Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Растырмалы топыраҚ ӨҢдейтін машиналар мен агрегаттар

Дискілі тырмалар | Тісті тырмалардың негізгі өлшемдерін және тарту күшін анықтау | СЫДЫРА ЖЫРТҚЫШТАР | Дискілік жұмыс органдарының негізгі геометриялық және орнатылу параметрлері | Жаппай өңдейтін культиваторлар | Отамалы культиваторлар | Культиватордың негізгі параметрлерін анықтау | ТОПЫРАҚ ӨҢДЕЙТІН ФРЕЗАЛАР | Фрезаның жұмыс органының кинематикасы және негізгі параметрлері | ЖЕЛ ЭРОЗИЯСЫНА ҰШЫРАҒАН ТОПЫРАҚТЫ ӨНДЕУГЕ АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР |


Читайте также:
  1. ЖЕЛ ЭРОЗИЯСЫНА ҰШЫРАҒАН ТОПЫРАҚТЫ ӨНДЕУГЕ АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР
  2. рылыс машиналары және жабдықтары
  3. СУ ЭРОЗИЯСЫНА ҰШЫРАҒАН ТОПЫРАҚТЫ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР
  4. ТОПЫРАҚ ӨҢДЕЙТІН ФРЕЗАЛАР

 

Топырақ өңдейтін агрегаттардың бірнеше операция орындау үшін танап бойымен бірнеше рет өтуі топырақтың өте тығыздалып, оның шаң болып кетуіне әкеледі.

Әсіресе ылғал аз аймақтарда топырақты көп өңдеу өте зиянды. Осыған сәйкес топырақты минималды өңдеу жүйесі қазір кең тарады, мұнда танапты өңдеу және трактор өту саны азаяды. Бұл мақсатта бір жүргенде бірнеше операция орындайтын құрастырмалы машиналар мен агрегаттар қолданылады.

Құрастырмалы машиналар қолдану доңғалақтардың топыраққа зиян әсерін азайтады, операция орындау мерзімін қысқартады, жұмыс сапасы мен өнімділігін көтереді және өндірістік шығындарды кемітеді.

Құрастармалы машиналар мен агрегаттарда бір уақытта орындалатын операцияларға арналған жұмыс органдар жиынтығы орнатылады.

Құрастырмалы машиналарының үш түрі болады:

- тізбектеліп-қосылған қарапайым құралдардан тұратын агрегат;

- қанқасына тізбектеліп орнатылған әртүрлі операциялар орындайтын жұмыс органдары бар машина;

- технологиялық циклдағы барлық операцияларды орындай алатын арнайы құрастырмалы жұмыс органы бар машина.

Орындалатын технологиялық операциялар жиынтығына қарай құрастырмалы машиналарды төрт топқа бөлуге болады.

Топырақты негізгі және қосымша өңдеулерді біріктіретін машиналар. Бұл топқа жер жыртатын құрастырмалы ПКА агрегаты, құрастырмалы агрегат АКП-2,5, құрастырмалы корпусты ПВНЗ-35 соқасы, құрастырмалы АКР-3,6 машинасы және ротациялық соқа РП-2 жатады.

Жер жыртатын құрастырмалы ПКА агрегаты жыртуға, кесектерді бөлшектеуге, топырақ бетін тығыздауға және тегістеуге арналған. Ол соқадан (ПЛП-6-35) және екі қатарлы катокты ПВР-2,3 құралынан тұрады (51а сурет). Катоктың бірінші қатары тар сына тәрізді дискілерден 3, ал екінші қатары сақиналы-тепкілі дискілерден 1 тұрады. Құрал қаңкасында екі балластық жәшік 2 орнатылған. Агрегат қозғалғанда дискілер 3 үлкен кесектерді кесіп, топыраққа 10...15см-ге кіріп тығыздайды. Сақиналы тепкілі дискілер 1 қалған кесекті ұсатады және топырақ бетін тегістейді. Дискілердің топыраққа ену тереңдігін балласттық жәшіктегі массаны өзгерту арқылы реттейді.

