Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бөлме өсімдіктеріне топырақ дайындау тәсілдері

Түсінік хат | Тұжырымдамалық бөлім -1сағат | Бөлім. Қорытынды -1сағат | Бағалау парағы | Кіріспе. Гүлдердің маңызы | Күзде гүлдейтін гүлдер | Зілген гүлді күту | Гүлдердің түйнегін, пиязшығын жинау | Бөлме өсімдіктерінің түрлерін ажырату | Бөлме өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері |


Читайте также:
  1. Бөлме өсімдіктерін көбейту жолдарымен танысу
  2. Бөлме өсімдіктерін көшіріп аударып отырғызу әдістері
  3. Бөлме өсімдіктерінің азалығын сақтау, суару уақыты және жиілігі
  4. Бөлме өсімдіктерінің ауру, зиянкестерімен күресу тәсілдері
  5. Бөлме өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері
  6. Бөлме өсімдіктерінің түрлерін ажырату

Негізінен, үй жағдайларында өсетін өсімдіктерге арнап топырақ дайындау әр гүлдің түріне, тұқымдасына, тамыр жүйесіне, биологиялық ерекшеліктері мен суды қажетсінуіне, ауа режиміне қойатын талаптарына сай орындалады. Бөлме гүлдеріне арналған топырақ қоспаларының негізін шымтезек, компост, ірі қараның көңі, саз, саздақ, қарашірік, құм және мүктің түрлі пропорциялары құрайды. Әр өсімдікке сәйкесінше дұрыс дайындалған топырақ қоспасы сол өсімдіктің дұрыс дамуын, ұзақ өмір сүруін қамтамасыз ететін факторлардың ең маңыздысы болып табылады. Жақсы топырақ қоспасы ең біріншіден өсімдік тамырына ауа еркін өтетіндей борпылдақ болуы, кіншіден, ылғал мен қоректік заттарды уақытылы өсімдік тамырына беріп тұра алатындай болуы үшін оны бойында жинай алуы керек. Сонымен қатар топырақ қоспасының құм және саз теңгермесі сақталып, қышқылдығы (рН) 5-6,5 аралығында болуы және ауру қоздырғыштарынан, зиянкестердің дернәсілдерінен, ұрықтарынан және арам шөптердің тұқымдарынан таза болуы керек.

Бөлме гүлдеріне арналған топырақ қоспасының кеуктілігін қамтамасыз ету үшін оған шымтезектің ірі түрін қосады. Бөлме гүлдерінің топырағын жас ерекшеліктеріне байланысты ауыстырғанда, жас гүлдерге жеңіл топырақ қоспасы дайындалса, өсімдіктің жасы өскен сайын ол ауырлай береді, ал кейбір топырағы аз ауыстырылатын түрлердің ыдысына ішін-ара көң мен күлді араластырып беткі қабатына салып отырады. Өсімдіктің тамыр жүйесіне байланысты, жуан, жақсы жетілген тамырлыларға ауырлау, ал нәзік тамырлыларға жеңіл топырақ қоспасын дайындайды.

Бөлме гүлдеріне арналған жерді шымдық, жапырақты, қылқан жапырақты, қарашірікті, шіріген көңді топырақтардан және құмнан дайындайды. Шымдық топырақтар түгелдей дерлік бөлме гүлдеріне арналған топырақ қоспаларында кездеседі. Ол кеуекті, әрі қоректік заттарға бай болғанымен нығыздалып қалуға бейім тұрады. Саздақ жерлерден алынған шымдық топырақ ауыр болып келсе, құмдақ жерлерден алынғаны жеңіл болады.

Топырақ қоспасының физика-химиялық қасиеттерін жақсартатын шіріген көңді топырақ әсіресе жаңа көңді көтере алмайтын гүлдерге жақсы. Көңді жинап, бастырып қою арқылы алынатын бұл топырақ қоспасын қолданар алдында електен өткізіп алған жөн.

Топырақ қоспаларының тағы бір түрі қылқан жапырақты топырақ сәйкесінше қылқан жапырақты шіріту арқылы алынады.Бұл қоспаны дайындау үшін аршаның, қарағайдың, шыршаның жапырақтарынан құралған үйіндіні 2-3 жыл шірітеді.

