Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зіреттіліктің қалыптасқандығын бағалау

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ | Кіріспе. | Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары | ОСӨЖ тақырыптық жоспары |


Читайте также:
  1. Oslash; Клиникалық жағдайдың көрсетілімі мысалында интерндердің компетенциясын бағалау критерийлері
  2. Бағалау парағы
  3. Сүйегі сынған науқуста остеосинтез активтілігін бағалауда қандай биохимиялық маркерін анықтау керек?
Тақырыптар атаулары Бағаланатын құзіреттілік
Білімі Тәжірибелік дағды Коммуни-кативтік дағды Құқықтық дағды Өзіндік даму
  «Қоршаған орта және халық денсаулығы» пәні, қысқаша даму тарихы, негізгі түсініктер, пән, мақсаты, міндеттері және зерттеу нысандары. Қоршаған орта мен халық денсаулығын зерттеу әдістері. Қоршаған орта мен халық денсаулығын зерттеу әдістері. Қорашаған ортаның жағдайын талдау. Ауызша сұрау   Тестілеу   Кішігірім топтарда жұмыс, дискуссия Қауіпсіз техникасы бойынша нұсқау  
  Атмосфералық ауа қоршаған орта нысаны ретінде. Атмосфералық ауаны ластану көздері мен сипаттамасы. Атмосфералық ауаның ластану қауіптілік дәрежесін кешенді және интегралдық бағалау, есептеу әдістемесі. Ауызша сұрау   Тестілеу Жағдайлықық есептерді шешу      
  Су қоршаған ортаның санитарлық-гигиеналық бақылауға алынатын нысаны ретінде. Қазақстанның жекелеген аймақтар мысалындағы су ластануының көздері мен сипаттамасы. Суды ластану қауіптілік дәрежесіне кешенді және интегралды баға беру. Есептеу әдістемесі. Ауызша сұрау   Тестілеу Жағдайлықық есептерді шешу      
  Топырақ қоршаған орта нысаны ретінде. Топырақ ластануының көздері мен сипаттамасы. Топырақты ластану қауіптілік дәрежесіне кешенді және интегралды баға беру. Есептеу әдістемесі. Топырақты антропогенды ластауының басқа қоршаған орта нысандарына әсер етуі. Топырақтың жиынтық көрсеткішін есептеу Ауызша сұрау   Тестілеу Жағдайлықық есептерді шешу      
  Адам ағзасына шынайы химиялық жүктеме (ШХЖ) туралы түсінік. Химиялық заттар мен ксенобиотиктердің түсу жолдары. Ауызша сұрау   Тестілеу Жағдайлықық есептерді шешу      
  Қоршаған ортаны ластану жағдайын интегралды және халық денсаулығына қауіптілік дәрежесін бағалау. Тұрғындар денсаулығының негізгі көрсеткіштері қоршаған орта сапасының интегральдық баға ретінде. Ауызша сұрау   Презентация, сұқпаттасы      
  Қазіргі қалалардың қоршаған ортасына және халық денсаулығына антропогенді әсерлер. Қазіргі ауылды елді мекендердің қоршаған ортасына антропогенді әсерлер. Ауыл шаруашылығын химизациялануы, халық денсаулығына әсері. Ауызша сұрау   Презентация, сұқпаттасы Кішігірім топтарда жұмыс, дискуссия   Кәсіби әдебиеттермен жұмыс

· Өзін өзі дамыту, дағдылар өз бетінше оқу қабылдау барысында жұмыс бағдарламасы мен силлабуста берілген өз бетінше оқу тақырыптарына сәйкес бағаланады.

· Студент 2 СӨЖ тапсыру қажет. СӨЖ тақырыбын студенттің өзі еркін таңдай алады.

«Білім» құзіреттілігі бойынша Ағымдық бақылау:

% Бағалау критерийлері
95-100 Студент сабақ тақырыбын терең түсінетіндігін, логикалық ойлауға қабілеттті екендігін көрсетті. Айтылған тақырыптың мазмұны толығымен қойылған сұрақтарға сәйкес, сонымен бірге, нақты келтірілген мысалдармен көркемделген қажетті теориялық фактілерден құралған. Студент негізделген қорытынды жасай алды.  
90-94 Студент сабақ тақырыбын жалпы түсінетіндігін көрсетті. Материалдың мазмұны толығымен қойылған сұрақтарға сәйкес келеді. Бірақ, материалды талқылау барысында аздаған қателіктер жіберді, оқытушының ескертуінен кейін жіберген қателерін түзете алды. Білімін бекітуде сабақ тақырыбына байланысты келтірген мысалдары дұрыс таңдалынған, негізделген қорытынды жасай алды.
85-89 Студент тақырыпқа байланысты материалды білетіндігін көрсетті. Бірақ жауап беру кезінде аздаған қателіктер жіберді, оқытушының қойған қосымша сұрақтарынан соң қателерін түзетті.
80-84 Тақырыпты мазмұндауда аздаған кемшіліктер жіберді. Берілген жауаптың логикалық және ақпараттық мағынасы жоқ. Сабақ мазмұны материалды теориялық жағынан түсінуге негізделген.
75-79 Студенттің сабақ тақырыбы бойынша білімі таяз. Қойылған сұрақтарға толық емес және ретсіз жауап берді. Бірақ сұрақты жалпы түсінетіндігін көрсетіп, бағдарламалық материалды ары қарай меңгеруге жеткілікті ептілігін көрсетті. Сабақ материалында берілген түсінік, анықтамаларды айтуда, терминдерді қолдануда қиналды, қателер болды. Оқытушының қойған бірнеше қосымша сұрақтарынан соң қателерін түзетті.
70-74 Материалды мазмұндау кезінде сұрақтарды жалпы түсінетіндігін көрсетті. Ары қарай оқу үшін жеткілікті білімін көрсете алды. Тақырып толығымен ашылған жоқ,түсініктерді анықтауда, терминдерді қолдануда қателер жіберді.
65-69 Материалды мазмұндау барысында сұрақты түсінбегенін байқатты. Тақырып толық ашылған жоқ, реттілігі жоқ. Негізгі түсініктемелерді беруде, терминдерді қолдануда қателер жіберді.
60-64 Тақырыпты мазмұндауда оқу материалының көп бөлігін немесе ең маңызды деген бөлімдерін түсінбегені байқалды. Түсініктемелерді айту барысында, терминдерді қолдану кезінде өрескел қателер жіберді.
55-59 Мазмұндау кезінде оқу материалының маңызды бөлімдерін түсінбегендігі, білмейтіндігі байқалды. Түсінік, анықтамаларды айтуда, терминологияны қолдану барысында үлкен қателер жіберді.
50-54 Сұрау барысында принципиальды қателер жіберді. Тапсырманы толық орындаған жоқ.
0-49 Студент сабаққа қатысты. Оқу материалының маңызды бөлімдерін білмейтіндігі және түсінбейтіндігі көрінді. Анықтамалар мен түсініктер және терминдерді айтуда жіберген қателерін оқытушының материалға сәйкес бірнеше сұрақтар қойғаннан кейін ғана түзете алды.

Тәжірибелік дағдылар бойынша ағымдық бақылау:

% Бағалау критерийлері
95-100 Студент бағдарламалық материалды толығымен меңгерген. Ешқандай қателер жібермеген. Берілген тапсырманы дер кезінде, дұрыс орындады, коллоквиумдарды өз уақытында және қатесіз тапсырды, үйге берілген тапсырманы орындады, пәнді оқу барысында қосымша ғылыми әдебиеттерді қолданды, бағдарламалық материалды өз бетімен жүйелендіре алды.
90-94 Студент жалпы бағдарламалық материалды меңгергендігін көрсетті, принципиальды емес жіберген қателерді студенттің өзі түзете алды. Тапсырманы дер кезінде және дұрыс орындады. Коллоквиумдарды қатесіз тапсырды. Пәнді оқу барысында қосымша ғылыми әдебиеттерді қолданды, бағдарламалық материалды өз бетімен жүйелендіре алды.
85-89 Студент бағдарламалық материалды меңгерген, жауап беру кезінде өрескел қателер жіберген жоқ, тапсырманы, коллоквиумдарды және үй тапсырмаларын ешқандай ескертусіз өз уақытында тапсырды. Оқытушының нұсқауымен ғылыми әдебиеттерді қолданды, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты, студенттің өзі түзеген принципиальды емес және принципиальді қателер жіберді.
80-84 Студент бағдарламалық материалды меңгерген, жауап беру кезінде өрескел қателер жіберген жоқ. Берілген тапсырманы принципиальды ескертулерсіз, дер кезінде орындады, коллоквиумдарды дұрыс, өз уақытында тапсырды, оқытушының нұсқауымен қосымша әдебиеттерді пайдаланды,студенттің өзі түзеткен принципиальды емес қателер жіберді.
75-79 Студент бағдарламалық материалдың 75% меңгерген. Студенттің өзі түзеген принципиальды қателер жіберді. Оқытушының көмегімен бағдарламалық материалды жүйелендіре алды.
50-74 Студент бағдарламалық материалды 50% ғана меңгерген, бақылау және зертханалық жұмыстарды, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегіне жүгінді. Коллоквиумды тапсыруда принципиальды емес қателерді жіберді. Тек оқу әдебиеттермен ғана шектелді, материалды жүйелендіру барысында қиналды.
0-49 Студент бағдарламалық материалдың жартысында меңгермеген, жауап беру кезінде принципиальды қателер жіберді. Ағымдық бақылау түрімен қарастырылған жекелеген тапсырмаларды орындамаған.

