Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Күзде гүлдейтін гүлдер

Саудакент ауылы | Түсінік хат | Тұжырымдамалық бөлім -1сағат | Бөлім. Қорытынды -1сағат | Бағалау парағы | Гүлдердің түйнегін, пиязшығын жинау | Бөлме өсімдіктерінің түрлерін ажырату | Бөлме өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері | Гүлдерді бөлмеде орналастыра білу | Бөлме өсімдіктеріне топырақ дайындау тәсілдері |


Читайте также:
  1. Біржылдық гүлдердің тұқымын, көшеттерін отырғызу
  2. Гүлдерді бөлмеде орналастыра білу
  3. Гүлдерді күтіп, баптау жолдары
  4. Гүлдердің маңызы
  5. Гүлдердің түйнегін, пиязшығын жинау
  6. Көктемгі гүлдерден гүлшоғын, гүлдесте жасау

Қашқаргүл (кейде астра) — күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Олар бау-бақшаларда, гүлзарларда, саябақтарда өсіріледі.Қазақстанда Алтай қашқаргүлі, альпі қашқаргүлі, Америка қашқаргүлі, кермек-жапырақты қашқаргүлі, попов қашқаргүлі, шөл дала қашқаргүлі, бурыл қашқаргүл, таролман қашқаргүлі деген түрлері бар.

Қашқаргүл – көптеген түрлері бар біржылдық немесе көпжылдық, шөптесін және жартылай бұтақты өсімдік. Халық арасында «қырқүйекгүл» деген атпен танымал. Гүлі кішкентай, түсі әр алуан ақ, күлгін, көк, сиякөк, қызғылт болып келеді. Көгалдандыруда 80-ге жуық түрі қолданылады. Бұл гүлдің биіктігі сұрпына қарай 15 см-ден 1 метрге дейінгі аралықта. Қашқаргүлдің барлық түрі қыркүйек-қазан айларында гүлдейді. Сондықтан да ол күзгі гүлдердің патшайымы болып саналады. Қашқаргүлдің сұрыпты түрлері де бар. Олардың гүлдеу мерзімі мамыр айына сәйкес келеді. Сондай-ақ кейбір біржылдық түрлері елімізде гүлдеп үлгермейді. Себебі, гүлдері өте кеш пайда болатындықтан алғашқы суыққа ұрынып қалады. Бір ерекшелігі, қашқаргүлді бір жерде бірнеше жыл өсіруге болмайды. Себебі, бір жерде бірнеше жыл қатарынан өскен қашқаргүл ауруға шалдығуы мүмкін. Сондықтан көгалдандыруда ауруға төтеп бере алатын сұрыптарын отырғызған жөн. Олардың қатарына Ostrich Plume, Starlight Rose, Milady жатады. Көгалдандыруда қашқаргүлді түріне қарай альпі шоқысына, гүлзарларға және жол жиегіне шарбақ ретінде өсіреді. Ең әдемі түрлеріне ағылшындық және испандық қашқаргүлдер жатады. Қашқаргүл де бақытгүлі сияқты күзде гүл ашатын санаулы гүлдердің бірі болғандықтан, оны мектеп аулаларына еккен тиімді. Күзде жаңа оқу жылы басталғанда қашқаргүлдер құлпырып, мектеп ауласын ерекше көрікке бөлеп тұрары сөзсіз.

Бақытгүл, хризантема (Chrysanthemum) – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір және көп жылдық өсімдіктер туысы. Олар негізінде Еуропа, Азия, Африкада таралған, 200-дей түрі белгілі. Қазақстанда бау-бақшаларда, саябақтарда, гүл шаруашылықтарында шеңберше тәрізді Бақытгүл (C. coronarіum) түрі қолдан өсіріледі. Бақытгүл биіктігі 0,5 – 1,5 м-дей, көп сабақты бұта. Жапырақтары күңгірт жасыл, шеті тегіс не тілімденіп келеді, сабақта кезектесе орналасады. Ақ, қызыл, күлгін түсті гүлдері ірі гүлсебетіне топтасып, күрделі гүлшоғырын құрайды. Қазан – қараша айларында жаппай гүлдейді. Бақытгүлді көктем айларында арнаулы жылыжайда, көшетханада қалемшелеу әдісімен көбейтеді. Кесіліп, суға салынған Бақытгүл 20 – 25 күнге дейін сақталады.

Бақытгүлі – көгалдандыруда алғашқы орындарға ие болып келе жатқан көпжылдық, шөптесін бақша гүлі. Гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі. Биіктігі мен гүлдеу уақыты сұрыптарына байланысты әртүрлі боп келеді. Ол жаздың күзге ауысқан мезгілінен қар жауғанға дейін молынан гүлдейтін бірден-бір өсімдік. Сондықтан да оны мектеп, балабақша аулаларына еккен тиімді. Үш айлық демалыстан соң білім нәрін игеруге құлшына кіріскен оқушылардың көңіліне мектеп ауласында құлпырып тұрған бақытгүлі ерекше қуаныш сыйлары сөзсіз. Бақытгүлін әсіресе, жапондар қатты қадірлейді. Жапон елінде бақытгүліне қатысты жыл сайын тойланатын дәстүрлі “Бақытгүлі” мерекесі бар.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 1236 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кіріспе. Гүлдердің маңызы| Зілген гүлді күту

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)