Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жоспарлы калькуляция 5 страница

Жоспарлы калькуляция 1 страница | Жоспарлы калькуляция 2 страница | Жоспарлы калькуляция 3 страница | Жоспарлы калькуляция 7 страница | Жоспарлы калькуляция 8 страница | Жоспарлы калькуляция 9 страница | Жоспарлы калькуляция 10 страница | Жоспарлы калькуляция 11 страница | Жоспарлы калькуляция 12 страница | Жоспарлы калькуляция 13 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

4. Жоспарлау мен шешімдер қабылдау кезінде шығындар қалай жіктеледі?

5. Жауапкершілік орталықтары дегеніміз не?

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. А. К Ержанов, Ә. К Айтанаева, Г. Ш Жұманова, М. С. Баянова, Ә. Е. Иматаева Басқару есебі. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2009 ж. *

2. Друри К. Управленческий и производственный учет. М., Юнити, 2005 г. *

3. Друри К. Управленческий и производственный учет. М., М., Юнити, 2007 г.

4. Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық. Алматы. Экономика 2005ж.*

5. Тайгашинова К. Т. Управленческий учет. Учебное пособие. Алматы: Экономика, 2008 г.

6. Төлегенов Т.Э “Басқару есебі”. Алматы2006 ж.

7. Ч.Хорнгрен, Дж.Фостер, Ш.Датар Управленческий учет. 10 издание «Питер» Санкт – Петербург, 2007 г.

3-Тақырып. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру

1. Дәрістің мақсаты: Өндірістік шығындарды топтастыру мен бөліп таратуды оқыту.

Дәріс сұрақтары:

1.Өндіріс есебі және олардың шығындар есебіне әсері

2. Материалдық шығындар есебі

3.Еңбекақы шығындарының есебі

4. Үстеме шығындар есебі

1.Өндіріс түрлері және олардың шығындар есебіне әсері.

Өнімнің өзіндік құн есебі көпшілік жағдайда өндіріс технологиясы мен оның ұйымдастырылуына, өндірілетін өнімнің әртүрлігі мен өндіру жиелігіне байланысты болады.

Өндірісті ұйымдастыру – белгіленген мерзімде, бекітілген ккөлемде және сапамен ақшалай, материалдық және еңбек ресурстарын үнемді жұмсауды қамтамасыз ететін өндіріс процесінің құраушы элементтерінің өзара байланысы және жалғасы деп түсінуге болады. Өндірісті ұйымдастыру өзіне мыналарды енгізіеді:

- еңбекті ұйымдастыру, яғни жұмыс күшін орналастыру;

- материалдарды ен жартылай фабрикаттардың қозғалысы, олардың көлемін анықтау;

- жедел жоспарлау;

- техникалық бақылау;

- қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

- өндіріс барысын жедел реттеу.

Жалпы өндірісті ұйымдастыру алғашқы құжаттармен рәсімделеді.

Өндіріс шығындарының есебініе сонымен қатар, өндіріс технологиясы әсер етеді. Өндіріс технолгиясы дегеніміз - өнімді өндірудің нақты тәсілдерін айтамыз. Өнім өндіру тәсілдерін, олардың әртүрлігіне өнеркәсіп өндірісінде қарамастан екі үлкен топқа бөледі: өндіруші және өңдеуші. Өндірушіге: кен, көмір, мұнай, газ, балық, орман дайындау және т.б. Бұларды шикізат пен негізгі материалдар шығыны болмайды. Яғни, өндірілген бір өлшем өнімнің өзіндік құнын жұмсалған шығындар мөлшерін алынған дайын өнімінің көлеміне бөлу арқылы анықтайды. Тек көмір өндірісінде жердің бетіне шығыарылған көмірдің өзіндік құны анықталады.

Өңдеуші салаға ауылшаруашылығы шикізаттары мен өңдеуді қажет ететін өнеркәсіп саласын жатқызуға болады. Оларға метеллургия, машина құрылысы, химия, текстиль, тамақ және т.б. кәсіпорындарын жатқызуға болады.