Ағаштық топырақ шіріген бөренелерден, діңдерден жалпы ағаштардың шірінділерінен тұратды. Қасиеттері жағынан жапырақтық жерге ұқсас болғанымен оған қарағанда жиі қолданылады.

Жоғарыда келтірілген компоненттерге қоса топырақ қоспасын дайындағанда оны борпылдақ қылу мақсатында құм, жеңілдету мақсатында мүк қосып жатады. Тағы бір айта кететін жәт, гүлге арнап топырақ қоспасын дайындағанда ыдыс ішінде сүзгіш (дренаждық) қабаттың бар болуы міндетті екенін назардан таса қылмаған жөн.

Бөлме гүлдерін өсіру саласында топырақ қоспасының негізгі үш түрі қолданылады. Олар: жеңіл, орташа, ауыр. Жеңіл топырақ қоспасының 1 бөлігі жапырақты жерден, 3 бөлігі шымтезекті жерден және 1,5 бөлігі құмнан тұрады, ал орташа ауырлықтағы топырақ қоспасының 2 бөлігі шымды жерден, 1 бөлігі шіріген көңді жерднен, 1,5 бөлігі құмнан тұрады. Ауыр топырақ қоспаларына келер болсақ 3 бөлігі жапырақты жерден, 2 бөлігі шіріген көңді жерден, 2 бөлігі құмнан тұрады.

Топырақ қоспасының жеңіл түрінде аглонема, алоказия, врезия, гибискус (қытай раушаны), капсикум (сәндік бұрыш), пеларгония, хедера және т.б. Осы гүлдердің ішінде қоректік ортаға, ауаға, суға және температураға көп талап қоймайтын, қалемшелері арқылы оңай көбейетін, көп күтім тілемейтін, жыл бойында түгелдей дерлік гүлдеп тұратын «пеларгонияның» өзге бөлме гүлдерінің арасынан алар орны ерекше. Пеларгонияға арнап дайындалған топырақтың қышқылдығы бейтарап немесе әлсіз болып, келесідей компонеттерден тұруы қажет: кәдімгі бақшалық жер, жапырақты жер және құм.Дайын қоспа ауа мен суды жақсы өткізе алатындай борпылдақ болуы қажет. Жеңіл қоспада өсірілетін, көп таралған гүлдердің тағы бірі «гибискус». Халық арасында «қытай раушаны» деген атпен танымал болған бұл гүлге арналған топырақ қоспасының 2 бөлігі сазды-шымды топырақтан, 2 бөлігі жапырақты топырақтан, 1 бөлігі құмнан және 1 бөлігі шымтезектен тұруы қажет.

Орташа ауырлықтағы топырақ қоспасында маранта, молочай, пассифлора сияқты гүлдер жақсы өседі. Біздің бөлмелеріміздің сәнін келтіріп қоймай, оның құрғақ ауасын жақсы көтеретін молочайлардың 2 жүзден астам түрі белгілі болғанымен бізде «Молочай Милия» деген түрі көп өсіріледі. Молочай Милияға арнап дайындалған топырақ қоспасы қоректік заттарға айтарлықтай бай болып, құрамында міндетті түрде құм мен аз ғана мөлшерде ағаш көмірі болғаны жақсы.

Топырақтың ауыр қоспасында жақсы дамып жетілетін гүлдерге колеусты, пахираны, пеперомияны, традесканцияны және т.б. гүлдерді жатқызса болады. Аты аталғандардың ішінде көп күтім қажет етпейтін қасиетімен атақты болған традесканцияны алып қарайтын болсақ, оның есімі ХVІІ ғасырда өмір сүрген әкелі-балалы бағбандар, Традескантовтардың құрметіне берілген. Көбінесе шырмалып өсірілетін традесканцияның ондаған түрі бар. Осы гүлдерге арнап дайындалған топырақ қоспысының 3 бөлігі жапырақты жерден, 2 бөлігі шіріген көңді жерден, 2 бөлігі құмнан тұрады.

