Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жоспарлы калькуляция 6 страница

Жоспарлы калькуляция 1 страница | Жоспарлы калькуляция 2 страница | Жоспарлы калькуляция 3 страница | Жоспарлы калькуляция 4 страница | Жоспарлы калькуляция 8 страница | Жоспарлы калькуляция 9 страница | Жоспарлы калькуляция 10 страница | Жоспарлы калькуляция 11 страница | Жоспарлы калькуляция 12 страница | Жоспарлы калькуляция 13 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

2) Ағымдағы кезеңде өңдеуге жіберілген және аяқталмаған бірліктер

3) Кезең соңындағы бөлшектеп аяқталған бірліктер

Өзіндік құнды калькуляциялаудың процестік жүйесі біртекті немесе шамамен ұқсас, бірдей өнімді сериялап немесе жаппай өндіретің, не болмаса үздіксіз өндірістік циклі бар өндірісте қолданылады, Шығындардың процестік калькуляциясын процесс деп аталатын өндірістік кезеңнің жеке бөлігін әрбір өндірістік бөлімше орындауын көздейтін технологиясы бар кәсіпорындар да қолданады.

Өндіріс шығындарын процестік калькуляциялауды сондай-ақ әр түрлі бұйымдарды жасайтын кәсіпорындар өндірістің барлық процесін тұрақты қайталанатын операцияларға бөлуге болатын жағдайда қолдана алады.

Процестік тәсіл көбіне өнеркәсіптің кен өндіруші және энергетика салаларында қолданылады.

Бұл салалар өндірістің жаппай түрімен, өнімнің шектеулі номенклатурасымен, өлшеу мен калькуляциялаудың ортақ белгілерімен, бітпеген өндірістің мүлдем жоқтығымен, не болмаса, шамалы мөлшерімен сипатталады.

Жинақтай келгенде шығарылатын өнім бір уақытта шығын есебі объектісі мен калькуляциялау объектісі құны есепті жыл ішіндегі жиынтық шығынды бұл кезенде өндірілген өнім санына бөлініп есептеледі.

Біртекті өнім шығаратын жерде өндіріске шыққан шығындардың негізгі мөлшерін калькуляцияның барлық баптары бойынша оңай анықтауға болады. Көптеген кен өндіретін және қайта өндеу өнеркәсібі орындарында жай тәсілді нормаға сай тәсілмен біріктіреді, осылайша өндіріс шығындарын бақылауды күшейтіп, өндіріс барысында шығындардың нормадан ауытқуын анықтайды. Көптеген кәсіпорындардың жұмыс тәжірибесі кәсіпорындарда нормаға сай тәсілдердің элементтерін өндірісті қарапайым ұйымдастырумен бірге қолданудағы дұрыстығы мен озықтығын дәлелдеді. Шығын есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым тәсілінің төрт нұсқасы бар.

Бірінші нұсқа. Тікелей және жанама шығыстарды барлық шығарылған өнімнің шығындарына белгіленген баптар бойынша есепке алынады. Өнім бірлігінің өзіндік кұнын барлық өндірістік шығындардың дайын өнімнің саны бөлумен анықтайды. Бұл өндірісте бітпеген өндіріс, жартылай өнімдер (полуфабрикат) мен дайын өнімнің кұрамдас бөлігі (гидростанция, құм, балшық, қазу) болмайды.

Екіншісі - дайын өнім мен бітпеген өндіріс арасындағы шығындарды бөлуді қажет (мысалы, ағаш дайындаушы өнеркәсіптің өнделмеген ағаштың 1м өзіндік құнын калькуляциялаған кезде) ететін жерде, бітпеген өндірісі бар кәсіпорындарда қолданылады.

Үшінші - бір уақытта өнімнің бірнеше түрін шығаратын немесе қазып шығаратын: жылу мен электр энергиясын шығару; мұнай мен газ өндіру; балықтың сан түрін шығаратын кәсіпорындарға қолайлы. Мұндай жағдайларда шығындарға тұтастай кәсіпорын бойынша, яғни қарапайым тәсілмен есепке алады, ал өнімнің өзіндік құнын қисындастырылған әдіспен калькуляциялайды. Мұнай мен газды өндіргенде энергетикалық шығындар, амортизация, бұрғылардың жерасты жабдықтарын, жөндеуді, қабаттың берерін артыруға, мұнайды айдау мен сақтауға жұмсалатын шығындарды тікелей белгі бойынша мұнайға, ал газ жинау тасымалдау шығыстарын газға жатқызады. Қалған шығыстарды мұнай мен газ арасында кәсіпорынның орташа келісімді бағалары бойынша бағалау мен жалпы өндіруге сайма-сай бөлінеді.

