Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жоспарлы калькуляция 1 страница

Жоспарлы калькуляция 3 страница | Жоспарлы калькуляция 4 страница | Жоспарлы калькуляция 5 страница | Жоспарлы калькуляция 6 страница | Жоспарлы калькуляция 7 страница | Жоспарлы калькуляция 8 страница | Жоспарлы калькуляция 9 страница | Жоспарлы калькуляция 10 страница | Жоспарлы калькуляция 11 страница | Жоспарлы калькуляция 12 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

СИЛЛАБУС

(ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ)

 

«UU 3302 Басқару есебі» пәні бойынша

«Есеп және аудит» 5B050800 мамандығы

  Оқыту нысаны
Күндізгі оқыту Кешкі оқыту Қашықтықтан оқыту Сырттай оқыту
3 ж.о. 4 ж.о. 3ж.о 4 ж.о. 2 ж.о. 3 ж.о 3 ж.о
Барлық кредит саны        
Курс     1,2,3  
Семестр 4,6 4,6 2,3,5  
Емтихан (семестр) 4,6 4,6 2,3,5  
Барлық сағаттар, соның ішінде:        
Дәріс (сағаттар)        
Тәжірибе (семинар) сабақтары (сағаттар)        
СОӨЖ (сағаттар)        
Білім беру порталындағы жұмыс - -   -
СӨЖ (сағаттар)        

 

Алматы, 2012

 

1. Оқытушы туралы мәліметтер: э.ғ.к., доцент Құдайбергенов Н.А., э.ғ.м., аға оқытушы Қазбекова Ж.Ш. “Бухгалтерлік есеп және аудит” кафедрасы; корпус Саин көшесі 81-б, аудитория 211, Дүйсенбі сағат 11.00-17.00. Сәрсенбі сағат 10.00 – 17.00. Бейсенбі сағат 10.00 – 17.00 Электронды пошта: JanKazbek@mail.ru

2. Ақпарат байланысы: 2555132, 87017339308.

3. Пәннің пререквизиттер: «Экономикалық теория», «Бухгалтерлік есеп принциптері», «Қаржылық есеп 1», «Экономикалық талдау»

4. Пәннің постреквизиттер: « Тереңдетілген басқару есебі», «Банктегі басқару есебі»

5. Пәннің сипаттамасы: Басқару есебі – басшыларды ақпараттық қолдау жүйесі болып табылады. Басқару есебінде бухгалтерлік ақпараттың қалыптасу қағидаты үш бағытта жүргізіледі:

· өндірістік есеп, негізгі мақсаты өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құнын анықтау үшін өндірістік шығындар және оны сатудан күтілетін табыс туралы есеп мәліметтерін алу болып табылады;

· алынған нақты шығындар мен есептік өзіндік құн туралы ақпараттарды болашақтағы өндірістік шығындарды болжау үшін пайдалану, дұрыс басқару шешімдерін қабылдау үшін басшыларды осы ақпаратпен қамтамасыз ету;

· шығындарды пайда болу орындарына қарай бақылау үшін есепті жауапкершілік орталықтары бойынша ұйымдастыру.

Басқару есебінде бухгалтерлік есептің әдістерімен қатар талдаудың әдістері қолданылады.

6. Пәнді оқыту мақсаты Кәсіби білімге қойылатын жоғары талаптарға сай болатын және басқару шешімдерін қабылдап, талдай алатын, ішкі бақылаудың тиімді жүйесін ұйымдастыра алатын және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті құрастырып, ұсына алатын экономика саласындағы жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады.

7. Пәнді оқыту міндеттері:

· шығындар туралы толық түсінік алу;

· өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін үйрету;

· үстеме шығындарын тарата білу;

· сегмент және жауапкершілік орталықтары бойынша есептеме құра білу;

· бюджетті есептей білу және ауытқуды талдауды үйрету;

· шешімдер қабылдауда менеджерлерге ақпарат дайындауды оқыту.

8. Пәннің құзыреттілігі: Басқару есебін оқып, білу арқылы студенттер ұйым қызметін бақылау, жоспарлау, басқару шешімдерін қабылдау дағдыларын меңгереді. Сонымен қатар, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды, смета жасау мен бюджет құру, қысқа және ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау бағыттарын толық оқып үйренеді.

