Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіріспе. Гүлдердің маңызы

Саудакент ауылы | Түсінік хат | Тұжырымдамалық бөлім -1сағат | Бөлім. Қорытынды -1сағат | Зілген гүлді күту | Гүлдердің түйнегін, пиязшығын жинау | Бөлме өсімдіктерінің түрлерін ажырату | Бөлме өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері | Гүлдерді бөлмеде орналастыра білу | Бөлме өсімдіктеріне топырақ дайындау тәсілдері |


Читайте также:
  1. Біржылдық гүлдердің тұқымын, көшеттерін отырғызу
  2. Гүлдердің маңызы
  3. Гүлдердің түйнегін, пиязшығын жинау
  4. Кіріспе.

Гүл өсіру – өсімдік өсірудің бір саласы. Бұл ертеден келе жатқан және қазіргі кезде тез дамыған шаруашылықтың бір саласы. Гүл өсіру Нидерландияда, Германияда, Жапонияда, т.б елдерде жақсы дамыған. Гүл пайдалану мақсатына, өсімдіктің биологиялық ерекшеліктеріне, олардың түр құрамына қарай ашық және жабық жерде өсіріледі. Ашық жерде өсірілетін гүл тұқым беруге тиіс. Бұлар алаңдарда, саябақтарда, парктерде және үй айналасына әсемдік үшін егіледі. Ашық жерде өсіп жетіле алмайтын гүлдер жабық жерде – оранжерея, көшетханада (парниктерде) өсіріледі де, көктем, күз, қыс айларында пайдаланылады. Гүл шоқтарында әсем жапырақты, әдемі гүлдейтін алуан түрлі үй өсімдіктері өсіріледі. Олар бір, кейде екі жылдық және көп жылдық болып бөлінеді. Қызғалдақ, таспа, қырмызыгүл, флокс, т.б. бір жылдық; түрік қалампыры, шегіргүл, әсел, құлқайыр, т.б. екі жылдық; раушангүл, таушымылдық, құртқашаш, бәйшешек, лалагүл, гладиолус, георгина, т.б. көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанда Алтай, Қарағанды, Жезқазған, Маңғыстау, Іле, Бас ботаникалық бақтарында гүлдің мыңдаған түрлері мен сорттары өсіріледі.

Өсімдіктердің халық шаруашылығында және ғылыми медицинада кеңінен қолданылатын түрлері көптеп кездеседі. Олардың ішінде көкөністік, жеміс-жидектік, балды, майлы және техникалық түрлер де бар. Ағаш тәрізді формалары құрылыс материалдары ретінде аса құнды. Әр түрлі үй жиһаздарын жасайды. Бұлардың бірқатары сәнді өсімдіктер. Тынымбақтарды, саябақтарды,көшелерді, тіптен жұмыс орындарын көгалдандыруға пайдаланады.

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатынөсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.

Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.

Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер

Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады . Олар:Айыр;Алоэ;Аралия;Арша;Асқабақ;Ақшайыр;Аюқұлақ;Бақалақ;Бәрпі;Валериана;Дәрмене;Дермене;Диоcкорея;Долана;Жалбыз;ЖалбызтікенЖалынгүлЖеньшень;Жерқонақ;ЖолжелкенЖөке;Жуа;Жусан;Жүгері;Итбүлдірген;Итжидек;ИтжүзімИтмұрын;Итошаған;Көкшегүл;Қаражоңышқа;Қалақай;Қаражидек;Қасқыржидек;Қырықбуын;Қырыққұлақ;Қыша;Лапыз;Ламинария;Левзея;Меруертгүл;Мия;Наперстянка;Ойраншөп;Олеандр;Өгейшөп;Раувольфия;РауғашСарыағаш;Секуринега;Сенна;Скумпия;Таңқурай;Томағашөп;Шай;Шайқурай;Шалфей;Шәңкіш;Шөпшай;Шытыр;Эвкалипт;Элеутерококк

