20 оС дейін қызады қабылдаймыз.

R12 тоңазытқыш зат үшін ℓgP-і диаграммасында циклдың айналмасын құрастырамыз.

1. ℓgP-і диаграммасына ро=0,17МПа және рк= 0,8МПа мәндерін саламыз.

2. Диаграммада ро сызығын t1/ = -12 °С және t1=20 °С изотермиялармен қиылысқанша жалғастырамыз. Қиылысқан 11 және 1 нүктелерді табамыз. Бұл нүктелердегі тоңазытқыш затының энтальпиялары 548 және 564 кДж/кг тең болады.

3. 2 нүктені анықтау үшін 1 нүкте арқылы адиабата сызығын рк= 0,8МПа изобарамен қиылысқанша жүргіземіз.

4. 3/ нүктесі қаныққан сұйық аймағындағы қисық сызықпен рк= 0,17МПа изобараның қиысқан жерінде орналасады, ал 3 нүкте болса жылу алмастырғыштың жылулық балансынан анықталған i3 энтальпия мәні мен изобараның қиылысқан жерінен анықталады.

 

i3 = i3/ - (i1 - i1/) = 431 - (564 – 548) = 415 кДж/кг

 

5. 4 нүктені анықтау үшін 3 түктеден изоэнтальпия сызығын ро=0,17МПа изобарамен қиылысқанша жүргіземіз.

6. Айналмадағы тоңазытқыш заттының күйін сипаттайтын нүктелердің мәндерін 4- кестеге жазамыз.

4 – кесте. Тоңазытқыш заттының күйін сипаттайтын нүктелердің мәндері

Нүктелер нөмірі Параметрлер
t, оС Р, МПа i, кДж/кг ν, м3/кг
1'' -17 0,17   -
1' -12 0,17   -
    0,17   0,12
    0,80   -
3'   0,80   0,8∙10-3
    0,80   0,8∙10-3
  -17 0,17   -

 

7. R12 тоңазытқыш затының массалық суықөндірімділігі (кДж/кг)

 

qo = i1'' – i4 = 544-415 = 129 кДж/кг.

 

8. Сығымдағыштағы меншікті қысу жұмысы (кДж/кг)

 

а = i2-i1′ = 597 – 564 = 33 кДж/кг.

 

9. Шықтандырғышқа түсетін меншікті жылулық салмақ (кДж/кг)

 

qк = i2 –і3'= 597-431=166 кДж/кг.

 

10. Сығымдағыштың қажетті суықөндірімділігі

∑ Qкм = 1,06∙3,2 = 3,4 кВт

 

11. Тоңазытқыш затының қажетті массалық шығыны

 

Мт = Qo /qo = 3,4/129 = 0,026 кг/c.

 

12. Сығымдағыштың қажетті теориялық көлемдік өндірімділігі Vт (м3/c)

Vт = Мт ∙ν1/ λ = 0,026∙0,12/0,73 = 0,0043 м3/c.

 

λ= 0,73 мағанасы 11.2 –суреттегі графигтен рко = 0,80/0,17 = 4,7 сальникті сығымдағыш үшін (С=4,5%) қабылданады.

 

13. Vт =0,0043 м3/c мәні бойынша 12.1 кестесінен МКВ4-1-2 сығымдағышын таңдаймыз: осы машинаның жиынтығына кіретін ФВ6 компрессорының көлемдік өндірімділігі Vкм =0,0057 м3/c.

Сығымдағыштың жұмыс істеу уақыты коэффициенті

 

b= Vт/ Vкм=0,0043/0,0057=0,75, демек машина дұрыс таңдалды.

 

14. Сығымдағыштағы тоңазытқыш заттың нақты массалық шығыны

 

Мкм= λ∙Vкм / ν1=0,73∙0,0057/0,12=0,035 кг/с.

 

15. Сығымдағыштың нақты суықөндірімділігі

 

Qo = Мкм ∙qo =0,035∙129= 4,52 кВт.

