Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бөлме өсімдіктерінің түрлерін ажырату

Саудакент ауылы | Түсінік хат | Тұжырымдамалық бөлім -1сағат | Бөлім. Қорытынды -1сағат | Бағалау парағы | Кіріспе. Гүлдердің маңызы | Күзде гүлдейтін гүлдер | Зілген гүлді күту | Гүлдерді бөлмеде орналастыра білу | Бөлме өсімдіктеріне топырақ дайындау тәсілдері |


Читайте также:
  1. Бөлме өсімдіктерін көбейту жолдарымен танысу
  2. Бөлме өсімдіктерін көшіріп аударып отырғызу әдістері
  3. Бөлме өсімдіктеріне топырақ дайындау тәсілдері
  4. Бөлме өсімдіктерінің азалығын сақтау, суару уақыты және жиілігі
  5. Бөлме өсімдіктерінің ауру, зиянкестерімен күресу тәсілдері
  6. Бөлме өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері

Өсімдіктерді үйде өсіруге дұрыстап іріктеп алу үшін, олардың өсуіне қажетті жағдайларды (жарық, температура және ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Оны табиғат жағдайларына сәйкестендірген жөн. Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін ең бірінші жарық қажет. Өсімдіктің жарықты сүйетін, көлеңкеге төзімді, сондай-ақ жарықтық шашырап түскенін қажет ететін түрлері болады. Эухарис (амазон лилиясы) — амариллистер тұқымдасына жататын әсем гүлді пияз тектес өсімдік. Отаны тропиктік Америка. Жапырақтары эллипс тәрізді, ұзын шыбық шаларға орналасқан, гүлдері ақ, өткір хош иісті, 3-тен, 6-ға дейін ұзын гүлсидамда пайда болады. Бөлмеле көбінесе ірі гүлді эухарис және сандера эухарисі өсіріледі. Эухарис көп су ара бергенді ұнатпайды, алайда оған уақтылы су бүркіп тұру керек. Эухаристі (баданасын) ыдысқа топтал отырғызса, жақсы гүлдейді, сондықтан оны бір ыдыстан екінші ыдысқа ауыстырып көшіре бермей, жайпақ, кең ыдысқа отырғызу керек. Оныорганикалық және минералды тыңайт - қыштармен жиі тыңайту қажет. Топырақ қоспасы құрамының 2 бөлігі шым топырақтан, 2 бөлігі жапырақ аралас қарашіріктен және құмнан тұрады. Өзен құмынан және қмыртық тастан жасалған жақсы дренаж қажет. Дұрыс күтілген эухарис екі рет (октябрь айынан бастап қыс ортасына дейін және көктемде) гүлдейді.

Хлорофитум – бөлменің ауасын тазартуда ең басты орын алатын ғажайып гүл. Ол оттегі, фитонцид бөлуімен бірге, ауадағы зиянды бактериаларды жояды. 10-12 шаршы метрлік ас бөлмесінде газ окисі мен жағымсыз иістерді керемет деген ауа тазалағыш құралдардан жақсы әрі тиімді тазалайды. Антибактериялық қасиеттері жоғары болғандығынан болар, хлорофитум ешқашан зиянкестермен зақымданып ауырмайды. Күтімі, көбейтілуі өте жеңіл. Хлорофитум бізге осындай пайдалы қызмет жасауы үшін, жапырақтарына күнделікті су бүркіп ылғалдандырып әрі шаңнан тазартып тұру керек. Суды топырағын кептіріңкіреп барып, молынан суғару керек. Алакөлеңкеде өседі. Мұртшаларының ұшындағы балапандарын ылғалды топыраққа батырыңқырап қадап қойса, тез тамырланып кетеді.

Фикус. Фитонцидтік қабілеті өте жоғары. Ауаны токсиндерден жақсы тазартады, сондықтан да оныас бөлмеге немесе терезесі автокөліктер көп жүретін жол жаққа қараған бөлмеге қойған дұрыс. Жапырақтары ауадағы зиянды заттарды, шаңды бойына сіңіріп алуымен бірге бөлмені ылғалдандыра алатындығымен ерекше бағалы. Ол бізге жақсы қызмет етуі үшін күнделікті су бүркіп немесе жұмсақ матамен жуып, сүртіп жапырақтарын таза ұстау керек. Үлкен, жылтыр, жалпақ жапырақтары еш қиындықсыз жуып, сүрткенге ыңғайлы. Күннің көзі тік түспейтін жарық немесе алакөлеңке жерде жақсы өседі. Суды топырағын кептіріңкіретіп барып, молынан суғару керек. Қыста күнделікті су бүркіп тұрған жағдайда, айына бір рет суғарса жетеді.

