Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік және студенттік сұрақтар бойынша

Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар | Дәріс.Геоморфология пәні,оның зерттеу нысаны.Бедер туралы түсінік. | Эндогендік процестер және бедер | Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі | Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі | Беткей туралы ұғым | Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері | Сел құбылыстарының бедер құрудағы орны | Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері | Азіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі |


Читайте также:
  1. Жоспарлы калькуляция 1 страница
  2. Жоспарлы калькуляция 10 страница
  3. Жоспарлы калькуляция 11 страница
  4. Жоспарлы калькуляция 12 страница
  5. Жоспарлы калькуляция 13 страница
  6. Жоспарлы калькуляция 14 страница
  7. Жоспарлы калькуляция 2 страница

БЕКІТЕМІН

Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік және студенттік сұрақтар бойынша проректор

п.ғ.д,проф. __________

М.Ж.Мальтекбасов

«_____» ________2015 ж.

 

Геоморфология пәнінің

 

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

Мамандық: 5В011600 – География

Оқу формасы: күндізгі

 

 

Талдықорған 2015 ж.

Оқу-әдістемелік кешенді 5В011600 – «География» мамандығына арналған ҚР МЖБС мен типтік оқу бағдарламасына негізделіп, жаратылыстану пәндері кафедрасының аға оқытушысы Карбозова Ж.Ж. құрды.

 

__________________________

(оқытушының қолы)

 

Жаратылыстану пәндері кафедрасының отырысында қаралды.

 

«» 2015 ж. № хаттамасы

 

Кафедра меңгерушісі ______________Б.Қ. Өксікбаев

 

Жаратылыстану-техникалық факультетінің

әдістемелік бюросында мақұлданды

 

«» 2015 ж., № хаттамасы

 

 

Факультеттің ӘБ төрайымы ____________Р.А.Садуакасова

 

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Силлабус Ф.4.09-28
28.05.2015 ж.

 

 

Жаратылыстану-техникалық факультеті

Жаратылыстану пәндері кафедрасы

 

СИЛЛАБУС

 

Пән: Геоморфология

Оқыту түрі: күндізгі

Курс: 2

Семестр: 4

Кредит саны: 3

Барлық дәрісханалық сағат: 135 соның ішінде:

Дәрістер: 30

Сарамандық жұмыс: 15

ОСӨЖ: 45

СӨЖ: 45

Аралық бақылау: 2

Емтихан: 4 семестр

 

Талдықорған 2015 ж

Оқытушының аты-жөні: Карбозова Ж.Ж. жаратылыстану пәндері кафедрасының магистрі, аға оқытушысы,тел.87014540590

Консультациялар (office-hour): Кафедрадағы консультациялар кестесі бойынша

Пән: Геоморфология

Несие: 3 (дәріс аптасына 1 рет, практикалық сабақтар 1 рет)

Оқу семестрі: 3,5

Пәннің пререквизиттері: Геоморфология курстарын оқып үйрену үшін жалпы жертану, геология,физикалық география, геометрия, картография және топография,топырақтану,ландшафттану,метеорология,гидрология пәндерін оқуы қажет.

Пәннің постреквизиттері: Геоморфология курсы материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, ландшафттану, топырақ географиясы, минерология және петрография,геология және полеогеография негіздері курстарын оқыту үшін қажет.

Геоморфология курсының қысқаша мазмұны: Пән элективті міндетті компонент «Геология және геоморфология модуліyt» жатады. Геоморфология курсы география пәнінің мұғалімдерін дайындауда жетекші орын алатын негізгі пәндердің бірі болып табылады.Геоморфологияның негізгі ұстанымдарының бірі-бедердің географиялық құрам бөліктерінің бірі бола тұра,бүкіл табиғатпен тығыз байланыста тұтас алынып қаралуы жалпы табиғаттың дамуына әсер етеді.Жер қыртысы,атмосфера,гидросфера,биосфера арасындағы қатынасты анықтайтын болғандықтан,геоморфология геология,геоботаника,гляциология,топырақтану ғылымдары мен де тығыз байланысты.

