Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жоспарлы калькуляция 9 страница

Жоспарлы калькуляция 1 страница | Жоспарлы калькуляция 2 страница | Жоспарлы калькуляция 3 страница | Жоспарлы калькуляция 4 страница | Жоспарлы калькуляция 5 страница | Жоспарлы калькуляция 6 страница | Жоспарлы калькуляция 7 страница | Жоспарлы калькуляция 11 страница | Жоспарлы калькуляция 12 страница | Жоспарлы калькуляция 13 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Ә. Сату көлемі бойынша ауытқу

(Сатудың нормативті көлемі – Сатудың нақты көлемі) х Бірлікке шаққандағы нормативті маржиналды кіріс.

2.Негізгі өндірістік материалдардың ассортименті мен өнімнің түсімдері бойынша ауытқулар Көптеген салаларда, әсіресе өңдеуші салада бастапқы материалдардың ассортиментін өзгертіп, өнім түсімінің шамасына әсер етуге болады. Нормативтік ассортиментті анықтау үшін зертханалық зерттеулер немесе техникалық талдау жүргізу керек. Материалдардың әр түрлі ассортиментімен байланысты шама есептелсе, ал нормативтік ассортимент шығарылатын өнім бірлігінің өзіндік құны сапасы жөніндегі талапты бір уақытта қанағаттандырған кезде минималды болатын материалдар жинағының негізінде анықталады. Мұндай жағдайда көбіне ымыраға келуге тура келеді.

Бастапқы материалдардың нормативтік ассортиментінен кейін менеджерлер жалпы өнімнің түсімі мен шығарылатын өнім бірлігінің өзіндік құнына ықпал етулері мүмкін. Мұндай ауытқулар материалдар бағасын бағасын өзгертумен байланысты саналы іс-әрекеттің нәтижесі ретінде, немесе тиімсіз жұмыстың нәтижесі болмаса нормативтік ассортиментке қол жеткізуге қабілетсіздіктен болуы мүмкін. Ассортимент пен өнімдердің түсімі бойынша ауытқуларды есептей отырып, нормативтік ассортиментте нақты шығыстар мен шығындардың арасында қаншалықты айырмашылық бар екендігін айғақтайтын көрсеткішті алуға болады.

Материалдар мен жұмыс шығыны бойынша ауытқу.

Тікелей материалдар мен тікелей жұмыс үшін ауытқудың екі түріне, яғни,

бағаның немесе ставканың ауытқуы, сондай-ақ сан мен өнімділіктің

ауытқуына бөлінеді. Ауытқуды есептеуді теңдеу (1) немесе схема (2) түрінде көрсетуге болады.

(1)

Материалдың бағасының     Материалдың пайдаланудың ауытқуы     Еңбекақы ставкасының ауытқуы   Еңбек өнімділігінің ауытқуы = нақты сатып алынған сан х (нақты баға – нормативтік баға)   = нормативтік баға х (нақты пайдаланылған сан – нақты шығарылатын нормативтік сан)   = нақты жұмыс істелген сағат х (нақты ставка – нормативтік ставка)   = нормативтік сатвка х (нақты жұмыс істелген сағат – нақты шығарылатын нормативтік уақыт)

 

(2) Тікелей материалдар

Нақты сатып алынған сан х нақты баға Нақты сатып алынған сан х нормативтік баға Нақты шығарылатын нормативтік сан х нормативтік баға

 

Бағаның ауытқуы  

 

Нақты пайдаланылған сан

х нормативтік баға

Пайдаланудың ауытқуы

 

 

 

Тікелей жұмыс

Нақты сағаттар х нақты ставка Нақты сағаттар х нормативтік ставка Нақты шығарудың нормативтік уақыты х нормативтік ставка  

 

Ставканың ауытқуы Өнімділіктің ауытқуы

 

3.Өндірістік қосалқы шығынның аутықуы

Өндірістік қосалқы шығынның ауытқуы ауыспалы және тұрақты өндірістік шығынның ауытқуына келесідей бөлінеді: Ауыспалы қосалқы шығынның ауытқуы:

1. Пайдаланудың аутықуы;

2. Тиімділіктің ауытқуы;

3. Жалпы ауытқу (икемді сметадан ауытқу).

