Читайте также: |
|
Бір ай ішіндегі жалпы шаруашылық шығыстар тізімдемеге жазылады, бұл оларды баптар бойынша талдауға мүмкіндік береді және кәсіпорын толық өзіндік құнды калькуляциялайтын болғандықтан олар әр айдың соңында толықтай есептен шығады. "Үстеме шығыстар" мен "Жалпы және әкімшілік шығыстар" шоттарында пайда болған сәтінде бастапқы құжаттар негізінде өнімнің нақты түрімен байланыстыру мүмкін емес жанама шығындар жиналады мысалы, есептеу-кассалық қызмет екені үшін банкіге төлеу, үйдің амортизациясы, кадрлердің біліктілігін арттыруға шығындар және т.б. жанама шығындар кезең ішінде шыққан өнімніц барлық көлемінің өзіндік құнына кезең ішінде шыққан өнімнің барлық көлемінің өзіндік құнына ғана кіреді. Сондықтан жанама шығындар жөніндегі талдау кұрылымдық бөлімшелер бойынша (жөндеу, транспорттық, энергетикалық цех және т.б.) дәстүрлі жүргізіледі.
4. Егер бір дана өнімге кеткен шығынды есептеу кезінде аяқталмаған өндіріс болмауы келесі процеске берілетін өнімнің құнын анықтауда қиындық тудырмайды. Тәжирибеде әр бір процестің басына және соңына аяқталмаған өндіріс қалып отырады. Сондықтан 1 дана өнімге кеткен шығынды есептеуге эквивалентті бірлік қолданылады. Эквивалентті бірлікті есептеудің негізіг мәні барлық өнімді аяқталды деп есептесек, қанша өнім өндіріледі. Егер барлық өндіріс аяқталған бірліктерге әкелсе, онда өндірілетін өнімнің бірліктер саны есептелінеді.
Өнімнің өзіндік құнын жасау калькуляция объектілері тұрғысынан яғни шығарылатын өнім номенклатурасы тұрғысында ұйымдастырылады:
• қосалкы өндіріс шығындарын өнім түрлері бойынша бөлу;
• жалпы өндірістік шығыстарды өнім түрлері бойынша бөлу - өндірістік өзіндік құн жасау;
• жалпы шаруашылық шығыстарды өнім түрлері бойынша бөлу - өнеркәсіптік-өндірістік өзіндік құнын (дайын өнімнің өзіндік құнын) жасау;
• коммерциялық шығыстарды өнім түрлері бойынша бөлу - толық өзіндік құнды (өткізілген өнімнің өзіндік құнын) жасау.
Толық өзіндік құнды жасау өнімнің өткізу құнын анықтаудың соңы болып табылады ол атқарылған соң және шот-фактура көшірлемелері "Дайын өнімді (тауарды, жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізгеннен түскен кіріс", шотына кредиттеледі, бұған "Дайын өнімді (тауарды, жұмысты, көрсетілген қызметі) өткізу бойынша шығыстар", "Жалпы және әкімшілік шығыстар және "Сыйақы бойынша шығыстар" және ішінде өткізілген өнімге қатысты шоттарда жинақталған.
Бақылау сұрақтары:
1. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың мәні
2. Калькуляциялық объектілер және калькуляциялық бірлік
3. Калькуляциялау түрлері
4. Процестік калкуляцияның мәні мен қолдану өрісі: сериялық өндіріс, жаппай өндіріс
5. Тапсырыстық есеп және өзіндік құнды калькуляциялау жүйесі, қолдану өрісі
6. Шығындар есебінің объектілері, калькуляциялау объектілері. Есепті ұйымдастыру
7. Тапсырыс бойынша шығындардың жиынтық есебі
8. Тапсырыстың өзіндік құнын калькуляциялау
Негізгі әдебиеттер:
1. А. К Ержанов, Ә. К Айтанаева, Г. Ш Жұманова, М. С. Баянова, Ә. Е. Иматаева Басқару есебі. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2009 ж. *
2. Друри К. Управленческий и производственный учет. М., Юнити, 2005 г. *
3. Друри К. Управленческий и производственный учет. М., М., Юнити, 2007 г.
