Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Гүлдердің түйнегін, пиязшығын жинау

Саудакент ауылы | Түсінік хат | Тұжырымдамалық бөлім -1сағат | Бөлім. Қорытынды -1сағат | Бағалау парағы | Кіріспе. Гүлдердің маңызы | Күзде гүлдейтін гүлдер | Бөлме өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері | Гүлдерді бөлмеде орналастыра білу | Бөлме өсімдіктеріне топырақ дайындау тәсілдері |


Читайте также:
  1. Біржылдық гүлдердің тұқымын, көшеттерін отырғызу
  2. Гүлдердің маңызы
  3. Кіріспе. Гүлдердің маңызы

Бадана, пиязшық, жуашық– өсімдіктің топырақ астындағы өркені. Лалагүл және амариллис тұқымдастары сияқты дара жарнақты өсімдіктер де болады. Бадананың пішіні әр түрлі келеді, оның дамып жетілмеген ішкі сабағында (түбіршегінде) бір немесе бірнеше вегетативті (өсу) және генеративті (гүл) бүршіктері болады. Жапырақтары түссіз, қабаттасқан сыртқы қабығы құрғап, қатайып қабыршаққа айналған. Бұл қабық ішкі шырынды қабыршақтарды кебуден және зақымданудан қорғайды. Бадананың жапыраққа ұласар тұсы – жалған сабақ немесе мойынша деп аталады. Ол піскен кезде солып, қурап қалады. Бадананың түбіршегінен тамыр сабақ өседі де, кішкене бүршік шығарып, тамырланады. Бадана кейбір өсімдіктердің гүлшоғырларында (пиязда, астық тұқымдастарында) немесе жер бетіндегі өркеніндегі жапырақ қойнауында (тісшөпте, лалагүлділерде) орналасады. Бадана бір немесе бірнеше жылда (жауқазында, нарцисте) жетіледі. Өсімдіктердің Баданасында су және басқа да қоректік заттар жиналады. Бадана арқылы олар көбейеді.

Гладиолусты гүлдеген соң 45-50 күннен кейін қазып алады.н солмайды. Гладиолус терең жыртылған (25 – 30 см) саздақ және құмдақ топырақты жерлерге егіледі. Гладиолус дұрыс өсуі үшін жарық, желден таса орын қажет. Күзгі суық түскенше түйнек-бадананы қазып алып, кептіреді де, ауасының ылғалдылығы 70%, температурасы 4–5°С қоймада сақтайды.

Нарғызгүл – тамыртүйнекті, көпжылдық бақша өсімдігі. Отаны – Мексика жәнеКолумбияның таулы аймақтары. Табиғатта нарғызгүлдің 24-ке жуық түрі болса, бүгінде гүлпаз мамандардың сұрыптауы нәтижесінде 15 мыңға жуық түрі қолданысқа енген. Нарғызгүлдің гүлі себет секілді, мол гүлдейтін өсімдік. Биіктігі 20-200 см аралығында болады. Түріне қарай бір түбі 10-25 данаға дейін гүл жарады. Тамыртүйнекті нарғызгүлдердің гүлдеу уақыты шілде айының соңынан бастап, күздің ортасына дейін жалғасады. Мол гүл жаруы үшін гүлдеп кеткен гүлдерінің басын қырқып отыру керек. Гүлдерінің көлемі үлкен, бойы биік болғандықтан, көбіне оны гүлзардың ортасына егеді. Нарғызгүлді қырқып алып, суға салып қойса, оншақты күнге дейін өңін жоғалтпайды. Осы ерекшелігіне орай оны гүлдестелер жасауға қолданады.

Кез-келген түрі ашық күн астында өскенді ұнатады. Тамыртүйнегі қысқы суыққа шыдамайтындықтан, қыркүйек айының соңына таман қазып алып, қағазға орап, жертөледе сақтайды. Сәуір айының екінші жартысында тұрақты орнына егіп, күтім жасау қажет. Биік түрлерінің сабағын байластырып қоймаса үлкен гүлінің салмағына шыдамай майысып немесе сынып кетуі мүмкін.

 

 


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 557 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Зілген гүлді күту| Бөлме өсімдіктерінің түрлерін ажырату

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)