Тұрақты қосалқы шығынның аутықуы:

1. Пайдаланудың аутықуы;

2. Тиімділіктің ауытқуы;

3. Жалпы ауытқу (икемді сметадан ауытқу).

Бухгалтер бұл әдісті қолдана отырып, нормативтік өзіндік құн мен одан ауытқуды анықтау ісімен шұғылданады. Нормативтік есеп әдісінің негізгі принциптері мыналар:

1. Кәсіпорын қолданысындағы норма мен сметаның негізінде әр бұйым бойынша өзіндік құнның нормативтік калькуляциясын алдын ала жасау.

Бұл принцип бастапқы технологиялық, конструкторлық, қаржылық және әкімшілік құжаттары негізінде есептелетін нормативтік, сметалық (бюджеттік) көрсеткіштерін қамтитын нормативтік базасы бар кәсіпорында ғана жүзеге асырылуы және басқарудың әр түрлі қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін: өндірістік және коммерциялық процеске кететін шығынның нормативтік сомасын анықтау, өндірістегі және шаруашылық мақсаттарына материалдық, отын-энергия ресурстарын босатуды, еңбекақы қорының есеп айырысуын, қызметкерлердің санын, басқару аппаратының шығын сметасын, бағаны босату жобаларын және т.б. шектеу.

2. Нормативтік өзіндік құнды түзетуге арналған бір ай ішіндегі норма есебі, норманың өзгеруіне себепші болған бұл өзгерістердің өнімнің өзіндік құнына және шаралардың тиімділігіне әсерін анықтау.

3. Норма және нормадан ауытқу бойынша шығындарға бөлетін бір ай ішіндегі нақты шығын есебі.

4. Сондай-ақ олардың пайда болған орны бойынша нормадан ауытқу себептерін талдау.

5. Нормадан ауытқуды және норманың өзгеруін, нормативтік өзіндік құнның сомасы ретінде шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау.

Нормативтік шығын есебінің жүйесі кеңінен қолданылады, сондықтан ол әр түрлі мақсаттардың нағыз өзіне арналған шығындар туралы деректермен қамтамасыз етеді. Нормативтік шығын есебі жүйесінің негізгі мақсаттары мыналар:

• сметаны жасауда және басқару тиімділігін бағалауда көмектесу;

• жоспармен үйлеспейтін (келіспейтін) операцияларды анықтауға бағытталған бақылау сызбасын, яғни схемасын жасау. Бұл схема менеджерлерге түзетудің мүмкін шараларын керек ететін ұнамсыз ахуалдардың пайда болғаны туралы ескертуі қажет.

• шешім қабылдауға пайдаланылатын болашақта болатын шығынды болжау;

• тауарлы-материалдық құндылықтар қорын бағалау мақсатында түпкілікті өнімге шығынды көшіру міндетін оңайлату;

• қол жеткізуге аса қажетті мақсаттарды белгілеу.

Бухгалтер бұл әдісті қолдана отырып, нормативтік өзіндік құн мен одан ауытқуды анықтау ісімен шұғылданады. Нормативтік есеп әдісінің негізгі принциптері мыналар:

1. Кәсіпорын қолданысындағы норма мен сметаның негізінде әр бұйым бойынша өзіндік құнның нормативтік калькуляциясын алдын ала жасау.

Бұл принцип бастапқы технологиялық, конструкторлық, қаржылық және әкімшілік құжаттары негізінде есептелетін нормативтік, сметалық (бюджеттік) көрсеткіштерін қамтитын нормативтік базасы бар кәсіпорында ғана жүзеге асырылуы және басқарудың әр түрлі қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін: өндірістік және коммерциялық процеске кететін шығынның нормативтік сомасын анықтау, өндірістегі және шаруашылық мақсаттарына материалдық, отын-энергия ресурстарын босатуды, еңбекақы қорының есеп айырысуын, қызметкерлердің санын, басқару аппаратының шығын сметасын, бағаны босату жобаларын және т.б. шектеу.

