Читайте также:
|
|
Фрезаның жұмыс органы күрделі қозғалыс жасайды: тура (тасымалды) және айналмалы (салыстырмалы). Жұмыс органының әрбір нүктесінің қозғалысының траекториясы циклоида (трохоида) болады.
Мысалы, пышақтың шеткі А нүктесінің бастапқы жағдайдан қозғалысын қарастырайық (43а сурет). Барабан білігі t уақыт бөлігінде Vt- ға тең жол жүріп, Оi жағдайына келеді, ал барабан дискісі t бұрышына бұрылады. Мұнда V тура қозғалыстағы жылдамдық, ал фрезаның бұрыштық жылдамдығы. Сонда А нүктесі А0 жағдайынан координаталары келесі теңдеулермен анықталатын А і нүктесіне келеді:
Хі = Vt + r сos t
Yi = rsin t (45)
Осы теңдеулер (43) параметрлік формада фреза пышағының А нүктесінің абсолюттік қозғалыстағы траекториясын сипаттайды.
43 сурет – Фреза теориясына
Циклоиданың геометриялық пішіні жылдамдықтар қатынасына тәуелді
= U/V (46)
мұнда U – А нүктесінің шеңберлік жылдамдығы.
Бұл қатынас фреза жұмысының кинематикалық режимінің көрсеткіші деп аталады. Егер <1 болса, онда А нүктесінің немесе пышақтың басқа нүктесінің траекториясы тұзақсыз циклоида, ал >1 болса, циклоида тұзақты (43 б), демек ұзартылған болады.
Фреза жұмысында оның пышағының кез келген нүктесіне >1 болады, егер <1 болса, пышақ топыраққа өткір жүзімен емес, сыртқы қырымен әсер етеді. Фреза жұмысының сапасы пышаққа беріліспен Sz, өңдеу тереңдігімен а және жалдар биіктігімен h (43 ә сурет) сипатталады.
Пышаққа берілісті келесі формуламен анықтайды:
Sz = V ·t z (47)
мұнда t z – келесі пышақтың алдыңғы пышақтың орнына келу уақыты
t z = tайн/z
tайн – дискінің бір айналым жасау уақыты,с;
z – дискідегі пышақтар саны:
tайн = 2 / сонда t z = 2 n/ z
Sz = 2 n/ z (48)
Бұл формуладан (48) пышаққа берілісті қай параметрлер арқылы өзгерту мүмкін екенін, демек фрезаның топыраққа әсер ету дәрежесін өзгертуін мүмкін екенін көруге болады. Пышаққа беріліс кішірейген сайын жал биіктіктері азаяды.
Пышаққа беріліске топырақ жаңқасының қалыңдығы тәуелді, ол топырақ қопсыту дәрежесін анықтайды (43 ә сурет):
мах = Sz cos
Өңдеу тереңдігі
а = r (1 – sin )
одан
sin = 1 – а/ r
Ал, а/r =m деп белгілеп, топырақ жаңқасының қалыңдығын ең үлкен мөлшерін келесі формуламен анықтайды:
S max = Sz (49)
Бұл формуладан пышаққа тұрақты берілісте Sz өңдеу тереңдігінің азаюы топырақ қопсыту дәрежесін өсіретінін көруге болады.
Фреза жұмысына шығындылатын қуат үш бөліктен тұрады
N = Nм + Nд + Nс (50)
Мұнда Nм – машинаның танапта қозғалуына кеткен қуат, кВт;
Nд – топырақты деформациялауға кеткен қуат, кВт;
Nс – топырақ жаңқасын лақтыруға шығындалған қуат, кВт.
Nм = 10 -2 f Q V (51)
Мұнда f – сырғанау коэффициенті (f =0,15...0,2)
Q – машина массасы, кг.
Nд = 10-4 к ·са·z/6 (52)
Мұнда к – топырақтың деформацияға меншікті кедергісі, МПа;
с – топырақ жаңқасының кесіндісі, см2;
п – фреза барабанының айналуы жиілігі, мин-1.
Nс = 5 · 10-4 QV2 (53)
Мұнда – жұмыс органының формасына тәуелді лақтыру коэффициенті, =0,75....1,0;
Q - бір секундта лақтыратын топырақ массасы, кг.
КАТОКТАР
Катоктар топырақты тұқым себер алдында және себуден кейін де тығыздауға қолданылады. Катоктармен тұқым себер алдында танап бетін тегістейді, кесектерді бұзады, кеш өңделген отырмаған топырақты тығыздайды.
Тұқым сепкеннен кейін топырақтың беткі қабатын тығыздау арқылы тұқым мен топырақтың өзара әсерін жақсартады және төменгі горизонттан ылғал келуін көбейтеді, осының нәтижесінде тұқым тез өсіп шығады.
