Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зілген гүлді күту

Саудакент ауылы | Түсінік хат | Тұжырымдамалық бөлім -1сағат | Бөлім. Қорытынды -1сағат | Бағалау парағы | Кіріспе. Гүлдердің маңызы | Бөлме өсімдіктерінің түрлерін ажырату | Бөлме өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері | Гүлдерді бөлмеде орналастыра білу | Бөлме өсімдіктеріне топырақ дайындау тәсілдері |


Читайте также:
  1. Ткізілген өнімдардіц өзіндік кундарынын бюджеті

Үзілген гүлді ұзақ уақыт сақтау үшін бірқатар ережелерді білген дұрыс. Қай мерзімде үзудің керектігін білудің маңызы ерекше. Фрезия, көкнәр гүлі, нарцисс, амариллис, қызғалдақ және раушан гүлінің бірқатар сорттарын қауызы жартылай не толық ашылған кезде үзеді. Аквилегия, анемон, гладиолус, ирис, лала, лущш, монтбреңия, таушымылдық гүлдерін қауызын енді жарып келе жатқанда үзген дұрыс. Темекішөп гүлін, гербер, дельфиниум, сепкілгүл, рудбекия, хош иісті бұршақгүл, барқытшөп гүлін, роза гүлдерінің бірқатар түрлерін қауызын жартылай және толық жарған кезде үзген орынды.

Нарғыз гүл, хризантема, флокс, біржылдық астра, ноготка, цинния, львиный зев гүлдерін толық ашылған кезде үзген абзал. Гүлдерді таңертең ерте немесе кешке күн батқан кезде үзеді. Үзілген гүлдің артық жапырақтарын қиып тастау керек. Гүлдің сабағын су құйылған ыдысқа (тегеш, үлкендеу кастрюль) батырыл тұрған күйі пышақпен (қайшымен емес) қиғаштау етіп кеседі. Сабағы қатты гүлдерді (раушан, астра т. б.) ұзыншалау етіп қиғаштан қырқалы. Сабағы ағаш тәріздестерді қабығының біраз бөлігін артып, ұзын (5—10 ем) кесіп, жұқартады (мәселен, сирень, форзңция гүлдерін). Сүттіген шырынды сабағы бар гүлдерді (көкнәр, сүттіген гүлдері т. б.) екінші рет қайта кесіп, ұшын ыстық суға (-{-950-қа дейін) салады немесе 3—5 секунд отқа ұстап күйдіреді. Сосын ұйыған сүттіген шырынын қырып тастайды. Үзілген гүлді вазаға салып, толтыра су құяды (герберден басқасын, оның 1/3 бөлігін ғана суға батырады, өйткені оның жұқа түк бас қан сабағы суда тез шіриді). Үзілген гүлге құбырмен келетін онша суық емес суды пайдалануға болады. Мимоза гүлінің сабағьш ыстық суға салғанмен, қауызына суық су шашу керек. Көптеген гүлдердің суын күн сайын ауыстырыл отырған дұрыс. Үсті-үстіне еселеп су құйын отырған жағдайда да гүлдің суын 2—3 күнде толығымен жанарлан жөн.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 302 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Күзде гүлдейтін гүлдер| Гүлдердің түйнегін, пиязшығын жинау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)