Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жоспарлы калькуляция 12 страница

Жоспарлы калькуляция 1 страница | Жоспарлы калькуляция 2 страница | Жоспарлы калькуляция 3 страница | Жоспарлы калькуляция 4 страница | Жоспарлы калькуляция 5 страница | Жоспарлы калькуляция 6 страница | Жоспарлы калькуляция 7 страница | Жоспарлы калькуляция 8 страница | Жоспарлы калькуляция 9 страница | Жоспарлы калькуляция 10 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

4.Бюджеттік кезең. Бюджеттендірудің негізгі мақсаттарының біріне әр түрлі ұйымдық функцияларды үйлестіруді қамтамасыз ету кіреді. Бұл бюджетті жасаудыңтәртібін көрсетеді.

Бюджеттендіру жүйесіндегі сату бюджеті ұйымдарда бірінші болып қалыптасады, өйткені өнімді сатудың мүмкін көлемін бағалаусыз және жоспарлаусыз өндіріс бюджетін, шикізат пен материалдарды сатып алу және пайдалану, еңбек шығыны және т.б. бюджеттерін жасау мүмкін емес. Егер барлық осы құжаттарды толық емес (без детально) әзірленген сату бюджетімен әзірлеуді қолға алсақ, ұйымның нақты жағдайындағы қызметінде олардың маңызды орасан үлкен болмайды.

Бюджетті калыптастырудың шығу нүктесі - сату бюджеті. Кәсіпорын сатылатын тауарлардың қанша екенін біліп отырса, оларға қаншатауар өндіру керек екенін анықтай алады.

1-кадам. Сату бюджеті өнім түрлері бойынша бюджеттік кезеңнің ішіндегі сату көлемін көрсетеді.

Сату бюджеті кәсіпорын өнімдерін өткізудің өткізу жоспары бөлімінің қызметкерлері мен сарапшыларының, басқарушыларының талқылау нәтижесі болып табылады. Сатуды жоспарлау - көптеген факторларды ескеруге тура келетін күрделі процесс: сату тарихы, экономиканың жалпы жағдайы, баға саясаты, маркетингтік зерттеудің нәтижесі, өндіріс қуаты, бәсекелестік, мемлекет тарапынан болатын шектеулерді ессптеу және т.б. Сатуды жоспарлау тек өндіріс қуатына ғана емес, сонымен бірге нарықта өткізудің мүмкіндіктеріне байланысты болады. Сату бюджетін жасау барысында мына ықпалды факторларды ескеру қажет: бәсекелестердің қызметі, жабдықтаушылар мен сатып алушылардың тұрақтылығы, жарнаманың нәтижелілігі, сұраныстың маусымдық ауытқуы, іскерлік саясаты, экономиканың жалпы жағдайы, мемлекеттарапынан шектеулердің болуы және т.б.

2-қадам. Өндіріс бюджеті алдағы бюджеттік (жоспарлы) кезенде шығарылатын өнімдердің түрі мен санын анықтайды.

Кәсіпорын сату бюджетінде көрініс табатын болжаулы сұранысты және жоспарлы кезеңнің соңындағы (ағымдық жылдағы өнімдердің ақырғы қорын қоса ескерумен) қалаулы қор көлемін назарға алып, өнім өндірудің құрылымы туралы шешімді негіздейді.

Жоспарлы сату көлемін заттай түрде белгіленгеннен кейін жсопарланған деңгейде дайын енімдердің қорларын өткізу және қолдау бюджетін орындау үшін өндірілетін өнімдердің немесе қызметтердің бірлік санын анықтауға болады.

Өндіріс бюджеті заттай және ақшалай бірліктермен жасалады.

Ендігі жерде өндіріс көлемі туралы деректерді ескере отырып (есте ұстап), еңбек және материалдардың тікелей шығынының бюджетін әзірлеуге кірісе беруге болады.

Өндірістің жалпы шығынын анықтау үшін материал, еңбек шығындары мен үстеме шығыннан пайда болатын өнім бірліктерінің өзіндік құнын есептеу керек. Сондықтан да бас бюджетті әзірлеудің келесі кезеңі жеке бюджеттерді жасау; материалдарды пайдалану бюджеті, еңбек шығынының бюджеті, үстеме шығын бюджеті.

Өндіріс жоспарының деректері негізінде материалдарды пайдалану бюджеті жасалады.