Сәнді өсімдіктер көгалдандыру үшін қолданылады.Көгалдандыру ‒ қала, ауыл, т.б. елді мекендерде ауаны тазарту, көлеңкелеу үшін ағаш, бұта, гүл, көгал өсіру. Құрылыс аяқталғаннан кейін жүргізілетін көгалдандыру жұмыстары мекен жайларға әсем көрініс береді, шудан, күннен, шаңнан, т.б. қорғайды, санитарлық-гигиеналық рөл атқарады. Ғылыми деректер бойынша, белгілі бір аймақтың 15%-ы көгалдандырылса, шаң-тозаңның мөлшері 20%-ке кемиді, 35%-не өсімдік өсірілсе, шаң 50%-ке азаяды, ал 65%-не өсірілсе, шаң 95%-ке кемиді. Жол жағалауларына отырғызылған ағаш пен бұталар, гүлдер мен көгал ауадағы көмір қышқыл газды сіңіріп, ауаны отгегімен байытады, шуды азайтып, мекен жайды желден, күннен және шаңнан қорғайды. 1 га жасыл алқап 1 сағатта ауадан 8 кг көмір қышқьш газын бойына сіңіреді. Кейбір ағаштар өздері айналасына тарататын фитонцидтері арқылы ауадағы зиянды микроорганизмдерді жойып, оны адамның денсаулығына колайлы иондармен байытады. Мұндай ағаштар қатарына қылқан жапырақты қарағай, шырша, Сібір балқарағайы, т.б. жатады.

Біржылдық сәндік өсімдіктерге:

Жұлдызшешек, левкой (Mattiola), Арыстанауыз, львиный зев (Antirrhinum),Шырайгүл, петуния (Petunia), Қырмызыгүл, календула (Calendyla) Үрмебұршақ, Раушангүлдер (Rosacea).

Көкнәр, мак (Papaver) Далалы көкнәр (самосейка), Флоксылар (Phlox),Лалагүл, лилия (Lilium)

Екі жылдық сәндік өсімдіктердің биологиялық сипаттамасы

Қарақошқыл оймақгүл (наперстянка пурпурная),Оймақгүл, наперстянка (Digitalis),Шегіргүл, фиалка или виола (Phylica),Қоңыраугүлдер, колокольчики (Campanula),Құлқайыр, мальва (Malva).

Бөлме өсімдіктері де қолдан өсіріліп, мәдени түрге айналған. Олар тек сәндік мақсатта емес, өте қажетті қызмет атқару үшін де бөлмеле өсіріледі. Алоэ, кактус, бегония, бальзамин, қазтамақ, қытайлық раушан және т. б. биология кабинетінде көбірек өсіріледі. Бұлардың ішінде бальзамин, қазтамақ,қытайлық раушан әдемі гүлдерімен бөлмеге сән береді. Дәрілік мақсатта көбірек қолданылатын түрлері де бар.

Бөлме өсімдігі кактустың жапырақтары түгелдей тікенекке айналған. Бұл оның қоршаған орта жағдайына бейімделу айғағы.Лимон, апельсин, мандарин, пальма, қырықжапырақтарды (папоротник) бөлмеле өсіруге болады. Демек бөлме өсімдіктерінің ішінде шөптекті, бұта, шала бұта қалпында өсетін өсімдік түрлері бар. Бөлме өсімдіктері негізінен алғанда жас өркендерінен (қаламша) көбірек көбейтіледі. Бөлме гүлдерін таңдарда олардың тек әдемілігіне ғана емес, сонымен қатар үйдің ауасын тазартудағы маңызына да назар аударған жөн. Ауаны шаңнан, микробтар мен токсиндерден тазартатын, жихаздардан бөлінетін формальдегид, фенол сияқты улы заттарға, жылу құбырлары мен көгілдір газдан шығатын ксиллен, трихлорэтилен, бензол тәрізді денсаулыққа зиянды газ бен ауыр металдарға қарсы қауқары бар гүлдерді өсірген абзал. Барлық гүлдерде осы қасиет белгілі бір дәрежеде болады.