Комуникативтік құзіреттіліктерді ағымдағы бақылау:

Бағалау көрсеткіштері % 100-90 89-75 74-50 49-0
Тыңдау белсенділігі Студент өзінің көзқарасын кеңінен ашып жаңа бастамалар жөнінде қатысушаларға қарсы сұрақтар қояды. Студент ден салып тыңдайды, және одан ары қарай пікірлерін алмастыру үшін сұрақтар қояды.   Студент ден қоя тыңдайды және басқа да қатысушыларды әңгімеге тарта отырып, сұрақтарын қояды Студент басқа да қатысушылар-дың пікірлерін тыңдайды, бірақта, әртүрлі көзқарастағы пікірлерді түсіну барысында қиындықтар сезінеді
Жұмысқа қатысуы Студент үнемі жұмысшы топта қатысып отырады, өзінің пікірнлерін білдіреді және басқа да қатысушылар-дың пікірін мақұлдап отырады. Студент өз бетімен және мақсатты түрде жұмысшы топқа қосылады     Студент басқа да қатысушылардың демеуін сезінген соң, жұмысқа қосылады,   Студент жұмыста үнемі болмайды, бәсеклестік мінез құлқыға бой алдыртады
Әріптестікке қабілеттілігі Студент басқалардың да жұмысына қатысады, жағдайға байланысты өзін белсенді және байсалды қалыпта ұстайды. Студент көптеген рөлдерді орындау кезінде сенімді әріптестікке қабілетті Студент сенімді түрде кейбір тапсырмаларды орындайды және басқалардың да рөлімен санасады Студент қандай да бір тапсырманы орындау үшін басқалардың демеуін қажетсінеді
Міндеттемелерді қабылдау Студент өзінде көптеген міндеттемелер-ді алады ждәне топта жұмыс істеу барысында айқын рөл ойнайды Студент топтық үрдісте тапсырманы орындау мақсатында өзінде міндеттемелерді алады.     Студент топтық үрдісте және тапсырмаларды орындау барысында өзіне шектелген міндеттемелерді ғана алады Студент топтық жұмыстар мен тапсырмалар-ды орындау кезінде өзіне жеткіліксіз дәрежедегі міндеттемелерді ғана алады

Құқықтық құзіреттілікті қалыптастыру бойынша ағымдық бақылау:

% Бағалау критерийлері
95-100 Заңдылық актілердің негізгі ережелерін, санитарлық заңдылықтарды жақсы білу
90-94 Заңды актілердің негізгі ережелері мен санитарлық заңдылық аумағындағы нормативтік-құқықтық негіздерін толық меңгеру
85-89 Санитарлық заңдылық аумағындағы нормативтік-құқықтық негіздері мен заңдылық актілердің негізгі ережелерін жеткілікті меңгеру
80-84 Санитарлық заңдылық аумағындағы нормативтік-құқықтық негіздері мен заңдылық актілердің негізгі ережелерін өз бетімен зерделей алу
75-79 Заңдылық актілердің негізгі ережелерін аздаған қателіктерімен зерделеу; санитарлық заңдылық аумағындағы нормативтік-құқықтық негіздерін меңгеру
70-74 Заңдылық актілердің негізгі ережелерін қалыптастыра алу, санитарлық заңдылық аумағындағы нормативтік-құқықтық негіздерін меңгеру
65-69 Оқытушының көмегімен заңдылық актілердің негізгі ережелерін қалыптастыра алу, санитарлық заңдылық аумағында нормативтік-құқықтық негіздерін меңгеру
60-64 Оқытушының көмегімен заңдылық актілердің негізгі ережелерін қалыптастыра алу, санитарлық заңдылық аумағында нормативтік-құқықтық негіздерін жеткіліксіз меңгеру
55-59 Санитарлық заңдылық аумағында нормативтік-құқықтық негіздерін жеткіліксіз меңгеру
50-54 Санитарлық заңдылық аумағында нормативтік-құқықтық негіздерін әлсіз меңгерген, принципиальды қателер жіберілген.
0-49 Құқықтық құзіреттілік бойынша дағдының болмауы, санитарлық заңдылықты білмейді.
  Сабақта болмаған.