Курсты оқытудың мақсаты: студенттерге жер бедерінің пішіндерін,бедер қалыптасуындағы эндогендік процестердің орны:тектоникалық қозғалыстардың,соның ішінде жаңа тектоникалық қозғалыстардың әрекеті,интрузиялық және эффузиялық магматизмнің таралуы жайлы,тау жыныстарының морылуы,уақытша ағын сулардың әрекеті,эрозия және өзендердің кеңістіктегі дамуы,мұздық процестер мен мұздық пішіндер,жаға туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру.

Сонымен қатар,геоморфологиялық әдістер мен геоморфологиялық картографиялау жұмыстарын жүргізу туралы ұғымдарды меңгерту.

Қурстың құрылымы мен көлемі:

Пәнің бағдарлама мазмұны төрт модульге бөлінген.

Курстың бірінші бөлімі геоморфологияның зерттеу обьектісін,оның даму тарихын және өзге ғылым салаларымен байланысын,бедер туралы жалпы түсінікті,оның морфологиясы мен морфрметриясын,геоморфологияның халық шаруашылығындағы қолданылуын,бедер зерттеудегі әдістемелік принциптерді қарастырады.

Екінші бөлімінде бедер қалыптасуындағы эндогендік процестердің орны:тектоникалық қозғалыстардың әрекеті,интрузиялық және эффузиялық магматизмнің бедер құрудағы ролі,жер сілкіну,материктер мен теңіздердің таралуы жайлы талқыланады.

Курстың үшінші бөлімінде экзогендік бедер түзуші факторлар және олар түзетін әр түрлі бедер түрлерінің сипаттамасы берілген.Мұнда тау жыныстарының морылуы,баурайлар процестері мен олардың дамуы және топтастырылуы, уақытша ағын сулардың әрекеті,эрозия және өзендердің кеңістіктегі дамуы,мұздықтық процестер мен бедердің мұздықтық пішіндері,Қазақстан территориясында кең дамыған қуаңшылық және қуаңшылық-денудациялық бедер пішіндері,лесс және оның кеңістікте дамуы мен жаралу тегі,геоморфологиялық процестер мен антропогендік процестер қарастырылған.

Төртінші бөлімінде геоморфологиялық зерттеу әдістері мен геоморфологиялық картаға түсірудің жалпы мәселелері және әр масштабты геоморфологиялық карталар жасау әдістері келтірілген.Жеке тақырыпта қазіргі геоморфологиялық процестер және олардың жіктелуі көрсетілген,сол сияқты антропогендік процестер және олардың әрекетінен қалыптасқан антропогендік бедер пішіндері берілген.

Географиялық карталардың қасиеттері мен ерекшеліктерін географиялық қабықта жүретін құбылыстар мен адамның іс жүзінде шаруашылық әрекеті жөнінде толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін ғылым мен техниканың даму нәтижесінде пайда болған. Танымның ерекше құралы болып табылатынын жан-жақты ашып көрсету үшін студенттердің ой-өрісін дамытып, кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған сарамандық жұмыстар мен есептер беріледі.

Студенттердің кәсіби іскерлік, дағдыларын қалыптастыру үшін дәріс сабақтарымен қатар сарамандық жұмыстар мен далада жүргізілетін оқу-тәжірибе жұмыстары қарастырылған.

1.Геоморфология курсын оқып болғанда студенттер білуі тиіс:

· Бедердің пайда болу жағдайын:

· Құрлық беті мен мұхит түбі пішіндерінің қалыптасу заңдылықтарын;

· Тау жаралу себептерін;

· Жер сілкіну мен жанартау әрекетінен пайда болған бедер пішіндерін;

· Тұрақты және уақытша ағын сулар әрекетінен пайда болған бедер пішіндерін;

· Геоморфологиялық карталарды пайдаланудың ерекшеліктерін, номенклатурасын, жеке беттерге бөлуін.

