Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жоспарлы калькуляция 4 страница

Жоспарлы калькуляция 1 страница | Жоспарлы калькуляция 2 страница | Жоспарлы калькуляция 6 страница | Жоспарлы калькуляция 7 страница | Жоспарлы калькуляция 8 страница | Жоспарлы калькуляция 9 страница | Жоспарлы калькуляция 10 страница | Жоспарлы калькуляция 11 страница | Жоспарлы калькуляция 12 страница | Жоспарлы калькуляция 13 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Есеп қорытындыларын пайдаланушылар.

Қаржылық есеп - ең бастысы, сыртқы пайдаланушылар.

Есеп жүргізу тәсілдері

Қаржылық есеп - шоттар мен екі жақты жазу, кұжаттама мен түгендеу негізгі элементтер болып қызмет етеді.

Есептің екі түрін біріктіретін ең маңызды белгі - олардың ақпараты шешім қабылдау үшы қажет екендігін атап айтқан жөн. Сонымен, қаржылық есептің мәліметтері инвесторларға кәсіпорынның даму келешегін бағалауда жәрдемдеседі. Басқару есебінің мәліметтері баға белгілеу, шығындарды азайту және т.б.

Басқару есебі бұл әдістерді қолданады, бірақ үнемі емес. Ақпарат жазу міндетті түрде қосарлы жүйе бойынша жүргізілмейді, яғни кез келген пайдалы жүйе қолданылады.

5. Есеп жүргізу тәсілдерін еркін тандау

Қаржылық есеп қаржылық ақпараттың жазылуын, бағалауын және берілуін реттейтік бухгалтерлік есепті жүргізудің жалпыға бірдей принциптерімен есептелген, яғни ол белгілі бір дәрежеде орталықтандырылған. Көпшілікке арналған қаржылық есептілік міндетті аудиторлық тексеруге жатады.

Басқару есебі басқарушылардың мақсаттары мен міндеттеріне орай ұйымдастырылады мемлекет ешқандай реттемейді, ең тиімді басқару шешімдерін қабылдауға байланысты табыстармен салыстыруға болатын қүннан басқа ешқандай шектер жоқ, кәсіпорын мүддесіне қызмет етеді, оның қаржылық есептен артықшылығы да осында. Басқару есебі көбіне қисынға (логикаға) және тәжірибеге немесе жалпы қолайлылығына негізделген. Бұл орайда басқару есебінің орталықтандырылмауы туралы да айтуға болады.

6. Есеп ақпаратын ұсыну түрлері

Қаржылық ақпарат ұйымдастыру-құқықтық түрлеріне қарамастан, барлық кәсіпорындар үшін бірыңғай, ҚР Қаржы министрлігі, Мемлекеттік салық қызметі және басқа орталық ведомостволар бекіткен формалар бойынша салық инспекциясы органдарына ұсынылады.

Басқару есебінің қорытындылары еркін формада ұсынылады; міндетті формалар, бланктер жоқ. Оның үстіне, басқару есебін жүргізу немесе жүргізбеуді ұйымның өз басшысы шешеді.

7. Есеп ақпаратының өлшеуіштері

Шаруашылык процестерін жинақтап қорыту үшін қаржылық есепте ақшалай бірліктер қолданылады.

Басқару есебі жөніндегі мамандар жұмыстарында өлшеуіштердің барлық түрлерін: заттық, еңбек, ақшалай, яғни келгенін пайдаланады.

8. Ақпараттың ашық көрсетілу дәрежесі

Қаржылық есепте - коммерциялық құпия емес, ашық деп саналады, кейбір жағдайларда тәуелсіз аудиторлар растайды.

Басқару есебінде коммерциялық құпия болып табылады, жариялауға болмайды және кұпия сипатта.

9. Шығындарды топтастыру

Қаржылық есепте шығындар өндіріске шығатын шығыстардың біртекті түрі деп түсінілетін экономикалық элементтері бойынша топтастырылады. Элементтер бойынша шығындарды, топтастыру мынадай сұраққа жауап береді: есептік кезеңде өндірісте не жұмсалады? Қаржылық есепті жүргізу мақсатымен экономикалық элементтердің мынадай тізбесі белгіленген:

• материалдық шығындар;

• еңбек өтеуге шыққан шығыдар;

• әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар;

• амортизация;

• басқадай шығындар.

