Читайте также: |
|
Өсімдіктің реңсіздігі, нашар өсуі оның қолайсыз жағдайда екендігінің белгісі, мұның негізгі себебі дұрыс күтіп-баптау болып табылады. Жарықтық жеткіліксіздігі, өлшеусіз суару немесе мерзімді суармай қуратып алу, желдің өті, температураның күрт өзгеруі, сондай-ақ артық-кем қоректендіру — өсімдікті әлжуазданырып, зиянкестер мен аурулардың өршуіне әкеп соқтырады. Дұрыс күтіп-баптаған үй өсімдіктері ауруға шалдықпайды. Бірақ инфекңияның немесе зиянкестердің жаңа кесінділермен немесе өсімдіктермен бірге келіп, таралуы да мүмкін. Кейбір зиянкестердің пайда болғанын бірден байқау қиынға түседі, сондықтан мұндай жәндіктер өсімдіктерге орасан зиян келтіріп үлгереді. Үй өсімдіктеріне ең көп зиян келтіретін жәндіктер — өсімдік биті,кенелер т. б.
Өсімдік биті
Тұрқы 2 мм болатын ашық көк немесе сары түсті жәндіктер. Олар өсімдіктің жапырағына, сабағына, қауашағына, жас өркендерге жабысады. Қанатты және қанатсыз болып келеді. Қанаттылары ұшып, қонып басқа өсімдіктерге ауру жұқтырады. Өсімдік биті зияндаған жапырақтар жиырылып, бүріседі, сарғаяды, гүл түйнектерінің дұрыс өсуіне зиян келеді. Өсімдік биті, әсіресе, көктем мен ерте жаз кезінде пальмадан басқа барлық өсімдіктерге зиян келтіреді.
Күресу шаралары: фитонцидті қасиеті бар кейбір өсімдіктердің тұнбасымен дәрілейді. Ол үшін жазда тагатестің, қызанақтың, петунияның, дельфиниумның, пиретрумның жапырақтары мен сабақтарын және тамырларын кептіріл алады. Пиретрумның тұнбасын: 10 г ұнтаққа 1 л су құйып дайындайды. Ерітіндіге сабын езіп (10 г сабынға 1 л су) қосады. Өсімдік битін жоюға темекі тұнбасын да қолданады: темекінің (махорканың) үгіндісіне су құйып (1:10) бір тәулік қояды, одан кейін сүзгіден өткізеді. Пайдалану алдында тұнбаны сумен араластырып (1:3), оған иісті сабын немесе кір сабынын (1 л-ге 10 г) қосады, содан кейін ауруға шалдыққан өсімдікке бүркеді. Сондай-ақ өсімдікті дәрілеу үшін пияздың, оның қабығының, сарымсақтың, қызанақ жапырақтарының тұнбасын пайдалануға да болады. Дәрілеуді арасына 8—10 күн салып 3 рет қайталау керек. Онша ірі емес өсімдікке бит көп түссе, оны тұнбаға матырып алады.
Өсімдік кенесі
Тұрқы 0,3—0,4 мм бітімі сопақша ақшылсары түсті, денесін әредік түк басқан жәндіктер. Олар жапырақтың астыңғы жағына орналасады, бірақ өсімдікке өте көп түскенде өсімдік сабағының тұла бойына қаптал жабысып алады да, доп-домалақ, жартылай мөлдір жұмыртқаларын салады. Кене түскен өсімдік жапырақтары мрамор тәрізді түске еніп, үстін нәзік тор қаптайды, содан сарғайып мезгіліне жетпей түсіп қалады. Өсімдік нашар жетіліп, сәнін жоғалтады. Үй жағдайында кенелер өсімдікті жыл бойы залалдайды. Кененің пайда болуына температураның жер арылығы мен ауаның құрғақтығы қолайлы жағдай туғызады. Кенелеразалия, пальма, гортензия, аспидистра, райхан гүлін, гелиотроп, фуксия, орхидея, кактустер т. б. өсімдіктерді зияндайды.
Күресу шаралары: суға ерітілген пиретрумды арасына 7 күн салып, 5 рет (1 л суға 2—3 г) бүркеді. Өсімдікке су бүркін алып, оған пиретрумның немесе күкіртті ұнтағын себуге, сондай-ақ пияздың немесе сарымсақтық бір тәулік тұрған тұнбасын (ұсақталған бір ас қасық пиязға немесе сарымсаққа 1 стакан су құнды) бүркуге де болады. Ал бүркіп дәрілеуге келмейтін өсімдіктер үшін төмендегідей тәсіл ұсынылады: туралған сарымсақты немесе скипидар құйылған банканы өсімдік жанына қойып, полиэтилен қалтамен өсімдікті бірнеше сағат бойы тұмшалаулы қалпында қалдырады.
