Читайте также:
|
|
Биология пәнін негізге ала отырып, гүл түрлері, сәндік және үй өсімдіктерін өсіру, баптау, күту,гүл ерекшеліктері, гүл сыйлай білу туралы мағлұмат беру. Гүлдердің көктемде, жазда және қоңыр күзге дейін гүлдейтін түрлері жайлы мағлұмат алып қана қоймай өсіру тәсілін үйренеді. Бұл курс оқушылардың биология пәнінен қызуғушылығын арттырады, яғни жасыл желек патшалығының төресі – гүлдер жайлы мағлұмат алып, табиғат таңғажайыбының бізге әкелер пайдасы да ұшан теңіз мол екеніне көз жеткізеді. Сонымен қатар бөлмеде өсетін гүлдердің ерекшеліктерімен танысып оларды өсіре отырып әр бөлмеде орналастыра біліп, адамға маңызын айқындайды. Курс оқушылардың білім аясын кеңейтеді, табиғатты аялай білуге тәрбиелейді. Қосымша білім, білік және дағдыларды қалыптастыра отырып, өзінің кәсіптік бағдарын таңдауға бағыт береді. Бағдарлама 4 бөлімнен тұрады, 34 сағатқа жасалған, оның ішінде 14 лекция сағат, 19 практикалық сағат, 1 қорытынды сабақ қамтылған.
Лекция сабақтарында оқушыларға гүлдердің тіршілік құбылыстарын түсінуге бағытталған жаңа ақпараттар беріледі. Практикалық бөлімінде гүлді өсімдіктерді егу, жинау, орналастыру, жабу, топсеруенге шығу, гүлдестелер жасау өзіндік жұмыстары қарастырылады. Қорытынды бөлімінде шығармашылық жұмыстар қорғалады.
Оқушылар гүлдер тіршілігін оқып-үйрену арқылы гүлдердің адамзат үшін қандай зор маңызы бар екендігін түсінеді.
Бағдарламаның базалық білімнен ерекшелігі:
Бірінші кезекте оқушылар тірі гүлдердің түрлерімен (табиғатта, аулада, бөлмеде) жақын танысып, теориялық білімдерін молайтады. Бағдарламаның бірнеше бөлімінде, биология пәнін негізге ала отырып гүлдерді қандай мүшесімен көбейтуге болатынын, қалай баптап өсіруге болатынын практика жүзінде үйренеді. Адам өмірінде гүлдердің алатын орны, тигізетін пайдасы, маңызымен танысып, көз жеткізеді.
Бағдарламаның мақсаты:
Оқытуды белгілі дәрежеде дағдыландыру, әрбір оқушының жеке қабілетінің және қызығушылығының дамуына жағдай жасау.
Бағдарламаның міндеттері:
- Гүл өсірудің қыр-сырын үйрету арқылы жаны нәзік, қайырымды, рухы биік, іскер, табиғатқа жанашыр салауатты адам тәрбиелеу;
- Ой өрісін дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастыру;
- Оқушылардың шығармашылық, танымдық жұмыспен айналасуына жағдай жасау;
- Оқушылардың өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығушылығын қанағаттандыруға, ынтасын арттыруға, бойындағы қабілетіне сай білімін тереңдетуге ықпал ету;
- «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлестерін қосуға тәрбиелеу;
- Оқушыларды өз қызығушылықтарымен күз кезінде гүлдердің түұымын жинауға, гүлшоғын, гүлдестелер жасай білуге үйрету;
- Осы бағдарламадан алған білімін өз өмірінде пайдалануға үйрету;
Күтілетін нәтиже:
Өздігінен білім ала алатын, шығармашылық аппараты қалыптасқан, өз-өзіне сенімді, құзіретті тұлға қалыптастыру.
Оқушыларға дайындық денгейіне қойылатын талаптары:
Атау керек:
- Гүлдерді түріне қарап ажырату;
- Гүлдердің қай мүшесімен көбейтуге болатынын білу;
- Жарық сүйгіш, көлеңкеде өсетін гүлдерді;
Анықтау керек:
- Біржылдық гүлдердің тұқымын қай айларда жинау керек;
- Пиязшығымен, тамырсабағымен көбейетін гүлдерді қай айларда көшіріп көбейтуге болатынын анықтай алу керек;
Құрастыру керек:
- Гүлдердің тұқымын жинақтап, материалдық база құру;
- Гүлдер жайында материалдар жинақтап, кітапшалар жасау;
- Гүлдерді суретке түсіріп, слайдтар жасай білу;
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 566 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Саудакент ауылы | | | Тұжырымдамалық бөлім -1сағат |