Келесі маңыздылығы алдыңғылардан кем емес жапырақты топырақ күздігүні түскен жапырақты шіріту әдісімен дайындалады. Жеңіл әрі кеуекті жапырақты топырақ шымды топырақпен қосылып көптеген бөлме өсімдіктерінің топыраққа деген қажеттіліктерін қанағаттандыра алады, мұнымен қоса жапырақты топырақ шіріген көңді көтере алмайтын өсімдіктеріне өте пайдалы органикалық тыңайтқыш болып табылады.

Өзінің кеуектілігі мен жеңілділігі арқасында басқа топырақ қоспаларының қасиеттерін жақсарту үшін қолданылатын тағы бір компоненті-шымтезекті топырақ.Жиналған шымтезекті екі-үш жылдың көлемінде шіріту арқылы дайындалған топырақ шымдық және жапырақтық топыраққа қарағанда аз қышқылданады.

Минералдық және органикалық қосылыстарды 1-2 жыл ішінде шіріту арқылы алынған топырақ қоспасының құрамындағы компост қоректік заттарға өте бай болады, дегенмен жақсы дайындалмаған компост гүлдерге зиянын тигізуі де мүмкін екенін де ескерген жөн. Кейбір жекелеген жағдайларда компос арқылы өсімдікке аурулар жұғуы да мүмкін, сондықтан да компостпен жұмыс жасағанда өте мұқият болу керек.

Бөлме гүлдерінің тұрақты өсіп дамуында жетекші орынды оған арнап дайындалған топырақ қоспасы алғанымен, өзге де оның өсуіне ықпал жасайтын шарттар мен талап-тілектерді қамтамасыз етіп отырғанымыз жөн. Әр бір өсімдіктің түрінде оның жай-күйі жазылып тұрады, мысалға жарық шамадан тыс көбейіп кетсе жасыл жапырақтар сарғаяды, ауа тым ыстық әрі құрғақ болып кетсе жапырақтардың ұштары үйе бастайды. Сол сияқты топырақ қоспасының құрамындағы қоректік заттар таусылғанда, оған ауа жетпегенде, бойында су шамадан тыс мөлшерде қалып қойғанда, өсімдіктің тамыры қысылғанда және топырақты ауыстыратын кез келгенде гүл оны өзінің түр-әлпетімен бізге білдіріп тұрады. Ал біздің тарапымыздан тек оларды түсініп, қажетті жағдаймен қамтамасыз етуіміз ғана талап етіледі.

Жапырақ араласқан топырақ

Жапырақ араласқан топырақты ағаштың (еменнен басқасы) қурай түсіп, шіріген жапырағынан дайындайды. Ол үшін жапырақты көктемде бір жерге жинап үйеді де, жазда 2—3 рет күрекпен қопарыстырады. 2—3 жылдан кейін топырақ пайдалануға жарайды.

Шымтезек топырағы

Шымтезек топырағын ми батпақты саз-қорысты жерлердің шіріген шым тезегінен дайындайды. Топырақтың өсімдіктерге зиян келтіретін қышқылын кетіру мақсатымен оны бір жерге үйіп, 1—2 жыл ашық жерде ұстайды.

Жылыжай қарашірік топырағы

Жылыжай қарашірік топырағын жылы қорада жатып, жақсы шіріген (әдетте 2 жыл) көңнен алады. Саздық топырақты шабындықтың сазды жерлерінен алады. Мұндай топырақтарды қыс түсерде бір жерге жиып үйеді де, көктемде бірнеше рет қотарыстырып, араластырады.

Шым топырақты былай дайындайды: жазда немесе ерте күзде ойылған шымды (ені 10—15 см және ұзындығы 30—35 см) арасына сиыр көңін салып, топырағын бетіне қаратып, биіктігін 1 м етіп жияды. Шірігеннен кейін (бір жылдан соң) топырақты пайдалануға болады. Жеңіл шым топырақтың (онда өсімдіктердің қарашірігі мол болады) ауыр немесе шым топыраққ а (онда саз топырақ мол болады) қарағанда өзгешелігі болады. Өсімдіктердің түріне, жасына және өсу фазасына қарай бұл. топырақтарды әр түрлі мөлшерде қосып араластырады.

 

 


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 844 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Гүлдерді бөлмеде орналастыра білу| Бөлме өсімдіктерінің азалығын сақтау, суару уақыты және жиілігі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)