 

16. Сығымдағышты қозғалысқа келтіретін қондырғы қуаты

Nт= Мкм ∙ ℓт = 0,035∙33 = 1,16 кВт;

Nі= Nті= 1,16/0,7 =1,66 кВт;

Nе=Nтмех=1,66/0,9 = 1,84 кВт;

Nэ=Nээл=1,84/0,85 = 2,17 кВт;

 

17. Теориялық айналымдағы шықтандырғышқа түсетін жылулық салмақ

Qк= Мкм ∙ qк= 0,035∙1,66 = 5,8 кВт

 

Шықтандырғышқа түсетін нақты жылулық салмақ

 

Qк.д= Qo + Nі=4,52+1,66 = 6,18 кВт

 

Мысал 2. Тоңазытқыш зат ретінде аммиакті қолданатын бір сатылы тоңазытқыш машинасының сығымдағышының жылулық есібі және оны таңдау. Бұл тоңазытқыш машинасы Алматы қаласында орналасқан жеміс-жидекті салқындатуға арналған камераларды суытуға арналған (tа=34 оС; φ=35%). Тоңазытқыш заты камераларда орналасқан жылуалмастырғыш аппараттарында буланады. Сығымдағышқа түсетін жылулық жүктеме ∑Qкм=150 кВт. Шықтандырғыш аппарат түрі – буландырғышты- шықтандырғыш

Тоңазыту қондырғысының құрылымдық сызбасын құрастырамыз.

 

 

Сурет-75. Бір сатылы аммиакты тоңазытқыш машинасы: а) схемасы; б) айналымның lg p – диаграммасы.

 

Тоңазытқыш қондырғысының есептемелік режимін анықтаймыз.

1. Камерадағы ауа температурасын берілген дәрежеде (tі = -1оС) болуы үшін, тоңазытқыш заттың қайнау температурасы tо = tі -5 = -1 – 5 = - 6оС болуы керке. Сондай-ай шықтандырғыш аппарат түрі – буландырғышты- шықтандырғыш болғандықтан, тоңазытқыш затының сұйылу температурасын бойынша анықтаймыз. Меншікті жылу ағынының тығыздығы qF оптималды мәні qF =2,5 кВт және tнм = 22оС, тоңазытқыш затының сұйылу температурасы tк=37оС. Ауа температурасы ылғал термометр бойынша Алматы қаласы үшін tнм=22оС тең екенін I-d диаграммасы бойынша анықтайды. Сызбада сұйық тоңазытқыш затын алдын ала салқындатылатын жабдық қарастырылмаған.

2. Сығымдағышта сорылатын тоңазытқыш затының буының температурасы былай қабылдаймыз

tвс = t0 + 10 = - 6 + 10 = 4оС.

 

3. Тоңазытқыш машинасының циклын ℓgP-і диаграммасында тоңазытқыш айналмасын құрастырамыз. Тоңазытқыш затының циклдағы күйін сипаттайтын нүктелерді кестеге түсіреміз (5- кесте).

5 – кесте. Тоңазытқыш заттының күйін сипаттайтын нүктелердің мәндері

 

Нүктелер нөмірі Параметрлер
t, оС Р, МПа i, кДж/кг ν, м3/кг
1'' -6 0,34   0,36
    0,34   0,37
    1,43   0,12
3'   1,43   1,71∙10-3
  -6 0,34   -

 

4. Тоңазытқыш затының массалық сықөндірімділігі (кДж/кг)

 

qo = i1'' – i4 = 1675 – 600 = 1075 кДж/кг.

 

5. Сығымдағыштың меншікті қысу жұмысы (кДж/кг)

 

а = i2-i1′ = 1910 – 1700 = 210 кДж/кг.

 

6. Шықтандырғыштағы меншікті жылулық салмақ (кДж/кг)

 

qк = i2 –і3' = 1910 - 600 = 1310 кДж/кг.

 

7. Сығымдағыштың қажетті суықөндірімділігі

 

Qo.т = К∑ Qкм = 1,07∙150=160 кВт.

