Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жел эрозиясына ҰшыраҒан топыраҚты Өндеуге арналҒан машиналар

В. П. Горячкинның рационалдық формуласы. Соқаның пайдалы әсер коэффициенті | Тісті тырмалар | Дискілі тырмалар | Тісті тырмалардың негізгі өлшемдерін және тарту күшін анықтау | СЫДЫРА ЖЫРТҚЫШТАР | Дискілік жұмыс органдарының негізгі геометриялық және орнатылу параметрлері | Жаппай өңдейтін культиваторлар | Отамалы культиваторлар | Культиватордың негізгі параметрлерін анықтау | ТОПЫРАҚ ӨҢДЕЙТІН ФРЕЗАЛАР |


Читайте также:
  1. АҒЫМДЫҚ, АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
  2. ОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
  3. РАСТЫРМАЛЫ ТОПЫРАҚ ӨҢДЕЙТІН МАШИНАЛАР МЕН АГРЕГАТТАР
  4. рылыс машиналары және жабдықтары
  5. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІҢДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
  6. СУ ЭРОЗИЯСЫНА ҰШЫРАҒАН ТОПЫРАҚТЫ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР

Топырақ эрозиясы деп жел, су тасқынының және ауылшаруашылық машиналар органдарының механикалық әсерінен топырақтың бұзылып және қозғалып кетуін айтады.

Ашық топырақ бетін ауа тасқынының әсер етуінен топырақтың бөлшектері қозғалысқа келіп ұша бастағанда жел эрозиясы пайда болады. Қозғалған бөлшектер ауа тасқынына қосылып, алыс қашықтыққа ұшып кетеді.

Жыртылатын жерлерді жел эрозиясынан қорғау үшін эрозияға қарсы агротехникалық шаралар кешені қолданылады. Бұл кешенге топырақ бетіне өсімдік сабақтарының қалдықтарын қалдырып, топырақ қыртысын аудармай жырту жүйесі және топырақ қорғауға бағытталған егіс ауысымдары кіреді, сонымен қатар танап бетінен ауылшаруашылық машиналардың өту санын азайту керек.

Аспалы КПГ-250А, ПГ-3-100, ПГ-3-5, КПГ-2,2, ГУН-4 жазық кескіш- терең қопсытқыш культиваторлар топырақты негізгі аудармай өңдеуге және парды 25-30см-ге дейін қопсытуға арналған. Культиваторлар алымы 250 немесе 110см жебе тәрізді жазық кескіш табандармен жабдықталған (45 сурет). Терең қопсытқыш табанның тірегінің 4 төменгі жағына өкше пісіріліп бекітілген. Өкшеге қашаулы 6 башмақ 1 және өздігінен қайралатын түрендер 3 бекітілген. Тірекке пісіріліп бекітілген бұрыштамаға реттегіш винт 5 бұралған, винттің қалпақшасы раманың брусына тіреледі. Винтті 5 бұрау арқылы табанның көлбеулік бұрышын өзгертеді. Тіректегі 4 эллипстік тесік алдыңғы болт арқылы қозғап, табан көлбеулігін өзгерту мүмкіндігін береді.

Табанның түренмен (45 ә сурет) кесілген топырақ қыртысы түреннің көлбеу жүзімен қозғалғанда қопсытылып, жерге аударылмай түседі. Өсімдіктердің кесілген сабақ қалдықтары аңыз бетінде қалып, эрозиялық процестерді болдырмайды.

Жазық кескіш-терең қопсытқыш ПГ-3-100 (45 б сурет) алым ені 110см үш жазық кескіш табандармен 7 жабдықталған. Түрендердің кескіш жүздерінің арасындағы бұрыш 1000. Алым ені 3,1м, өңдеу тереңдігі 30см. Өңдеу тереңдігін тірек доңғалақтың 8 винттік механизмі арқылы реттейді.

Жазық кескіш-терең қопсытқыш ПГ-3-5 орталық 1 және екі бүйірлік 2 рамадан, жұмыс органдарынан 3, тірек доңғалақтардан 4 және гидрожүйеден тұрады (46 сурет). Бүйірлік рамалар транспорттық жағдайға гирожүйесінің көмегі арқылы келтіріледі. Алым ені – 5,3м.

Культиватор КПГ-250А алым ені 250см бір немесе ені 110см екі табандармен жабдықталған. Бірінші вариантта ол топырақты 16см-ге дейін тереңдікке, ал екінші вариантта 30см тереңдікке дейін өңдеуде қолданылады.