3-қадам. Материалдарды пайдалану бюджеті. Оны әзірлеу үшін өндіріс бюджетінде көрініс тапқан жоспарлы шығарылым туралы дерек және өнімнің әр түрін дайындау кезеңіндегі материалдарды пайдаланудың нормативтері туралы мәліметтер қажет болады.

Материалдарды сатып алуды жоспарлауда жоспарлы кезеңнің басында да, аяғында да материал қорының деңгейін ескеру керек.

Заттай бірлікте материалдардың шығынын есептеу үшін мыналарды білу қажет:

• есептік кезеңнің басындағы материал қорлары;

• өндіріс бюджетін орындау үшін материалдарға қажеттілік.

Ендігі жерде өндірістік бағдарламаны жүзеге асыру үшін бізге қаншалықты материал қажет екенін білгеннен кейін, біз жоспарлы кезеңде сатып алатын материалдардың көлемін анықтауымызға болады.

4-қадам. Материалдарды сатып алу бюджеті тұтас кәсіпорын және өнім түрлері бойынша заттай және құндық түрде алдағы бюджеттік кезеңдегі материалдардың, шикізаттың шығындары туралы ақпаратты қамтиды.

Материалдарды пайдалану бюджеті материалдарды сатып алу бюджетін жасау барысында жөнелтуші пункті рөлінде болады. Шикізат өндірістің жоспарланған деңгейіне көтеруге және бюджеттік кезеңнің соңына шикізат қорыныңқалаулы деңгейін калыптастыруға жеткілікті санмен сатып алынуы керек. Бұл бюджетті жасау барысында бастапқы қорлардың деңгейіне (яғни, ағымдық кезеңнің соңындағы қорларға) түзету енгізуді ұмытпау керек.

Сатып алу бюджетінде өндірістік міндеттердің орындалуына кажетті шикізат пен материалдардың саны мен сатып алудың мерзімі анықталады.

Сатып алудың құны сатып алу бағасына сатып алынған материалдар санының туындысы ретінде анықталады.

Сатып алудың келемі мен жоспарлы кезеңде өндірудің тікелей материалдық шығынды тапқаннан кейін тікелей еңбек шығынын есептеу қажет.

5-кадам.Негізгі өндіріс персоналының еңбек шығыны бюджеті негізгі өндіріс персоналының қажеттілігін және жоспарлы кезеңде оның еңбекақы шығынын көрсетеді.

Еңбек шығыны өндірілген өнімнің тұрпаты мен санына, оның еңбек сыйымдылығына, еңбекақы жүйесіне байланысты болады. Бұл деректер өнім немесе қызмет бірлігінің санын бірлік сағаттағы еңбек шығынының мөлшеріне көбейтумен, ал ақша түрінде - қажетті жұмыс уақытың әр еңбекақының әр түрлі сағаттық мөлшерлемелеріне көбейту арқылы алынатын жоспарланған өндіріс көлемін орындауға қажет сағаттағы қажетті жұмыс уақытын анықтайтын еңбек шығынының бюджетін жасауда пайдаланылады.

Адам-сағаттардыд саны бір бұйымның еңбек сыйымдылығына бұйым сандарының туындысы ретінде есептеледі.

Тікелей еңбек шығынын (сомасын) құндық бағалау бір сағаттың төлем мөлшерлемесіндегі адам-сағат сандарының туындысы ретінде болады.

6-қадам. Жанама өндірістік шығындарға өндірістік бағдарламаларды орындалуына қажет өндірістік инфрақұрылымын қамтамасыз етуге кететін шығындар кіреді.

Үстеме шығындар туралы (ол өндірістік, коммерциялық немесе басқа болсын мейлі, маңызы жоқ) айтқанда, ең алдымен мынаны - "үстеме" термині өзіне шығындардың әр қилысын біріктіретін жалпы ұғым екенін білуіміз керек. Үстеме шығын шамасына ықпал ететін факторлардың осы себебі бойынша ол көптеген жағдайда өндірістің тікелей шығындарын анықтаушыдан гөрі әлдеқайда үлкен ауқымды болады. Егер, мысалы, күрделі қаржы жұмсау бюджеті жаңа завод сатып алуды қарастыратын болса, онда осы активтерге қатысты амортизациялық аударым өндірістің үстеме шығыны деп аталады.

Үстеме шығын бюджетінің мүмкіндік шамасына қарай өзгермелі және тұрақты шығындарды шектеу керек.

7-кадам. Бұйым өндірісініңөзіндік құны. Қайта санау коэффициенті, шығарылатын өнімдердің еңбек сыйымдылығы және материалдар шығындарынын нормалары туралы ақпаратпен, бір бұйымды өндірудің шығынын есептеуге ақпарат бере алады.