 

8. Тоңазытқыш затының массалық шығыны

 

Мт= Qo /qo = 160/1075 = 0,15 кг/c.

9. Сығымдағыштың қажетті теориялық көлемді өндірімділігі

 

Vт = Мт ∙ν1/λ=0,15∙0,37/0,69=0,080 м3/c.

 

мұндағы λ - ны 73 –суреттің графигінен рко = 01,43/0,34 = 4,2 байланысты сальникті сығымдағыш үшін (С=4,5%) анықтаймыз.

10. Сығымдағышты таңдаймыз. Сығымдағыштардың атласынан суықөндірімділігі бойынша жақын келетін сығымдағыш агрегаты А110-7-0. Бұл сығымдағыштың көлемдік өндірімділігі Vкм =0,084 м3/c. Бірақ тәжірибе жүзінде бір ірі сығымдағыш орнына 2-3 суықөндірімділігі төмендеу сығымдағыштарды алған дұрыс. Мысалы үш А40-7-2 маркалы сығымдағыш агегаттарының көлемідік өндірімділіктерінің қосынды ∑Vкм =0,029∙3=0,087 м3/c. Осы маркалы сығмдағыштардың үшеуін алған жағдайда екеуі тоқтаусыз жұмыс істесе біреуі кейде қосылып кейде тоқтап тұрады.

Сығымдағыштың жұмыс істеу уақыты коэффициенті

 

b = 0,080-2∙0,029/0,029=0,76, демек машина дұрыс таңдалды.

 

11. Сығымдағыштардағы тоңазытқыш заттың нақты қосынды массалық шығыны

 

∑ Мкм = λ ∙ ∑Vкм / ν1 = 0,69 ∙ 0,087/0,037 = 0,162 кг/с.

 

12. Сығымдағыштардың жалпы нақты суықөндірімділігі

 

Qo = ∑Мкм ∙ qo =0,162∙1195= 194 кВт.

 

13. Таңдалған сығымдағыштардағы адиабаталық қуат

 

Nт = ∑Мкм ∙ (i2 –і1) = 0,162(1910-1700) = 34,0 кВт.

 

14. Тоңазытқыш затының буын сығуға шығындалған индикаторлы қуат

N і= Nті = 34/0,75 = 45,3 кВт.

 

15. Сығымдағыштардың біліктерінде шығындалатын қуаты

Nе = Nтме х= 45,3/0,9 = 50,3 кВт.

 

16. Электр жүиесінен сығымдағыштарға керекті қуат (электрлік қуат)

Nэ = Nээл =5 0,3/0,95 = 52,9 кВт,

 

немесе бір компрессорға 17,6 кВт

 

А40-7-2 сығымдағыш агрегатынада электроқозғалтқыштың номинальды қуаты 18,5 кВт құрайды. Сонымен бұл агрегат жеткіліктік көлемде артық қуат пен таңдап алынған.

17. Теориялық айналмадағы шықтандырғышқа түсетін жылулық салмақ

Qк = ∑ Мкм (i2 –і3') = 0,162(1910-600) = 215 кВт

 

18. Шықтандырғышқа түсетін нақты жылулық салмақ

 

Qк.д = Qo + Nі = 194+45,3 = 239 кВт

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 184 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Көп сатылы дроссельдеудің айналмадағы қайтымсыз шығындарға әсері | Екі буландырғышы бар, екі рет дроссельденетін екі сатылы машинаның айналмасы | Эжекторлы тоңазытқыш машинаның айналмасы | Бу сығымдағышты тоңазытқыш машина циклдарының жылулық есебі | Поршенді сығымдағыштар | Ротационды сығымдағыштар | Бұрандалы сығымдағыштар. | Шықтандырғыштар | Буландырғыштар | Тоңазытқыш машиналарының көмекші жабдықтары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тарау. Cығымдағыштарды және жылуалмастырғыш аппараттарын есептеу және таңдау| Сығымдағыштарды таңдау.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.029 сек.)