4.Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық. Алматы. Экономика 2005ж.*
5. Тайгашинова К. Т. Управленческий учет. Учебное пособие. Алматы: Экономика, 2008 г.
6. Төлегенов Т.Э “Басқару есебі”. Алматы2006 ж.
7. Ч.Хорнгрен, Дж.Фостер, Ш.Датар Управленческий учет. 10 издание «Питер» Санкт – Петербург, 2007 г.
5-тақырып. Тапсырыстық калькуляция.
Дәріс мақсаты: өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісінің ерекшеліктері мен кемшіліктерін анықтау.
Дәріс сұрақтары:
1.Әдістің қолдану өрісі мен оның айрықша ерекшеліктері
2.Тапсырыс, контракт бойынша өзіндік құнды калькуляциялау
1.
Бұл тәсіл бұйымға (бұйымның шағын тобына), жеке жұмысқа немесе көрсетілген қызметке ашылған өндірістік тапсырыстың калькуляциялаудың объектісі болып шығуына байланысты аталды. Әдетте, әрбір тапсырыс жеке тапсырыс беруші, тұтынушы, алушы үшін арналады.
Әдіс негізгі материалдар (технологиялық мақсаттарға арналған материалдар), өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбекақысы және басқа тікелей шығындарды нақты өніммен, жұмыспен немесе көрсетілген кызметпен азды-көпті жеңіл ұқсастыруға болатын жағдайда ғана қолданылады.
Тапсырыстық тәсіл мынадай жағдайларда колданылады:
• бірлі-жарым немесе ұсақ сериялы өнім өндірісінде, не болмаса жұмысты (қызмет көрсетуде) орындау кезінде, әсіресе, әрбір тапсырыс бойынша жасалатын өнім бірегей болмаса да, басқа тапсырыс өнімдерінен елеулі айрықшаланған жағдайда;
•күрделі және ірі бұйымдар шығарғанда;
•ұзақ технологиялық циклды өндірісте;
•едәуір бөлігі қайталанбайтын және жеке тапсырыстар бойынша саны шағын болып шығарылатын өнімнің көп әр түрлілігінде;
•жұмыс орындарының технологиялық ерекшелігі мен жұмыс орындарына белгілі бір операциялар мен бөлшектетіктерді тұрақты бекітудің мүмкін болмауы;
•әдетте, әмбебап жабдықтармен керек-жарақтарды қолданғанда;
•барлық қолдан құрастырушы және жеткізу операцияларының салыстырмалы үлкен үлес салмағында;
•жұмысшылар арасында жоғары білікті мамандардың көп болғанында;
•өнім дайындаудың (өндірістік циклдін) салыстырмалы ұзақ мерзімінде.
2.
Тапсырыстық тәсілде бірен-саран бұйымға немесе бұйымның, жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің санаулы санына өндірістік тапсырыс калькуляциялаудың объектісі болып табылады.
Тапсырыстарды сол немесе басқа өнім түрін дайындау үшін тапсырыс берушімен келісімшарт жасау негізінде жекеде бір бұйым және ұсақ сериялы өндіріс кәсіпорынның жоспарлы-өндірістік бөлімінде (орындауға қатысатын цехтар саны бойынша) толтырады, содан кейін тапсырысты орындаушы цехқа және бухгалтерияға түседі.
Өндіріс шығындарын жинақтап қорыту жөніндегі барлық алғашқы құжаттамада (лимитно-заборлық картасы, шикізат пен материалдарды босатуға арналған талаптар, маршрут парақтары, нарядтар және басқа құжаттар) тапсырыстардың нөмірі (шифрі) көрсетіледі. Құжаттаманы өндегенде шығындарды цех-орындаушылар, жеке тапсырыстар мен калькуляция баптары бойынша топтастырады. Сонымен қатар, әдетте өзіндік құнды калькуляциялаудың жартылай өнімдік нұсқасы қолданылады, яғни әрбір цех бойынша өз шығындары цехтан-цехқа жартылай өнімдерді беру шоттарында көрсетілмейді.