2. Нормативтік өзіндік құнды түзетуге арналған бір ай ішіндегі норма есебі, норманың өзгеруіне себепші болған бұл өзгерістердің өнімнің өзіндік құнына және шаралардың тиімділігіне әсерін анықтау.

3. Норма және нормадан ауытқу бойынша шығындарға бөлетін бір ай ішіндегі нақты шығын есебі.

4. Сондай-ақ олардың пайда болған орны бойынша нормадан ауытқу себептерін талдау.

5. Нормадан ауытқуды және норманың өзгеруін, нормативтік өзіндік құнның сомасы ретінде шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау.

Нормативтік шығын есебінің жүйесі кеңінен қолданылады, сондықтан ол әр түрлі мақсаттардың нағыз өзіне арналған шығындар туралы деректермен қамтамасыз етеді. Нормативтік шығын есебі жүйесінің негізгі мақсаттары мыналар:

• сметаны жасауда және басқару тиімділігін бағалауда көмектесу;

• жоспармен үйлеспейтін (келіспейтін) операцияларды анықтауға бағытталған бақылау сызбасын, яғни схемасын жасау. Бұл схема менеджерлерге түзетудің мүмкін шараларын керек ететін ұнамсыз ахуалдардың пайда болғаны туралы ескертуі қажет.

• шешім қабылдауға пайдаланылатын болашақта болатын шығынды болжау;

• тауарлы-материалдық құндылықтар қорын бағалау мақсатында түпкілікті өнімге шығынды көшіру міндетін оңайлату;

• қол жеткізуге аса қажетті мақсаттарды белгілеу.

 

 

Бақылау сұрақтары:

5. Ауытқу дегеніміз не?

6. Ауытқу түрлерін атаңыз?

7. Нормативтік шығындарға түсінік беріңіз?

8. Нормативтік әдістің модификацияларына тоқталыңыз?

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Төлегенов Т.Э “Басқару есебі”. Алматы 2006 ж.

2. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет. М., Аудит, 1998 г. *

3. Друри К. Управленческий и производственный учет. М., Юнити, 2005 г. *

4. Друри К. Управленческий и производственный учет. М., М., Юнити, 2007 г. *

5. Ч.Хорнгрен, Дж.Фостер, Ш.Датар Управленческий учет. 10 издание «Питер» Санкт – Петербург, 2007 г.

 

9 тақырып. Стандарттық калькуляция.

Дәріс мақстаы: нормативтік калькуляциялаудан ерекшелігін айқындау.

Дәріс сұрақтары:

1.Ауытқуларды есептеу және оларды талдау

2. Стандарттық калькуляция

1. Ауытқуды компьютердің бағдарламасына салынған бірқатар формуланың көмегімен есептеуге болады. Алайда осы тәсілді қолданып оның қандай ауытқу екенін және оның неден пайда болғанын анықтау мүмкін емес. Әрбір ауытқуды талдай келе, біз негізінен оның мазмұнына назар аударамыз, өйткені материалды зерделеу шамасына орай біз әрбір ауытқуды есептейтін формуланы өзіміз шығара алатын боламыз.

Осы тарауда зерттелген барлық аутықулар 12.1-мысалдың деректері бойынша көрнекіленген. Осы жағдайда жалпы мысал оңайлатылған және тек тәсілдемені көрсетуге арналғандықтан, ауытқу егжей-тегжей қарастырылмағанына назар аударыңыз. Нақты жағдайда бірқатар өнімдерді, операциялар мен жауапкершілік орталықтарын ескеру қажет болады, алайда дәл қазір бұл негізгі тұжырымдар мен қолданылатын тәрітптемелердің мәнін дұрыс түсінуге көмектеспейді.

 

1-мысал.

Alpha өңдеу компаниясы Сигма деп аталатын жалғыз бұйым шығарады. Оның шығару үдерісі бір операциядан тұрады. Осы операцияның нормативтік шығындары төмендегі картада келтірілген.