Өңдеуші өнеркәсіптерде өндіріс шығындары есебін ұйымдастыру күрделі процесс болып саналады. Себебі, мұнда өнім брнеше технологиялық сатылар арқылы өтіп, жартылай фабрикатттар ретінде бір сатыдан екінші сатыға беріледі. Мніе осы кезде әрбір сатыдан өткен жартылай фабрикаттардың немесе дайын өнімнің өзіндік құнны анықтау қажет болады. Міне, мұның өзін шығындардың бухгалтерлік есебін әрбір сатыда жартылай өндірілетін өнімдер бойынша жүргізуді қажет етеді.

Технологиялық процестердің күрделігіне байланысты өндіріст күрделі және жәй деп екіге бөлінеді.

Күрделі өндіріске өндірілетін өнім бірнеше күрделі технологиялық сатылардан немесе фазалардан өтетін металлургия, текстиль, аяқ киім, машина құрылысы, балық өңдеу, ет өңдеу өнеркісіптері жатады. Күрделі өндірісте, міндетті түрде аяқталмаған өндіріс қалады.

Жәй өндіріс бір ғана технологиялық сатыдан тұратын өнім өндіріс жатады, мысалы: көмір, энергия, жылу өндіру, яғни бұл өнімдер қысқа мерзімнің ішінде өндірілгендіктен мұнда аяқталмаған өндіріс болмайды.

Шығындардың аналитикалық есебін ұйымдастыруға сонымен қатар, ұйымның мамандануы, яғни қызмет бағыты,өндірілетін өнімнің жиелігі мен көлемі, оның жие қайталануы сияқты факторлар әсер етеді. Сондықтан осыған байланысты өндірісті массалық, сериялық және жеке деп бөледі.

Жеке өндіріс – бұл арнайы тұтынушылардың тапсырысы бойынша жеке данамен өндірілетін өнім өндірісі. Бұған, кеме өндірісін, ауыр машина құрылысын, жөндеу жұмыстарын жатқызуға болады.

Сериялық өндіріс – жие аяқталатын және қайтадан басталатын біртипті бұйымдар мен бөлшектерді өндіру өндірісі. Өндірілетні бұйымдар мен бөлшектердің көлеміне байланысты олар ірі және кіші сериялық болып бөлінеді. Оларға станок, құрылғы, тігін өнеркәсіптері жатады.

Массалық өндіріс – ұзақ мерзім бойы үздіксіз өндірілетін өнім өндірісін айтады, оған, отын шығару, метталургия, машина құрылысының кейбір саласы, текстильдік өндіріс, нан өндіріс, балық өндіруді жатқызады.

Өнеркәсіп өнідірісіндегі өнімнің рөліне байланысты негізгі және көмекші деп бөледі.

2.Материалдық шығындар есебі

Негізгі материалдар шығындары тікелей шығындардың бірінші элементі болып табылады (көмекші материалдар жанама шығындар құрамында ескеріледі).

Материалдардың нақты өзіндік құны оларды сатып алуға кеткен шығындарымен анықталады, ал осы шығындардыңқатарына: жабдықтаушылардың босатқан ресурстарын несие ретінде пайдаланғны үшін төленетін пайыздары, комиссиондық сыйақылар, жабдықтау ісін ұйымдастырып жүргізгені үшін төленетін төлемдер, тауарлы биржалар қызметтерініңқұны, кеден баждары, бсқа ұйымдардың күшімен жүзеге асырылатын жеткізу және тасымалдау шығындары жатады.

Негізінен калькуляциялаудың мәнін жан-жақты зерттеу үшін, бірінші кезекте, ондағы қолданатын бағалау әдісімен де танысқан жөн. Бірінші болып орташа деңгейінде алынған (немесе орташа өлшенген) әдісі, ФИФО, сосын ЛИФО сипаттаудан бастаймыз.