2. Курсты оқу нәтижесінде студенттер түсіндіріп қолдана білуі тиіс:

- Геоморфологиялық жұмыстар мен оларды ұйымдастыру туралы жалпы түсініктерді;

- жердің пішіні мен мөлшерін және оларды анықтау әдістері мен геойд, эллипсойд туралы жалпы мәліметтерді;

- жер бетінің әр түрлі пішіндерінің геоморфологиялық карталарда аэрофотосуреттерде кескінделу ерекшеліктерін;

- жер бетін жазықтықта жобалау әдістерін;

- геоморфологияда қолданылатын өлшем бірліктерді;

- масштабпен оның негізгі түрлерін;

- нүктелердің абсолют және салыстырмалы биіктігі мен олардың бір-бірінен биіктік айырмасын;

3. Көрсете білуі тиіс:

- ірі масштабты топографиялық карталардағы геоморфологиялық шартты белгілер мен жер бедерінің генезисін;

- ірі масштабты картаның қосымша жабдықтаушы элементтерін;

- картадан қажетті нысандармен аумақтардың абсолют биіктіктегі мен кеңістіктегі орынын анықтауға мүмкіндік беретін мемлекеттік геодезиялық тордың тірек нүктелерін;

- жоғары және төменгі дәлдіктегі геодезиялық құралдардың негізгі бөліктері мен олардың атқаратын қызметін;

- жергілікті жердің геоморфологиялық элементтері мен олардың қасиеттерін;

- жергілікті жердің тау жыныстарының жасы мен олардың жатыс бұрыштарының жағдайларын;

- бағдарлаудың мәні мен әдіс-тәсілдерін анықтай білуі тиіс;

- ұсақ масштабты геоморфологиялық карталардағы өзен,өзен арнасы,жаға,жағалық элементтерді;

- морфографиялық пен морфометриялық бедер көрсетілімдерін;

- геоморфологиялық карталарды пайдалана отырып,бедердің жасы мен жаралу тегін;

- тілімдену жиілігінің картасын құрастыруды;

- жер беті еңістігінің картасын құрастыруды білулері тиіс;

 

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау     Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ     Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау     Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтенгісі   R1   8 апта
Кіру рұқсатының рейтенгісінің   R2   15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі R= (R1 + R2)/2   15 апта
Емтихан Е   16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4    

 

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

 

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D   50-54
F   0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

Баға қоюдын критерилері

Бақылау түрі Максимальдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы лаборатиориялық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....)   Әр аптада
СӨЖ 1* Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   4-апта
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   7-апта
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   11-апта
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   14-апта
Аралық бақылау 1: Жоба қорғау Жоба идеясы Жоба сипаттамасы Жобаның тұсаукесері     8апта
Аралық бақылау 2:коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3   15 апта