Тапсырыстық тәсілде нақты өзіндік құн тапсырыс аяқталған соң анықталады, бұған дейін барлық шығындар бітпеген өндірісті құрайды. Тапсырыстық тәсілдің кемшілігі мынада, күрделі, қайталанбайтын немесе сирек қайталанатын тапсырыстарды дайындағанда материалдық және еңбек шығындарын мөлшерлеуді ұйымдастыру қиын, нормаға сай калькуляцияны жасау мен өндіріс барысындағы шығындарды алдын-ала бақылауды жүзеге асыру қиындайды.
Бұл кемшілікті жою мақсатымен өндірістің ұзақ циклды ірі бұйымдар (кеме жасау, ауыр машина жасау) дайындағанда, тапсырыстарды олардың (агрегатгар, конструкциялық элементтер), біткен конструкция болып танылатын тетіктеріне жеке ашу ұсынылады. Ұзақ сериялық өндірісте тапсырысқа ағымдағы айда шығару жоспарланған бұйым саны кіреді. Есепте тек нақты бұйымды (тапсырысты) ғана немесе бірнеше бұйымды (тапсырысты) дайындау үшін қолданылатын барлық тетіктер мен бөлшектерді бөліп жазу керек. Бөлшек пен тетіктердің бірінші түрі бойынша шығын есебі тапсырыстық тәсілмен ұйымдастырылады; екіншісі бойынша -нормативті тәсілмен, өйткені бұл бұйымдар сериялық немесе жаппай өндіріс тәртібімен шығарылады. Осылайша, жеке ретпен дайындалатын бұйымдардың жалпы құны тапсырыс бойынша (дара, қайталанбайтын тетіктер мен бөлшектер) ескерілген шығындардан және өзіндік құны нормаға сай тәсіл бойынша жаппай сериялық өндіріс тәртібімен саналатын жалпы тетіктер мен бөлшектер құнынан құралады. Кәсіпорынның экономикалық қызметінің кызметкерлері жеке және ұсақ сериялы өндіріс жағдайында өндіріс шығыны есебінің нормаға сай тәсілінің элементтерін мүмкін болған жердің бәрінде қолдануға тырысуы тиіс. Тапсырыстар бойынша шығындарды топтастырады және әрбір тапсырыстың өзіндік құнын өндірістің есеп карточкаларында есептейді.
Өнімнің өзіндік кұнын калькуляциялаудың тапсырыстық тәсілінің мәні мынада, барлық тікелей негізгі шығындар (шикізаттың, материалдың кұны, өндірістік жұмысшыларды еңбекақысы аударымдарымен бірге) жеке өндірістік тапсырмалар бойынша калькуляциялық парактың белгіленген баптары тұрғысында ескеріледі. Қалған (жанама) шығындар пайда болған жерлері бойынша (машиналар мен жабдықтарды ұстау мен пайдалану жөніндегі шығындарды жинақтап қорыту кезінде, не болмаса қосымша шығыстарда, не болмаса қосалқы өндіріс шығыстары бойынша), тапсырыстардың сәйкес баптары (бөлу базасы белгілеген негізде) бойынша ескеріледі.
Өнімнің немесе жұмыстың калькуляциялық бірлігінің нақты өзіндік құнын шығын сомасын дайындалған өнім немесе орындалған жұмыс санына шығын бөлу жолымен есептейді.
Өнім бірлігінің өзіндік құны жеке тапсырыс бойынша жинақталған шығын сомасын осы тапсырыс бойынша дайындалған өнім бірлігі санына бөлу нәтижесінде айқындалады. Сондықтан тапсырыстық тәсілдің принципиальды ерекшелігі - шығын көлемін уақыт аралығы үшін емес, әрбір біткен тапсырыс бойынша қалыптастыру.