Зерттеулер бойынша бөлме өсімдіктері адамға әр түрлі жақтан әсер етеді. Оның ішінде лалагүлі (лилия), қазтабан гүлі (гусиные лапки) ауаны ластанудың бірнеше түрінен, соның ішінде формальдегидтен тазартады. Ал бегония мен фикус гүлдері үйіңізге келген адамдардың жағымсыз пиғылдарын өз бойларына сіңіріп, сіздерге тек оң энергия жібереді. Теледидар, компьютер, толқынды пештердің сәулелерінен сақтануға сіздерге раушан гүлдер, орхидея, өрмелегіш (лиана) өсімдіктер көмектеседі. Балалар бөлмесіне шегіргүлдерді (фиалка) орналастырсаңыз, олардың жеткіншектің өсіп-жетілу уақытындағы көңіл күйін бірқалыптылыққа бейімдейді. Қазтамақ (герань) гүлінің қасында 15 минуттай отырсаңыз да жеткілікті. Сіз өзіңіздің жаңа күш жинап, демалғаныңызды сезесіз. Өйткені бұл өсімдік эфир майларын бөліп шығарады. Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесі ұлғая түседі. Ұсақ жапырақты бұрыштар мен хризантемалар отбасындағы, жұмыс орнындағы адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына әсер етеді.

Бөлмеңізге гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп өсіргеніңіз жөн. Олар сіздің үйіңізге табыс, ақша келуіне әсер етеді.

Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оңай тыныс алуға болатынын байқадыңыз ба? Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады.Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса, сіздің көңіл күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді. Сіз кейбір адамдардың гүлдерге су құйған кезде олармен сөйлескенін көрдіңіз бе? Гүлдер де адамзат сияқты оларды жақсы көргенін сезеді. Адамның көңіл күйіне байланысты өсіп, жетіледі. Егер үйішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайып ауруға шалдығуы мүмкін.

Дәм-татымдық өсімдіктер әр түрлі органдарында (тамыр, тамырсабақ, жапырақ, гүл, жеміс) жұпар иісті заттар (глюкозидтер, алкалоидтар, т.б.) жиналатын өсімдіктер.[1] Дәм-татымдық өсімдіктердің көпшілігі едәуір мөлшерде витаминдер: каротин немесе провитамин А (ақжелек, аскөк, қызыл бұрыш, пияз), ал кейбіреулері антибиотик типтес заттар түзеді. Мұндай өсімдіктер (мысалы,пияз, сарымсақ) тағамның дәмін, иісін жақсартумен қатар, оны сақтағанда бүлінбеуіне де әсер етеді. Дәм-татымдық өсімдіктер жер жүзінде, әсіресе, тропиктік аймақтарда кең тараған. Қазақстанда кездесетін Дәм-татымдық өсімдіктер алуан түрлі және олар көбінесе шөптесін өсімдіктер. Мысалы, бәден, балдыркөк, ақжелкек, ботташық, аскөк, жалбыз, тасшөп, пияз, сарымсақ, қыша, барқытшөп, т.б. Дәм-татымдық өсімдіктер тамақ өнеркәсібінің көптеген салаларында, сонымен қатар медицина мен парфюмерияда қолданылады. Цитрустің жемісінде витамин көп, бұлардың жемісінен сусын, варенье, джем, цукат жасалады, тәтті сусындарға (ликер, лимонад, т.б.) қосады.

Дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%-ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахар алады, онда 30 — 36% калий тотығы бар. Күнбағыс күнжарасында — құнарлы мал азығы, онда 38%-дан астам ақуыздық зат, 20 — 22% көмірсу және 6%-дай май бар. Күнбағысты бұршақ өсімдіктерге қосып сүрлемдік дақыл ретінде өсіреді. 100 кг көктей орылған Күнбағыс құрамында 18 азық өлшемі, 1,4 кг сіңімді протеин бар. Көктей шабылған Күнбағыс га-нан 400 — 500 ц балауса азық алынады. Қазақстанның солт., шығыс аудандарында ерте және тез пісетін саратовтық 10; 169, шортандылық — 41, қостанайлық — 91, т.б. сорттары аудандастырылған. Осы сорттардың 1 га-нан 10 — 12 ц күнбағыс майы алынады. К-тың негізгі зиянкестері: сым-құрт,күнбағыс қан көбелегі, т.б.; аурулары: боз шірік, сұңғыла, т.б.