Материалдарды пайдалану есебін ұйымдастыруды бастапқы құжаттарды толтыру және оларды көмегімен өндіріске босатылған материалдарды бақылау сияқты жайлардыңүлкен мәні бар. Ең көп таралған болып, лимиттік карталары саналады, сол бойынша өндіріске босатылған материалдарға бақылау жасалынады. Ол құжатта мыналар ескеріледі: операция түрі, қойманың нөмірі, бостылған материалдар, алушы цехтар, шығындар шифры, номенлатуралық нөмірі, босатылған материладрдың аттары, өлшем бірліктері және бір айға жасалға материалдардың шығысының лимиті, ал ол айлықөндірістік жоспарымен және қолданыстағы шығындар нормасымен сәйкес есетелінеді. Материладрды алмастыру үшін толтыратын, оларды бекітілген лимиттен артық босатқан кезде оларды арнайы түрде көрсететін құжаттарымен рәсімделеді, өйткені ол бекітілген нормадан ауытқудың фактісін тіркеуге бейімделген.

Материалдарды босату лимиті де, және рәсімдеу тәсілі де, сонымен бірге рәсімдеудің реквизиттері де згеруі мүмкін: егер ШС лимитті анықтау мақсатында ескінің орнына жаадан толтырылған лимит карталарын жазса, ол басқа субъектілер үшін осы картаға сәйкес жазбаша түрінде тіркелген лимиттіңөзгергені туралы жарлық береді.

3.Еңбекақы шығындары есебі

 

Тікелей шығындардың екінші элементі: негізгі өндірістік жұмысшыларына, есептелген еңбек ақылары болып табылады.

Мерзімді төлем ақысы бойынша төленетін жұмысшылардың еңбек ақыларын есептеу үшін, табель мәліметтерін қолданады.

Жұмысшыларды мерзімнен тыс жұмыстарға тарту кәсіпорынның басшысы бекіткен тізімдеріне сәйкес рәсімделеді.

Еңбек ақының кесімді нысаны бойынша, жұмысшының істеп шығарған өнім санына қарай әр түрлі есеп жүйесі пайдаланады, соның ішінде, өнімді шығарудың операциялық есебі бойынша жүргізілген есебі тура келеді. Олжұмысшыныңөндірген өнімін бақылаушы немесе мастердіңөзі тексереді де, содан соң орындалған әрбір операцияны тіркейді, есетейді және кіріске алады.

Ұсақ сериялық және дербес өндіріс жағдайында өндіру есебі бойынша негізгі алғашқы құжаттары болып істелген жұмысқа жабылған наряды саналады. Онда: тапсырма, оның орындалуы, жұмыс разряды, істелген жұмыстың уақыты, әрбір операция бойынша еңбек ақысының сомасы және т.б. көрсеткіштері бойынша көрсетіледі.

Жұмысшылардың айлық немесе екі апталық ндіуін тіркеуге арналған, жинақтаушы немесебір жолғы да наряды қолданылуы мүмкін.

Сериялықөндірісте жұмысшылардыңөндіру есебі үшін алғашқы құжат ретінде маршрут қағаздары пайдаланады. Оларда белгіленген технологиялық процеске сәйкес өндіріске немесе өңдеуге жіберілгенді өнім түрлерін немесе партиясын тіркейді. Бөлшектердің дәлме-дәл өңделу мен сақталуына бақылау жасау үшін, әрбір операция орындалғаннан кейін ТББ-мі жұмысты қабалдап алады.

Жұмысшының шығарға өнімін анықтау үшін, ауысым басындағы блшек қалдығына (1) ауысым барысында дайындалған бөлшек санын (2) қосады да (1+2), дәл осы қосындыдан ауысым соңында өңделмеген немесе жинақталмаған бөлшек санын шегереді. Осылайшы есептелген әрбір жұмысшыныңөндірген өнімі ең соңында рапортпен немесе өндіру есебінің ведомостарымен рәсімделеді.

Кесімді бағаны нақты өндіріліп шығарылған өнім көлеміне көбейтеді де, жұмысшының жұмысына қарай оның еңбек ақысы рәсімделеді.

Кесімді бағаны нақты өндіріліп шығарылған өнім көлеміне көбейтеді де, жұмысшының жұмысына қарай оның еңбек ақысы шығарылады.

Осы түрде орындалған және рәсімделген есеп айырысулар бухгалтерлік есепте мынадай жазумен көрсетіледі:

“Негізгі өндіріс” шоты дебеттеледі де, “Еңбек ақы бойынш персоналмен есеп айырысу”шоты кредиттеледі.

Дәл осы мезгілде есептелегн еңбек ақыдан бекітілген норматив бойынша: әлеуметтік, зейнетақы және басқа да қорлары бойынша аударылымдар жасалынады.