Құрастырмалы АКП-2,5 агрегаты (51 сурет) ылғалы аз аймақта жер қыртысын аудармай, негізгі және қосымша өңдеуге арналған. Агрегат екі секциядан тұрады. Алдыңғы секцияның рамасында 5 үш дискілік батареялар 6 және үш жазық кескіш табан 7 орнатылған. Артқы секцияда екі қатарлы сақиналы-тепкішті дискілі қопсытқыш каток 9, тегістегіш 8 және балластық жәшік 10 орнатылған. Алдыңғы секцияны тракторға асады, ал артқысы алдыңғыға тіркеледі.

Дискілік батареялар сфералық немесе инелі дискілерден құралуы мүмкін. Тегістегіш тік сфералық дискілермен бірге қолданылады. Дискілер топырақ бетін 8 см тереңдікке дейін қопсытады, табандары 16 см-ге дейін тереңдікке қыртыс кесіп ұсақтайды және арамшөптерді құртады. Тегістегіш топырақ бетін тегістейді, ал катоктар кесектерді ұсатып, топырақты тығыздайды.

 

a – ПКА, б – АКП-2,5, в – РВК-3,6, г – ВИП-5,6, д – КА-3,6, 1 және 3 – дискілер, 2 және 10 – балластық жәшіктер, 4 – соқа, 5 – рама, 6 – дискілік батарея, 7 – жазық кескіш табандар, 8 – тегістегіш, 9 – дискілік батарея, 7 – жазық кескіш табандар, 8 – тегістегіш, 9-11,14,16 және 22 – катоктар, 12 және 17 – тегістегіш брустар, 13 және 15 – қопсытқыш барабан, 20 – әмбебап жебе табан, 21 – СЗ-3,6 сепкіші, 23 – фартук.

 

51 сурет – Құрастырмалы агрегаттар және машиналар

 

Агрегат алым ені 2,5м ДТ-75В және Т-150 К трактормен агрегатталады. Тұқым егу алдында топырақ өңдеу операцияларын біріктіретін машиналарға РВК-3,6, РВК-5,4 агрегаттары (51 в сурет) бір өткенде топырақтың 15см тереңдікке өңдеп, кесектерді уақтап, оны тегістеп тығыздайды. Агрегаттар алым ені сәйкесінше 3,6 және 5,4м. Машина қаңқасында бірінші қатар топырақ қопсытатын серпімді тірекке орналасқан табандар 15, екінші қатар сиретілген сақиналы-тепкілі катокпен, оның дискілері табан аралығындағы топырақты тығыздайды, үшінші қатарда тағы қопсытқыш табандар 13, тегістеуіш брус соңғы қатар сақиналы-тепкілі каток 11. Жұмыс органының өңдеу тереңдігін табандар орнатылған кіндікті бұру арқылы реттейді. Тегістеуіш брусты 12 тік бағытта жылжытуға болады, ал топыраққа қысымын серіппенің созылуымен реттейді.

РВК-3,6 агрегатын МТЗ-80 және ДТ-75В тракторлармен, ал РВК-5,4 машинасын Т-150 тракторларымен сүйретеді.

Құрастырмалы ВИП-5,6 машинасы үш секциядан тұрады, олардың қаңқасына инелі дискілі батарея (51 г сурет), тегістеуіш брус 17 және сақиналы каток 16 орнатылған. Каток тісті және сына тәрізді дискілерден тұрады. Машина бір өткенде топырақ кесектерін ұсақтайды, танап бетін тегістеп, топырақ бетін тығыздайды. Алым ені 5,6м. Агрегатты ДТ-75В, МТЗ-3-80 тракторларымен сүйретеді.