Мұндай тіктеу қаржылық есептеуде іс-әрекеттің әдеттегі түрлері бойынша нәтижені (лайда немесе шеккен зиян) анықтауға мүмкіндік береді.

Басқару есебінде шығындар калькуляция баптары тұрғысынан шығысты көтеретіндер бойынша топтасады. Шығынды көтеруші ретінде сыртқы рынокта да, ұйым ішінде өткізуге арналған кәсіпорындардын өнім (жұмыс, көрсетілген қызмет) түрлері түсініледі. Калькуляция баптары бойынша шығындарды жіктеу мына сұраққа жауап береді: ресурстар неге жұмсалды және қайда?

Өнеркәсіп орындары үшін мынадай калькуляциялык баптар тән:

• шикізат пен материалдар;

• қайтарымды қалдықтар (шегеріледі);

• отын және технологиялық қажеттіліктерге энергия;

• сатып алынатын жартылай өнімдер, құрастырмалы бұйымдар, басқа жақтағы кәсіпорындар мен ұйымдардыңөндірістік сипаттағы жұмыстары мен көрсеткен қызметтері;

• өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбекақысы;

• өндірістік жұмысшылардың қосымша еңбекақысы;

• әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар;

• өндірісті дайындау мен игеруге шығындар;

• жабдықты ұстау мен пайдалану шығындары;ақау шығындары;цехтықшығындар;

• жалпызаводтық шығындар;

• өзге өндірістік шығындар;

• коммерциялық шығындар.

Алайда әрбір кәсіпорын қандай баптар бойынша шығындарды жіктейтіндігін өз бетінше шешеді,

10. Есептің негізгі объектісі

Қаржылық есепте кәсіпорынның шаруашылық қызметі біртұтас ретінде қабылданады.

Басқару есебінде негізгі назар жауапкершілік орталықтарына аударылады.

11. Есепті жасаудың мерзімділігі

Қаржылық есепте - заңнамалық нормативті актілермен белгіленеді. Кәсіпорын толық қаржылық есеп жыл қорытындысы бойынша, толық емес - тоқсан сайын жасалады.

Басқару есебінде есептер қажетгілігіне қарай: ай сайын, апта сайын, күн сайын, ал кейде - әр түрлі деңгейдегі басшылардың сұраулары бойынша шұғыл жасалады.

12. Ақпараттың сенімділік дәрежесі

Қаржылық есеп құжатпен расталған, бірақ бұған қарамастан, оның бағалары шүбәсіз дәл болмауы мүмкін.

Басқару есебінің ақпараты көбіне есептік сипатта болады және бухгалтерлік есеп шоттарындағы операциялармен байланысты емес. Нәтижесінде басқару есебінде жуық бағалаулар жие қолданылады.

13. Базистік құрылым

Қаржылық есеп негіз қалаушы баланс теңдеуіне кұрылады: Актив = Өзіндік капитал + Сыртқы міндеттемелер.

Басқару есебінің құрылымы осы ақпаратты пайдаланушылардың қорына байланысты.

14. Уақыт аспектісі

Қаржылық есепте - өткенге бағытталу. Басқару есебінде -болашақты бағдарлау.

15. Есептердің әдістемесі

Қаржылық есептердін материалдары бастапқы бухгалтерлік мәліметтерге көбірек сүйенеді.

Басқару есебінде есептесулер, ең алдымен, ұйым ішіндегі барлық бөлімшелерге шоғырланған, өткен кезең материалдарын талдау мен болашақты болжау бағаларының, бастапқы мәліметтердің үйлесіміне негізделеді.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Басқару есебі нені оқытып үйретеді?

2.Басқару есебінің мәні, маңызы неде?

3. Басқару есебінің объектілері, тәсілдері мен міндеттерін қалай түсінесіз?

4. Басқару есебінің құрамдас бөліктері мен принціптерін анықтаңыз.

5. Ұйымның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебінің алатын орыны қандай?

6. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы дегеніміз?

7. Басқару есебі мен қаржылық есепке салыстырмалы сипаттама беріңіз.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. А. К Ержанов, Ә. К Айтанаева, Г. Ш Жұманова, М. С. Баянова, Ә. Е. Иматаева Басқару есебі. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2009 ж. *

2. Друри К. Управленческий и производственный учет. М., Юнити, 2005 г. *

3. Друри К. Управленческий и производственный учет. М., М., Юнити, 2007 г.

4. Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық. Алматы. Экономика 2005ж.*

5. Тайгашинова К. Т. Управленческий учет. Учебное пособие. Алматы: Экономика, 2008 г.

6. Төлегенов Т.Э “Басқару есебі”. Алматы2006 ж.

7. Ч.Хорнгрен, Дж.Фостер, Ш.Датар Управленческий учет. 10 издание «Питер» Санкт – Петербург, 2007 г.

2-Тақырып Шығындардың жіктелуі. Өндірістік шығындар есебі: материалдық және еңбекақы шығындары. Үстеме шығындар есебі және оларды тарату әдістері.

Дәріс мақсаты: өнімге кеткен шығындар, кезең шығындары, шешім қабылдау, бақылау үрдісіндегі шығындарды оқыту

1. Шығыстың шығыннан айырмашылығы

2. Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу

3. Өнімнің және алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу

4. Шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу

5. Жауапкершілік орталықтарының өндірістік қызметті бақылау мен реттеу үшін шығындарды жіктеу

1. Шығыстың шығыннан айырмашылығы

Басқару есебі ұйымның менеджерлері мен басшыларына шешім қабылдау, жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен реттеу үшін ақпарат бере отырып, қызмет етеді.

Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ыкпалды жүйесін құру қажет.

Бухгалтерлік ақпаратты жіктеудің көптеген сызбалары бар, одардың біреуін эталон деп бөлу мүмкін емес, өйткені жіктеу сызбасы ақпараттағайындауына байланысты.

Шығындарды жіктеу әр түрлі белгілер бойынша жүргізіледі: өндіріс процесіндегі экономикалық рөл (негізгі және қосымша); өнімнің өзіндік құнына кіргізу әдісі (тікелей және жанама); өндіріс көлеміне қатысты (өзгермелі және тұрақты).

Шешілетін міндеттеріне қарай шығыстарды жіктеу: өнімнің өзіндік құны мен апынған пайданы есептеу - келген және шыққан, өндірістік және кезеңдік; бағалауда есепке апынатын және алынбайтын, болашақ кезеңнің шығындарын жоспарлау мен шешім қабылдау, қайтарымсыз (өткен кезең шығыстар), жүктелген, өсіммен артатын және шектік; бақылау мен реттеу; реттелетін және реттелмейтін.

Өндіріске шығынды есептеу жүргізетін бағыт - өндіріске арналған шығындар есебін мақсатты түрде дербес есептеуді талап ететін қызмет аумағы. Тауардың өзіндік құнын калькуляциялау, яғни шын мәнісінде қайсыбір қызмет адамының пайдаланылған ресурстарды бағалау қажет деп ойлайтыннынбәрі де өндіріске жұмсалған шығысты есептеу бағыттарынын мысалы болып табылады. Шығындар есебі жүйесі екі негізгі іс-қимыл үшін өндірістік шығындар туралы ақпаратты жинайды: жұмыс күшіне шыққан шығындар, материалдар немесе қосымша шығындар (немесе шығындар қарқыны бойынша, мысалы, өзгермелік және тұрақты шығындар) сияқты белгілі бір категориялар бойынша жіктейді және оларды есеп бағыттары бойынша бөледі.

 

Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. Шығысдарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.

Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.

Шығындар - шаруашылық іс-әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдары мен керек-жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге алынған) тұтынылған материалдық еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, «шығындар» ұғымы «өндіріске шыққан шығындар» дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан шығындар - өнімді (жұмысты, көрсетілген -қызметті) өндіру барысында тұтынылған ресурстар бөлігі.

Көбіне экономикалык әдебиетте «шығыстар» мен «шығындар» түсінігі ұқсастырылып, тендестіріліп жүр, алайда бұлардың үлкен айырмашылықтары бар. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес шығысқа шеккен зиян да шыққан шығын да кіреді. Қазақстан Республикасындағы 2002 жылдың 29 қазанындағы №542 «Қаржылық есепті ұсынуғаарналған тұжырымдамалық негіздерге» сәйкес шығыстарға ұйымның және т.б. негізгі қызмет барысында туындайтын шығыстар кіреді. Активтердің азаюына немесе сенімді өлшенетін міндетгемелердің ұлғаюына байланысты болашақ экономикалық пайданың кемуі ұйымның шығыстары деп танылады.