Төртінші нұсқаны шығындар есебін процестер немесе бөлістер бойынша бұл процестер немесе бөлістердін өнімнің (жартылай өнімнің) өзіндік құнын анықтамай жүргізетін кәсіпорындарда қолданады. Бұл вариантты химия өнеркәсібінде, құрылыс материалдары өнеркәсібі орындарында қолданады. Бұл жерде шығын есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым және бөлістік тәсілдері үйлеседі.

Процестік калькуляция жүйесі дайын бұйымдары азды-көпті ұксайтын өнеркәсіп салаларында әрекет ететіндігі бұрын атап өтілді. Бұл жүйені пайдаланғанда өндіріс шығындарын нақты тапсырыстармен, өнімнің жеке бірліктерімен байланыстыруға әрекеттену жасалмайды. Керісінше, бір бұйымның өзіндік құнын белгілі бір кезең ішіндегі өндірістің өзіндік құнын сол кезенде жасалған бұйым санына бөліп, есептеуге болады. Басқаша айтсақ, тапсырыстын өзіндік құны сол кезенде жасалған барлық бұйымдардың орташа өзіндік құнына тең алынады.

Өзіндік құнды капькуляциялаудың процестік тәсілі біртекті немесе шамамен алғанда ұксас, бірдей өнімді сериямен немесе жаппай өнім өндіретін, не болмаса үзіліссіз өндірістік циклі бір технологиялық процестерде қолданылады. Шығындарды процестік калькуляциялауды технологиясы әрбір өндірістік бөлімшенің өндірістік процестің жеке бөлігін орындаудың және өнімнің бір операциядан өңдеу шарасы бойынша басқасына жылжуын қамтитын субъектілер қолданады. Соңғы бөлімше өндірісті аяқтайды және өнімді дайын өнім қоймасына тапсырады. Белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі шығындарды тапсырады орындауга қажетті уақыт ішінде емес, есепті кезең ішіндегі бұйымдарға қатыссыз, өндірістік бөлімшелер бойынша жинактап қорытады. Әрбір бөлімше үшін «Бітпеген өндіріс» жеке шоты ашылады. Мұндайда есепті кезеңнің басы мен соңындағы бітпеген өндіріс шартты түрде біткен өнімдерге қайта, есептеледі.

Мұндай өндіріске өнеркәсіптің кен өндіру салалары мен энергетика кіреді. Мұнда шығарылатын өнім бір уақытта шығын есебі мен калькуляциялардың объектісі болып табылады.

Шығындарды кіргізудің толықтығына карай толық шығын мен өзгермелі (тікелей) шығын есебі тәсілдерін ажыратады. Толық шығынның ерекшелігі, тікелей шығыстар жасалған және қолданылатын нормаларға сәйкес өнімнің бірлігіне немесе басқа өлшеуішіне тура жаткызылуында. Мұндайда жанама шығыстар қосымша шығыстар коэффициентінің көмегімен қайсыбір базада өнім бірлігіне сайма-сай әсер етеді. Калькуляциялауда шығын есебі бірнеше кезеңмен жасалады; барлык шығындарды пайда болған жерлері мен бөлімшелер арасындағы жанама шығыстарды бөлу бойынша шоғырландыру; негізгі (түпкілікті) өнімді шығармайтын бөлімшенің шығындарын негізгі (түпкілікті) өнім шығаратын бөлімшеге қайсыбір базаға сайма-сай етіп қайта бөлу; негізгі (түпкілікті өнім) шығаратын бөлімшенің қосымша шығыстарын (өзіндік және қайта бөлінген) қайсыбір базада шығарылатын өнімге сайма-сай, үйлесімді етіп қайта бөлу.

Бөлудің бірнеше базасын пайдалану кезіндегі мұндай тәсілдің олқылықтарына мыналар жатады: математикалық қателердің пайда болу ықтималдығының ұлғаюы; бұл тәсілде барлық жанама шығындар өзгермелі болғандықтан қосымша тапсырыстың бағасын тиімді анықтаудың мүмкін еместігі; ұйымның қай кызмет сәтінде пайда ала бастайтынын белгілеудің мүмкін еместігі; басқару шешімдерін қабылдаудың әр түрлі баламаларын қараған кезде шығындар тәртібі туралы қажетті мағлұматтар алудың мүмкін еместігі.