Аталған курс:

- нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындарды бақылау, басқару және дамыту аясында өз білімін көрсете білуге;

- ұйымды басқарудың тиімді жүйесін құру үшін өз білімін қолдануға, сондай-ақ зерттеу аясындағы мәселелерді шешу мен негіздей алу үшін қажетті құзіреттіліктерді иеленуге;

- альтернативті басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымдағы қаржылық және қаржылық емес ақпараттарды жинау және дұрыс қолдана білуге;

- бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушыларға жаңа ақпараттарды, идеяларды, мәселелерді жеткізе білуге;

- өз білімін одан әрі дербес түрде жалғастыру үшін қабілетті дағдыларды иеленуге мүмкіндік береді.

 


9. Пәннің күнтізбелік - тақырыптық жоспары:

р/р №   Тақырыптың аталуы Сағаттар саны
Күндізгі бөлім Сыртқы бөлім Кешкі бөлім
Барлығы Дәрістер Тәжірибе саб. СОӨЖ СӨЖ Барлығы Дәрістер Тәжірибе. саб. СОӨЖ СӨЖ Барлығы Дәрістер Тәжірибе. саб. СОӨЖ СӨЖ
  Басқару есебі туралы жалпы түсінік                              
  Шығындардың жіктелуі                        
  Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру                        
4 * Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері. Үрдіс - пе - үрдіс калькуляциясы                          
  Тапсырыстық калькуляция                              
  Функционалды калькуляция                        
  Нормативтік калькуляция                        
8 * Шығындар баптары бойынша ауытқу есебі мен талдауы                          
  Стандарттық калькуляция                            
  Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру бойынша (абзорпшн-костинг) және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау                          
  Зиянсыздықты талдау                        
  Кешенді өндіріс шығындарының есебі және тарату әдістері. Жанама өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.                          
  Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау.                            
  Басқару шешімдерін қабылдау                          
  Ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдер қабылдау                        
  Жиыны:                              

Ескерту: * Жоғарыда белгіленген тақырыптар бойынша ЖШС «Balans KZ» бас бухгалтері – сертификатталған кәсіби бухгалтер Эмилева Айман Эмильқызы тәжірибе сабақтарын өткізеді.

 

 


10. Дәрістер, тәжірибелік сабақтар жоспары:

Тақырыптың№ Дәрістер жоспары Тәжірибелік сабақтар жоспары
  Басқару есебінің теориялық негіздері. Басқару есебі бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі. Басқару есебінің объектілері, тәсілдері мен міндеттері. Бухгалтерлік басқару есебінің "контроллинг" жүйесіндегі орны Басқару есебінің құрамдас бөліктері мен принціптері Басқару есебінің пәні. Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі. Басқару есебі мен қаржы есебінің салыстырмалы сипаттамасы Басқару есебінің шығу тарихы. Басқару есебі ұйымды басқаруда ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі ретінде. Басқару және қаржы есебінің салыстырмалы сипаттамасы, бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар. Кәсіби этика. Кодтау жүйесі және оның құрылымы  
  Шығыстың шығыннан айырмашылығы. Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу. Өнімнің және алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу. Шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу. Жауапкершілік орталықтарының өндірістік қызметті бақылау мен реттеу үшін шығындарды жіктеу Шығындар, шығыстар түсінігі. Шығындардың пайда болу орындары түсінігі, шығындарды тасымалдаушылар, жауапкершілік орталықтары. Шығындарды бағалау үшін жіктелуі. Шешімдер қабылдау үшін шығындардың жіктелуі. Жоспарлау мен бақылау үшін шығындардың жіктелуі.
  Негізгі өндіріс есебі. Көмекші өндіріс есебі. Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар есебі. Өндірістік шығындар есебі: материалдар есебі. Материалдарды бақылау циклі. Қорлардың өзіндік құнын бағалау (баламалы жүйелер және қорларды басқару моделдері, «дәл мерзімде» (JIT) сатып алу. Өндіріс шығындарының есебі: еңбек шығындары есебі.. Өндірістік үстеме шығындар есебі. Шығындарды топтастыру және бөліп тарату. Жанама шығындарды бөлу және қайта бөлу негіздері. Өндірістік емес жауапкершілік орталықтары шығындарын өндіріс бөлімшелері арасында қайта бөлу. Тарату базасы мен әдістемесін таңдау: үстеме шығындарды таратудың жоспарлы және нақты ставкасы. Шығындарды тікелей, қадамдық бөлу, қайта бөлу әдістерінің мәні мен қолдану өрісі. Өндірілген өнім мен сатылған өнімнің өзіндік құны туралы есептілік. Еңбек ақы төлеу әдістері, еңбектің тиімділігін есептеу. Еңбек ақы шығындарын есепке алу. Жұмыс күшінің ағымдылығы мен өнімділігі коэффициенті Өндірістік үстеме шығындар есебі.Кешенді өндіріс: бірлескен өнімдер. Кем және артық таратылған өндірістік үстеме шығындар есебінің әдістері.
4 *   Өнімнің (жұмыстар, қызметтердің) өзіндік құны – ұйым қызметінің сапалы көрсеткіші. Өзіндік құн құрамы мен түрлері. Басқару есебіндегі өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құнына қосылатын шығындардың құрамы. Калькуляция баптары бойынша өнім өндіруге кеткен шығындар есебі. Өнімнің (жұмыс, қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялаудың үрдіс-пе - үрдіс әдісі: оның айрықша ерекшеліктері мен қолдану өрісі (қызмет, жұмыс). Кезең басындағы аяқталмаған өндіріс. Әртүрлі деңгейдегі аяқталған өзіндік құн элементтері. Алдыңғы үрдістегі өнімнің өзіндік құны. ФИФО және орташа өзіндік құн әдістері бойынша шығындарды калькуляциялау. Үрдіс - пе - үрдіс калькуляциялау сатылары: өндірістің шартты көлемін есептеу; өнім бірлігінің өзіндік құнын талдау; жиынтық өзіндік құнды есептеу.* Процестік әдістің ерекшеліктері мен қолдану ауқымы. Эквиваленттік бірлік түсінігі. Материалдық және қосымша шығындардың эквиваленттік бірлігі. Эквиваленттік шығым, нормативтік және нормативтен жоғары жоғалтулар. Әртүрлі деңгейдегі аяқталған өндірістегі өзіндік құн элементтері. Алдағы процестегі өнімнің өзіндік құны. ФИФО және орташа өзіндік құнды есептеу әдістері бойынша шығындарды калькуляциялау.  
