Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бөлме өсімдіктерін көбейту жолдарымен танысу

Бағалау парағы | Кіріспе. Гүлдердің маңызы | Күзде гүлдейтін гүлдер | Зілген гүлді күту | Гүлдердің түйнегін, пиязшығын жинау | Бөлме өсімдіктерінің түрлерін ажырату | Бөлме өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері | Гүлдерді бөлмеде орналастыра білу | Бөлме өсімдіктеріне топырақ дайындау тәсілдері | Бөлме өсімдіктерінің азалығын сақтау, суару уақыты және жиілігі |


Читайте также:
  1. Бөлме өсімдіктерін көшіріп аударып отырғызу әдістері
  2. Бөлме өсімдіктеріне топырақ дайындау тәсілдері
  3. Бөлме өсімдіктерінің азалығын сақтау, суару уақыты және жиілігі
  4. Бөлме өсімдіктерінің ауру, зиянкестерімен күресу тәсілдері
  5. Бөлме өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері
  6. Бөлме өсімдіктерінің түрлерін ажырату

Үй өсімдіктерін олардың өзінің тұқымынан немесе бөлшектерінен, яғни кесіндісінен (сабағының, жапырағының немесе тамырының) өсіреді, ол үшін оларды сабақ, түйнек, бадана, тамыр өркендеріне бөледі.

Өсімдіктерді өз кесінділерінен көбейту

Өсімдіктерді өз кесінділерінен көбейту (вегетациялық жолмен) үй жағдайында тұқымын егіп көбейтуге қарағанда жиі қолданылады, өйткені аз уақыт ішінде тез өсіп жетіледі. Кесінділерді жас, ауруға шалдықпаған, жақсы өсіп жетілген өсімдіктерден қиғаштан жапырақтың сабаққа біткен жерінен кесіп алады, жас өркеннің жапырағы 1—3-тен аспауы керек. Кесіндіден 1—2 жапырақты қияды немесе жапырақтың жартысын (булануды азайту үшін) кесіп тастанды. Содан кейін шым тезекке немесе оның қосындысы мен құмға онша тереңдетпей отырғызып, маңайындағы топырақты нығыздайды. Кесінділер тамырлануы үшін ылғалды ауа қажет. Сондықтан кесінділер отырғызылған жәшіктерді немесе қыш ыдыстарды әйнекпен не пленкамен жауып, су құйып жарық жерге қояды. Есте болатын бір жағдай, кесінді тамырланғанша оны күн сәулесінің тіке түсуінен сақтау керек. Әйнекті күніне бірнеше рет тазалан сүртіп, кесіндіге күніне 2—3 рет су бүркеді. Ол өсе бастаған кезде әйнекті аздап көтеріп қояды да, кейін мүлдем алып тастайды. Өсімдіктердің түріне қарай, олардың тамырлануы 3 күннен 2 айға дейін созылады. Кейбір өсімдіктердің кесінділері (мысалы, Узамбар қоғажайы, сциндапсус, шырмауық) суда жақсы тамырланады.

Кей өсімдіктерді (мысалы, бегонияның әр түрі) жапырақтарының кесінділерінен өсіріп көбейтуге болады. Ол үшін жапырақты ылғал құмға отырғызады да, ағаш таяқшаларға байлап, әйнекпен жабады. Тез тамырлану үшін жапырақ өзегінің жуаңдау жерінің астыңғы жағынан тілік жасайды. Тамырлану үшін ең қолайлы температура 25°С жылылық.

Тамырынан бөліп көбейту

Тамырынан бөліп қырыққұлақ секілді көп жылдық шөптесін өсімдіктерді (аспидистру, циперус) көбейтеді. Көктемде өсімдіктерді қыш тостақтан алып, тамырын өткір пышақпен бірнеше кесіндіге бөледі. Ал түйнек тәрізді, жуан тамырларды әрқайсысында енетін көздері болатындай етіп бөлу керек. Тамыр өркенін беретін өсімдіктерді көшеттегенде оларды бөліп алып, жеке қыш ыдыстарға отырғызады. Өсімдіктердің барлығыда тұқым арқылы өсіп, енеді. Өсуі жай тұқымдарды (пальма, лавр) қаңтар-ақпанда, ал қалғандарын наурыз-сәуірде себеді. Тұқымды бұдан кеш себуге болмайды, өйткені жас өркен күзге дейін тамыр жайып, бекімейді. Өсімдік отырғызуға арналған ыдыстың топырағы жақсы дайындалуы тиіс. Су ағатын тесіктерін бітелмейтіндей етіп жауып, түбіне майда тас салу керек. Оның үстіне еленген шымтезек пен құмның, топырақ қосындысын салады. Егу алдында топырақты жақсылан ылғалдайды. Ірі тұқымдарды атыздың жоғары жағына сеуіп, бетін жұқалап топырақпен жабады. Ал майда тұқымдарды топырақтың бетіне шашып, бүріккішпен су себеді. Өсімдік отырғызылған ыдыстың бетін әйнекпен жауып, жылы жерге қояды. Анда-санда әйнекті алып, желдету отырады. Өркендегеннен кейін жарық жерге шығарып, әйнекті мүлде алып тастайды. Кей өсімдіктердің көктеуі өте ұзақ—2 аптадан 8 айға дейін созылады, сондықтан олар бір мезгілде өніп шықпайды. Өсіп шыққаннан кейін көшетін құм аралас топырақ салған шағын қыш ыдыстарға, жайпақ тәрелкеге немесе жәшіктерге бөліп-бөліп отырғызады. Көшеттерді сиреткенде сиреткіш істікшелерді пайдаланған жөн. Отырғызғанда топыраққа тұқым жарнағына дейін көміп, айналасын нығыздайды. Одан кейін су бүркіп бетін әйнекпен жабады. Ірі өскен көшеттерді қыш тостақтарға бір-екіден жеке отырғызу керек. Жан-жағындағы тамырлары қаулап өсуі үшін өсімдіктердің негізгі тамырын шырпып тастау керек. Топырақсыз өсетін гидропоника деп аталатын үй өсімдігін өсіру тиімді. Өсімдікті өсірудің бұл тәсілінде топырақтың орнына арнаулы қоректік ерітіндімен ылғалдандырылып, стерильдендірілген Субстрат (құм, шағыл, керамзит) пайдаланылады.

 


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 1580 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бөлме өсімдіктерін көшіріп аударып отырғызу әдістері| Бөлме өсімдіктерінің ауру, зиянкестерімен күресу тәсілдері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)