Қазтамақты жатын бөлмеге орналастырған жөн. Одан бөлініп шығатын пайдалы қоспалар мазасыздықты жеңуге көмектеседі. Ауаны стафилококк, стрептококк бактерияларынан залалсыздандырады. Оны тексеру үшін ғалымдар стафилококк бактериясының 1-2 тамшысын қазтмақтың жапырағына тамызғанда, үш сағатта бактериялар өліп қалған. Сонымен қатар шыбын-шіркейлер қазтамақ бар жерден қашады. Бөлмені жаман иістерден тазартады. Сондықтан ас бөлмеге де қазтамақтың пайдасы зор.Күтімі жеңіл. Жарықсүйгіш. Жазда молынан, қыста суғаруды азайтады. Күшті бактерицидтік қасиетінің арқасында, аурулар мен зиянкестерге ұшырамайды.

Дәмжапырақ мәңгіжасыл бұталы өсімдік. Жапырағының құрамындағы эфир майының иісі адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі болуына әсер етеді. Дәмжапырақтың антисептік, бактерицидтік, вирусқа қарсы қасиеттері инфекциялы тыныс ауруларына қарсы көмектеседі. Тәбет ашатын қасиеті үшін, жапырақтарын тағамға қосады. Күтімі жеңіл, шыдамды, ауруларға шалдыға бермейді. Ағаш секілді үлкен болып кететіндіктен, сабақтарын кесіп, бойының биіктігін белгілі бір қалыпта ұстап тұруға болады.

Жүзжылдық. Түнде оттегін бөліп, көмірқышқыл газын сіңіреді, сондықтан оны жатын бөлмеге орналастырған абзал. Ауадағы зиянды бактерияларды жүзжылдық бөлетін фитонцидтер, сарымсақтың бөлетін фитонцидтерінен қарағанда тезірек жойып, бөлме атмосферасын тез арада залалсыздандырады. Шырынында бактерицидтік қасиет жоғары болғандықтан, медицинада үлкен қолданыста. Күтімі өте жеңіл. Суккулентке жататындықтан, артық суғарғаннан шіріп кету қаупі бар.

Традесканция — коммелина тұқымдас мәңгі көгеріп тұратын, көп жылдық шөптесін өсімдік. Отаны — Америка. Оның бірнеше түрі өсіріледі, бұлардың жапырақтары көк болып келеді де, сабақтары тік немесе жайылып өседі. Жапырағының формасыжұмыртқа тәрізді сопақша болады. Сабағы жайылып өсетін традесканцияны және ол тектес коммелинаны аспалы өсімдіктер сияқты бөлмеле өсіреді. Традесканция жылы бөлмеле де, салқын бөлмеле де жақсы өседі. Бұл өсімдіктерді ең жарық жерге қойған жөн. Жаз айларында жиірек, ал қыста көп суармау керек. Традесканцияныкөктемнен күзге дейін бірнеше данадан отырғызып көбейтеді. Оны жапырақ араластырған қара-шірікке отырғызады. Өсімдік тез тамырлануы үшін оның бетін жауып көлеңке түсіреді. Бұдан кейін өсімдікті қайта отырғызудың қажеті жоқ.[1]

Традесканцияның (TRADESCANTIA ТРАДЕСКАНЦИЯ) отаны – Солтүстік Америка. Ол ерекше күтімді талап етпейтін үй гүлі ретінде танымал. Гүлдің атауы атақты саяхатшы Традесканттың құрметіне қойылған. XVII ғасырда саяхатшы осы гүлге ең бірінші болып сипаттама берген екен. Жапырақтары жұмыртқа пішіндес, қысқа сабақты. Гүлдері ақ түсті, үй жағдайында сирек гүл жарады. Гүлдері бір күн ғана гүлдеп тұрады. 30-дан астам түрлері бар. Сабақтары ұзын, шырмауық тәрізді болғандықтан көбінесе аспалы түбектерге отырғызылады. Тез өседі. Сондықтан жылына бір рет түбегі мен топырағын ауыстырып тұру кер ек. Жарық сүйгіш өсімдік. Тіке түскен күн сәулесіне төзімді.Температураның бірқалыпты болуын ұнатады. Қыс айларында 10-12ºC төмен болмағаны абзал.Көктемнен күзге дейін мол суғару керек. Қыста аз суғарылады, дегенмен топырағының үнемі ылғалды болуын қамтамасыз ету керек.Су бүрку арқылы ылғалдандырып және жапырағын шаңнан тазалап отыру керек. Құрғақ ауада нашар өседі.Наурыздан тамыз айына дейін әдемі жапырақты өсімдікке арналған тыңайтқышпен екі аптада бір рет қоректендіру қажет.Ауа қатты құрғап кетсе өрмекші, кене секілді зиянкестердің әсерінен ауырады.Қалемше арқылы оңай көбейтіледі. Қалемшесі бір-екі аптада жақсы тамырланып кетеді.

 


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 1041 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Гүлдердің түйнегін, пиязшығын жинау| Бөлме өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)