  Шығындар есебінің тарсырыстық әдісі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау. Шығындар есебінің тапсырыстық әдісі: қолдану өрісі мен оның айрықша ерекшеліктері. Нақты және нормалық калькуляциялау. Тікелей шығындар есебі (метериалдық және еңбек ақы шығындары) және оның тапсырыстық калькуляция жүйесіндегі тапсырысқа апару тәртібі. Өндірістік үстеме шығындар есебі. Орындалған тапсырыс және өткізілген өнім есебі. Тапсырыс, контракт бойынша өзіндік құнды калькуляциялау. Ақауды жөндеу шығындары мен қалдықтар есебі. Аяқталған контрактардан алынған пайданы есептеу. Аяқталмаған өндірісті бағалау және тапсырыс бойынша толықтыру сомасы. Тікелей шығындар есебі мен олардың тапсырысқа есептен шығарылуы. Тапсырыстағы өндірістік үстеме шығындар. Қалдықтардың, ақауды жөндеудің есебі. Аяқталған контрактан алынатын пайданы есептеу.
  Шығынды бөлудің функционалды жүйесі. Сипаттамасы, ұқсастығы мен айырмашылығы. Шығын топтары, шығынды тасымалдаушылар, қызмет түрлері бойынша шығын орталықтары. Шығынның мақсаттық калькуляциясы. Шығын калькуляциясының басқа да әдістері. Шығынның мақсаттық калькуляциясы. Шығын калькуляциясының басқа да әдістері.
  Шығындар есебінің жеделдігіне және оларды бақылауға байланысты калькуляциялаудың әдістері: нақты және нормативтік шығындар есебі. Өндірістегі нақты шығындар есебі мен нақты өзіндік құнды калькуляциялау қағидаттары. Әдістің артықшылығы мен кемшіліктері. Нормативтік (стандартты, бюджеттік) шығындарға түсінік. Жеке нормативтерді қалыптастыру тәртібі. Ұйымның нормативті базасына қойылатын талаптар. Нормативтік (стандартты, бюджеттік) шығындарға түсінік. Жеке нормативтерді қалыптастыру тәртібі Қызмет нәтижесін бағалау мен көрсету әдістері. Нақты нәтижені бюджетпен салыстыра отырып көрсету. Ауытқулар бойынша басқару.  
8*   «Ауытқулар» түсінігі, ауытқулардың пайда болуына түрткі болатын себептер. Қолайлы және қолайсыз ауытқулар. Негізгі метериалдар бойынша ауытқулар; негізгі еңбек бойынша; айнымалы үстеме шығындар бойынша ауытқулар; тұрақты үстеме шығындар бойынша ауытқулар. Жалпы ауытқулар. Өнім бірлігінің нормативтік шығындарының элементтері: тікелей материалдардың нормативтік бағасы; тікелей материалдардың нормативтік саны; нормативтік жұмыс уақыты тікелей еңбек төлемінің нормативтік мөлшері; айнымалы және тұрақты үстеме шығындардың нормативтік коэфициенті. Норма және нормадан ауытқу бойынша шығындар есебі. Нормативтік әдістің қағидаттары. *   Тікелей материалдардың, тікелей еңбектің, үстеме шығындардың нормативтік шығындарын есептеу тәртібі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда нормативтік шығындарды пайдалану.  
  «Стандарт - кост» жүйесі шығындар есебі мен калькуляциялаудың нормативтік әдісінің жалғасы ретінде (нормативтік әдістің «стандарт - кост» жүйесінен айырықша ерекшеліктері). Стандарттық өзіндік құн алгоритмі. Ауытқуларды талдау шығындарды бақылау құралы ретінде. Ауытқуларды есептеу және оларды талдау. Ауытқулар түрлері: тікелей материалдық шығындар ауытқуы; тікелей еңбек шығындарының ауытқуы; үстеме шығындар ауытқуы. Бақыланатын және бақыланбайтын ауытқулар. Ауытқулардың пайда болу себептерін анықтау. Қолайсыз ауытқулардың пайда болу себептерін жедел жою. Ауытқуларды есептеу сатылары және оларды бухгалтерлік есеп шоттарына жазу. Нақты үстеме шығындарды стандарттықпен салыстыру.
  Шығындарды толық үлестіру бойынша өзіндік құнды калькуляциялау: өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құн құрамындағы тікелей және жанама шығындар есебі. «Толық емес (кесілген) құн» түсінігі. «Директ - костинг» жүйесіндегі өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар. «Директ - костинг» жүйесіндегі және толық шығындар есебі жүйесіндегі есептік жазбалар. Шығындар есебі әдісінің өзіндік құнға, пайдаға және өндірістік қорларды бағалауға әсері. «Маржиналдық табыс» түсінігі. «Директ - костинг» жүйесінің толық шығындар есебі жүйесімен салыстырғандағы негізгі артықшылықтары. Маржиналдық әдіс пен толық шығындар есебін қолдану арқылы пайда мен зияны туралы есеп. Операциялық пайданы есептеу тәртібі. Екі калькуляциялау әдісінің пайда мөлшеріне әсерінің салыстырмалы талдауы.  
