Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар | СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары | Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар | Дәріс.Геоморфология пәні,оның зерттеу нысаны.Бедер туралы түсінік. | Эндогендік процестер және бедер | Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері | Сел құбылыстарының бедер құрудағы орны | Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері | Азіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі | Жалпы геоморфология» пәнінің глоссариі |


Читайте также:
  1. Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері
  2. Дәріс.Геоморфология пәні,оның зерттеу нысаны.Бедер туралы түсінік.
  3. Жер бедерін қалыптастырушы факторларды талдау жасаңыз.
  4. Жер бедерінің қалыптасуындағы экзогенді үдерістерге сипаттама беріңіз.
  5. Жер бедерінің қалыптасуындағы эндогенді үдерістерді талдау жасаңыз.
  6. Карст және карсты жер бедеріне анықтама беріңіз.

Жер сілкінуі деп жер қойнауының потенциалдық энергияларының кездейсоқ, кенеттен босанып шығуын және қазіргі тектоника процестерге байланысты жер бетінің тербелуін, жойқын шайқалуын атайды. Тектоникалық процестерге байланысты қуатты кернеулер жердің астында оңдаған, жүздеген жылдар бойы жиналады. Сол қуаттардың босап шығуы, жер сілкіну ошақтарындағы тау жыныстарының тектоникалық бұзылысына және ошақтар маңындағы қайтымды деформацияларға байланысты. Қайтымды деформациялар серпінді тербелу күйінде тарайды. Сөйтіп жердің терендіктерінде үнемі кернеулер жиналып, олар тау жыныстарының беріктік шегіне жеткен кезде жарылу пайда болады, потенциалды қуат (энергия) кинетикалық қуатқа ауысып, кернеулер бәсеңдейді, ал жер қойнауынан босаған қуат серпінді толқындар түрінде тектоникалық жарылымдар бойымен жер сілкініс ошақтарынан жан-жаққа тарап, жер бетіне дейін жетіп, жерасты дүмпуі немесе жер бетінің тербелуі түрінде сезіледі. Негізгі жерасты дүмпуімен қатар, алдын ала дүмпулер - форшоктар және кейінгі - афтершоктар дүмпулер болады. Осылайша, әрбір жер сілкінісі серпінді энергиялардың босануынан пайда болады. Бұл жағдайда бір-біріне қатысты жер қыртысының блоктары жыртылу жігі бойымен бірден ауысады. Ал серпінді толқындар бойлық (Р), көлденең (S) және үстіңгі (L) толқыңцарға бөлінеді.

1556 ж. қаңтардың 23 күні Шэньси өлкесінде Хуасянь жойқын жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі Сиань қаласының шығысында 70 километр қашықтықта лесс топырағы кең тараған жерде болды. Қытай құжаттарында сол жер сілкінісі салдарынан шамамен 830 мың адам құрбан болды деп жазылған. Кейде жер сілкінісі әсерінен жер бетінде ерекше бедер пішіндері пайда болады. 1887 ж. Мексиканың солтүстігінде тектоникалық лықсу нәтижесінде биіктігі 7 м-ге жететін төбешік тізбектері қалыптасты, ал Индиядағы Ассам жер сілкінісі кезінде теңіздің бетінде жаңа аралдар пайда болып, олардың біреуінің ұзындығы 150 метрге, ал ені 25 метрге жеткен.

Кейбір жерлерде жер сілкінісінен түзілген жарықтар жігінен су көтеріліп, олар жер бетіне құм мен саз үйінділерін қалыптастырған. Соның нәтижесінде биіктігі 1-1,5 метрлік үйме сазды конус тізбектері түзілген. Сонымен қатар жер бетінде иілім тәрізді деформациялар да болады. 1892 ж. Жапонияда жер сілкінген уақытта жердің бетінде биіктігі 30 см, ұзындығы 3-10 метрге жететін белестер пайда болған.

Жер сілкіну әсерінен қоздырылған кейбір табиғат құбылыстары өте маңызды бедер түзілу ролін атқарады. Жерасты қатты тербелістерінің әсерінен тауларда құламалы тік жарлар, өзен жэне теңіз жағаларындағы опырылмалар, сусымалы түзілімдер, ал ылғалды жерлерде - жылжымалар және топырақ қалқымалары қалыптасады. Осы сияқты Тәжікстандағы (1949 ж.) Хант ауылының маңында жер сілкіну нәтижесінде ірі опырылмалар мен сусымалы тас шөгінділері пайда болды, ал ауыл тұррғындарының үйлері түгелімен дерлік көшкіннің астында қалған. Аса үлкен опырылмалы құбылыс 1911 жылғы Памирдегі жерсілкінісі кезінде болды. Опырылған тау жыныстары Мургаб өзенінің аңғарына қопарыла құлап, ені шамамен 5 километрге, биіктігі 600 метрге жететін бөгет құрды. Осының салдарынан ұзындығы 60 км, терендігі 500 м Сарез көлі пайда болған.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 546 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі| Беткей туралы ұғым

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)