Парфюмерияда қолданылатын өсімдіктер: қытай Шағаны (F. chіnensіs) ақ балауыз бөліп шығарады, сондықтан оны шырақ жасау және медицинада, парфюмерияда, тоқыма өнеркәсібінде пайдалану үшін өсіреді. [2] Бозаршаның ағашы жұмсақ әрі мықты. Отанымызда одан шпал, жиһаз, бағана жасайды. Ағашында хош иісті сары түсті эфир майы бар. Оны парфюмерияда (шаш және денеге арналған жуғыш заттар, фитобальзамдар мен хош иісті майлар) және медицинада кеңінен қолданады. Лавр тұқымдасының жапырағы дәмі үшін асқа салынады. Діңінен, жапырағынан эфир майы, камфора алынады, дәріжасалынады; парфюмерияда, кондитер, тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Күжіт майы тағам өндірісінде, сабын қайнату үшін, парфюмерияда қолданылады. Сондай-ақ Күнжіт дәнін шығыстың тәтті тағамы – халуа жасау үшін пайдаланылады. Қайнатқандағы шығатын майының күйесінен жоғары сапалы қытай тушы (сурет салатын бояу) жасалады.

Жазда гүлдеген гүлдердің түрлерімен танысу

Сәлбен (лат. Salvia), шалфей – еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұта. Маңғыстаудың таулы шатқалдарында өседі. Олардың биіктігі 20 – 100 см. Гүлдерінің түсі жабайы өсетін түрлерінде қою сиякөк, ал гүлзарлардағы түрлерінде ашық қызыл. Мамырдан қыркүйекке дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – жаңғақша. Сәлбен – хош иісті, дәрілік өсімдік. Одан алынатын эфир майы медицинада, парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде қолданылады.

Барқытшөп, барқытгүл (Tagetes) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Оның 35 түрі белгілі. Барқытшөп табиғи жағдайда тек Мексикада өседі.Қазақстанда ұсақ барқытшөп, тік арқытшөп, ауытқы арқытшөп деген түрлері қолдан өсіріледі. Биіктігі 10 – 150 см-дей. Сабағы тік, оған қауырсынды, тілімденген жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Сары, қызғылт сары, қоңыр түсті гүлдерісебет гүлшоғырына топтасқан. Қорғаныш қызметін атқаратын 5 орамжапырағы жұмыр білікше тәрізді бірігіп өседі. Оның сыртында майлы зат (эфир майы) бөлетін бездері болады. Қос жынысты, тұқымынан көбейеді. Шілдеден қазан айына дейін гүлдеп тұрады. Жемісі – қара түсті, ұзынша келген тұқымша. Барқытшөп жарық сүйгіш, шөл мен суыққа төзімді өсімдік болғандықтан алаңдарды, гүлзарларды,саябақтарды, көшелерді көгалдандыру мақсатында өсіріледі.

Кливия - амариллис тұқымдасына жататын пияз тектес өсімдік. Отаны — Оңтүстік Африка. Шылбыр тәрізді қошқыл жасыл қалың жапырағы бар, аласа, сабағы жуан 6—12 гүлі болады. Бөлме де өсетін кливияның жапырағы сарғыш жолақты болып келеді. Ақ гүлді кливия да кездеседі. Қайта отырғызу кезінде бөлектел кесіп алатын қалемшелерден өсіріледі. Құм қосылған сазды шым және шіріген жапырақ аралас топырақта жақсы өседі. Бұрыннан келе жатқан кливияны 2—3 жылда, ал жаңа өскенін жыл сайын қайта отырғызады. Өніп келе жатқанда және гүлдегенде қандыра суарыл әрі қоректендіру отыру қажет.

Қазтамақ - қазтамақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдік.Қазақстанда шалғындық жерлерде өзен аңғарында, орманда, тау беткейлерінде өседі, 15 түрі бар. Биікт. 10-80 см. Сабағы тік, сыртын түк жапқан. Тілімденген жапырақтары қарама-қарсы не кезектесіп орналасады. Қызыл, көкшіл, күлгін, ақ түсті гүлдері, көбінесе шоқталып, кейде жеке дара шығады. Маусым-тамыз айлароында гүлдеп, шілде- қыркүйекте жемістенеді. Жемісі - дәнек. Қазтамақ илік заттарға бай, оның гүлдерінің құрамында, сабағында танин, бояғыш заттар, кальций мен каротин, С дәрумені мен геранин (эфир майыалынады) бар. Қазтамақтың кейбір түрлері: орман қазтамағы, шалған қазтамағы, Роберт қазтамағы және сібір қазтамағы - дәрілік өсімдіктер. Қазтамақтың тамырынан немесе кепкен шөбінен алынған тұнбаны бүйрекке байланған тасты ерітуге, ревматизм мен радикулиттіемдеуге, сондай-ақ, баспамен ауырғанда тамақ шаюға, сүйек сынғанда ванна жасауға, түсе бастаса шашты жууға пайдаланады. Кейбір түрлері әсемдік үшін де өсіріледі.