 

4.Өндірістік үстеме шығындар есебі. Оларды бөліп тарату.

Нақты бір өнімге тікелей апаруға болмайтын, бірақ өндіріспен тікелей байланысты әр түрлі шығындар жиынтығы.

Өндірістік үстеме шғындардың өнімге апарылу себептері:

1. өндірістік үстеме шығындардың өнімге толық таратылмауы баға қалыптастыруда қателер туындауы мүмкін

2. қаржылық есептің стандарты бойынша өнімнің өзіндік құнына оған кеткен шығындар толығымен қосылуы қажет.

Өндірістік үстеме шығындар өнімнің өзіндік құнына тарату үшін 1 – ші тарату базасы анықталады. Көп жағдайда өнім үшін бір ғана тарату базасы анықталады. Тарату базасы ретінде негізгі жұмысшылардың жұмыс істеу уақыты немесе жабдықтаушының жұмыс істеу уақыты алынады.

Үстеме шығындарды тарату ставкасы = үстеме шығындар \ тарату базасы

Өндірістік үстеме шығындардың таратудың заводтық және цехтік ставкасы.

Үстеме шығындарды таратудың заводтық ставкасы кәсіпорын бойынша жалпы қолданылады. Мысалы, белгілі кезеңдегі үстеме шығындар сомасы 100 000тг, тарату базасы жұмысшының жұмыс істеу уақыты 50 000сағ. Заводтық өндірістік үстеме шығындар ставкасы 100 000тг \ 50 000сағ= 2тг\еңб сағ.

Өндірістік үстеме шығындар барлық өнімге бірдей таратылады. Кәсіпорын өнім өндіру үшін А өнімі 18сағ, В өнімі 15 сағ жұмсалды. Сонда А өніміне таратылған үстеме шығындар 36тг, яғни 18сағ x 2тг\еңб сағ= 36тг. Ал В өніміне 15сағ x 2тг\еңб сағ= 30 тг.

Цехтық үстеме шығындарды тарату ставкасын анықтау кезінде, яғни кәсіпорын бірнеше бөлімшеден тұратын болса, әрбір өнімге бөлек тарату ставкасы анықталады.

Мысалы:

 

  А бөлімі В бөлімі С бөлімі Барлығы
Өнд. үст шығ,тг 10 000 60 000 30 000 100 000
Еңбек сағат 25 000 15 000 10 000 50 000
Тарату ставкасы 0,4      

Өнім өндіру үшін:А бөлімі 10 сағ x 0,4тг\еңб сағ= 4 тг

В бөлімі 5 сағ x 4 тг\еңб сағ = 20 тг

С бөлімі 3сағ x 3 тг\еңб сағ = 9тг

Өндістік үстеме шығындар 33 – ке тең. (4тг+20тг+9тг).

 

Үстеме шығындарды таратудың жоспарлы ставкасы.

Өндірістік үстеме шығндарды тарату кезінде нақты мәліметтерге сүйеніп, ставканы анықтау төмендегідей мәселелерге алып келеді:

1. нақты үстеме шығындарды пайдалану үшін есепті кезеңнің соңын күту қажет

2. өндірістік үстеме шығындар айдан – айға өзгеруі мүмкін, яғни бұл үстеме шығындардың тарату ставкасының әр түрлілігін білдіреді.

Сондықтан үстеме шығындарды таратудың жоспарлы ставкасын пайдаланамыз. Жоспарлы ставканы пайдалану төмендегідей қадамдардан тұрады:

1. болжанған үстеме шығындардың көлемін анықтау

2. үстеме шығындар тарату базасын таңдау

3. болжанған үстеме шығындарды тарату базасына бөлу арқылы жоспарланған тарату ставкасын пайдаланамыз

4. анықталған ставканы пайдалана отырып, үстеме шығындарды әрбір өнім түріне таратамыз.

