Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бөлме өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері

Саудакент ауылы | Түсінік хат | Тұжырымдамалық бөлім -1сағат | Бөлім. Қорытынды -1сағат | Бағалау парағы | Кіріспе. Гүлдердің маңызы | Күзде гүлдейтін гүлдер | Зілген гүлді күту | Гүлдердің түйнегін, пиязшығын жинау | Бөлме өсімдіктеріне топырақ дайындау тәсілдері |


Читайте также:
  1. Бөлме өсімдіктерін көбейту жолдарымен танысу
  2. Бөлме өсімдіктерін көшіріп аударып отырғызу әдістері
  3. Бөлме өсімдіктеріне топырақ дайындау тәсілдері
  4. Бөлме өсімдіктерінің азалығын сақтау, суару уақыты және жиілігі
  5. Бөлме өсімдіктерінің ауру, зиянкестерімен күресу тәсілдері
  6. Бөлме өсімдіктерінің түрлерін ажырату

Жарық сүйгіш өсімдіктер

Оларға шөл дала мен таулы жерлерде өсетін өсімдіктердің барлығы — кактустар, сондай-ақ жапырағында немесе сабақтарына ылғал сақтайтын басқа да өсімдіктер (суккуленттер)— сүттіген, сенецио, стапелия, литопса, фаукария, толстянка, каланхоэ,очитка, атала, сансевиерия, зониум т. б..; әсем гүл жаратын өсімдіктердің көпшілігі (амариллис, жасмин, кливия, панкрациум,пеларгония); қараңғыда және көлеңкеде өңін жоғалтатын көптеген теңбіл жапырақты өсімдіктер (мысалы, колеус, кротон,сеткреазия, кордилина, стробилантес) жатады.

Жарықтың шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктер

Жарықтық шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктерге — парагус, бегония, глоксиния, сенполия, фуксия, эухарис, пенеромия, Американың тропиктік орманында өсетін жатаған шөптер — маранттар, хкалатея, строманте, ктенанте және фиттония, бром ел ия тұқымдас өсімдіктердің көпшілігі — эпифиттер (топырақта өспейтін өсімдіктер; басқа өсімдіктердің бұтақтарының, діндерінде өсетін — эхмея, фризия, бильбергия, арегелия, криптантус) және Бразилияның батпақты ормандарында өсетін өсімдіктер —питкарния, пуйя жатады.

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер — қырық құлақтар, тікенекті өсімдіктер, монстер, филодендрон, сингониум, сциндапсус,спатифиллюм, руэллия, аспидистра, шырмауық, традесканция, зебрина, саркококка, фикус т. б. көптеген қылқан жапырақты өсімдіктер. Өсімдіктерді өсіруде үй температурасының маңызы ерекше.

Жылылықты сүйетін өсімдіктер

Жылылықты сүйетін өсімдіктерге тропиктік өсімдіктер жатады, мысалы, бегония, пеперомия, ароид тұқымдас өсімдіктер (антуриумдер, аглаонемдер, диффенбахия, сингониум), кордилиндер, драцендер, бромелия мен геснерия тұқымдастар. Олардың барлығы қыста 20°С температурада жақсы өседі. Субтропиктік өсімдіктердің көпшілігі кактустар, суккуленттер, хлорофитум, бересклет, фатсия, шырмауық, лавр, тікенекті мюленбекия үшін қыста температура 6°С-тан 12°С аралығында болуы керек. Егер температура режимі бұзылса өсімдіктер сарғайып, жапырағы түсіп қалады.

 


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 1033 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бөлме өсімдіктерінің түрлерін ажырату| Гүлдерді бөлмеде орналастыра білу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)