 

«Өзін дамыту» құзіреттілігін қалыптастырудағы ағымдық бақылау:

% Бағалау көрсеткіштері
95-100 Презентацияның мазмұны, реферат тақырыпқа сәйкес келеді және қойылған міндеттерге сай. Тақырып толығымен ашылған, слайд және рефераттың мазмұны логикалық тізбекпен, арнайы терминология мен белгісін дәл қолдану арқылы толығымен берілген. Слайд мәтіні ықшамды түрде жазылған, ойлар қалыптастырылған, құрылымдық қалыпта анық айқын жазылған.
90-94 Презентацияның мазмұны, реферат тақырыпқа сәйкес келеді және қойылған міндеттерге сай. Тақырып толығымен ашылған, слайдтар арнайы терминология мен белгілерін қолдана отырып, логикалық тізбектелген түрде көрсетілген. Слайд мәтіні ықшамды түрде жазылған, ойлар айқын қалыптастырылған, қысқаша түрде құрылымдық қалыпта анық айқын жазылған.
85-89 Презентация мазмұны, реферат мазмұндары тақырыпқа сәйкес және қойылған міндеттерге сай келеді. Бірақ, тақырып жеткіліксіз деңгейде ашылған, логикалық тізбектілігі жоқ. Слайдтарда көп сөздер, мәтіндермен толып кеткен. Ақпараттың жаңа көздері келтірілген.
80-84 Презентацияның, рефераттың мазмұны тақырыпқа сәйкес келеді және қойылған міндеттеріне сай. Тақырып жеткіліксіз дәрежеде ашылған, логикалық тізбектілігі жоқ. Слайд мазмұны мәтінмен, артық сөздермен толып кеткен. Ақпараттың көздері шектеулі, ескірген әдебиет көздерін берген.
75-79 Мазмұнында білместігі көрінеді, ережелердің негізгі бөлігін түсінбейді.
70-74 Материал жеткіліксіз дәрежеде қорытылған, қорытындысында дөрекі қателер жіберілген.
65-69 СтудентРефераттың, презентацияның материалына бағытталуы әлсіз, рефераттың, презентацияның мәтінін оқып отыр. Қойылған сұрақтардың көбіне жауап бере алмайды.
60-64 Студент презентация, рефераттың материалында бағыты жоқ, мәтінді оқып тұр. Реферат пен презентацияның көркемделуі нашар, талаптарға сай емес. Слайдтар әртүрлі стильде көркемделген, принципиалды қателер жіберілген.
55-59 Студент материалмен аз танысқан, қойылған сұрақтарға жауап бере алмады.
50-54 Презентация мен рефераттың тақырыптары ашылмаған. Қорытындысы жоқ. Ақпарат көздері келтірілмеген.
0-49 Сабақта болмады

Ағымдық бақылау:

Практикалық білім: ауызша сұрау

- тесттік тапсырмалар - нұсқалар бойынша жазбаша түрде;

- өзіндік жұмыстар бойынша жазбаша және ауызша түрдегі тапсырмалардың орындалуын тексеру.

ОСӨЖ:

- өзіндік жұмыстар бойынша жазбаша және ауызша түрдегі тапсырмалардың орындалуын тексеру.

СӨЖ: презентациялық көрсетілімдерді қорғау, ситуациялық есептердің, тесттердің, кроссвордтардың құрастырылуын және шешуін бағалау.

Ағымдық бақылау: тесттік тапсырмалар немесе ауызша сұрау арқылы білімдерін бағалау.

Ағымдық бақылау:

Практикалық сабақ,аралық бақылау, СӨЖ – максималды 100 балл

Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

Жіберу рейтингі студенттің қорытынды бағасы 60% кем емес, формула арқылы анықталады

Rд= (t+r1+r2 +... +rn)/N × 0,6

Бұнда

t –ағымдық бақылау

r1, r2,…, rn – аралық бақылау,

N – қосылған нәтижелер саны


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 182 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Студенттің өз бетінше атқаратын жұмыс тапсырмасының тақырыптық жоспары| ФЕЛЬДШЕРСЬКО-АКУШЕРСЬКИЙ ПУНКТ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)