Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ТопыраҚ ӨҢдейтін фрезалар

Аспалы және жартылай аспалы соқаларды жұмысқа дайындау және реттеу | Соқа корпусына әсер ететін күштер | В. П. Горячкинның рационалдық формуласы. Соқаның пайдалы әсер коэффициенті | Тісті тырмалар | Дискілі тырмалар | Тісті тырмалардың негізгі өлшемдерін және тарту күшін анықтау | СЫДЫРА ЖЫРТҚЫШТАР | Дискілік жұмыс органдарының негізгі геометриялық және орнатылу параметрлері | Жаппай өңдейтін культиваторлар | Отамалы культиваторлар |


Читайте также:
  1. ЖЕЛ ЭРОЗИЯСЫНА ҰШЫРАҒАН ТОПЫРАҚТЫ ӨНДЕУГЕ АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР
  2. РАСТЫРМАЛЫ ТОПЫРАҚ ӨҢДЕЙТІН МАШИНАЛАР МЕН АГРЕГАТТАР
  3. СУ ЭРОЗИЯСЫНА ҰШЫРАҒАН ТОПЫРАҚТЫ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР

Фрезалар топырақ пен өсімдік қалдықтарын ұсақтауға және оның қабаттарын араластыруға, арамшөптерді құртуға, тыңайтқыштарды сіңіруге және танап бетін тегістеуге қолданылады. Фрезерлеу энергияны көп талап ететін процесс, сондықтан фрезерлеуді ауыр топырақтың монолиттерін ұсақтап араластыруда қолданған тиімді.

Фрезалар батпақтық, егістіктік, бақшалық және отамалы болып бөлінеді.

Батпақтық ФБН-1,5 және ФБ-2 фрезалары батпақты құрғатып игергенде және жайылым мен шабындықты күтуде пайдаланады.

Егістік ФН-125, ФП-2 және КФГ-3,6 фрезалары ауыр, ылғалы көп топыраққа күріш, көкөніс және т.б дақылдар себер алдында өңдеуде қолданылады.

Бақшалық ФПШ-200, ФА-0,76 және ФСН-0,9Г фрезалары жеміс ағаштары арасындағы топырақты қопсытып, арамшөптерді құртуға арналған.

Отамалы фрезалар КФ-5,4, КГФ-2,8, ФПУ-5,4 отамалы дақылдарының қатараралықтарын өңдейді.

Фрезалар жұмыс органдары – пышақтар (41 сурет). Пышақтар түзу (41 а сурет), майыстырылған Г-тәріздес (41 б сурет), табақша (41 в сурет), S- тәріздес (41 г сурет), қопсытқыш қашау (41 е,ж сурет) және егістік ілгіш тәріздес (41 з сурет) болады.

Пышақтардың барабанға бекітілуінің үш түрі болады: қатты, топсалы және серіппелі.

42 суретте фрезаның жалпы құрылысы келтірілген. Пышақтар дискіге 3 бекітіледі, бірнеше диск ортақ білікке 1 орналасып, барабан құрайды. Барабан трактордың қуат тарату білігінен қозғалысқа келтіріледі.

41 сурет – Фрезаның жұмыс органдары

42 сурет – Топырақ өңдейтін фреза.

 

Пышақ орнатылған дискілер 3 арасында білікке шпонка арқылы бекітілген фрикциялық дискілер орналастырған. Білік айналғанда үйкеліс күшінің арқасында айналдыру моменті фрикциялық дискілерден пышақты дискілерге беріледі.

Фрикциялық дискілер пышақты дискілерге серіппелер күшімен қысылады, сондықтан пышақты дискілер қатты затқа кездескенде, тайғанап тоқтайды. Бұл пышақты сынудан сақтайды.

Барабан қаптамамен 8 және тырнауыштық тормен жабылған, оның білігі күпшекте орналасқан.

Фреза қаңқасы жұмыс жағдайында екі тірек доңғалаққа орналасқан. Өңдеу тереңдігін тірек доңғалақтың винттік механизмі арқылы реттейді.

 


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 494 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Культиватордың негізгі параметрлерін анықтау| Фрезаның жұмыс органының кинематикасы және негізгі параметрлері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)