Басқаша айтсақ шығыстарды ұйымның кіріс алуына байланысты көтерген шығындарының бөлігі деп түсіндіруге болады.

2. Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу

Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы оны қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі. Өндіріс шығындары - өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру мен өткізуге жұмсалған қоғамдық еңбек шығындары.

Өндіріс шығындарының басқару есебі кәсіпорынның негізгі мақсатын орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен, осы және болашақ шығынды қолдануды талдаудан тұрады. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.

Шығындар-басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн.

Өндіріс шығындарын жіктеу.

Негізгілер - өндірістің технологиялық процусімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадан шығындар.

Қосымшалар - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.

Тіклейлер - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, аударымдар (ақша аударулар). Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы - автосервис бөлімшесінің тікелей шығындары, автомобильді бояу цехында қолданылатын бояудың құны - тікелей бояу цехының шығындары).

Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарнамаға шығыңдар - субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады.

Шығындар бір бөлімше үшін тікелей, екіншілері үшін жанама (завод менеджерінің еңбек ақысы - кейбір бөлімшелер үшін қосымша шығындар, алайда бүкіл завод үшін тікелей шығын) болуы мүмкін.Тура және жанама етіп бөлу салалық ерекшеліктерге, өндірісті ұйымдастыруға, өнімнің өзіндік құнынын калькуляциялаудың қабылданған тәсіліне (көмір өнеркәсібінде, энергетикада - барлық шығындар тікелей байланысты).

Кешенділер - бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамның еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бір элементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар).

Өзгермелілер - мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгеретіндер (өндірстік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялык энергия, отын және т.б.) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді.

Мысалы, егер өндіріс көлемі 10%-ке көбейсе, жалпы өзгермелі шығындар да 10%-ке ұлғаяды.

 

1-сурет. Өндіріс келемі мен өзгермелі шыгындар сомасы арасындағы тәуелділік

 

1-суреттен және 1-кестеден көрініп тұрғандай, өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне сайма-сай (пропорциональды) өседі. Өндіріс көлемі екі есе 100-ден 200 бірлікте дейін өссе қалпы өзгермелі шығындар 1000-нан 2000 теңгеге дейін ұлғаяды. Алайда өзгермелі шығындар өнім бірлігін есептегенде көлем өзгергенде тұрақты болып қалады. Бірінші, екінші, оныншы бірлік болғанына қарамастан. Сондықтан өзгермелі және тұрақты шығындар шартты-өзгермелі немесе шартты-тұрақты деп саналады, өйткені олар қосарлы рөл атқарады, бірақ әр түрлі көзқарас тұрғысынан.

1. Өзгермелі шығындардың өнім өндірісі көлеміне тәуелділігі

 

Тұрақтылар - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік (жылыту, өндістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу жарнамаға шығындар және т.б.). Егер көлем 10%-ке ұлғайса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығындарөзгермей қалады, бірақ бір бірлікке тұрақты түседі.

 

 

4-суреттен өндіріс көлемі өзгерген кезде, тұрақты шығындар, өзгеріссіз қалатыны көрінеді. Егер өндіріс көлемі 10%-ке азайса, онда жалпы тұрақты шығындар өзгерссіз қалады. Егер өндіріс көлемі бір бірлікке тең болса, онда тұрақты шығындар 300 теңгені құрайды, бірақ тұрақты шығындар өндіріс көлемі бір бірлікке ұлғайса,

2.Тұрақты шығындардын өнім бірлігіне шаққанандағы реті (тәртібі)


 

Өнім бірлігіне шакқандағы тұрақты шығындар өндіріс көлемінің ұлғаюына қарай төмендейді.

 

3. Өнімнің және алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу

Кез келген шығындарды жіктеу-басшыға дұрыс, тиімді негізделген шешімдерді қабылдауға көмектесу: кез келген деңгейдегі басшы мұның қандай шығын мен пайда әкелетінін білуге міндетті. Сондықтан шығындарды жіктеу процесінің мәні де басшы ықпал ете алатын шығындар бөлігін бөліп көрсетуде.

Өзіндік кұнды және алынған пайданы анықтау үшін шығындар былайша жіктеледі:

- кіретін (входящие) және өтіп кеткен (истекшие);

- тікелей және жанама;

- негізгілер мен қосымшалар;

- өнімнің өзіндік құнына кіретін және өндірістен тыс(кезең шығыстары);

- Бірэлементті және кешенді.