Пайда жанама салықтарсыз түсім мен өндірілген өнімнің өзіндік толық құны арасындағы айырма ретінде есептеледі.

Өзгермелі (тікелей) шығындар тәсілінде толық емес өзіндік құнды есептеу жасалады.

Ағымдағы шығыстардың (кезең шыгыстары) бірен-сараны, жарым-жартылайы ескерілмейді және калькуляцияланбайды, зияндық нүктесіне жеткенше өзіне тұрақты шығындарды алатын, жеткен соң салық салынғанға дейін пайда болатын маржиналды пайда есебінен жабылады. Мұндай тәсіл директ-костинг жүйесі негізінде жатыр.

2. Егер өндіріске жұмсалған шығындар есебінің жүйесін өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына шығындарды толық қосу тұрғысынан қараса, онда шығындарды толық, толық емес, шектеулі енгізу жүйесін бөлуге болады.

Толық емес өзіндік кұнды жасау тәсілі "директ-костинг", ал толық өзіндік құнды - "абзорпшн-костинг" деп атайды.

Шығын түрлері бойынша тікелей және жанама шығындар бөлінеді. Тікелей шығындар пайда болған сәтінде нақтылы қандай түр мен өнім көлеміне қатысты екендігі белгілі шығындар. Шикізат пен материалдар, негізгі жұмысшылардың (яғни, осы өнімді дайындаумен тікелей шұғылданатын жұмысшылардың) еңбекақысы осындай шығындарға мысал болып табылады.

Бұл кезенде тікелей шығындардың шығарылатын өнім түрлері бойынша бөлінуін қамтамасыз ету үшін аналитикалық есепті осылайша ұйымдастыру ерекше маңызды. Бұған екі түрлі амалмен - тапсырыстық және бөлістікпен жетеді.

Өнімді негізгі де, қосалқы өндіріс те ("басқа жаққа шығару" деп аталады) шығара алады. Сондықтан тікелей шығындар негізгі өндіріс бойынша да, қосалқы бойынша да, "Негізгі өндіріс" және "Қосалқы өндіріс" бөлікшесініңшоттарында жиналады. Және де екі жағдайда есептің қай түрін қолдану жөнінде катаң талап жоқ. Басқаша айтсақ, қажет болса, негізгі өндіріс бойынша бөлістік әдіс, ал қосалқы бойынша - тапсырыстың және керісіншесі қолданылуы мүмкін. Бұл жердегі ой, қисын (логика) қарапайым: негізгі және қосалқы өндіріс әр түрлі салаларға (мысалы, негізгі өндіріс - машина жасау, қосалқы өндіріс - қазандың) жатуы мүмкін, есеп әдістің де, дәл осы салаға ең қолайлысы қолданылуы керек.

Біздің тәжірибемізде толық өзіндік құнды калькуляциялау дәстүрлі түрде жүргізіледі. Толық өзіндік құн бойынша есепте шығындар тұрақты, өзгермелі, тікелей және жанама делініп бөлінуіне қарамастан, өнімді өндіру мен сатуға байланысты кәсіпорынның барлық шығындары кіреді. Өнімге тікелей жатқызуға болмайтын шығындарды әуелі жауапкершілік орталықтарына бөледі; сосын тандалған бөлу базасын өнімінің өзіндік құнына сайма-сай көшіреді.

Есепте шығындар объектісіне бірден жатқызылуы мүмкін тікелей шығындар:

1) тікелей материалдық шығындар;

2) еңбекті өтеудің тікелей шығындары;

3) еңбекті өтеуден аударымдар.

Тікелей материалдық шығындарда өндіріске жұмсалған негізгі материалдардың нақты өзіндік құны болады.

Өнімнің толық өзіндік құнын есептегенде, оған жанама шығындар кіреді, оларға бұл жағдайда кезеңнің қосымша шығыстарын жатқызады. Есепті кезең ішінде мұндай шығыстар жеке шоттарда жинақталады, есепті кезең сонында бөлудің белгілі бір базасына сәйкес өнімнің нақты өзіндік кұнына кіреді. Негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, тікелей шығындар сомасы бөлу базасы бола алады.

