Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Беткей туралы ұғым

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар | СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары | Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар | Дәріс.Геоморфология пәні,оның зерттеу нысаны.Бедер туралы түсінік. | Эндогендік процестер және бедер | Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі | Сел құбылыстарының бедер құрудағы орны | Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері | Азіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі | Жалпы геоморфология» пәнінің глоссариі |


Читайте также:
  1. Азақстанның су ресурстары туралы қазақша реферат
  2. Азаќстан Республикасындаєы жергілікті мемлекеттік басќару жјне ґзін-ґзі басќару туралы
  3. Арыш әлемі, Құс жолы және оның құрылымы жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.
  4. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  5. Бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  6. Басқару және өзін-өзі басқару туралы

Жер беті беткейлерден жэне жазық бағыттағы кеңістіктердің үйлесуінен тұрады. Ал беткей дегеніміз көтеріңкі және ойпауыт бедер пішіндерін бір-бірінен оқшаулайтын еңіс жазықтықтар. Беткейлер дамыған аймақтарда ауырлық күш әсерінен топырақтың төмен қарай сырғып ауысуы үлкен рөл атқарады. Жалпы құрлық бетінің 80%-ы беткейлер алып жатыр. Сондықтан беткейлер қалыптасуының және олардың ауқымында өтіп жатқан табиғи процестердің маңызы өте зор.

Беткей етегіне қарай бағытталған үгілген материалдың ауырлық күш әрекетіне борпылдақ тау жыныстар бөлшектерінің өзара тұтасу күші және олардың астында жатқан түпкі тау жыныстарының ілініс күші кері әсер етеді. Осы үгілген материалдың ауырлық күші мен тұтасу күштері арасындағы арақатынас беткейлер үстіндегі процестердің бағытын және қарқындылығын белгілейді. Бұл процестер көптеген факторларға байланысты болып, олардың әрі қарай дамуына себепші болады.

Беткейлердің үстінде болып жатқан процестер үгілген материалдың шайылып жойылуына, тасымалдануына немесе олардың жиналып шоғырлануына экеп соғады. Соның нәтижесінде өңделген (выработанный) және аккумуляциялық бедер пішіндері пайда болады. Беткейлік денудация (склоновая денудация) бұл бедер пішіндерін қалыптастыратын негізгі экзогендік факторлардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, беткейлік денудация аллювийлік, мұздық, теңіздік және басқа шөгінділер түрлерінің (генетикалық типтерінің) көзі болып табылады.

Тау жыныстарының үгілуі мен беткейлік процестер өзара тығыз байла-нысты, демек беткейлерден борпылдақ тау жыныстарының шайылып кетуі түпкі таужыныстарының жер бетіне шығуына мүмкіндік береді де, оның тез үгілуіне әкеліп соқтырады. Керісінше, беткейлердің баяу шайылуы үгінділердің жиналуына әкеледі, соның себебінен түпкі тау жыныстарының одан әрі үгілуіне кедергі жасалады. Сөйтіп, беткейлік процестердіңқарқындылығы ақырында денудация жылдамдығын белгілейді.

Беткейлерді және беткейлік процестерді зерттеудің ғылыми мағынасы -бедер пішіндерінің жаратылу тегін жэне даму тарихын анықтау, сонымен қатар, беткейлердің өте зор практикалық маңызын көрсету. Себебі эрозиялық процестерге қарсы күрес жүргізуде, гидротехникалық және тұрғын үй құрылыстарын салуда, қазба байлықтарды іздестіру жолында беткейлердің қалыптасуы, олардың геологиялық құрылымы және беткей үстіндегі өтіп жатқан процестер едәуір мәліметтер береді.

Беткейлердің морфологиясы, яғни сыртқы бейнесі әр түрлі. Олар еңістелу дәрежесіне қарай: тік құламалы (35°-тан аса), құламалы (15-35°), орташа еңісті (8-15°), жайпақ (4-8°), өте жайпақ (2-4°) беткейлер болып бірнеше түрге бөлінеді. Беткейлердің бүлай бөлінуінің кейбір генетикалық мәні бар, демек олардың үстінде жүріп жатқан процестердің сипаты және қарқыны туралы сараптауына мүмкіндік береді жэне олар халық шаруашылығына қажетті, инженерлік-геоморфологиялық зерттеулерді! жүргізу кезінде қолданылады.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 628 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі| Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)