КПГ-2,2 терең қопсытқыш-тыңайтқыш енгізгіш культиваторы алым ені 110 см болатын екі табанмен 14 (47 сурет), сыйымдылығы 450 л бункермен 6, тыңайтқыш сепкіш аппараттармен 7 және желдеткішпен 5 жабдықталған.

Сепкіш аппараттар тірек доңғалақтан 16 кардандық білік 15 пен шынжырлы беріліс арқылы қозғалысқа келеді. Желдеткіш дөңгелектерін гидромотор айналдырады. Табанға араластырғыштан 10, тыңайтқыш өткізгіштен 9, ауа өткізгіштен 8 және таратқыштан 11 тұратын тыңайтқышты топырақ астына енгізетін құрал орнатылған.

Тыңайтқыш енгізгіш табаны топыраққа кіргенде, сепкіш аппараттың берілісі жұмысқа қосылады, сонда тыңайтқыш тук өткізгіш арқылы араластырғышқа түседі. Ауа өткізгішпен желдеткіш туғызған ауа тасқыны араластырғышқа жетеді. Ауа тасқыны тыңайтқышты таратқыш тасымалдағышқа жеткізеді, ал таратқыш тыңайтқышты табан ені бойынша біркелкі себеді. Түреннен түскен топырақ тыңайтқыштарды жабады.

Культиваторды жұмыс және транспорт жағдайына гидроцилиндр көмегімен келтіреді. Тыңайтқыш енгізу және топырақ өңдеу тереңдігін 12см-ден 27см-ге дейін тартқышын бұрау арқылы реттейді.

Культиватордың алым ені 2,15м, жұмыс жылдамдығы 10 км/сағ дейін.

Терең қопсытқыш-тыңайтқыш енгізгіш ГУН-4 құрылысы КПГ-2,2 құрылысына ұқсас. Айырмашылығы ГУН-4 аспалы, алым ені үлкен және автотіркеуішпен жабдықталған.

Жазық кескіш-культиватор КПШ-9 үш секциялы рамадан тұрады. Орта секцияда автотіркеуіш, екі тірек доңғалақ және алым ені 100см үш табан орнатылған. Бүйірлік рамалар орта секциямен топсалы бекітілген, оларға екі немесе үш табан орнатуға болады. Сондықтан бұл культиватор алым ені 6,4м немесе 8,2 м болады.

КПШ-5, КПШ-9, КПШ-11, КПЭ-3,8А, КТС-10-1, КТС-10-2, КШ-3,6 культиваторларын күзде топырақты аудармай 10...16см дейін, ал тұқым себер алдында 16 см-ге дейін тереңдікте өңдеуде қолданылады.

 

а – жазық кескіш табан, ә – жұмыс процесінің схемасы, б – жалпы көрініс, 1 –башмак, 2 – өкше, 3 – түрен, 4 – тірек, 5 – реттеуіш винт, 6 – қашау, 7 – табан, 8 – доңғалақ, 9 – винттік механизм, 10 – рама, 11 – автотіркеуіш құлпы

 

45 сурет – Жазық кескіш-терең қопсытқыш ПГ-3-100

 

 

1 – орталық рама, 2 – бүйірлік рама, 3 – жұмыс органы, 4 – тірек доңғалақ.

 

46 сурет – Жазық кескіш-терең қопсытқыш ПГ-3-5

 

1 – тіркеме, 2 – гидроцилиндр, 3 – өңдеу тереңдігін реттеуіш, 4 – жартылай кіндік, 5 – желдеткіш, 6 – бункер, 7 – сепкіш аппарат, 8 – ауа өткізгіш, 9 –тыңайтқыш өткізгіш, 10 – араластырғыш, 11 – таратқыш, 12 – түрен, 13 –қашау, 14 – табан, 15 – кардандық білік, 16 – доңғалақ, 17 – рама.

 

47 сурет – Терең қопсытқыш-тыңайтқыш енгізгіш культиватор КПГ-2,2

 

Ауыр КПЭ-3,8А, КТС-10-1 және КТС-10-2 культиваторлары үш қатарға орналастырылған алым ені 40см табандармен жабдықталған (48 а сурет). Табан грядильдері рамаға серіппелі 4 кронштейн арқылы бекітіледі (48 б сурет). Серіппенің қысымынан асатын кедергіге табан тірелгенде, ол топырақтан шығып, ал кедергісін өткеннен кейін жұмыс жағдайына қайтады. Болтпен 9 серіппенің қысымын және табан жүзінің горизонталь жағдайда болуын реттейді. Өңдеу тереңдігін 5-16см арасында гидроцилиндр 7 штогындағы тіректі 6 жылжыту арқылы қояды.