Өнім өндірудің, жұмысты орындаудың, қызмет көрсетудің толық өіндік құнына байланысты өндірудің, жұмысты орындаудың, кызмет көрсетудің толық өз құнына байланысты шығындардың есебі жүйесінің жағдайларындағы жалпы түрінде, сондай-ақ негізгі өндірісті басқару мен қызмет етуге байланысты қосалқы өндірістің шығыстары; жанама шығындар мен ақаудан болған шығындар "Негізгі өндіріс" шотында көрсетіледі. Тікелей шығындар "Негізгі өндіріс" шоты дебетіне, "Материалдар", "Өндірістік жұмысшылардың еңбегін өтеу", "Еңбекті өтеуден аударымдар", "Қосымша шығыстар" шоттары кредиттерінде есептеледі. Қосалқы өндірістің шығыстары "Қосалқы өндіріс" шоты дебетіне, «Материалдар», "Өндірістік жұмысшалардың еңбегін өтеу", «Еңбекті өтеуден аударымдар», "Қосымша шығыстар" шоттарының кредитінен алынып, жинақталады. «Үстеме шығындар» кредитінде, сәйкесінше және шоттар дебетінде көмекші өндіріске жататын үстеме шығындар есептен шығарылады. Сондай-ақ дайын өнімнің өзіндік құнына мен шоттарында ескерілген кезең шығыстары кіреді.

Өнімнің, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің нақты өндірістік өзіндік құны сомасы "Негізгі өндіріс" шоты кредитінен "Дайын өнім" немесе "Өткізілген дайын өнімнің (тауардың, орындалған жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құны" шоттарының дебетіне ауыстырылады.

Толық өзіндік құн негізінде кәсіпорын басшысы өнімнің пайдалылығы мен шығындылығы, болашақта оны өндірудің мақсатқа сәйкестілігі туралы тиісті тұжырымдар жасайды.

Толық өзіндік құн бойынша есептеу жүйесінің біздің пікірімізше, бірқатар жақсы жактары мен олқылықтары бар.

Толық өзіндік құн бойынша есептеудің тиімді жақтары:

- Қазакстан Республикасында қолданылып жүрген қаржылық есеп пен салық салу жөніндегі нормативті актілерге сәйкестік;

- аяқталмаған және дайын өнімнің құнын байыпты бағалау.

Есептеудің бұл жүйесінің елеулі олқылықтарына мыналарды жатқызуға болады:

- өнімнің өзіндік кұнына оны өндіруге тікелей қатысты емес (нәтижесінде өнімнің жеке түрлерінің тиімділігін бұрмалау болады) шығындар кіреді;

- жанама шығыстарды есептен шығарған жалпы бөлу базаларын қолдану салдарынан калькуляциялау объектілерінің өзіне тән даралығы жоғалады;

- өнімге сұраныс азайғанда, қоймадағы дайын өнім қорына тұрақты қосымша шығыстар капиталданады;

- өзіндік құнды жоспарлы калькуляциялауда жоспарлы пайда алдын-ала қарастырылады, шын мәнісінде ол зиянның тәуекелділігін жою мақсатында жасалады;

- өндіріс көлеміне байланысты шығындар тәртібінің сипатына назар аудармау салдарынан шығындарды талдау, бақылау және жоспарлау жүргізудің мүмкін еместігі (өйткені тұрақты шығындар есепте өзгермелі шығындар қарастырылады).

Негізгі материалдың шығындар тікелей шығындардың (қосалқы материалдар жанама шығыстар кұрамында ескеріледі) бірінші элементі болып табылады.

ҚЕХС-на сәйкес материалдардың нақты өзіндік құны олардың сатып алу шығындарына негізделіп, анықталады, бұған ресурспен жабдықтаушы ұсынған несиені пайдаланғаны үшін процент төлеу, жабдықтаушы ұйымдар төлеген комиссиялық сыйақылар, тауар биржаларының көрсеткен қызмет кұны, кеден, баж салығы, басқа ұйымдардың күшімен атқарылған тасымалдау мен жеткізу шығыстары кіреді.