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Мазмұны Сағат саны Апта
Модуль 1 «Геоморфология пәні,зерттеу нысаны»
  Дәріс 1. Геоморфология пәні,оның зерттеу нысаны.Бедер туралы түсінік.   1 апта
Практикалық сабақ 1. Тектоникалық құрылыс және бедер.  
ОСӨЖ 1. Бедердің пішіндері мен элементтері және оның морфографиясы мен морфометриясы.  
  Дәріс 2. Эндогендік процестер және бедер   2 апта
Практикалық сабақ 2. Бедердің пішіндері мен элементтері.  
ОСӨЖ 2. Жер қыртысындағы тектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы орны.  
  Дәріс 3. Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі.   3 апта
Практикалық сабақ 3. Қатпарлы деформациялар және олардың жер бетінде көрінуі.  
ОСӨЖ 3.Қазіргі тектоникалық қозғалыстардың бедер түзілудегі орны.  
  Дәріс 4. Магматизм және бедер пішіндерінің құрылуы   4 апта
Практикалық сабақ 4. Магматизм және оның бедер құрудағы ролі.  
ОСӨЖ 4. Сақиналы құрылымдар.  
СӨЖ 1. 1.Геоморфология пәні және оның зерттейтін нысаны. 2. Бедерді зерттеудің әдістемелік ұстанымдары. 3. Магматизм және бедер пішіндерінің құрылуы.    
Модуль 2. «Эндогендік процестер»
  Дәріс 5. Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі.   5 апта
Практикалық сабақ 5. Литосфералық тақталар.  
ОСӨЖ 5. Тау жыныстарының үгілуі.  
  Дәріс 6. Материктердің ірі бедер пішіндері   6 апта    
Практикалық сабақ 6. Материктік қозғалмалы белдеулердің ірі бедер пішіндері.  
ОСӨЖ 6. Беткейлік процестер мен беткейлі бедер пішіндері.  
  Дәріс 7. Экзогендік процестер және бедер.     7 апта
Практикалық сабақ 7. Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің ролі. Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің ролі.  
ОСӨЖ 7. Пенеплен,педимент,педиплен және тегістелу беттері туралы түсінік.  
СӨЖ 2. 1.Материктік қозғалмалы белдеулердің ірі бедер пішіндері. 2.Жер қыртысының құрылысы және бедердің планеталық пішіндері. 3.Қазақстан аумағында пенеплен мен педиплен аймақтарының таралуы.  
  Дәріс 8. Беткейлер, беткейлік процестер және беткей бедері   8 апта
Практикалық сабақ 8. Пенеплен,педимент және тегістелу беттері.    
ОСӨЖ 8. Аңғарлардың морфологиялық элементтері.Өзен арнасы.    
1 Аралық бақылау (бақылау жұмыс)    
Модуль 3. «Экзогендік процестер»
  Дәріс 9. Флювийлік процестер және бедер пішіндері   9 апта    
Практикалық сабақ 9. Тұрақты ағын сулардың бедер құрудағы ролі. Тұрақты ағын сулардың бедер құрудағы ролі.  
ОСӨЖ 9. Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық түрлері.  
  Дәріс 10. Сел құбылыстарының бедер құрудағы орны.   10 апта
Практикалық сабақ 10. Өзен террасалары.  
ОСӨЖ 10. Шөл аймақтарының аридтық-денудациялық бедер пішіндері.  
  Дәріс 11. Карст процестері және бедердің карст пішіндері       11 апта
Практикалық сабақ 11. Карст процестері және бедердің карст пішіндері.  
ОСӨЖ 11. Маржандық кедертастар мен атолдар.  
СӨЖ 3. 1. Флювийлік процестер және бедер пішіндері. 2. Тұрақты ағын сулардың бедер құру әрекеті.Эрозия және өзендердің кеңістіктегі дамуы. 3. Өзен террасалары мен олардың түрлері.  
  Дәріс 12. Мәңгі тон таралған аймақтарда бедердің құрылу процестері   12 апта
Практикалық сабақ 12. Мұздықтардың пайда болу жағдайы мен қоректенуі.  
ОСӨЖ 12. Геоморфологиялық зерттеу әдістері және геоморфологиялық картографиялау.  
Модуль 4 «Геморфологиялық зерттеулер»
  Дәріс 13. Шөлді аймақтардың бедер пішіндері.     13 апта
Практикалық сабақ 13. Теңіз жағалаулық процестер мен бедер пішіндері.  
ОСӨЖ 13. Геморфологиялық зерттеулердің құрылымы.  
  Дәріс 14. Теңіз жағалаулық процестер мен бедер пішіндері.       14 апта
Практикалық сабақ 14. Геоморфологиялық картографиялау.  
ОСӨЖ 14. Далалық зерттеу әдістері.  
СӨЖ 4. 1. Көл және көл қазаншұңқырларының қалыптасуы. 2. Мұздықтардың пайда болу жағдайы мен қоректенуі. 3. Жамылғы мұз басқан аймақтардың бедер пішіндері.  
  Дәріс 15. Қазіргі кездегі геоморфологиялық процестер және оларды картаға түсіру   15 апта  
Практикалық сабақ 15. Геоморфологиялық картографиялау.  
ОСӨЖ 15. Қазіргі геоморфологиялық процестер және оларды картаға түсіру.  
2 Аралық бақылау (бақылау жұмыс)    
  Емтихан    
  Барлығы: дәріс пр.саб. СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ)    

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 560 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату| СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)