Бір бұйымнын өзіндік құны оны өндіруге қажетті материал шығынынын, негізгі өндіріс қызметкерінің еңбекакы шығынының және бір өнім есебіндегі жанама өндірістік шығынның сомасы ретінде анықталады.

Материал шығыны бір бұйым өндіруге қажетті санды сағаттық төлем мөлшерлемесіне көбейту арқылы табылады.

8-кадам. Жоспарлы кезеңнің соңындағы қойма қалдықтарының бюджеті. Кәсіпорынның жоспарлау қызметінің сатысында есептік кезеңнің соңындағы заттай бағаланатын дайын өнімдердің қорлары басшылық тарапынан анықталады.

Қорларды ақша түрінде бағалау үшін өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құнын есептеу керек.

Жоспарлы кезең соңында материалдардың қоры бір килограмда сатып алу құнына келетін нормативтік корлардың (кг) туындысы ретінде анықталады.

Дайын бұйымдар қорының құны жоспарлы кезең соңындағы заттай түрдегі дайын бұйым қорларының мөлшерін бір бұйымды өндірудіңөзіндік құнына көбейту жолымен есептеледі.

Бюджетті қалыптастырудың маңызды кезеңіне өткізілген өнімдердің өзіндік кұнын анықтау жатады.

9-қадам. Өткізілген өнімдердің өзіндік құн бюджеті. Өткізілген өнімдердің бюджетін жасау негізінде мынадай есептеу формуласы жатады.

Өткізілген өнімдердің өзіндік құны = Кезең басындағы дайын өнімдердің коры + Жоспарланған кезеңде өндірілген өнімдердің өзіндік құндары - Кезең соңындағы дайын өнімдердің қоры.

Өз кезегінде жоспарланған кезеңде өндірілген өнімдердіңөзіндік құндары былайша есептеледі.

Жоспарланған ксзеңде өндірілген өнімдердін өзіндік құны = Жоспарланатын кезеңдегі материалдардың шығыны + Жоспарланатын кезеңнің енбек шығыны + Жоспарланаты кезеңнің үстеме шығыны.

Бақылау сұрақтары:

1. Бюжет дегеніміз не?

2. Бюджеттің үздіксіз жасалуы деген не?

3. Бюджеттің артықшылығы қандай?

4. Бюджеттің қандай түрлері бар?

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. А. К Ержанов, Ә. К Айтанаева, Г. Ш Жұманова, М. С. Баянова, Ә. Е. Иматаева Басқару есебі. Оқу құралы/ Алматы: Экономика, 2009 ж. *

2Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық / Алматы: Экономика, 2005ж.*

3. Тайғашинова Қ.Т. Басқару есебі. Оқу құралы/ Алматы: LEM, 2011 ж.*

Тайгашинова К. Т. Управленческий учет. Учебное пособие/ Алматы: LEM, 2010 г.*

4. Төлегенов Э.Т. “Басқару есебі”. Алматы,2006 ж.

5. Алданиязов К.Н. Управленческий учет и анализ (электронный ресурс). Учебное пособие – электронная приклодная программа (50,2 Мб)/ Алматы: Нур-пресс, 2008 г.*

14 тақырып. Басқару шешімдерін қабылдау

Дәріс мақсаты: баға қалыптастыру шешімдеріне әсер етуші факторлар, мақсатты баға қалыптастыру, арнайы баға қалыптастыруды оқыту

1. Бақылауды жүзеге асыру

2.Басқару шешімдерін қабылдауда қолданылатын шығындардың жіктелімі

3. Оперативті міндеттер

 

1. Бақылауды жүзеге асыру

 

Басқару есебінің негізгі міндеттерінің біріне дұрыс басқару шешімдерін қабылдау үшін кэсіпорын басқарушылары мен жоғары басшылығына аса қажетті ақпараттарды жинау және қорытындылау жатады.

Басқару шешімдерін қабылдау баламалы нұсқалардың ішінен ең оңтайлысын іріктеп, оларды салыстырып бағалауды білдіреді.

Менеджерлер өткізу бағасы, өзгермелі және тұрақты шығындар, ресурстарды сатып алу және пайдалану туралы шешімдерді ұдайы қабылдауларына тура келеді. Егер оларда анық ақпарат болмаса, онда олардың қызметі залал келтіруі, тіпті күйретуші салдарға ұрындыруы мүмкін. Әдетте бұл шешімдер қысқа мерзімді сипатта болады: қанша бірлік өндіру; канша жұмысшыны жалдау; жарнамаға қанша шығын жұмсау? Алайда жаңа зауыт немесе қүрал-сайман сатып алу сияқты ұзақ мерзімді шешімге де шығындар, өндіріс көлемі мен табыс қатынасы туралы талданған ақпарат керек.

Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шешімдердін арасындағы елеулі айырмашылық - оның біріншісін өзгерту оңай шаруа емес, ал екіншісі жиі өзгертіледі. Қысқа мерзімді шешімді орындау әрекеті жиі қайталанады, ал олардың кейбіреуі кешірек жузеге асырылуы мүмкін. Мәселен, өткізу бағасын немесе өндірілген тауардың номенклатурасын жылдам өзгертуге болады, ал капитал салудың (күрделі қаржы жұмсалымы) бағытын өзгерту туралы шешімге келсек, оны қысқа мерзімнің ішінде өзгерту оңай болмайды (осының негізінде барлық одан арғы қорытындылар мен түйіндер қысқа мерзімді уақытқа қатысты).

Өнім шығару туралы қысқа мерзімді оңтайлы шешім қабылдау үшін мынаны білу қажет: өткізу бағасын түсіру мен көп сату табысқа қалай ықпал етеді, кәсіпорынды ұлғайтып отырумен және т.б. байланысты қосымша тұрақты шығындардың орнын толтыру үшін сатудың қандай көлемі керек. Осы және басқа сауалдарға сатудан, шығындардан және таза табыстан болатын жиынтық табыстың өзгерісі мен өндіріс көлемінің өзгерісі арасындағы байланыстьі қарастыруды қажет ететін өндірістің залалсыздық нүктесі туралы деректерді талдау арқылы жауап беруге болады. Бұл байланыстардың үлгісін (моделін) құрастыру үшін залалсыздық талдауы фирма қактығысатын нақты жағдайды оңайлатады, өйткені қандай да бір шешімді кабылдау барысында оны бір мезгілде мүмкін еместей көрінеді. Залалсыздықты талдаудағы максат - белгілі бір өндіру деңгейі немесе өндіріс көлемі өзгеретін болса, оның қаржылык нәтижесі кандай болатынын анықтау. Бұл акпарат кәсіпорын басшылығы мен менеджерлері үшін аса маңызды, өйткені бұл ақпараттың негізінде шығарылымның қатерлі деңгейін тіркеп отыруға болады. Мысалы, табыс ең көп шамада болатын деңгей немесе табыс та, залал да болмайтын деңгей.

Залалсыздықты талдау сатудан, шығыннан болатын табыс пен аз уакыттың ішіндегі, яғни өндіріс ресурстарының тұрақты қорына қатысты өндіріс қуаты белгілі бір деңгейде шектелген фирмалардың өнім шығаратын уақыт аралығындағы табыс арасындағы байланысқа негізделген. Мұндай талдау мыналарды аныктау қажет болғанда жүзеге асырылады:

• өткізу бағасын түсірудің табысқа тигізетін ықпалы қандай;

• бұйымды өткізу көлемін ұлғайтудың табысқа тигізетінықпалы қандай;

• өндірісті ұлғайту туралы топшылауға байланысты қосымша тұрақты шығындардың орнын толтыру үшін сатукөлемі қандай болуы керек.

Залалсыздықты талдау кәсіпорын өз шығынының орнын толтыруға қол жеткізетін және оның табысы нөлге тең болатын нүктені анықтайды. Бұл ақпарат кәсіпорынның бәсекелестікке баға белгілеудегі өзінің мүмкіндігін бағалауға, өз қызметінің қауіпсіз шегін белгілеуге, яғни бәсекелестік жағдай мен өндіріс жағдайы өзгеру барысында кәсіпорын өз шығындарын басқара алатын жағдайда мүмкіндік тудырады.

Мәселені шешу процесі кәсіпорын сол немесе басқа нұсқаны тандауына көмек беретін, кәсіпорынның алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді анықтаудан басталады.

Дұрыс шешім қабылдау үшін ең алдымен барлық баламалы нұсқалар бойынша келешекте кездесетін шығындар туралы ақпараттың болуы аса қажет. Кейде есептеу барысында кәсіпорынның жіберіп алған пайдасы ескеріледі.

Бухгалтерлік басқару есебі бастапқы ақпараттарды өңдеуге және қорытындылауға мүмкіндік беретін әдістер мен тәсілдердің тұтас арсеналына ие.

