Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс.Геоморфология пәні,оның зерттеу нысаны.Бедер туралы түсінік.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар | СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары | Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі | Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі | Беткей туралы ұғым | Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері | Сел құбылыстарының бедер құрудағы орны | Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері | Азіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі | Жалпы геоморфология» пәнінің глоссариі |


Читайте также:
  1. Азақстанның су ресурстары туралы қазақша реферат
  2. Азаќстан Республикасындаєы жергілікті мемлекеттік басќару жјне ґзін-ґзі басќару туралы
  3. Андай лабораториялық зерттеу әдісі лимфо- және лимфобласттық емес лейкозды диф. Диагностика жасауға мүмкіндік береді ?
  4. Басқару және өзін-өзі басқару туралы
  5. Беткей туралы ұғым
  6. Жарнаманы зерттеу бағыттары

1.Геоморфология ғылымының даму тарихы.

2. Геоморфологияның зерттеу нысаны.

3.Бедер туралы ұғым.Бедердің пішіндері мен элементтері және оның морфографиясы мен морфометриясы.

Геоморфология(гр.ge-жер,morphe-пішін,logos-білу,тану)-бедердің құрылысын,жаралуын,даму тарихын және қазіргі динамикалық жағдайын зерттейтін ғылым.Демек,геоморфология зертеуінің негізгі нысаны-бедер (француз тілінде relief-дөңестілік)-құрлық беті және мұхит түбі пішіндерінің жиынтығы.Бедердің пайда болуына ішкі (эндогендік) және сыртқы (экзогендік) процестер әсер етеді.Эндогендік процестерге тау жаралу,жер сілкіну,жанартау әрекеті,тектоникалық құбылыстар т.б.жатады.Экзогендік процестер күн жылуынан қуат алады;бұған тау жыныстарының үгілуі,жел,ағынды су,мұздық,су толқыны,адам әрекетінің әсері жатады.Сондықтан бедер пішіндерін зерттеу үшін оларды құрайтын тау жыныстарының құрамын,қасиетін және оларға әсер ететін прцестерді анық білу қажет.

Эндогендік күштердің әсерінен жердің бір тұсы көтеріліп,тау мен қыраттар түзіледі,ал екінші тұсында төмен майысып,оипаттар пайда болады.Экзогендік күштер тауды бұзады,ойпатты жерлерді борпылдақ материалмен толтырып тегістейді.Бұл екі күш өзара қарама-қарсы әрекет жасайды және олар әр жерде,әр қарқында ұдайы болып жатады.Нәтижесінде,осы екі күштердің өзара қатынасы әсерінен жер бетінде пайда болған қазіргі бедер пішіндерінің алуан түрін көреміз.Бедер пішіндерінің қай бағытта дамуы (көтеріле дамуы немесе керісінше,төмендей дамуы)-мұның бәрі сол жер қыртысының қасиетіне байланысты.Геоморфологияның гегізгі ұстанымдарының бірі-бедердің географиялық құрам бөліктерінің бірі бола тұра,бүкіл табиғатпен тығыз байланыста тұтас алынып қаралуы,ол өзі ғана өзгеріп қоймай,жалпы табиғаттың дамуына әсер етеді.Жер қыртысы,атмосфера,гидросфера,биосфера арасындағы қатынасты анықтайтын болғандықтан,геоморфология геология,геоботаника,гляциология,топырақтану ғылымдармен тығыз байланысты.

Соңғы кездері жер туралы ғылыми зерттеулерде биосфера деген түсініккең таралған,Биосфераны жердің бүкіл органикалық тіршілігінің жиынтығы деуге болады,Бұл қабат атмосфераның төменгі 10-12км бөлігін (тропосфераны) гидросфераны жер бетін және литосфераның беткі қабатын қамтиды,Осы қабатты қамтитын тірі және өлі организмдер бедер қалыптасуында тікелей ерекше биогендік бедер пішіндері және геологиялық шоғырларды түзедінемесе жанама түрдетау жыныстарының химиялық,физикалық қасиеттеріне және планетамыздыңауа,су қабаттарыныңөзгеруіне әсерін тигізеді,

Жоғарыдағы айтылатын түсініктерге негіздеи отырып,бедер ұғымын қосымша анықтауға болады,Геоморфологиялық зерттеулердің нысаны бола тұра,бедер планетамыздың жер қыртысы,су,ауа және биологиялық қабаттарының күрделі сипаттарыөзара қарым-қатнастары нәтижесінде пайда болған,Жер құрылысында бедер туралы айта кететін ерекшеліктердің бірі:жер шарының әр қабаттарын бөле тұра,ол,сонымен қатар,жердің беті,литосфера,атмосфера,гидросфера және биосфера қабаттарының бір-бірімен өзара әрекеттесетін ортасы,

Бедер,географиялық ландшафтың және географиялықорт аның негізгі бөліктерінің бірі,Сондықтан бедер географиялық ортаның өзге құрам-бөліктерімен бірге зерттелуі тиіс,Мұның өзі геоморфологияның физикалық географиямен және басқа географиялдық ғылымдармен тығыз байланысты екендігін көрсетеді,


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 986 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар| Эндогендік процестер және бедер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)