Тәжірибе жүзінде жоспарлы ставканы пайдаланып, таратылған үстеме шығындар мен нақты үстеме шығындар арасында айырмашылық болады, яғни артық немесе кем таратылған үстеме шығындар болады. Бұл ауытқулар төмендегідей 3 шотты пайдалана отырып түзетіледі:

1. сатылған өнімнің өзіндік құны

2. аяқталмаған өндіріс шоты, сатылған өнімнің өзіндік құны және дайын шоттары арасында пропорционалды болуы мүмкін.

Мысалы, компания үстеме шығындарды таратудың жоспарлы ставкасын пайдаланады. Ол 3тг\маш.сағ (жобамен олар жоспарлы 300 000тг\100 000 маш.сағ).

Нақты өнім өндіру үшін, 110 000маш\сағ уақыт жұмсалыныпты. Нақты үстеме шығындар 320 000тг. Таратылған үстеме шығындар = 110 000маш.сағ x 3тг\маш.сағ= 330 000тг, яғни өндірілген өнімнің өзіндік құнынан қосылып кеткен.

Үстеме шығындар

Нақты үст.шығ 320 000 –10 000 Тарат.үстеме шығ 330 000

 

Сатылған өнімнің өз.құны

330 000 10 000

 

Үстеме шығындарды таратудың тікелей әдісі.

Өнім өндіріске тікелей байланысты,өндірістік бөлімшелерден басқа, ұйымда қызмет көрсетуші бөлімшелер болады. Бұл бөлімшелер өндірістік бөлімшелерге және бір – біріне қызмет көрсетеді.

Қызмет көрсетуші бөлімшелердің үстеме шығындарын таратудың кең тараған түрі – тікелей әдіс. Бұл әдіс бойынша қызмет көрсетуші бөлімшелердің үстеме шығындары өндірістік бөлімшелерге тікелей апарылады. Мысалы, бөлімшелер: өндірістік - бұл машина цехы, жинақтау цехы. Қызмет көрсетуші: көмекші цех және материалдық техникалық жабдықтау. Қызмет көрсетуші бөлімшелердің үстеме шығындарын тарату үшін төмендегідей ақпараттар берілген.

 

Көрсеткіштер Қызм көрсетуші бөлімше өндірістік бөлімше барлығы
Көмекші Мат.техн ж Машина жабдықтау
Таратуға дейінгі жоспарл - өнд үстеме шығ 600,0 116,0 400,0 200,0 1 316 000
Қызмет көрсету: көмекші цех Жоспар еңб сағ % қатынас мат\қ техн жабд % қатынас          

 

Көмекші цех: 2400\6400 (2400+4000)=0,375= 37.5% (жинақтау цехына кетеді).

Қызмет көрсетуші бөлімшенің үстеме шығындарын таратудың тікелей әдісі

Көрсеткіштер Қызм көрсетуші бөлімш өндірістік бөлімш барлығы
Көмекші Мат.техн ж Машина жабдықтау
1.таратуға дейінгі жоспарл - өнд үстеме шығ 600,0 116,0 400,0 200,0 1 316 000
2. көмекші цехтің үст шығ тарату % қатынас 3. мат-техн жабд бөлімш\ң үст шығ % қатынас 4. жосп. шығын барлығы (600,0) 116,0 225,0 37,5 103 124 88,9 375,0 62,5 11,1 1 316 000

 

% қатынас (мат-техн жабдықтау) 1600\1800(1600+200)=88.9

Бақылау сұрақтары:

1. Тікелей және жанама шығындар дегеніміз не? Мысал келтір.

2.Өндірістік үстеме шығын дегеніміз не?

3.Үстеме шығындарды тарату ставкасы дегеніміз не?

4.Өндірістік үстеме шығынды таратудың заводтық және цехтық ставкасы.

5.Үстеме шығындарды таратудың жоспарлы ставкасын пайдалану қандай қадамнан тұрады?

6. Үстеме шығындарды таратудың тікелей әдісінің мәні неде?

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. А. К Ержанов, Ә. К Айтанаева, Г. Ш Жұманова, М. С. Баянова, Ә. Е. Иматаева Басқару есебі. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2009 ж. *

2. Друри К. Управленческий и производственный учет. М., Юнити, 2005 г. *

3. Друри К. Управленческий и производственный учет. М., М., Юнити, 2007 г.

4. Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық. Алматы. Экономика 2005ж.*

5. Тайгашинова К. Т. Управленческий учет. Учебное пособие. Алматы: Экономика, 2008 г.