Кіретін (входящие) шығындар алынған және барресурстар, күткендегідей, болашақта табыс әкелуге тиіс. Олар баланста өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауар түрінде актив ретінде көрсетіледі.

Өтіп кеткен (истекшие) шығындар - осы шақта кіріс алу үшін жұмсалған және болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі. Жоғалтқан ресурстар. Оларға өткізілген өнім өндірісіне шыққан шығын құрамында көрсетілді, яғни кірген шығындар өткен шығындарға айналды. Шығындарды кіретін және өтіп кеткен деп дұрыс бөлу өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін, пайдамен шығынды (зиянды) есептегенде, кәсіпорын активтерін бағалағанда маңызды мәнге ие болады.

Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына жатқызу әдістеріне байланысты жиындар тікелей және жанама болып бөлінеді.

Мұндай шығындар өнімнің жекелеген түрлері арасында жанама жолмен кәсіпорынның бөлу негізін таңдауына байланысты бөлінеді. Жанама шығындарға жалпы өндірістік шығыстарды, жабдықты ұстау мен пайдалануға жұмсалған шығыстар, басқару шығыстарын және т.б. жатқызуға боладу. Жанама шығындардың ерекшелігі - ауқымды негіз (база) шегінде өзгермеуі (шығындар тұрақты болып қалатын, өндіріс көлемінің белгілі бір аралығы).

4. Шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу

Бухгалтерлік басқару есебінің мақсаты басқару шешімдерін,яғни келешекке арналған шешімдерді қабылдауға қажетті ішкіпайдаланушылар үшін ақпаратты дайындау болып табылады.Күтілетін шығыстар мен кірістер туралы түрлі мәліметтер ұсынылуы тиіс. Бұл үшін мынадай шығындар бөліп көрсетеді:

a) өзгермелі, тұрақты, шартты-тұрақты - өндіріс (сату) көлемінің өзгеру әсеріне байланысты;

b) бағалауда есепке қабылданатын және қабылданбайтын шығындар;

c) қайтарымсыз шығындар (өткен кезең шығындары);

d) жүктелген шығындар (немесе кәсіпорынның пайдалана алмаған пайдасы);

e) жоспарланатын және жоспарланбайтын шығындар;

f) өсетін және шекті шығындар мен кірістер.

5.Жауапкершілік орталықтарының өндірістік қызметті бақылау

мен реттеу үшін шығындарды жіктеу

Шығындарды бақылау мен реттеу мақсатымен мынадайжіктеу қолданылады:

- реттелетін және реттелмейтін;

- тиімді және тиімді емес;

- мөлшер (норма) шегінде және мөлшерден ауытқулар;

- бақыланатын және бақыланбайтын.

Жауапкершілік орталықтары бойыншатіркелетін шығындармен табыс жауапкершілік орталығының менеджерімен реттелетін және ретгелмейтіндерболып жіктеледі.

Реттелетіндер – сомасы менеджер тарапынан болатын ықпалға байланысты, жауапкершілік орталықтарында тіркелген шығындар. Жалпы кәсіпорын бойынша барлык шығындар реттеледі, бірақ нақтылы атқарушы барлык шығындарға арер ете алмайды. Егер атқарушы шығын деңгейін реттей немесе елеулі әсер ете алса, онда бұл шығындар осы орындаушы реттей алатын болып белгіленеді. Мысалы, кәсіпорын әкімшілігі өндірістік қорлар алуды реттеуге, адамдарды жұмысқа жалдауға және т.б. құқығы бар, өндірістік бөлім басшысы мұндай шығындарға ықпал етпейді.

Деңгейіне қызметкер елеулі ықпап ете алмайтын шығындар осы қызметкер реттейтіндер болып белгіленеді. Көптеген шығындар толықтай жеке атқарушының қарауында болмайды. Мәселе шығындарды кім бақылайтындығында емес, кім шығын деңгейіне әсер ете алатын жағдайда екендігінде.

Бақылау сұрақтары:

1. Шығындар дегеніміз не?

2. Шығындар мен шығыстардың айырмашылығы.

3. Өндірістік шығындар қалай жіктеледі?


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 776 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жоспарлы калькуляция 3 страница| Жоспарлы калькуляция 5 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.027 сек.)