Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тұжырымдамалық бөлім -1сағат

Саудакент ауылы | Бағалау парағы | Кіріспе. Гүлдердің маңызы | Күзде гүлдейтін гүлдер | Зілген гүлді күту | Гүлдердің түйнегін, пиязшығын жинау | Бөлме өсімдіктерінің түрлерін ажырату | Бөлме өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері | Гүлдерді бөлмеде орналастыра білу | Бөлме өсімдіктеріне топырақ дайындау тәсілдері |


Читайте также:
  1. Бөлім. Қорытынды -1сағат
  2. Р азаматтық құқығы (жалпы бөлім ) курсы бойынша тест сұрақтары.

(1с. лекция)

Кіріспе. Гүлдердің адам өмірінде маңызы. Курстың мазмұнымен таныстыру, гүлдердің түрлеріне тоқталып, сипаттама беру және гүлдердің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

1-бөлім. Аулада өсетін жазғы, күзгі гүлдер -8 сағат (қыркүйек, қазан)

(6с. лекция, 2с. практика)

Жазда, күзде гүлдейтін гүлдердің түрлерімен танысу. Гүл шоғын, гүлдестелер жасау әдісін үйрену. Гүл мерекесін өткізу. Аулада өсетін гүлдердің тұқымын, пиязшығын жинау. Тұқымдарды ажырата білу. Тұқымдарды арнайы қалталарға салып сақтау. Аулада қыстайтын гүлдердің тамырсабақтарын жабу.

2-бөлім. Бөлме өсімдіктері -12 сағат (қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан)

(5с. лекция, 7 с. практика)

Бөлмеде өсіп тұрған тірі гүлдер тек әдістемелік символ ғана емес. Олар көмірқышқыл газын өзіне сіңіріп, оттекті бөледі, яғни бөлмедегі ауаны тазартып, ондағы вирустарды жойып отырады. Сонымен қоса, адамның жүйкесін тыныштандырып, тез ұйықтауға көмектесетін розмарин, мелисса, пеларгония өсімдіктері жатады. Бөлме өсімдіктерінің түрлерін ажырата білу. Олардың биологиялық ерекшеліктерімен танысу. Бөлме өсімдіктері үйді тек шаңнан тазартып қана қоймай, жиһаздардан және еден мен қабырғадағы синтетикалық жабулардан бөлетін улы заттарды(бензол, формальдегид) бейтараптандырып отырады. Бұл тұрғыда шырмауық (плющ), фикустың Бенджамин түрі және фелодендрон мен кәдімге алоэ өсімдіктері өте пайдалы.

Бөлме өсімдіктерін өсіру үшін дұрыс таңдап алу керек. Олардың өсуіне қажетті жағдайларды жақсы білу керек. Оны табиғат жағдайларына сәйкестендірген дұрыс. Өсімдіктер өсіп өну үшін жарық, температура, ылғал қажет. Өсімдіктердің жарық сүйетін (кактустар,сүттіген, кливия, пеларгония), көлеңкеге төзімді (қырыққұлақтар, монстер, фелодендрон, траденсканция), сондай-ақ жарықтың шашырап түскенін қажет ететін түрлері (аспарагус, бегония) болады.Әр бөлме өсімдіктер тобы үшін әр түрлі топырақты қажет етеді. Оларға қорда, қарашірік, шымтезек, шым, күлгін құм араласқан топырақ дайындалады. Отырғызылатын ыдыстарын да таңдап алу керек.

Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан оларды әлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Көбейту жолдарымен таныстыру. Көшіріп, аударып отырғызу жолдарын жасау. Бөлме өсімдіктерін кабинетте жарық түсуіне байланыстырып орналастыру. Үстеп қоректендіру жолдарын көрсету. Зиянкестермен, аурулармен күресу жолдарымен таныстыру. Суғару уақыты мен жиілігі туралы мағлұмат беру.Дәрілік өсімдіктермен таныстыру.

3-бөлім. Аулада өсетін көктемде гүлдейтін гүлдер -12 сағат (наурыз, сәуір, мамыр)

(2с. лекция, 10с. практика)

Көпжылдық гүлдерді сирету жұмыстарын жүргізу. Көктемде гүлдейтін алғашқы гүлдермен таныстыру (құртқашаш, наурызгүл, қызғалдақ, нәркес). Біржылдық гүлдердің тұқымын отырғызуға дайындау (қырмызгүл, дәрілік түймедақ, үлпек). Алдынала ерте көктемде бөлмеде көшет дайындап өсіру түрімен (жұлдызгүл, петуния) таныстыру. Екі жылдыққа – қоңыраугүл, дәстүргүл т.б жатады. Ал көпжылдыққа морфологиялық ерекешліктеріне қарай: тамырсабақты-шоғыргүл, ұияқ, інжугүл, таушымылдық; пиязшықты-лалагүл, нәркес, қызғалдақ, баршынгүл; түйнекті-нарғызгүл, ләйләгүл т.б жатады. Гүлдерді күтіп баптау, суару, арамшөптерден тазарту, үстеп қоректендіру, зиянкестерінен қорғау жолдары. Көктемгі гүлдерден гүлшоғын жасау. Ауланы гүлдендірудің маңызы. Қазіргі заманға сай ауланы гүлдендірудің түрлерімен таныстыру.

Гүлдестені бір жылдық, көпжылдық және үй гүлдерінен жасайды.

Гүл, гүлшоғын сыйлағанда, гүлшоғын жасағанда гүлдің түрі, түсін, саны – гүл сыйлайтын адамның жасы, жақындығы, мерекеге байланысты таңдап алынады.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 484 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Түсінік хат| Бөлім. Қорытынды -1сағат

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)