Сигма бұйымының нормативтік шығындарының картасы

Негізгі өндірістік материалдар А материалының 2 кг 1 кг-мы 10-нан В материалының 1 кг 1 кг-мы 15-тен Негізгі қызметкерлердің еңбегі Ауыспалы қосалқы шығындар (3 с. негізгі қызметкерлердің 2 сағ еңбегі үшін) Жалпы ауыспалы нормативтік шығындар Нормативтік пайда маржасы Нормативтік сату бағасы     20,00 15,00 27,00 6,00   68,00 20,00 88,00

Сәуірде компания Сигма бұйымының 10 000 бірлігін шығаруды жоспарлап отыр. Нормативтік шығын картасындағы деректердің негізінде жасалған сметаның түрі келесідей болады.

 

Нормативтік шығын бойынша өзіндік құн калькуляциясы және ауытқуды талдау

 

Пайданың Ауытқуы

 

 

Сату және дистрибьюторлық шығынның ауытқуы   Жалпы өндірістік шығынның ауытқуы   Өнім сату кезіндегі пайда маржасының жалпы ауытқуы

 

Сату бағасының ауытқуы   Сату көлемінің ауытқуы

 

Негізгі өндірістік материалдың жалпы ауытқуы   Негізгі қызметкерлердің еңбекақысының жалпы ауытқуы   Ауыспалы қосалқы шығыстың жалпы ауытқуы   Тұрақты қосалқы шығыстың ауытқуы  

 

 

Материал бағасының ауытқуы   Материалды пайдаланудың ауытқуы   Еңбекақы ставкасының ауытқуы   Қызметкерлердің еңбек өнімділігінің ауытқуы   Шығынның ауытқуы   Тиімділіктің ауытқуы

 

Осы тарауда сату және дистрибьюторлық шығыстың ауытқуы қарастырылмайды. Егер өндіріс цикл бойынша жұмыс істесе, онда оның құрамдасының нормативтері мен ауытқуларды өндірістік шығыс бойынша сияқты есептеуге болады. Егер нормативтерді белгілеуге болмаса, онда шығыс сметалық және нақты шығынды салыстыру арқылы бақыланады.

2. Бұл жүйе өткен ғасырдың 20-сыншы жылдардың басында АҚШ-та пайда болды. Өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу, баға белгілеу, шығындарды оперативті басқару және бақылау үшін материалдың және еңбектің нормативтік шығындарын әзірлеп, пайдалануды қолға алған болатын. "Стандарт-кост" тарихи жүйесі отандық нормативтік есеп жүйесінің үлгісі болып табылады.

Отанымыздың экономистері америкалық ғалым Д.Ч. Гаррисонның 1933 жылы аударылып жарық көрген "Стандарт-кост" кітабы арқылы оның идеясымен танысты.

Басқару техника университеті бұл жүйені іс жүзіне асыру және тәжірибеде қолданудың жолдарын бөлшектеп оқып-білуді қолға алады. Мәселені шешуде нормативтік шығын есебінің әдісі түрінде осы жүйені көрсету арқылы профессор М.Х. Жебрак үлкен үлес қосты.

"Стандарт-кост" жүйесінің мағынасы есепке не болғаны емес, болуы тиіс нәрсе кіреді, нақты шындық емес, міндеттісі ескеріледі, әсіресе пайда болған ауытқушылық көрініс табады.

Бұл жүйенің алдына қойған негізгі мақсаты – кәсіпорындағы пайданың ауытқуы мен шығын есебі. Оның негізінде материалдардың, энегрияның, қосымша уақыттың, еңбектің және басқа қандай да бір өнімді немесе жартылай әзірленген өнімді дайындаумен байланысты шығындардың мөлшерін нақты анықтау жатады. Және де бұл нормалар кайтадан орындалмайды. Оларды тіпті 80%-ке орындау жұмыстың сәтті болғанын білдіреді. Норманың асып түсуі оның қате белгіленгенін көрсетеді.

"Стандарт-кост"жүйесімен нормативтік шығын есебінің әдісін салыстыру мынадай корытынды жасауға мүмкіндік береді:

• екі әдіс те шығынды норма негізінде ескереді;

• толық шығын есебін жорамалдайды (предпологают);

• шығынның "стандарт-кост" әдісі бойынша есепте аса жоғары белгіленген норма кінәлі тұлғаға қатысты шаруашылық қызметінің нәтижесіне жатқызылады және нормативтік әдістегі сияқты өндіріс шығынына қосылмайды.