Бірлі-жарым немесе ұсақ сериялы өндірісте жеке есепті ұйымдастыру үшін, әдетте, шығындар есебі шотында әрбір тапсырыс бойынша жеке аралық шот (субшот) ашылады. Егер тапсырыстар саны көп болса, аналитикалық есепті бөлу алғашқы құжаттарға код беру жолымен жетеді. Тапсырыстар коды шикізат пен материалдарды беруге арналған материалдық талаптарда, еңбекақы негізінде, кесімді түрде есептеу жөніндегі есептесу ведомосінде қойылады. Содан кейін орындауға байланысты шығын көлемі жазбаларды тапсырыстың бірден кодымен бірге іріктеу жолымен белгіленеді. Жеке тапсырыстар тұрғысында аналитикалық есеп ұқсас түрде (аралық шоттар немесе кодтеу тәсілімен) және дайын өнім есебі шоттары мен өткізу (сату) есебі шоттарында құрылуға тиіс. Осылайша, тапсырыстық тәсілдегі есептік процесті қисынды біткен соңы әрбір нақты тапсырысты өткізудің қаржылық қорытындысы туралы акпаратты алу болып табылады.
Тапсырыстық тәсілді мысал ретінде көрсету үшін мысал қарастырайық.
Тапсырыс ретінде үш құрастырмалы түрден - 1, 2, 3 бөлшектерден тұратын құрастыру бірлігі шығады. Тапсырыс жасалуы үшін құрастырылатын бөлшектерден басқа, екі технологиялық операция - құрастыру мен сынақ кажет.
Тапсырыстардың өзіндік құны мыналардан құрылады:
• бөлшектер тапсырысына кіретің өзіндік құннан;
• екі технологиялық операцияны жүзеге асыруға шығатын шығындардан;
• осы тапсырысқа есептелген жанама қосымша шығыстардан.
Кәсіпорында колданылатын есеп саясатына сәйкес жанама жалпы шаруашылық шығындар (кезең шығыстары) өнімнің өзіндік кұнына жатпайды.
Шығындарды жанама бөлу сызбасы жалпы түрде былайша көрінеді:
• шығындар бөлінетін объект (азық-түлік, азық-түлік тобы, шығындардың пайда болған жері);
• шығындарды бөлу базасы таңдалады - шығындарды бөлу жүргізуге пайдаланылатын көрсеткіштер түрі;
• бөлудің коэффициенті (мөлшерлеме) бөлінетін жанама шығындардың шамасын тандалған бөлу базасының көлеміне бөлу жолымен есептеледі;
• жанама шығындардың әрбір объектісіне келетін көлемі шығындарды бөлудің есептелген (мөлшерлеме) шамасын осы объектінін бөлу базасының шамасына көбейту жолымен анықталады.
Бақылау сұрақтары:
1. Тапсырыстық әдістің мәні.
2. Тапсырыстық тәсілде калькуляциялаудың объектісі не болып табылады?
3. Тапсырыстық тәсілдің кемшілігі.
4. Тапсырыстық әдіс бойынша негізгі бухгалтерлік жазбалар.
5. Өнімнің өзіндік құнын бағалаған кезде қай әдістің қолданылуы тиімді және неге?
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
1. Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық. Алматы. Экономика 2005ж.*
2. Төлегенов Т.Э “Басқару есебі”. Алматы 2006 ж.
3. Друри К. Управленческий и производственный учет. М., М., Юнити, 2007 г. *
4. Ч.Хорнгрен, Дж.Фостер, Ш.Датар Управленческий учет. 10 издание «Питер» Санкт – Петербург, 2007 г.
6 тақырып. Функционалды калькуляция
Дәріс мақсаты: Шығынды бөлудің функционалды жүйесін оқып үйрену.
Дәріс сұрақтары:
1.Шығынды бөлудің функционалды жүйесі.
2.Шығынның мақсаттық калькуляциясы.
