Читайте также:
|
|
Экзогендік процестермен қатар дамуы мен қалыптасуы Жердің ішкі жылуы мен химиялық энергиясына тәуелді болатын процестер де кездеседі. Олар: вулкандық процестер, жер сілкіну, эпейрогентикалық, дислокациялық қозғалыстар, «ғасырлық» тербелмелі, баяу қозғалыстар- олардың барлығы эндогендік процестер деп аталады, энергия көзі жер қойнауынан келеді. Тектоникалық қозғалыстар жердің бұрынғы өткен даму тарихында ғана емес қазіргі кезеңде де болып отыратыны белгілі. Неотектоникалық қозғалыстардың салдары: дүниежүзілік мұхит түбінің қозғалысы, құрлық бөліктерінің изостатикалық көтерілуі мен төмен түсуі – вулкандық жер сілкіну процестері арқылы іске асады. Жер бетінің қазіргі рельеф типтерінің қалыптасуында вулкандық процестердің маңызы зор. Олар жер қыртысында дамитын немесе Жер бетіне шығып төгілетін балқыған және әртүрлі газдарға қаныққан минералдық масса- магма. Соынмен магмалардың пайда болуына және орын ауыстыруына байланысты процестерді- вулканизм процесі деп атайды. Магманың қозғалысы жер бетіне жетпей ақ аяқталуы мүмкін: ондай жағдайда магма жер астында баяу суынып қайтадан қатты денеге айналады, бұдан интрузивтік немесе тереңде жатқан жыныстар деп аталатын тау жыныстарының құрылуы басталады. Жер бетіндегі вулкандар формаларына, әрекет ету сипаттарына және шығаратын материалдарының құрамына қарай әртүрлі болады. Алдымен вулкандардың өшпеген, өшкен және ертедегі вулкандар деп үш топқа бөлінетінін айта кету қажет. Өшпеген вулкандар деп қазіргі біздің заманымызда және өткен геологиялық кезеңде от шашып, магма атқылап, әрекет жасаған вулкандарды айтса; өшкен деп әрекеті туралы адам баласының ешбір мәліметі жоқ вулкандарды айтады. Бірақ мұндай вулкандарды уақытша өшкен немесе ауыр ұйқыдағы вулкандар деп атау дұрысырақ болады, өйткені ондай вулкандарды өшті деп жүргенде кенеттен атқылай бастағандары көп. Мысалы, Мартиника аралындағы тазығыр тауы 1902 жылы кенеттен әрекет жасаған. Тек бұзылып, мүжіліп су шайып кеткен вулкандарды ғана өшкен деп санау керек- мұндай вулкандарды ертедегі вулкандар деп те атайды. Кратерден шыққан түтін биік бағана тәрізді тік көтеріледі, қара бұлтқа айналып ауа райына байланысты не бір жаққа қарай желмен бұрылып, немесе бірнеше километр биіктікке көтеріліп, осыдан кейін барлық жағына бірдей тегіс жайылады. Мұндай түтін Италияда өсетін пиния қарағайына ұқсайтындықтан оны пиния тәрізді вулкан деп атайды. Ертеректегі геологиялық даму кезеңіндежарықтардан лавалық атқылау жиі болған. Олардан тау қыраттары мен үстірттер пайда болған. Осындай от шашулардың іздері Сібірдің Тунгус бассейнінде көп кездеседі. Миоцендік базальттың төгілуі Вашингтон мен Оризона штаттарында, Колумбия үстіртінде 500 000 текше км. Ауданды алып жатыр. Лаваның бұл төгілуіне дейін Колумбия территориясы таулы жер болып келген- қалыңдығы 1000 метрге дейінгі лава ағындары жерді біркелкі лавалық жазыққа айналдырып, жіберген, олардың ортасынан таулар жеке арал тәрізді көтеріліп тұрған. Эоценнің бас кезінде аса ірі базальт төгілуі болып өткен- Индияда Катьявар, Гуджарат, Декан т.б, яғни ауданы 650 000 текше км жерді басып кеткен. Базальттық лаваның қалыңдығы 30 метрден 750 метрге дейін, ал Бомбей жағалауында 3000метрге дейін жеткен.
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 345 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Карст және карсты жер бедеріне анықтама беріңіз. | | | Жер бедерінің қалыптасуындағы эндогенді үдерістерді талдау жасаңыз. |