"Стаңдарт-кост" шарты ағымдағы есеп нормасының өзгеруін қарастырмайды. Нормативтік әдісте бұл қарастырылуы мүмкін.

Өндірістік шығын есебінің екі тәсілдемесі айрықшаланады, атап айтқанда:

• өткен шығын есебі;

• стандартталған шығын есебі және одан ауытқу. Норма-стандартын әзірлеу, өндірістің басталуына дейін стандарттық калькуляцияны жасау және жиынтық ретінде жүйеленген стандарттан ауытқуларды бөлумен бірге нақты шығын есебі "стандарт-кост" жүйесі деген атауға ие болды.

Стандарт - материалдық және еңбек шығынының өнім бірлігін өндіруге қажетті сан немесе өнім, жұмыс, қызмет бірлігін өндіруге кететін бұрын есептелген материалдық және еңбек шығыны.

Кост - бұл өнім бірлігін дайындауға кететін өндіріс шығынының ақшалай көрінісі.

Стандарт-кост - бұл өндірістің тікелей шығынын реттеуге бағытталған бақылау құралы.

Норманың және нормативтің стандартын кәсіпорын дербес әзірлейді. Барлық стандарттарды үш деңгейге бөлуге болады:

1.Баға деңгейін есепке алумен байланысты:

• мінсіз - материалдарға, қызмет тарифіне, еңбекақы мөлшерлемелеріне және үстеме шығындардың сметалық мөлшерлемелеріне әлдеқайда қолайлы бағаны ұйғарады;

• қалыпты - экономикалық кезең ішінде орташа баға бойынша есептеледі;

• ағымдағы - есептік кезеңде болжанған және осы кезенде қолданылатын бағаның негізіндегі есеп қарастырылады;

• базистік - жылдың басында белгіленіп, жыл бойы өзгеріссіз қалады. Олар, әдетте, баға иидексін есептеу үшін қолданылады.

2.Қуаттылықты пайдалану деңгейіне байланысты:

• теориялық – кәсіпорын оны жақсы немесе ойдағыдай орындауымен қол жеткізеді, кәсіпорынның мақсаты болып табылады, демалыс уақытының нормаланған шамасына, куаттылықты толық пайдалануға негізделген әрі ақауға, іркіліске (простои), бүлінуге кететін уақыт шығынын қарастырмайды;

• өткен шақтың орташа орындалуы - статистикалық мәліметтер бойынша есептеледі және әр ақауға, іркіліске бүлінуге кеткен уақыт шығындарын, яғни өткен кезеңдегі барлық кемшіліктерді қамтиды;

• қалыпты орындау - алдағы кезеңдердегі норма кернеулігінің болжалды орташа деңгейін қарастырады.

3. Өнім шығарылымының мөлшеріне байланысты: Өнім шығарылымының көлемі стандарттарды әзірлеу тәсілдемесіне бірінші деңгейдегі әсері болады:

• теориялық - кәсіпорынның қуаттылығы теориялық тұрғыдан алдын ала анықталады. Оған бір жолғы тәртіппен қол жеткізуге болады немесе қол жетпеуі де мүмкін;

• тәжірибелік - шығарылымның нақты қол жететін деңгейіне негізделген, болмай қоймайтын шығындарды жібереді және теориялық стандарттың деңгейіне жуық жақсы орындаумен кәсіпорын қол жеткізеді;

• қалыпты - кезең ішіндегі өндіріс көлемінің жоғары және төменгі шамаларының орташасынан өнімді шығарудың қол жететін деңгейінде есептеледі;

• болжалды - өнім шығарылымының болжалды мөлшеріндегі нақты өндіріс жағдайының негізінде есептеледі.

Қабылданған стандарттардың кез келген тәсілдемесі өндіріс процесінің басталуына дейін бухгалтерияда стандартты өзіндік құндардың картасында қорытындыланады. Карта бұйымды, тапсырысты қабылдап алған өндірістік бөлімшелер бойынша бұйым және тапсырыс бойынша жасалады.

