Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Эндогендік процестер және бедер

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар | СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары | Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар | Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі | Беткей туралы ұғым | Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері | Сел құбылыстарының бедер құрудағы орны | Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері | Азіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі | Жалпы геоморфология» пәнінің глоссариі |


Читайте также:
  1. B) анық және альтернативті 1 страница
  2. B) анық және альтернативті 2 страница
  3. B) анық және альтернативті 3 страница
  4. B) анық және альтернативті 4 страница
  5. Next Generation Network, міндеттері және анықтамасы
  6. Аграрлык өнімді өткізу арналары және оларды тандау
  7. Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» ара қатынасы. Эмансипация.

Жердің беті ешқашан тыныштық қалпында болмайды. Жер бетінің бір бөлігі баяу көтеріледі де, басқа бөлігі баяулап ойысып, төмен түседі, ал үшінші жерде қарқынды қатпарлы процестер жүріп жатады. Тектоникалық қозғалыстардың негізгі қайнар көздері - жер айналуының механикалық энергиясы, радиактивтік заттардың ыдырауы, гравитациялык (ауырлық күші) энергия және жер қойнауындағы жылу ағындары мен әр түрлі физикалық-химиялық процестердің қуаты.

Осы аталған табиғи күштердің әрекетінен таулар құрылуы, жанартау атқылауы және жер сілкіну процестері бастау алады.

Жер қыртысының көтеріле дамуы кезінде ірі континенттік массивтер құралады,ал майысып төмен түскен кезінде мұхит және теңіз қазаншұңқырлары түзіледі.Құрлықтың төмендеуінен трансгрессия(теңіздер мен мұхиттар аймағының ұлғаюы),ал көтеріле дамуына байланысты регрессия(құрлық аймағының ұлғаюы) және теңіздердің кейін шегіну құбылыстары туындайды.Өзендердің,көлдердің және теңіздердің терраса кешендерінің пайда болуы жер қыртысының тербелмелі тектоникалық қозғалыстарына байланысты.

Физикалық үгілу қарқындылығына тау жыныстарының жылу сыйымдылық пен жылуөткізгіштік қасиеттері елеулі әсер етеді:жылусыйымдылық төмен болған сайын көрші тау жыныстары бөлікшелерінің қызу мен салқындау кезіндегі температураның айырмашылығы едәуір болғандықтан,олардың тез бұзылуна әкеп соқтырады.Тау жыныстарының суөткізгіштік қасиеттері де айтарлықтай морфологиялық роль атқарады.Әдетте,су өткізгіш тау жыныстары жаңбыр және еріген сулардың жер астына сіңуіне қолайлы жағдай жасайды.Соның нәтижесінде су өткізгіш тау жыныстары кең тараған аймақтарда эрозиялық пішіндер көптеп дамуына жағдай жасайды.Тау жыныстарының суөткізгіштік қасиеті олардың құрамына,нақты айтқанда,қатаю дәрежесіне(құмдар,малтатастар),кеуектілігіне(әктас,доломи тау жыныстармен) байланысты.

Тау жыныстарының ерігіштік қасиетінің де зор морфологиялық мағынасы бар.Жеңіл немесе салыстырмалы жеңіл еритін тау жыныстары қатарына ас тұзы,гипс,әктастар,доломиттер жатады.Бұл тау жыныстарының кең таралған жерлерінде карст процестеріне байланысты ерекше карстық бедер пішіндері түзіледі

Сөйтіп, эндогендік процестер түрлі тектоникалық қозғалыстарға және сонымен қатысты жер қыртысының деформациясына тікелей байланысты. Олар - жер сілкінудің, эффузиялық және интрузиялық магматизмнің және гидротермалды ерітінділер қозғалысының басты себептері. Эндогендік процестер жер қыртысы қалыптасуының және жер қойнауындағы заттардың бөлініп жекеленуінің негізі болып табылады. Бұл процестер экзогендік процестермен қосарлана әсер етуі нәтижесінде түрлі бедер пішіндерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызып қана қоймай, көп жағдайда экзогендік процестердін қарқынын және сипатын белгілейді. Бұның барлығы эндогендік процестердің бедер түзілудегі ерекше ролін көрсетеді.

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 551 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс.Геоморфология пәні,оның зерттеу нысаны.Бедер туралы түсінік.| Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)