Читайте также: |
|
Су эрозиясына қарсы күреске су тоқтату, ұйымдастыру және агротехникалық шаралар жүйесі кіреді. Оған топырақты уақытында өңдеу, топырақты тереңдеткішпен жырту, қарықта жал және көпіршек (перемычка) салып жырту, үзік қарық және ойықша жасау, тышқаншылап қазу және қар тоқтату жатады.
Еңкейлерде жыртқанда қарықтарды еңкейлерге көлденең горизонталь бойынша жасау қажет. Жер жыртатын агрегат әрбір жүрісінде бір деңгейде жыртуы керек. Еңкейлерді жыртуда аудара жыртатын ПОН-2-30 және ПКУ-4-35 соқаларын қолданылады.
Қар суын тоқтатуда терең жырту жақсы нәтиже береді. Аспалы ПЛН- 4-35 соқасы ПРПН-70.000 құралымен үзік қарық жасауға арналған. Ол қысқартылған корпуспен және үш қалақшалы үзік қарық жасайтын қанатша құралмен 3 (50а сурет) жабдықталған.
Соқа тірек доңғалақтың 7 құрсауының ұзындығына тең жол жүргенде қанатша айналмайды, сондықтан оның төменгі қалақшасы қарық жасайды.
Қанатшаны айналудан тірек доңғалақпен инінді-білікті механизмінің тартпасы арқылы байланысқан серіппелі рычаг 4 ұстап тұрады. Доңғалақтың әрбір айналымында рычаг бір рет тартылады. Қанатша сол уақытта 1200 бұрылады, сонда қарық көпіршек жасалады.
Құрал соқа қаңқасына көлденең брус 1 арқылы бекітіледі. Қанатша қысқартылған қайырмалы корпустан 8 кейін жүріп, ұзындығы 1,0...1,2 м және сыйымдылығы 9,5....10 л қарық жасайды.
Әрбір гектарда 4000...42000 қарық жасалады, оларды жалпы сыйымдылығы 350... 400м3.
Ойық жасап сүдігер жыртуда батареялы ПЛН-4-35 соқасы қолданылады. Батарея білігіне эксцентрлі және бір-бірінен 1800 бұрылған диаметрі 450 мм сфералық дискілер орнатылған. Батарея (50 в сурет) шабуыл бұрышы 300 болып бағытталады. Секция дискілері 10 топырақпен ілінісуі арқылы айналып қозғалыс бағытына қарай созылған ойықшалар жасайды. Әрбір ойықша сыйымдылығы 20...25 л, 1 гектарда ойықшалар саны 12...14 мыңға тең болады. ПЛДГ-5 және ПЛДГ-10 құралдары сыдыра жыртқыштарда орнатылып, сүдігерде ойықшалар жасауға арналған. ПЛДГ-5 құрамында төрт, ал ПЛДГ-10 орналасқан алты дискілі батареялары болады (50 в сурет). Дискілердің шабуыл бұрышы 300. Жұмыс барасында агрегат ұзындығы 1,3м, ені 0,5м және тереңдігі 0,2м ойықшалар жасайды. Ойықшалар тереңдігін төмендеткіштер арқылы реттейді. Бір гектардағы ойықшалардың жалпы сыйымдылығы 250...300 м3.
1 – брус, 2 – тізгін, 3 – қанатша, 4 – тірек рычаг, 5 – басқыш штанга, 6 – шатун, 7 – тіреу доңғалақтар, 8 – корпус, 9 – өлшеу дискісі, 10 – сфералық диск, 11 – балласт жәшігі.
50 сурет – Үзік қарық (а және б) және ойық (в) жасайтын құралдар
Топырақ тілгіш-үңгірлеп қазғыш ЩН-2-140 топырақтың ылғал сіңіргіш қабілетін көтеретін, жайылым мен шабындықты су эрозиясына қарсы күрестегі ең тиімді құралдың бірі. Топырақ тілгіш құрамына екі топырақ тілгіш пышақ және топырақтағы саңылау үстіне су өтпейтін жал жасайтын құрал кіреді. Оны сүдігер өңдеуде қолдануға болады.
ППБ-0,6 құрылғысы үзік қарық жасайды және отамалы дақылдардың қатараралығын терең қопсытуға қолданады. Құрылғы қарық ашатын түптеуішпен 3 және төрт қалақшалы қанатшадан 3 тұрады (50 ә сурет). Өлшегіш диск 9 әлсін-әлсін рычагты 4 қалақшадан әкетіп тұрады, сонда қанатша айналады да, қарықта көпіршік пайда болады.
Құрылғы 1га ауданда өлшемдері 100 х 50см, тереңдігі 16см., сыйымдылығы 250....280 м3 4 мың қарық жасайды. Осындай құрылғы культиваторды сүдігерде үзік қарық жасауда пайдалануға болады.
Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 378 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ЖЕЛ ЭРОЗИЯСЫНА ҰШЫРАҒАН ТОПЫРАҚТЫ ӨНДЕУГЕ АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР | | | РАСТЫРМАЛЫ ТОПЫРАҚ ӨҢДЕЙТІН МАШИНАЛАР МЕН АГРЕГАТТАР |