Ақсәуле, агератум (Ageratum) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.[1]Мексикадан тараған жалғыз түрі – гаустон Ақсәулесі (А. haustonіanum) Қазақстанда да кездеседі. Ол республиканың жазық аймақтарында әсемдік ретінде өсіріледі. Сабағы тік, бұтақты, сыртын түк жапқан. Жапырағы сағақты, пішіні үшбұрыш, төменгі жағы ойма тәрізді. Себеттері домалақ 8 – 10 мм, қалың қалқаншаға топталған. Күлтесі көк түсті, айдаршасы 5 жапырақшалы. Қазан – қараша айларында гүлдеп, жемістенеді.

Гардения (GARDENIA) отаны – Оңтүстік Америка, Қытай және Үндістан. Табиғаттамәңгіжасыл бұтақты өсімдік болып табылады. 250-ден астам түрлері бар. Бөлме өсімдігі ретінде гарденияның Gardenia jasminoides деген түрі кең таралған. Бойының биіктігі 45-50 см жетеді. Жапырақтары жылтыр жасыл түсті, ұзындығы 10 см болады. Гүлдері сабақ басына 4-6 данадан жинақталған, диаметрі 5-7 см, жай және гүлпарлы. Гүлдерінің керемет хош иісі бар. Жазда немесе күзде гүлдейді. Гүлдеу кезеңінің басында гүлінің түсі аппақ болады да, біртіндеп сарғыштанып кетеді. Негізінен гарденияның күтіміне көп шыдамдылық пен еңбек қажет. Ол қышқыл топырақта молынан гүлдейді.Көктем, жаз кездерінде қалемшесі арқылы көбейтеді.

Настурция – капуциналар тұқымдасына жатады. Отаны – Колумбия. Таралған аймақтары Оңтүстік және Орталық Америка. Отанында біржылдық, көпжылдық және жартылай бұталы өсімдік. Қазақстанда біржылдық бойы аласа және шырмалып өсетін түрлері қолданылады. Биіктігі 30-50 см-лік және қысқа 15 см-ліктері бар. Шырмалып өсетіндері 3 м-ге дейін барады. Гүлі жай күлтелі, жартылай гүлпарлы және гүлпарлы болып келеді. Диаметрі 7см. Гүлдерінің хош иісі араларды ғана емес, жеміс-жидектерді тозаңдандыратын басқа да пайдалы жәндіктерді өзіне тартады. Түсі сары, қызғылт сары, ашық қызыл, күлгін және барқытқа ұқсас түрлері бар.

Нәркес – бір үйлі, амариллис тұқымдасына жататын көпжылдық пиязшық өсімдік. Ерте көктемде гүлдейтін гүлдер тобындағы нәркестің табиғатта 20 шақты түрі бар. Еуропаданшығып, Қытай мен Жапония арқылы Азияға кең тараған. Алғашында бақша гүлі ретінде өсірілсе, кейін келе гүлінің әдемілігіне қызыққан бағбандар ерте гүлдету мақсатында оны үй жағдайында да өсіретін болған. Наурыз, сәуір айларында гүл ашады, гүлдеуі 20-25 күнге дейін созылады. Гүлдері жай күлтелі және гүлпарлы болып екіге бөлінеді. Нәркес пиязшық гүлдердің ішінде ерте және ұзақ гүлдеуімен қатар, бір түбінен бірнеше гүл жаруымен ерекшеленеді. Мысалы, сүмбілшаш секілді өсімдіктер бір пиязшықтан бір гүл ғана жаратын болса, нәркес үш-төрт гүлсабақ шығарады. Гүлдері төменге қараған, түсі қанық болып келеді. Ақ, сары, қызыл-сары, ала түсті болып келетін нәркестің биіктігі 30-40 см аралығында. Хош иісті, әдемі, нәзік гүл болғандықтан, оны гүлшоғыр жасауда да жиі пайдаланады. Нәркестің 10 см-ден аспайтын ергежейлі, аласа бойлы түрлері де бар.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 1725 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бағалау парағы| Күзде гүлдейтін гүлдер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)