Серіппелер және серпімді тіректерге бекітілген табандар жұмыс кезінде дірілдейді, сондықтан олар қатты топыраққа жақсы енеді және өсімдік қалдықтарымен бітеліп қалмайды. Бірақ олар өсімдік сабақтарын 50%-ға дейін зақымдап, топырақ бетінде жалдар құрайды. Осы себеппен культиваторға штангалық құрылғы орнатылады. Штанга (48 в сурет) топырақ ішінде берілген тереңдікте айналып, арамшөп тамырын жұлып, топырақ астындағы өсімдік қалдықтарын оның бетіне шығарады және танап бетін тегістейді.

КТС-10-1 культиваторының рамасы топсалы бекітілген екі бүйірлік және орталық секциялардан тұрады. Бұл культиватор екі КПЭ-3,8А культиваторынан тұратын агрегатты ауыстырады, алым ені – 7,37м.

КТС-10-2 культиваторының құрылысы КТС-10-1 культиваторына ұқсас, алым ені 10,5м.

КШ-3,6А культиваторы штангамен жабдықталған, оның құрылысы және жұмыс істеу принципі КПЭ-3,8А культиваторының штангалық құрылғысына ұқсас. Алым ені 3,6м, топырақты тұқым себер алдында өңдеуге арналаған, өңдеу тереңдігі 5...10см.

Штанга қозғалысқа культиватор доңғалағы арқылы келтіріледі. Рамада балластқа арналған жәшік орнатылған. Штанга топырақ арасында доңғалақ айналу бағытына қарсы бағытта айналады. Штанга арамшөп тамырын үзіп, топырақты қопсытады.

Тіркеме культиваторда өңдеу тереңдігін 4...10см арасында гидроцилиндр штогындағы тіректі жылжыту арқылы, ал аспалы культиваторларда жоғары тартқыштың ұзындығын өзгерту арқылы реттейді. Культиватор транспорттық жағдайына және, керісінше, шығарылған гидроцилиндрмен келтіріледі.

 

 

а – жалпы көрініс, б – жұмысшы орган, в – штанганың технологиялық процесінің схемасы, 1,2 – кронштейндер, 2 – штанга, 3 – жебе тәрізді табан, 4 – серіппелер, 5 – рама, 6 – тірек, 7 – гидроцилиндр, 8 – серпімді тірек, 9 – болт.

48 сурет – Штангалы КПЭ-3,8А культиваторы

 

Штангалық КШЛ-10 культиваторы бес секциядан тұрады. Әр секцияға екі түрлі жұмыс органы орнатылған: алдыңғы брусқа алым ені 330 мм жебе тәрізді табандар бекітілген, ал артқы брусқа грядильдер арқылы кесіндісі 25х25 мм айналмалы штангалар орнатылған.

Жебе тәрізді табандар топырақты 7...14см тереңдікке дейін кесіп қопсытады. Кейін келе жатқан штанга топырақ ішінде айналып, арамшөп тамырын жұлып топырақ бетіне шығарады және танап бетін тегістейді. Штанганың топыраққа ену тереңдігін 5...10см арасында тірек пен доңғалақтың көтеру механизмінің гидроцилиндріндегі бұрандалы төлкені қозғау арқылы реттейді. Культиватордың алым ені 10,6м.

Инелі БИГ-3А, БМШ-15 және БМШ-20 тырмаларын ылғал жапқанда немесе топырақты күзде өңдегенде, топырақ бетін қопсыту үшін пайдаланады. Тырмалар жер бетіндегі арамшөп және дақылдар тұқымдарын топыраққа енгізеді және аңыздықтағы өсімдік сабақтарының 75% сақтайды.

Тырмалар диаметрі 55см инелі дискілер 6 батареяларынан тұрады (49 сурет). Батареялар рамада 1 екі қатарға орналасқан. Батарея шабуыл бұрышын 00-тан 200 дейін өзгертуге болады. Әрбір дискіде кесіндісі дөңгелек 12 ине бар.

 

 

 

49 сурет – БМШ-20 тырмасының батареялар секциясы.

 

 

Дискілер жұмыс жағдайында танап бетімен айналып, топыраққа 4...10 см тереңдікке дейін кіріп, беткі қабатын қопсытады және арамшөптер тұқымын жабады. БИГ-3А, БМШ-15 және БМШ-20 тырмаларының алым ені сәйкес 3, 15 және 20м.

 


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 1069 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Фрезаның жұмыс органының кинематикасы және негізгі параметрлері| СУ ЭРОЗИЯСЫНА ҰШЫРАҒАН ТОПЫРАҚТЫ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)