Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіріспе.

ОСӨЖ тақырыптық жоспары | Студенттің өз бетінше атқаратын жұмыс тапсырмасының тақырыптық жоспары | Зіреттіліктің қалыптасқандығын бағалау |


Читайте также:
  1. Кіріспе. Гүлдердің маңызы

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларында қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және халықтың денсаулығын сақтау мәселелері маңызды құрылым бөлігі. «Қазақстан-2030» стратегиясының ұзақ уақытқа бірінші кезекте «ҚР-ның азаматтарының денсаулығы мен аман есендігі». Республикадағы ауыр экологиялық жағдай халықтың 20 және одан да жоғары пайызының өлім-жітімінің себебі болды. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, өмір сүру жағдайының қауіпсідігі және Қазақстанның әртүрлі аймақтарында тұратын азаматтарды аман есендігі жөніндегі мәселелер өзекті болып келе жатыр.

Қазіргі цивилизация қауіп-қатерде және антропогенді әсерлер нәтижесінде пайда болған, бірнеше жаһандық экологиялық мәселерді шешуге талап етеді. Табиғи ресурстарды пайдалану кезінде адам қоршаған ортаға белгілі негативті әсер етеді. Сол кезде қоршаған орта нысардарының сапасынан басқа адамның өмір сүру жағдайы мен оның денсаулығы өзгереді.

«Денсаулық және қоршаған орта» қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ) бойынша ғылымдарының бірі. Бұл мәселе мен экология, география (медициналық география), химия (аналитика, қалдықтардан тазарту), экономика(қоршаған ортаның ластануынан болатын экономикалық шығынды бағалау), санитарлық техника және т.б.

Сол үшін табиғат пен қоғамның қарым қатынасының жаңа түрін анықтаудың керектігі.

Сол үшін табиғат пен қоғамның қарым-қатынасының жаңа түрін анықтау қажеттілігі пайда болды. Осы жаһандық мәселені шешу жолдарын табу үшін БЕҰ шеңберінде қоршаған орта және даму бойынша бірнеше рет конференциялар өткізілді. Соларда болашаққа бағытталған жаңа жол анықталған – орнықты даму жолы. Қазіргі жағдайда қоршаған орта нысандарының сапасын жақсарту мемлекеттің және белгілі аймақтардың тұрақты дамусыз болмайды. Тұрақты даму экономикалық өсуден басқа қоршаған ортаға экологиялық жүктемеде ескеріледі.

Сонымен байланысты қоршаған ортаны қорғау саласында білім беру медициналық жоғары оқу орнынының барлық мамандардағы дәрігерлердің кәсіптік іс-әрекетінің қалыптасуы үшін керек.

2.2. Пәннің мақсаты: қоршаған орта факторлары мен адам денсаулық күйінің ара байланыс, осы әсерін бағалау әдістері және қолайсыз әсерлерін төмендету бойынша шараларды ұйымдастыру туралы түсініктерді қалыптастыру.

 

2.3. Міндеттері:

· табиғи жағдайдағы ағзалардың және олардың топтанулардың тіршілік ету ортасымен қарым-қатынастарының заңдылықтарымен студенттерді таныстыру;

· биосфера үрдістеріндегі адамның өзіне тән ролін және «қоғам-табиғат» жүйесіндегі оның іс-әрекетін анықтауға студентті үйрету;

· қоршаған орта мен адам денсаулығына антропогенді әсер салдары туралы түсінік беру;

· қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі принциптері мен әдістерімен студенттерді таңыстыру;

· қоршаған орта нысандарының сапасын бағалауды үйрету және халықтың денсаулығына антропогенді әсер ету мүмкіншілігін анықтау;

· халықтың сауаттылығын жоғарылату, табиғатты қорғау шараларды және табиғатты рационалды пайдалану насихат үшін өзінің білімдерін пайдалануына үйрету.