Басқарушылық есептің ақпаратын пайдалану барысында мыналар шешіледі:

1)оперативті міндеттер:

• өндірістің залалсыздығын талдау;

• өнім шығарылымы мен өткізу көлемін және ассортиментін жоспарлау;

• шектеу факторларын ескеріп, кұрылымды анықтау;

• "сатып алу немесе өзімізде өндіру" міндеттерін шешу;

• баға белгілеу бойынша шешім қабылдау.

2)ұзақ мерзімді стратегиялык маңызы бар келешектік сипаттағы міндеттер:

• капитал салу туралышешім қабылдау;

• бизнесті қайта құрылымдау туралы шешу;

• жаңа өнім өндіру бойынша шешім қабылдау.

Қолдану үшін таңдап алынған баламалы нұсқа бюджетті жасаудың бастапқы нүктесі болып табылады.

Бухгалтерлік басқару есебінің әдістері мен тәсілдері кәсіпорынның алдында тұрған мәселені шешуде дұрыс ұсыныс береді.

 

2.Басқару шешімдерін қабылдауда қолданылатын шығындардың жіктелімі

Басқарушылық есептің жүйесінде ақпаратты мүдделі тұлғаларға дүрыс шешім қабылдау ушін кәсіпорын ішінде әзірлеп, үсынады. Әдетте шешім келешектегі оқиғаларға қатысты болғандықтан, деректерді алу (жинау) жүйесінде көп назар аударылатын болжалды шығындар мен болашақтағы табыстар туралы толық ақпарат аса кажет. Егер өткен шақтағы және болжанған шығындар мен табыстар бірдей болатын болса, онда шешім қабылдау үшін пайдалы ақпарат алуға болады.

Шешім қабылдау және жоспарлау барысында қолданысқа таңдап алынған баламалы нұскаларды егжей-тегжейлі талдау үшін шығындар мен табыстардың сипаттамасы толық болуы керек. Сондықтан шығындар мен табыстарды жүйелендірудің (жүйеге келтіретін) мынадай мақсатқа лайықты схемасы беріледі:

• өзгермелі, тұрақты;

• бағалау есебіне қабылданатын және қабылданбайтын алдағы кезең шығындары;

• қайтарылмайтын шығындар және аяқталған кезең шығындары;

• жүктелген шығындар (вмененные затраты);

• инкременттік және маржиналдык шығындар;

• маржиналдық табыс;

• жоспарланған және жоспарланбаған шығындар;

• релеванттық және релеванттық емес шығындар;

• өндіріс көлеміне қатысты шығын динамикасы.

1. Өзгермеліге сомасы өндіріс көлеміне байланысты тікелей өзгеретін шығын жатады, яғни ол кәсіпорынның іскер белсенділік деңгейіне тәуелді. Бұл - шикізат және негізгі материал шығындары, негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы. Өнім бірлігінің шығыны - тұракты шама.

2.Тұрақтыға мөлшері (шамасы) өндіріс көлемінің өзгеруіне, яғни кәсіпорынның іскер белсенділігінің деңгейіне тәуелді болмайтын шығындар жатады. Мұндай шығындарга үй-ғимараттарды күтіп үстау, амортизация, жарнама, басқару қызметкерлерінің еңбекақысы және т.б. шығындарды жатқызуға болады. Өнім бірлігіне есептелген тұрақты шығын өндіріс көлеміне қарай өзгереді өндіріс көлемі ұлғайтылғанда (кемітілгенде) кемиді (артады).

Өзгермелі және тұрақты шығындарға нақты шектеу қою, іс жүзінде мүлдем мүмкін емес, өйткені олардың кейбіреуі жартылай тұрақты немесе жартылай өзгермелі болады. Сондықтан олар шарттьі - тұрақты немесе шартты-өзгермелі деп жиі аталады.

Шығындарды тұрақты және өзгермелі деп бөлу өндіріс көлемінің сыни есебі, пайдалылықты талдау, пайдалылығы, бәсекеге жарамдылығы, шығарылған өнімнің ассортименті негізінде болады.

3.Бағалу есебіне қабылданатын және қабылданбайтыналдағы кезең шығындары.

Белгілі бір шешімді әзірлеуде бұл мәселеге шығындар мен табыстардың қандай қатысы барын, яғни есепке не алынатынын, не алынбайтынын анықтап алу қажет.