Шығын баптарын көрсететін негізгі материалдардың құнын бағалау үшін дәстүрлі есеп саясатында төрт тәсіл пайдаланылады: орташа өзіндік кұн бойынша; сатып алу уақыты бойынша, бірінші келген материалдың өзіндік құны бойынша (ФИФО); соңында сатып алу бойынша кірістелген өзіндік құн (ЛИФО).

ФИФО тәсілі бойынша материалдардарды бағалауда: "бірінші келдің, бірінші кеттің" ережесі қолданылады. Бұл өндіріске материалдардың қай партиясы босатылуына қарамастан, алдымен, бірінші сатып алынған партия бағасы бойынша, содан екінші партия бағасы бойынша осылайша кезектілік тәртібімен, ай ішіндегі жұмсалған материалдардың жалпы саны алынғанша, есептен шығарыла береді.

Материалдарды бағалаудың көрсетілген тәсілдерін қолдану кәсіпорынды материалдардың аналитикалық есебін тек қана түрлер бойынша емес, жеке партиялар бойынша да ұйымдастыруға бейімдейді.

Орташа өзіндік құн тәсілін пайдаланғанда, материалдық қорлардың өзіндік қүны есепті кезең басында бар материалдық және осы кезеңде сатып алынған барлық материалдардың орташа өзіндік құнына тең болады.

ФИФО тәсілі материалдарды хронологиялық тәртіппен түсуіне сәйкес партияның өзіндік кұны бойынша есептен шығарылуы тиіс. Инфляция жағдайында ол өндіріске босатылған ресурстардың өзіндік құнын кемітуге, олардың баланстағы қалдығын арттыруға, сондықтан, негізгі іс-қызметтің қаржылық нәтижесін көтеруге және өтімділік көрсеткіштерін арттыруға себепті болады. Бұл тәсілді күрделі қаржыны өзіндік қаражаты есебінен іске асыруды жоспарлайтын және пайдаға салынатын салық бойынша тиісті жеңілдіктерді пайдаланатын ұйымдарда қолдану мақсатқа сәйкес келеді.

ЛИФО тәсілі соңғы партиялардың өзіндік кұны бойынша материалдарды бірінші кезекте есептен шығаруды көздейді. Ол босатылған құндыдықтардың құны жоғарылауын, ай соңындағы қалдықты азайтуды, яғни пайданы төмендетіп, өтімділікті нашарлатуды қамтамасыз етеді. Оны салықтың жеке түрлері бойынша (пайдаға салық, мүлікке салық және т.б.) салық салынатын базаны ең аз шамаға жеткізуді мақсат етіп коятын ұйымдарда қолдану ұсынылады.

Орташа өзіндік құн тәсілі босатылатын ресурстары орташа сатып алу өзіндік кұны бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Ол ФИФО және ЛИФО тәсілдерімен салыстырғанда, салық салынатын база мен өтімділікке ықпал ету тұрғысынан орынды болып табылады.

3. Материалдарды есептен шығару шығыс жайлы құжаттар негізінде атқарылады.

Есепті кезең ішіндегі материалдың жалпы нақты шығысы (тікелей шығыстардың бірінші элементі) мынадай формула бойынша есептеледі:

Рф = Онп + П - В - Окп

Мұнда, Рф-есепті кезең ішіндегі материалдың нақты шығысы;

Онп - есепті кезең басындағы материалдың калдығы;

П - есепті кезең бойы материалдың түсуін құжатпен растау;

В - есепті кезең бойы материалдың ішкі ауыстырылуы (материалды қоймаға қайтару, басқа цехтарға беру және т.с.с.);

Окп - түгендеу мәліметтері бойынша анықталатын есепті кезең соңындағы материалдың қалдығы.

Әрбір бұйымға шыққан нақты шығысты норма бойынша шығысқа сәйкес бөлу жолымен анықтайды.

Негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы тиісті аударымдарымен бірге тікелей шығыстардың екінші элементі болып табылады.

Еңбектің істеген мерзіміне қарай ақы төленетін түріндегі еңбеккерлердің еңбекақысы есептеу үшін жұмыс істелген уақыт есебі табелінің мәліметтері пайдаланылады. Еңбекті өтеудің кесімді түрі жағдайында,- кесімді ақы алушы жұмысшы (сдельник) өнімділігін есептеудің әр түрлі жүйесі қолданылуы мүмкін. Ұсақ сериялы және жеке өндіріс жағдайында жұмысшылардың өнімділігін есептеу бойынша кесімді жұмыс наряды; сериялық өндірісте маршрут парақтары немесе карталары негізгі бастапқы құжат болып табылады.