 

2.4. Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студенттердің біліміндерін қалыптастыру:

- қоршаған орта түсінігінің анықтамасы;

- қоршаған орта факторларының антропогенді ролі, олардың ағзаға әсері;

- популяциялар, эволюция, олардың табиғи сұрыпталу және адаптация үрдістеріндегі ролі;

- биосфера құрылымы, биосферадағы тірі заттың функциясы мен орта түзуші қасиеті;

- биосфераның негізгі қасиеттері, зат айналымының маңызы;

- биосфераның эволюциясы. Биосфера және ноосфера туралы В.И.Вернадскийдің ілімінің фундаментальдық маңызы;

- атмосфералық ауа ластаушыларының адам денсаулығына және оның өмір сүру жағдайына әсері;

- гидросфераның ластауының халық денсаулығына әсері;

- литосфераға антропогенді әсерлер, олардың халық денсаулығына әсері;

- табиғи және жасанды биогеохимиялық провинциялар, олардың тұрғындар денсаулығына әсері;

- қазіргі қалалар мен ауылды елді мекендер экологиялық мәселелері және халықтың денсаулық ерекшеліктері;

- қоршаған орта күйін бағалау критерийлері;

- қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану мәселелері;

- қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР заңдылығы;

- қоршаған табиғи ортаның сапасын нормалау;

- қоршаған ортаны инженерлік қорғау мәселелері сұрақтары;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық аспектілері.

Студенттердің дағдыларын қалыптастыру:

- қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша нормативті әдебиеттермен істеу;

- өзінің болашақтағы мамандықта қоршаған ортаны қорғау қолданбалы аспектілерін қолдану;

- өзінің мамандық іс-әрекетінде экологиялық факторлардың халық денсаулығына әсері;

- қоршаған орта нысандарына әсер ету мүмкіншілігі бар антропогенді факторларды анықтау және трофикалық тізбектерде ластаушылардың жиналуының заңдылықтарын ескеру;

- адамның биосфералық атқаратын қызметін ашу;

- ағза мен қоршаған ортаның әсерлесу, популяцияның атқаратын қызметінің заңдылықтары бойынша білімін қолдану;

- қоршаған орта объектілерінің сапасын бағалау және қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына мүмкін болатын әсерін бағалау;

аурулардың алдын-алу шараларын құрастыруда, тұрғындар салауаттылығын көтеруде, табиғатты қорғау шаралары туралы үгіт насихат жұмыстары бойынша және табиғатты тиімді пайдалану туралы білімдерін пайдалану.

 

Студенттердің коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру:

- Жеке тұлғалар аралық қатынасты қалыптастыру және жетілдіру

- Әріптестерімен кәсіптік ара қатынастарын: Жұмыс бойынша қарым-қатынастар. Кәсіби мінез-құлық – сенімділік, жауаптылық. Өзін-өзі бағалау, өзін-өзі жетілдіру, сынға реакциясы. Күйзеліс жағдайындағы кәсіби мінез-құлқы

 

Студенттердің құқықтық құзіреттілігін қалыптастыру:

- Саниарлық-эпидемиологиялық қызмет саласының заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар;

- Санитарлық-нормалар және ережелер негіздерімен басқа да санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар бойынша;

- Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерінің алдын алу шараларын дайындау бойынша дағдыларын қалыптастыру;

 

Студенттердіңөзіндік дамуын қалыптастыру:

Кәсіби әдебиеттермен жұмыс істеуде студенттердің аналитикалық қабілетін дамыту және жетілдіру

 

2.5. Реквизитке дейінгі: экология және тұрақты даму, қалыпты физиология; микробиология,вирусология және имунология; молекулярлық биология және медициналық генетика медициналық биофизика және биостатистика.

 

2.6. Реквизиттен кейнгі: қоғамдық денсаулық сақтау, эпидемиология.

 

2.7. Сабақтың тақырыптық жоспары: (тәжірибелік сабақтардың, оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының, студенттің өз бетінше атқаратын жұмыс тапсырмасының)


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 186 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ| Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)