Есепке алынған шығындар мен табыстар бұл шешім қабылдауға әсерін тигізген алдағы кезеңнің шығындары мен табыстары, ал есепке алынбағаны - қабылданған шешімге катысы болмайды.

4.Қайтарылмайтын шығындар немесе аяқталған кезеңшығындары. Бұлшығындарқандайда бір шешімдердіңпайдасы үшін болатын түйін (таңдау, байлам) осы шығынныңсомасына ешқандай әсерін тигізе алмайтын, сатып алынғанресурстардың құнын білдіреді. Ол бұрын қабылданған шешімнің нәтижесінде пайда болады және келешекте пайдаланатын шешімдер оны өзгерте алмайды. Талап етілмей (солкүйінше) қалған 100 мың теңге сомасындағы шикізат шығынықайтарылмайтын шығынның үлгісі бола алады.

5. Жүктелген шығындар (Вмененные затраты). Бұлшығындар басқасынан бас тартуды талап ететін әлдебірбаламалы әрекет (қолданыстық) бағамының (курсының) түйінін(тандау, байлам) құрбан етілуі немесе жоғалуы мүмкін сипатынбілдіреді. "Жүктелген шығындар" ұғымы тек ресурстар шектеулі болған жағдайда ғанақолданылады. Ресурстар шектеуліболмайтын жерде бірдемені құрбан етудің қажеті болмайды.Мысалы. Кәсіпорынның әзірленуі 200 сағат өңдеуді талап ететін
арнайы бөлшектердің бірқатар партияларын өндіруге келісім-шарт бекітуге мүмкіндігі бар.

6. Инкрементті және маржиналдық шығындар мен табыстар. Инкрементті шығындар мен табыстар қосымша болыптабылады және өнім бірліктерінің қандай да бір қосымша топтарына дайындау және сату нәтижесінде пайда болады. Ол көпжағынан маржиналдық шығындар мен табыстарға ұқсас. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық соңғысы өнім бірлігінің қосымша шығындары мен табыстарын білдірсе, алдыңғысы өз мәнінде қосымша шығын болып, өнім бірлігінің тұтастобын өндіру көлемін ұлғайтудың, нәтижесі болыптабылады.

7. Маржиналдық табыстар бүл өнімді сатудан түскентүсім мен өзгермелі шығындар бойынша есептелген оның толықемес өзіндік құндары арасындағы айырмашылық. Маржиналдықтабыстың құрамына кәсіпорынның табысы мен тұрақты шығыны кіреді. Маржиналдықтабыстан тұрақты шығынды шегеріптастағаннан кейін операциялық пайданың көрсеткіші қалыптасады.

8. Жоспарлы бұл нормативтерге, лимиттерге сәйкес өндірістің белгілі бір көлеміне есептелген шығындар. Ол өнімніңжоспарлы өзіндік құнына қосылады.

9. Жоспарланбаған - өнімнің нақты өзіндік кұнында көрсетілетін шығындар.

10.Релеванттық және релеванттық емес шығындар оңтайлы басқару шешімін іріктеуде назарға алынатын шығындар. Мұндай талдауда тек шамасы осы немесе басқа шешімдерге байланысты шығындар ғана ескеріледі. Мұндай шығындар релеванттық деп аталады, яғни елеулі немесе маңыздыдеп саналады. Шамасы қабылданған шешімге тәуелді болмайтын шығын релеванттық емес (иррелевантты) және нұсқалардыбағалау барысында ескерілмейді.

3. Оперативті міндеттер

Өндіріс залалсыздығын талдау және оның басқарушылық есептегі мағынасы

Өндіріс қызметін жоспарлауда "шығын - көлем - пайда" талдауы жиі пайдаланылады. Егер өндіріс көлемі белгіленсе, онда тапсырыс портфеліне сәйкес осы талдаудың арқасында ұйым баланс ретінде де, таза пайда түрінде де табыстың белгілі бір шамасын алу үшін шығын шамасы мен сату бағасын есептейді. Осы талдаудың көмегімен, мысалы, жарнама шығыны, өнім бағасы немесе материал жабдыгы, өндіріс кұрылымы өзгергенде өндірістік бағдарламалардың әр түрлі нұсқаларын оңай санауға болады. Баскаша айтқанда, "шығын - көлем - пайда" талдауы өндірістік процестің бір немесе бірнеше параметрлері өзгеретіндей болса, біз қандай дүниеге ие боп қаламыз дейтін сұрака жауап алуымызға мүмкіндік тудырады.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 472 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жоспарлы калькуляция 11 страница| Жоспарлы калькуляция 13 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)