Фрезерлік КФГ-3,6 культиваторы диаметрі 350мм (51 д сурет) фрезерлік барабаннан 19, фартуктан 23, жетектен және өңдеу тереңдігін реттеу механизмінен тұрады.

Фреза іші қуыс білікке пісіріліп бекітілген дискіден тұрады. Дискілерге үш оң және үш сол Г- тәрізді пышақтар бекітілген. Барабан минутына 480 айналым жасайды, сонда пышақтар топырақтан жолақ тіліп, оны қаптамаға лақтырады. Соққыдан топырақ ұсатылады. Фартук топырақтың шашылмауын және оның бетінің тегістелуін қамтамасыз етеді. Қаңқада ұзындығы 1,8м екі фрезбарабан орналасқан. Олар қозғалысқа тісті беріліс және трансмиссиялық біліктер арқылы келтіріледі. Фрезаның өңдеу тереңдігі 10см, алым ені 3,6м, ол Т–150К тракторымен агрегатталады.

Негізгі немесе тұқым себер алдындағы өңдеуді тыңайтқыш еңгізумен біріктіріп өткізетін машиналар.

Құрастырмалы МКП-4 машинасы топыраққа 10...15см тереңдікке минералдық тыңайтқыштың негізгі мөлшерін енгізумен қатар тұқым себер аладындағы өңдеуді өткізуге арналған.

Терең қопсытқыш-культиватор КПГ-2,2 аңыздық танапты негізгі өңдеп, тыңайтқышты 25 см-ге дейін тереңдікке енгізеді.

Топырақты тұқым себер алдында өңдейтін және себуді біріктіріп өткізетін машиналар. Операцияларды бұлай біріктіру агротехникалық талаптарға жақсы сәйкес келеді, мұнда тұқымдар жақсы қопсытылған және ылғалды топыраққа түседі. Мұндай қарапайым құрастырмалы машиналарға КПС-4 культиваторларымен астық сепкіштерден тұратын агрегат жатады.

Құрастырмалы машиналарға сепкіш-культиватор СЗС-2,0 және оның өзгермелі түрлері жатады.

Құрастырмалы КА-3,6 (51 д сурет) агрегатына аспалы фрезерлік КФГ-3,6 культиваторы, СЗ-3,6 сепкіштер, тығыздағыш құрылғы, із көрсеткіш және сигнализация жатады. Агрегаттың алым ені 3,6м, оны Т-150 және Т-150К тракторларымен сүйретеді.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Алшынбай М. Р. Ауылшаруашылығы машиналарының теориясы. Алматы, 1999

2. Босой Е. С. и др. Теория конструкции и расчет сельскохозяйственных машин. М.: Машиностроение, 1978

3. Горячкин В. П. Собрание сочинений в 3-х томах. Колос, 1968

4. Грибановский А. П., Видлингмайер Р. В., Ревякин Е. Л. и др. Комплекс противоэрозионных машин. М.: Агропромиздат, 1989

5. Карпенко А. Н., Халанский В. М. Сельскохозяйственные машины, М.: Колос 1989

6. Кленин Н. И., Сакун В. А. Сельскохозяйственные и мелиоративные машины. М.: Колос 1980

7. Комаристов В. Е., Дунай Н. Ф. Сельскохозяйственные машины, М.: Колос 1984

8. Летошнев М. Н. Сельскохозяйственные машины, М.: Колос 1974

9. Листопад Г. Е. Сельскохозяйственные и мелиоративные машины. М.: Агропромиздат 1986

10. Сабликов М. В. Сельскохозяйственные машины. М.: Колос 1968

11. Синеоков Г. Н., Панов И. М. Теория и расчет почвообрабатывающих машин. М.: Машиностроение, 1977

 


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 1021 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СУ ЭРОЗИЯСЫНА ҰШЫРАҒАН ТОПЫРАҚТЫ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР| ПРИНЦИПЫ ФИЗИОТЕРАПИИ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)