  Зиянсыздықты талдау: оның мақсаты мен тәсілдері. Зиянсыздық нүктесі және мақсатты пайда. Пайданың табыстар мен шығыстарға тәуелділігін талдау әдістері: теңдеулер әдісі, жалпы пайда әдісі (маржиналдық табыс), графикалық әдіс. Ұйымның зиянсыздық графигін құру тәртібі және қатерлі нүктені анықтау (тепе-теңдік нүктесі). Қауіпсіздік маржасы. Операциялық тұтқа. «Шығын-өнім көлемі-пайда» талдауы кезінде қабылданған ескерулер. Зиянсыздық талдауы: оның мақсаты мен тәсілдері. Табыстар мен шығындарға байланысты пайданы талдау әдістері. Зиянсыздық графигін құру тәртібі және қауіпсіздік нүктесін анықтау. Қауіпсіздік маржасы. Операциондық тұтқа
  Бірлесіп өндірілетін және жанама өнімдер түсінігі. Технологиялық үрдістегі бөліну нүктесі мен бөлек шығындар. Бірлесіп өндірілетін өнімдер арасында кешенді шығындарды тарату әдістері: натуралды бірлік әдісі, сату құны әдісі, сатудың таза құн әдісі, жалпы пайданың тұрақты үлес әдісі. Шешімдер қабылдау кезіндегі кешенді шығындарды тарату жүйесінің кемшіліктері. Жанама өнім есебі. Технологиялық үрдістегі бөліну нүктесі мен бөлек шығындар. Бірлесіп өндірілетін өнімдер арасында кешенді шығындарды тарату әдістері: натуралды бірлік әдісі, сату құны әдісі, өткізудің таза құнды әдісі, жалпы пайданың тұрақты үлестік әдісі.
  Бюджеттеудің мақсаты мен міндеттері. Бюджеттеу үрдісінің сатылары. Сату көлемін жоспарлау. Кәсіпорын тарапынан бақыланбайтын факторлардың сатудан түскен түсімге әсері (бәсекелестердің қызметі, жеткізушілер мен сатып алушылардың тұрақтылығы, жарнамалардың нәтижелілігі және басқалар). Негізгі бюджет үшін функционалды смета құру мысалы. Бюджет түрлері: негізгі бюджетті құрудағы негіз ретіндегі сату бюджеті. Өндіріс бюджеті. Материалдар бюджеті. Еңбек бюджеті. Өндірістік үстеме шығындар бюджеті. Өндірістік өзіндік құн бюджеті. Коммерциялық және әкімшілік шығыстар бюджеті. Пайда мен зиян бюджетін, ақша қаражаттары бюджетін, бюджеттік бухгалтерлік баланстың мазмұны мен құрастыру тәртібі. Ұйымның жоспарлау жұмысындағы бұл құжаттардың мәні. Сметалық бақылау жүйесіне кіріспе. Икемді сметаны құру. «Бюджет» және «бюджеттік цикл» түсінігі. Бюджет түрлері: негізгі бюджет, қаржылық бюджет. Бюджетті құру тәртібі. Нақты шығарылған өнімді ескере отырып бюджет көрсеткіштерін реттеу.  
  Шешімдер қабылдау үрдісіндегі есептік ақпарат. «Релевантты ақпарат» түсінігі. Басқарудағы релеванттық көзқарас. Алдағы кезеңдегі релеванттық шығындар мен табыстардың анықтамасы. Қысқа мерзімді басқару шешімдерін қабылдау. Бағалық шешімдер қабылдау. Баға қалыптастыруға байланысты шешімге әсер ететін негізгі факторлар. Баға қалыптастыру: шығындар – плюс. Үстеме пайызын анықтау. Мақсатты баға қалыптастыру. Арнайы тапсырыстың бағасын қалыптастыру. Қысқа мерзімді басқару шешімдерін қабылдау үшін толық және айнымалы шығындар есебінің әдістерін қолдану. Өзіндік құннан төмен баға бойынша арнайы тапсырыстарды орындаумен байланысты шешімдер қабылдау үшін релевантты ақпараттар. Қосымша шығарылатын өнімді сатуға мүмкін бағаны анықтау. Өндіріс көлемін арттырумен байланысты бағаны төмендету туралы шешімдер. Релевантты ақпараттар түсінігі. Қысқа мерзімді басқару шешімдерін қабылдау. Баға қалыптастыру шешімдеріне әсер ететін факторлар. Баға қалыптастыру «шығындар - плюс». Трансферттік баға. Шешім қабылдау, өндіру немесе сатып алу.  
  Күрделі қаржы салымы сметасын құрудың мақсаты мен сатылары. Инвестицияны бағалаудың дисконттық емес әдістері: өтелімділік әдісі және өтелімділіктің есептік коэффициенті. Инвестицияны бағалаудың дисконттық әдістері: дисконтталған ақша ағымы, таза келтірілген құн (NPV), табыстылықтың ішкі мөлшері (IRR). Таза келтірілген құн мен табыстылықтың ішкі мөлшерін салыстыру.   Инвестициялық шешімдер қабылдау. Инвестицияны бағалаудың дисконтты әдісі. Инвестицияны бағалаудың дисконттық емес әдісі. Таза келтірілген құн мен табыстылықтың ішкі мөлшерін салыстыру  
Ескерту: * Жоғарыда белгіленген тақырыптар бойынша ЖШС «Balans KZ» бас бухгалтері – сертификатталған кәсіби бухгалтер Эмилева Айман Эмильқызы тәжірибе сабақтарын өткізеді.

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1258 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Система с нелинейным элементом в обратной связи| Жоспарлы калькуляция 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)