Әрбір жұмысшының ауысым немесе есептелетін кезең ішіндегі өнімділігін анықтау үшін жаппай және ірі сериялық өндірісте ауысым немесе есептелетін кезең соңындағы өнделмеген бөлшек немесс құрастырылмаган бұйым қалдықтарына операциялық санақ жүргізіледі. Жұмысшылардың өнімділігі ауысым басындағы дайындау немесе бөлшек қалдығы ретінде, бөлшек санына көбейтілген, ауысым ішінде жұмыс орнына берілгеннен минус ауысым соңына дейін өңделмеген немесе кұрастырылмаған бөлшектер (дайындау) болып анықталады. Осылайша есептелген әрбір жұмысшының өнімділігі өнімділік есебі рапорты немесе тізімдемесімен рәсімделеді.

Кесімді бағаны нақты іс-жүзінде жеткен өнімділікке көбейткенде кесімді ақы алушы-жұмысшының есептелген еңбекақысының мөлшері алынады.

Жанама шығындар нақты объектісі белгісіз болған жағдайда үстеме шығындарына жатқызылады.

Кезең шығыстарын да жанама деп тануға болады, өйткені олар өнімнің толық өзіндік құнын калькуляциялауға қатысады және сонымен қатар тура жолмен бұйым шығыстарына жатқызылуы мүмкін.

Қосымша шығыстар өндірістік бөлімшелерде, учаскелерде, цехтарда, өндірістерде, бөлістерде пайда болады. Олардың белгіленуі, сипаты және іс-қызметтік ролі тікелей өндіріспен байланысты.

Бұл шығыстардың мөлшерлері көбіне өндіріс көлеміне байланысты, қосымша шығыстардың екінші тобы - кезең шығыстары туралы бұлайша айтуға болмайды, олар өндірісті ұйымдастырумен және жалпы қызмет етумен сондай-ақ жалпы ұйымды басқарумен байланысты.

Әдетте ұйымдарда өндіріс басшылары мүмкін болатын шығындар мөлшерін біліп, дәлелді шешім қабылдауы үшін алдын-ала үстеме шығыстар жоспарын жасайды.

Үстеме шығыстарды бөлу процесі үш элементтен тұрады:

* шығындарға қатысты объект таңдалады;

* объектіге жатқызылған шығындар тандалады және жинақталады;

* шығындардың есептік объектімен арақатынаста болатын бөлу базасы тандалады.

Бөлу тәсілдері ерікті түрде бухгалтер-талдаушының ұйғарымы бойынша таңдалады. Бөлу базасы ретінде әрбір өндірістік бөлімшенің қосымша шығыстарына неғұрлым сәйкес келетін көрсеткіш тандалады.

Үстеме шығыстарды таңдаудың маңызды принципі осы өнім түріне шыққан нақты шығысқа ең жуық болу нәтижесі болып табылады.

Кезеңдердің аналитикалық есебі шығыстардың тобы бойынша, ол топтың ішінде баптар бойынша, ол кәсіпорынға шығыстар сметасын орындауды бақылауға мүмкіндік береді.

Жалпы және әкімшілік шығыстарға - өндірістік процеспен байланысты емес шығыстар жатқызылады:

- жалақы, сыйақы, жәрдемақы және басқа төлемдер бойынша;

- әкімшілік жеке қызметкерлерінің еңбек қорынан әлеуметтік салық аударымдары;

- лауазымды қызмет адамдарына қосымша төлемдер коммуналдық қызметке;

- әкімшілікке белгіленген бөлмені ұстау;

- күмәнді борыштар бойынша резерв сомасын есептеу;

- айыппұл (штраф) өсімақы (пени) келісім шарттарын орындамағаны үшін төленетін айып (неустойка);

- белгілеуі бойынша ұқсас шығыстар.

Кәсіпорынды басқаруға шыққан шығыстар мемлекет тарапынан нормалауға және шектеуге (лимиттеуге) түседі, олардың кейбіріне (іссапарға шығындар, өкілдік шығындар, қызметтік авто-транспортты ұстауға және т.б.) арнайы мөлшер, норматив пен шектеулер (лимитгер) заңнамалармен белгіленген.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 302 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жоспарлы калькуляция 5 страница| Жоспарлы калькуляция 7 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)