1. Көптеген ұйымдарда көпшілік шығындар айнымалы болмайды және қысқа мерзімді келешегіндегі басшылыққа бақыланды болмайды. Жауапкершілік орталықтардың есебінің дәстүрлі жүйелері көбіне қысқа мерзімді айнымалы шығындарды бақылауға бейімделген, бірақ айнымалы емес шығындарды басқаруға тіпті келмейді. Кейбір компаниялар аз уақыт бұрын, айнымалы емес шығындарды басқару және оларды бақылау үшін АВС менеджмент функциялары бойынша шығындар есебі арқылы басқару жүйелерін бекіткен. Бұл жүйелер басшыларды шығындардың негізінде жатқан себептеріне назар аударғызады. Өндірілген өнім жобалау, дизайн, өндіріс, маркетинг, жеткізу және қызмет көрсету нәтижелерінде пайда болған шығындарын есепке алады және ресурстардың пайдалануы қызметпен келтіріледі деп функциялар бойынша шығындардың есебі болжайды. Компания ішінде қызметтің негізгі маңызды түрлеріне кеткен шығындар туралы есептеме және жинақ жақсы түсінуге және шығындарды тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Функциялар бойынша шығындар есебі жүйесінің ішінде ұзақ мерзімді жоспарда шығындардың себепшісі болып табылатын, қызметті бақылау арқылы шығындарды басқару жүзеге асырылады. Басқа сөзбен айтқанда, оның мақсаты – шығындарды емес, олардың себебін бақылауда. Шығындарды сақтаудың басқаруы шығындарды ұзақ мерзімді бақылауды қамтамасыз етеді. Мысалы: олар жабдықтарды жөндеу уақыты, сатып алудың талап етілетін көлемі, жабдықтаушылар саны. Материалдардың ауыстыру шығындарын қарастырайық. Олардың мөлшері іріктеуге және қоймаға коюына қажетті жеке бөліктердің көлемі арқылы анықталады. Сондықтан, материалдарды ауыстыру шығындары қажетті бөліктердің санына пропорционалды өнімнің сәйкестелген түріне апарылады. Бұл көзқараспен бөліктердің көлемі өнімнің өзіндік құнына әсерін тигізеді және өнімдерді, шығындары, оларды құрайтын бөліктер көлеміне пропорционалды болады. Соған орай, бұл жағдайда бөліктерді стандартизациялау қажеттілігіне және олардың көлемінің қысқартылуына көңіл бөлінеді. Өндірістік шығындар қысқартылады, егер белгілер саны қысқартылса. Бұл жобалаушыларды материалдардың ауыстыруын қысқартатын ұзақ мерзімді белгілер санын қысқарту арқылы өнімді жеңілдетуді ынталандырады. Сондықтан, өндірістік шығындарды калькуляция жүйесі басқарушыларды ұзақ мерзімді шығындарды бақылауды ынталандырады. Бірақ шығындарды басқару үшін көп жағдайларда өнімге кеткен шығындарға қарағанда, қызметке жұмсалған шығындарға назар аудару қажет. Функциялар бойынша шығындар есебі жүйесін пайдалану процедурасы үш сатыдан тұрады.
Бірінші сатысы – қызмет түрлеріне компанияны бөлуді қамтиды. Қызмет түрлері дегеніміз – ол өнімді өндіру үшін немесе қызмет көрсету үшін қызметшілер және құрал-жабдықтар орындайтын операциялар.
Екінші сатысында - әр қызмет түріне шығындар орталықтарын құру қажет.
Үшінші сатысы – нақты қызмет түрінің шығындарына әсер ететін факторларды анықтайды. Кейбір қызмет түрінің шығындарына ықпалын тигізетін, негізгі факторлар болып табылатын оқиғаны немесе күшті анықтау үшін «шығындарды сақтаушы» термині қолданылады. Басқа сөзбен айтқанда, шығындарды сақтаушы деп іс-әрекеттері шығын шығаратын факторларды айтамыз.
2. Өнімнің өзіндік құны бұл өндіріске жәнеөткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар.
Калькуляциялау бұл барлақ тауарлық өнімдердің деәр бір бірліктің де өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын оперативті басқаруда маңызды орын алады, өйткені ішкі резервтерді дер уақытында ашуға мүмкіндік беріп, оны өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға және өнімнің (жұмыс, қызмет) нарықтағы сұранысын ескеретін негізгі бағасын белгілеуде пайдаланады.
Калькуляцияда субъект шығындары ақшалай түрде қорытындыланады.
Қандай ұйым болмасын белгілі бір қызметпен айналысатыны белгілі(өнім өндіру, қызмет көрсету). Осы үрдістерді орындау барысында кәсіпорын жұмысшы күшін, еңбек құралын және материалдық құндылықтарды пайдаланатын болғандықтан барлық кеткен жұмсалған шығындардың жиынтығын анықтауына тура келеді. Бұл шығындардың жиыны өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің өзіндік құнын құрайды. Сондай-ақ ол ұйымды басқару үшін қажетті ақпараттық мәлімет болып табылады. Бухгалтерлік есепте оны, яғни өндірген өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құнын анықтау әдісін калькуляция деп атайды.
Калькуляциялаудың міндеті – шығындардың, оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, ішкі тұтынуға арналған өнімнің бірлігіне қанша болатынын есептеу.
Калькуляциялаудың мына түрлері болуы мүмкін:
Жоспарлы калькуляция
Еңбек шығының, озық техника мен өндірістің және жұмыстың жақсы ұйымдастырылуын білдіретін өндіріс қаражатының прогрессивті нормасы негізінде жоспарланған кезеңге жасалады.
Есеп берушілік калькуляция
Өнімнің өзіндік құнын кәсіпорынға тәуелді және тәуелді болмайтын себептер бойынша жоспардан ауытқуы мүмкін нақты шығындармен сипатталады.
Нормативті калькуляция
Ағымдағы жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Оның негізінде көбінесе қол жеткізген шығын деңгейін сипаттайтын ағымдағы әрекет ететін нормалар жатады
Жобалық калькуляция
· Келешекке құрылған жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол күрделі салымның, жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады
Алдын ала жүргізілетін калькуляция
Нақты шығын негізінде және он айда немесе төртінші тоқсандағы немесе басқа кезеңдегі болжалдық өнім өндіру мен шығын бойынша есеп айырысудың басқа кезеңінде алынатын нақты өнім негізінде жасалады. Бұл калькуляцияның мәліметтері өнім өндірудің ағымдық жылдағы нәтижесін алдын ала анықтауда қолданылады.
Нормативтік шығындар бойынша өзіндік құнның калькуляциясы
Өнім бірлігіне жұмсалатын сметалық шығын нормативтік шығын деп аталады. Нормативтік шығын негізінен операциялық тиімділікті өлшеу үшін пайдаланылады. Ол өткен тәжірибенің немесе ағымдағы жағдайдың негізінде белгіленуі мүмкін.
Нормативтік шығын «мінсіз» немесе «практикалық» болуы мүмкін.
Мінсіз нормативтер өнімді жасау үшін қажет ең аз шығынның негізінде белгіленеді.
Практикалық нормативтер өнім өндірісі орын алатын шығынды білдіреді. Әдетте практикалық нормативке өнімнің қалыпты ысырабымен байланысты шығын кіреді.
Нормативтік шығынның өзіндік құнының калькуляциясы мақсаты оны жоспарлауда, бақылауда және басқарушылық шешім қабылдауда пайдаланылады. Нақты шығын, әдетте, нормативтік шығыннан айырмашылығы болады. Осы айырма ауытқу деп аталады. Егер нақты шығын нормативтік шығыннан аз болса, онда ауытқу жағымды, яғни оң, ал егер нақты шығын нормативтік шығыннан асып кетсе, бұл жағдайда ауытқу жағымсыз деп аталады.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1.Мақсатты шығындар туралы түсінік беру, оларды мысал түрінде көрсету?
2.Бухгалтерлік және экономикалық моделдердің айырмашылықтарын көрсету арқылы «шығындар- өнім -пайда» пайдалануды талдау?
3.Калькуляциялаудың мына түрлері болуы мүмкін?
4.Нормативтік шығындар бойынша өзіндік құнның калькуляциясы?
5. Операциялық тұтқа компанияда тұрақты шығынның пайдаланылу дәрежесін көрсетіңіз?
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
1. Назарова В.Л., Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Оқулық. Алматы. Экономика 2005ж.*
2. Төлегенов Т.Э “Басқару есебі”. Алматы 2006 ж.
3. Друри К. Управленческий и производственный учет. М., М., Юнити, 2007 г. *
4. Ч.Хорнгрен, Дж.Фостер, Ш.Датар Управленческий учет. 10 издание «Питер» Санкт – Петербург, 2007 г.
7 тақырып. Нормативтік калькуляция
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1387 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Жоспарлы калькуляция 6 страница | | | Жоспарлы калькуляция 8 страница |