Трипстер
Ұзындығы 1 —1,5 мм денесі сопақша, қара немесе қоңыр, личинкалары ақ ұсақ жәндік. Жапырақтық астыңғы жағына өзегін бойлай орналасады. Залалданған жапырақтардың астыңғы жағында қоңыр, қызыл қоңыр, ал жоғары бетінде ақшыл даудақ пайда болады. Кейін, жапырақтар қоңырланып түсіп қалады. Трипстердің дамуына жоғары температура мен құрғақ ауа қолайлы әсер етеді. Жәндіктер аралияны, азалия, драцендер, аспидистер, фикустер, цикламендерді, лимондар мен т. б. өсімдіктерді залалдайды.
Күресу шаралары: кенеге қарсы қолданылатын шаралардың бәрі трипстерге де жарайды.
Аққанат
Ұсақ ұшпа жәндіктер, тұрқы 1 — 1,5 мм, денесі сарғыш, қанаты ақ. Личинкалары сопақша келген, ашық көк түсті. Әдетте жапырақтың төменгі жағын сағалайды. Олар әсіресе жаз айларында райхан гүлін, фуксияны, пеларгонияны, жасминді көп залалдайды. Аққанат уға төзімді келеді.
Күресу шаралары: Иіс сабын ерітіндісін (1 л суға 10—15 г) арасына 6—7 күн салып, жапырақтың астыңғы жағына 3—5 рет бүркеді.
Сымырлар
Тұрқы 5 мм-ге дейін жететін, денесі сопақтау біткен жәндіктер. Денесін сирек түк басқан. Мақта тәрізді ақ түсті жұмыртқа салады. Жұмыртқасын жапырақтың астыңғы жағынан оңай байқауға болады. Сымырлар жабысқақ сұйық — саңырауқұлақ тарайтын шіре бөліп шығарады, олар өсімдіктерді залалдайды. Көпшілігінде жер бетіне өркен жалтыл жатаған өсімдіктерді (сабақ-бұтақшаларын, жапырақтарын, шанақтарын), кейбіреулері тамыр жүйелерін зақымдайды. Сонымен бірге пальмаларды, азалияны, акалифті, аспарагустерді, лимондарды т. б. көптеген өсімдіктерді зияндаңды.
Күресу шаралары: жұмсақ дымқыл щеткамен өсімдіктерді сымырлардан, олардан бөлініп шығатын мақта тәрізді личинкалардай тазартады. Одан кейін өсімдікті жуады. Сонымен бірге жапырақтар мен сабақтарды 7 күнде 1 рет сабынды сумен, апельсин немесе мандарин қабықтарының бір-екі тәулік тұрған тұнбасымен жуып тазалайды.
Шитовкалар және жалған қалқандылар
Тұрқы 1,5—4 мм, денесін қатты қабық жапқан жәндіктер. Түсі өзгермелі (сарыдан қызыл қоңырға дейін) болып келеді. Жапырақтардың екі жақ бетіне бірдей жабысады, соңдай-ақ өсімдіктердің бұтақтары мен сабақтарын да сағалайды. Өсімдік жалған қалқандылармен залалданғанда жапырағы (өзегінің бойына) мен сабағында дақ пайда болады. Залалданған өсімдіктер баяу өседі, жапырағы сарғайып, түсіп қалады. Сымырлар жабысқақ сұйық шіре бөледі, шіреден саңырауқұлақ өсіп шығады да, ол өсімдікті одан әрі әлсіретеді. Пальманы, олеандраларды, аспарагустерді т. б. өсімдіктерді зақымдайды.
Күресу шаралары: өсімдіктерді зиянкестерден тазарту керек (жұмсақ тіс щеткасымен) залалданған жеріне спирт немесе пияздан жасалған ботқаны жарады. Сондай-ақ өсімдікті керосин мен сабын қосындысы ерітіндісін пайдалануға болады. Ол үшін 25 г иіс сабынды немесе 40 г кір сабынды 1 л суға езіп, оған 5 тамшы керосин қосып, жақсылан шайқап араластырады. Онымен өсімдіктің залалданған жерін сүртеді немесе бүріккішпен бүркеді. Дегенмен өсімдіктің жапырағында күйген дақ қалатындықтан бүрку тиімсіз саналады.
Аяққұйрықтылар және подурлар
Тұрқы 1 — 2 мм, қанатсыз, ақ түсті насекомдар. Топырақта өсіп-өнеді. Шіріген немесе жас өсімдік қалдықтарымен қоректенеді. Аяққұйрықтылар өсімдікке суды жиі құйғаннан пайда болып, көбейеді. Олар гүл өсіргіштік түбіндегі су ағатын тесікке жиналып, су құйғанда судың бетіне қалқып шығады. Күресу шаралары: подурды болдырмау үшін суды өлшеусіз, көп құймау керек. Егер олар көп болса, онда топыр ақтық үстіңгі қабатын (2—3 ем) алып тастайды.
Ақұнтақ — өсімдік клеткаларында паразиттік өмір сүретін, саңырауқұл ақтан тарайтын ауру. Өсімдіктердің жасыл бөліктерінде (жапырақтарда, жас өркендерде, шанақтарда) біртіндеп қоңыр түске енетін ақұнтақ пайда болады. Онымен залалданған жапырақтар бүрісіп, тез солады, өсімдік бойлай өспейді, өркендері мен шанақтары жетілмейді. Инфекция көпке созылады да, ауа ағыны, кесінділер мен топырақ арқылы ауру өсімдіктерден сау өсімдіктерге тарайды. Ақұнтақ ауруы райхан гүлдерін, гортензия, бегония, примула, хризантемалар т. б. үй өсімдіктерін қатты залалдайды.
Күресу шаралары: өсімдіктің зақымданған жерін кесіп алып тастау керек. Ақұнтақ пайда болғаны белгілі болса бұлтсыз ашық күні 20°С температурада таза су бүркіп, күкірт ұнтағын себеді. Ақұнтаққа қарсы мыс пен сабын қоспасы ерітіндісін қолдануға болады. 1 л ерітінді дайындау үшін 22 г мыс купоросын шағын ғана жылы суда еріту керек, ал иіс немесе кір сабынды (1 л суға 10 г иіс немесе 40 г кір сабынын) жеке езіп алады. Сабын толық еріп болған соң мыс купоросын сабын ерітіндісіне қосып, жақсылап шайқап араластырады. Дайындалған ерітіндіні сақтап қоюға болмайды.
Боз шірік
Жетілмеген саңырауқұлақтан тарайды. Өсімдіктің боз шірікке шалдыққан жері қоңырқай тартады, жұмсай, ақырында шіриді. Аурудың тарауына ауаның ылғалдығы көп әсер етеді. Сенполияны, примуланы, цикламенді, бегонияны залалдайды. Өсімдік тамырлары, баданалар мен сабақ өзегінің шіруі әр түрлі саңырауқұлақтар мен бактериялар арқылы болады. Гүлдері бүрісіп, өсімдік солады, ақырында сарғайып қурайды. Өсімдік сабағының өзегі қара қоңыр тартып босайды. Тамырлар мен бадана қоңырқайланып, шіриді. Соның салдарынан сенполия, азалия, антуриума, кактустер, цикламен т. б. кей өсімдіктер өспей, солады. Шіри бастаған өсімдіктерге мыс купоросы мен әктің ерітіндісін бүркеді немесе жарады. У қолданғанда өте сақ болу керек. Өсімдікгі балаларға дәрілетуге болмайды. Қыста өсімдікті дәрілегенде желдеткішті ашып қояды, ал жазда бұл жұмысты дал ада жүргізу керек. Дәрілеп болғаннан кейін қолды сабындан, мұқият жуу керек.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі
«Гүлдер сыры»
Оқушыға арналған жұмыс дәптері
2014-2015 оқу жылы
Жұмыс дәптері – оқушылар пайдаланатын құрал. Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізу оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу мүмкіндіктеріне жағдай туғызады.
Бұл құралда жинақталған оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарына арналған тапсырмалар «Гүлдер сыры» курсының бағдарламасына сәйкестендіріп жасалған.
Дәптерге енген сұрақтар, кестелер, сызбалармен жұмыс сияқты тапсырма түрлері берілген. Жұмыс дәптерінде гүлді отырғызу, баптау, суару, тұқымын жинау, гүлдердің адам өміріндегі маңызы, пайдалану жолдары туралы алған білімдерін тәжерибемен ұштастырып, қолдана алатын тапсырмалар жиынтығы енгізілген. Бұл оқушының осы пәнге деген қызығушылығының артуына, білімдерін бекіте түсуіне септігін тигізеді. Бұл тапсырмаларды орындау оқушының бойында белгілі бір практикалық білімдерінің қалыптасуына, еске сақтауды, шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
Мұғалім бұл дәптердің көмегімен оқушылардың түрлі мәлемет көздерімен жұмыс істеу барысында дағдыларының даму қарқынын бақылай алады және алған білімдерін шынайы бағалау мүмкіндігіне ие болады.
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 808 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бөлме өсімдіктерін көбейту жолдарымен танысу | | | Гүлдердің маңызы |