"Стандарт-кост" жүйесін ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестірудегі кәсіпорынның көлеміне қарай стандарттар мен әдістемелерді есептен шығаруды бақылаушы немесе "стандарт-кост" жүйесіменбайланысты барлық бөлімшелердің өкілдері кіретін комитет анықтайды.

Бұл жүйе шығын есебі жүйесінің тәжірибесінде қолданылатын басқалардан айырмашылығы, оның өзіндік сипаты болады:

• қаражатты шығындау (жұмсау) процесіндегі стандарттардан ауытқудың негізгі анықталуына оның құжатталуы емес, синтетикалық шоттағы бухгалтерлік жазба жатады. Ауытқушылықты құжаттап, тіркегенше, оның алдын алу міндеті қойылды;

• барлық ауытқушылықтар емес, тек олардың пайдаланылған стандарттарда көрініс тапқандары ғана тіркеледі;

• калькуляция баптары бойынша және ауытқушылық факторлары бойынша ауытқу есебі үшін арнайы синтетикалық шот бөлінеді.

Бұл ерекшеліктер мыналардың басқару процесінде әрдайым бағаланатынын білдіреді: ауытқушылықтар қаншалықты елеулі, олар ескеруге тұра ма әлде тұрмай ма; қандай мәселені шешу барысында бұл деректер қолданылуы мумкін; өндіріс шығынын талдаудағы анықталған ауытқушылықтың маңызы.

Міндеттердің орындалу тізбектілігі. Шығын есебі өткен шығын есебі, стандартталған шығын есебі және одан ауытқу деп бөлінеді. Стандарттар өндіріс процесінің басталуына дейін стандартты өзіндік құндардың картасына жиналады. Карта жауапты орталықтардың, өндіріс бөлімшелерінің және т.б. тұрғыда бұйым, қайта жасау, тапсырыс бойынша жасалады.

Нормалар белгіленген кезең ішінде өзгермейді, ол айрықшалық (исключения) тек объективті себептерден - жабдықтаушылардың бағаны өсіруінен, еңбекақы денгейінің ауытқуынан (не отключения, а колебания), өндіріс жағдайын немесе оның технологиялық процесінің өзгеруінен - туындайтын ауытқуларда ғана болады.

Стандарт-кост - бұл өндіріс процесінің барысын және нормативінен нақты көрсеткіштердің ауытқу мәнін ұдайы бақылауға, бұл ауытқулардың пайда болу себептерін талдауға, оны бір уақыттарда өзгерту тенденциясына, ауытқушылықты азайтуға басқарушылықықпалды пайдалануға немесе нормаларды түзетуге негізделген өндірістік шығын деңгейін ұтымды басқару.

"Стандарт-кост" жүйесінің артықшылықтары мынада:

• кәсіпорын пайдасын кемітетін шығынды анықтау мүмкіндігі;

• келешекте болуы мүмкін шығындарды болжау мүмкіндігі;

• калькуляциялаумен байланыстырылған есептік жұмыстың ең аз шамасы;

• бұйымды өндіруге және өткізуге жұмсалатын болжалды шығындар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

• өнім бірлігінің алдын ала есептелген өзіндік құндары негізінде бағаны қалыптастыру;

• нормативтен ауытқу мен оның пайда болу себебін бөлу арқылы кірістер мен шығыстар туралы есеп беруді жасау;

• өткізу бөлімі арқылы сату көлемін жоспарлауы және оңтайлы бағаны белгілеуі мүмкін өндірістің өзіндік құны туралы нақты деректерді менеджерге ұсыну.

Барлық осы міндеттерді шешуде "Стандарт-кост" жүйесі өткен шығын жүйесіне қарағанда сәттірек болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Ауытқулардың пайда болу себептерін атаңыз?

2. Ауытқулар қалай есепке алынады?

3. Стандарттық калькуляцияның ерекшелігін атаңыз?

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық. Алматы. Экономика 2005ж.*

2. Төлегенов Т.Э “Басқару есебі”. Алматы 2006 ж.

3..Хорнгрен, Дж.Фостер, Ш.Датар Управленческий учет. 10 издание «Питер» Санкт – Петербург, 2007 г.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 765 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жоспарлы калькуляция 8 страница| Жоспарлы калькуляция 10 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.031 сек.)