Құрғақ аймақта катоктармен топырақ тығыздау арқылы ылғал шығынын азайтады. Катокпен өңделген танапта агрегат жүрісінің біркелкілігі артып, жұмыс жылдамдығын көбейтуге болады. Катоктар атқаратын жұмысына қарай батпақтық және егістік болып бөлінеді.
Бетінің қалпына қарай катоктар сақиналы-тепкілі, сақиналы-тісті, тегіс, сақиналы, тырмалы және шабындықты болады.
Сақиналы-тепкілі үш секциялы ЗККШ-6 катогы (44 сурет) топырақтың жоғарғы қабатын қопсытып, астыңғы қабатын тығыздап, топырақ қабыршығы мен кесегін бұзуға, танап бетін тегістеуге қолданылады.
Катоктың әрбір секциясы бірінің артына бірі орналасқан балласты жәшікті 3 екі батареядан тұрады. Алдыңғы батареяны кіндігіне аралық төлкемен кезектестіріп бос алты, артқы батарея кіндігіне тепкілі диаметрі 250мм болаттан құйылған жеті дискі 2 орнатылған.
Артқы батареяның дискілері алдыңғы батареяның дискілеріне жарты адымға жылжытылған, сонда каток дискілер арасына жабысқан топырақтан өздігінен тазарады. Балласт массасын өзгерту арқылы меншікті қысымды 27 ден 47 Н/см2 дейін реттеуге болады. Жұмыс жылдамдығы 13 км/сағ, алым ені – 6,1м.
Сақиналы-тісті ККН-2,8 (44 а сурет) танап бетін тегістеуге, топырақ бетін 4 см-ге дейін тереңдікке қопсытуға және астыңғы қабатты 7 см-ге дейін тереңдікке тығыздауға арналған. Оны қызылша сепкіші және культиваторымен бірге қолданады.
Каток кіндігінің 5 диаметрі 350мм, сына тәріздес 7 он және диаметрі 366 мм тісті 4 тоғыз доңғалақ бос орнатылған. Катоктың меншікті қысымы 25 Н/см2, алым ені 2,8м.
Сақиналы-тісті КЗК-10 катогы тұқым себер алдында және сепкеннен кейін топырақты өңдеуге арналған. Каток тісті 4 және сына тәрізді доңғалақтармен жабдықталған бес секциядан тұрады. Жұмыс жылдамдығы 13 км/сағ, өнімділігі 10га/сағ.
Аспалы тырмалы КБН-3 катогы (44 б сурет) топырақ кесектерін бұзуға және тұқым себер алдында топырақ бетін қопсыту, егістік бетіндегі қабыршақты бұзуға арналған. Бес секциялының әрбірінің рамасына подшипник арқылы екі барабан орналастырылған. Барабан бетінде, винттік сызық бойынша диаметрі 16 мм тістер орнатылған. Секциялар көлденең брусқа шахмат тәртібімен шынжыр арқылы асылған. Алдыңғы қатарда үш секция, артқы қатарда екі секция, каток алым ені 3,25м, оны Т-40 және МТЗ-80 тракторлары тартады.
а – сақиналы-тепкілі, б – сақиналы-тісті, в – тырмалы, г – су құйылған, 1 және 5 – біліктер, 2 – дискілер, 3 және 6 – балласт жәшіктер, 4 және 7 –доңғалақтар.
44 сурет – Катоктар
Су құйылған тегіс 3КВГ-1,4 катогы (44 в сурет) топырақ бетін тұқым себер алдында және сепкеннен соң тығыздауға, көк тыңайтқышты жыртып топыраққа сіңіру алдында таптауға арналған. Каток үш секциялы. Әрбір секция сыйымдылығы 500л, диаметрі 700мм, ұзындығы 1400мм іші бос, сыртқы беті тегіс цилиндрмен жабдықталған. Цилиндрге су құйылады. Судың мөлшерін өзгерту арқылы катоктың топыраққа меншікті қысымын 23-тен 60 Н/см2 дейін реттейді. Цилиндрді жабысқан балшықтан тазарту үшін серіппемен цилиндр бетіне қысылған тазартқыштар қолданылады. Каток алым ені 4м.
Жеңіл су құйылатын СКГ-2,1, СКГ-2,2, СКГ-2-3 катоктары сыйымдылығы 100 л және ұзындығы 0,98 м тегіс бетті цилиндрмен алдында және себілген топырақты тығыздауға арналған.
Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 332 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ТОПЫРАҚ ӨҢДЕЙТІН ФРЕЗАЛАР | | | ЖЕЛ ЭРОЗИЯСЫНА ҰШЫРАҒАН ТОПЫРАҚТЫ ӨНДЕУГЕ АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР |