Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар | СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары | Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар | Дәріс.Геоморфология пәні,оның зерттеу нысаны.Бедер туралы түсінік. | Беткей туралы ұғым | Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері | Сел құбылыстарының бедер құрудағы орны | Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері | Азіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі | Жалпы геоморфология» пәнінің глоссариі |


Читайте также:
  1. Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі
  2. Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері
  3. Дәріс.Геоморфология пәні,оның зерттеу нысаны.Бедер туралы түсінік.
  4. Жер бедерін қалыптастырушы факторларды талдау жасаңыз.
  5. Жер бедерінің қалыптасуындағы экзогенді үдерістерге сипаттама беріңіз.
  6. Жер бедерінің қалыптасуындағы эндогенді үдерістерді талдау жасаңыз.
  7. Карст және карсты жер бедеріне анықтама беріңіз.

Тектоникалық құрылымдар мен бедер пішіндерінің қалыптасуын қамтамасыз еткен, неоген-төрттік кезенде етек алған тектоникалық қозғалыстарды неотектоникалық қозғалыстар деп атайды. Неотектоникалық қозғалыстар -қазіргі кезде бедердің құрылуына ең басты себепкер. Бұл жердің дамуындағы ең соңғы кезеңі, яғни неоген-төрттік кезеңде орын алған қозғалыстар. Осыны дәлелдеу үшін ТМД елінің гипсометриялық картасы мен неотектоникалық қозғалыстар картасын салыстыруға болады (О.Леонтьев, Г.Рычагов 1981). Осы карталарда оң бағыттағы баяу тік тектоникалық қозғалыстар аймақтарына жер бедерінде жұқа кабатты төрттік шөгінділермен қапталған кең жазықтар, үстірттер сәйкес келеді. Бұған Шығыс Еуропа жазығы, Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі, Үстірт, Орталық Сібір тау қыраты жатады. Қарқынды тектоникалык төмен түскен аймақтарға неоген-төртгік кезеңнің қалың қабаттармен шоғырланган ойпатты жазықтар сай келеді, мысалы, Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпатының көп бөлігі, Батыс Сібір жазығының солтүстік бөлігі, Колыма ойпаты. Ал қарқынды, көбінесе оң бағыттағы тектоникалық қозғалыстар аймақтарына биік таулы өлкелер сэйкес келеді. Бұған Гималай, Кавказ, Памир, Тянь-Шань, Байкал маңындағы таулар. Копетдаг, Карпат таулары және т.б. жатады.

Сөйтіп неотектоыикалық қозғалыстар әсерінен ең алдымен жер қыртысының топографиялық беті өзгеріп, деформацияға ұшырайды және әр түрлі оң және теріс бедер пішіндері қалылтасады. Жердің топографиялық бетінің өзгерілуі арқылы тектоникалық қозғалыстар ондағы шайылу және шоғырлану аймақтарын белгілеп жэне соның салдары есебінде жер бетінде денудациялық және аккумуляциялық аймақтарының орналасуын алдын ала анықтап береді. Неотектоникалық қозғалыстардың жылдамдығы және амплитудасы экзогендік процестердің қарқынына елеулі әсер етіп, бедер пішіндерінің морфологиясы мен морфометриясына көрініс береді.

Геологиялық құрылымдардың жер бетінде көрініс беруі неотектоникалық қозғалыстардың сипаттамасына, олардың әрекеттілігіне, тау жыныстарының литологиялық құрамына және нақты физикалық-географиялық жағдайларға байланысты. Кейбір құрылымдар жер бетінде тура, яғни қаз-қалпында көрініс берсе, екінші өңірлерде айналмалы бедер пішівдері қалыптасады, ал үшінші жағдайда жер бетінде әр түрлі өтпелі бедер пішіндері, яғни қаз-қалпында көрініс берген пішіндерден айналмалы бедер пішіндеріне дейін кездестіруге болады. Жер бедер мен геологиялық құрылымдардың өзара байланысы әр түрлі болуы, әдетте, шағын құрылымдарға ғана тиесілі, ал ірі құрылымдар жер бетінде көбінесе қаз-қалпында көрініс береді.

Жер бетіндегі эндогендік және экзогендік процестердің өзара қатынасы нэтижесінде басты рөльді эндогендік процестер атқарған жағдайдағы пішіндерді морфоқұрылым (морфоструктура) деп атайды. Осы түсінікті алғашқы рет И.П.Герасимов енгізген. Бірқатар зерттеушілер морфо-құры-лымдар тек қана қарқынды, яғни активті геологиялық құрылымдарды құрайды, ал қашалған (отпрепарированные) пассивті құрылымдарды литомор-фоқұрылымдар деп атайды.

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 307 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Эндогендік процестер және бедер| Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)