6. Төлегенов Т.Э “Басқару есебі”. Алматы2006 ж.

7. Ч.Хорнгрен, Дж.Фостер, Ш.Датар Управленческий учет. 10 издание «Питер» Санкт – Петербург, 2007 г.

4 -Тақырып. Өндірістік шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері. Үрдіс-пе-үрдіс калькуляциясы.

1. Дәрістің мақсаты: Үрдіс-пе-үрдіс тәсіл көбіне өнеркәсіптің кен өндіруші және энергетика салаларында қолданылатыдығын ашып көрсету.

Дәріс сұрақтары:

1. Аяқталған өнім өндірісінде процестік калькуляциялау

2. Аяқталмаған өндірісте процестік калькуляциялау

3. Есепті мерзім басындағы және аяғындағы аяқталмаған өндіріс

1. Өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақытылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өндірістегі өнімнің нақтылай түрін

өндіру мен өткізуге,сондай-ақ көрсетілген қызмет бірліктерін(жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т.б) орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады.

Процестік әдіс бірнеше өңдеу сатысынан өтетін біртүрлі өнім өндіретін кәсіпорындарда қолданылады. Мысалы, химия өнеркәсібі, шыны, ірімшік, ұн, және жарма өнімдері. Әр бір бөлімше немесе процесс бойынша белгілі бір кезеңдегі шығындар жинақталынады. Шығындардың үлес салмағын анықтау үшін жалпы шығындар өнім санына бөлінеді. Өнімдер бірнеше үрдістерден немесе бөлімшелерден өтеді. Әр бір процесте шығындар өнім құнына апарылады. Өндірістік процесс соңында барлық шығындар жинақталып, бір дана өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін жинақталынады.

Бұл тәсіл кеңінен тараған.Ол технологиялық процестің жеке сатыларында бастапқы шикізатты қайта өңдеу жолымен өнім алатын барлық кәсіпорындарда қолданылады. Калькуляциялау объектісі ретінде бөліс деп аталатын өндіріс кезеңі болғандықтан, бұл тәсіл бөлістік деп аталады. Мұндай жартылай өнімді шығарумен аяқталатын технологиялық процестің біткен бөлігі бөлістік деп түсіндіріледі.Жартылай өнімнің бөлінуі оның өз пайдалану бағыты бойынша, яғни басқа жаққа өткізілуі мүмкін болған жағдайда жүзеге асырылады.

Үздіксіз жалғасып отыратын өндіріс процесінде бірнеше кезең бойы бастапқы шикізатты өңдеу арқылы шығарылатын дайын өнім. Мұндайда өнімнің бір бөлігі барлық қарастырылған кезеңдерден өтіп,қайта өңделген түпкілікті өнім ретінде өткізіледі, басқа бөліктері алғашқы кезеңдердің бір немесе бірнеше кезеңдерінен өтеді.

Өндірістік шығындарды аяқталмаған өндіріс, дайын өнім және сатылған өнімнің өзіндік құнына апару кезінде орташа құн және ФИФО әдістері қолданылады.

1. Орташа құн әдісі. Бұл әдіс кезінде кезең бойы шығарылған шығындармен кезең басындағы аяқталмаған өндірістің сомасының орташасы анықталынады. Эквивалентті өндірісті есептеу кезінде кезең бойы аяқталған бірлік сомалары мен аяқталмаған өндірістегі эквивалентті бірліктер жинақталынады. Соңында жалпы шығындар (кезең басындағы аяқталмаған өндіріс шығындары мен ағымдағы шығындар). Эквиваленттік бірлікке бөлу арқылы бір дана өнімді өндіруге кететін шығынды анықтаймыз.

2. ФИФО әдісі бойынша кезең соңындағы қорлар кезең бойы шығарылған өндіріс шығындар бойынша бағаланады. Эквиваленттік өндірісті есептеу барысында3 элемент анықталынады:

1) Кезең басындағы аяқталмаған өндірістегі өңдеуді толық өткен бірліктер


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1465 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жоспарлы калькуляция 4 страница| Жоспарлы калькуляция 6 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.023 сек.)