Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Географиялық қабық дамуының негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз.

Арыш әлемі, Құс жолы және оның құрылымы жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз. | Зендер және олардың морфометриялық сипаттамасына талдау жасаңыз. | Жер қыртысы және оның құрамына талдау жасаңыз. | Атмосфера, оның құрамы және оның қабаттары жайлы анықтама беріңіз. | Атмосферадағы ылғал айналымы, булану және буланушылық құбылыстарына сипаттама беріңіз. | Биосфера жайлы В. И.Вернадскийдің іліміне түсініктеме беріңіз. | Географиялық қабықтың белдеулі зоналық құрылымы. Жердің негізгі географиялық белдеулері мен зоналарына талдау жасаңыз. | Карст және карсты жер бедеріне анықтама беріңіз. | Жер бедерінің қалыптасуындағы экзогенді үдерістерге сипаттама беріңіз. | Жер бедерінің қалыптасуындағы эндогенді үдерістерді талдау жасаңыз. |


Читайте также:
  1. Ақпаратты талдаудың негізгі көрсеткіштері.
  2. Ауаны түрлі ингриеденттерден тазартудың негізгі принциптері
  3. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  4. Бап. Осы Заѕда пайдаланылатын негізгі ўєымдар
  5. Бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  6. Географиялық қабықтың құрылымы мен құрылысы, оның тұтастығына сипаттама беріңіз.

Географиялық қабықша ұзақ уақыт аралағында және уақыт өткен сайын күрделену нәтижесінде пайда болған. Жер туралы ғылымдар системасының мәліметтері бойынша Жердің жасы 4,5-4,6 млрд жыл десек осы уақыт аралығында ол бірнеше геологиялық тарихи даму кезеңдерін өткізген.

Ең алғашқы геологиялық кезеңге дейінгі Жердің даму тарихы туралы мәліметтер аз. Осы жастағы тау жыныстары жер бетінде табылмаған, сондықтан бұл кезеңдегі деректер, мәліметтер жобалап алынған. Негізгі ерекшеліктері: жер бетін метеориттер мен астероидтердің активті вулканизм нәтижесінде базальтты лаваның атқылауы, мантия заттарының дифференциясы нәтижесінде жұқа жер қыртысының пайда болуы, биологиялық кезеңге дейінгі атмосфераның қалыптасуы. Биологиялық кезеңге дейінгі “қарапайым” атмосферада қазіргі атмосфера құрамымен салыстырғанда азот пен сутек көп, ал оттегі мүлдем болмаған. Географиялық қабықшаның құрамдас бөлігі деп саналатын гидросфера да, биосфера да болмаған.

Кейіннен пайда болған Жердің географиялық қабықшасы даму барысында үш кезеңге жіктелді: биогендік кезеңге дейінгі, биогендік және антропогендік кезеңдер.

Биогендік кезеңге дейінгі уақыт (4 млрд – 570 млн жыл) ұзақтығы бойынша – катархей, архей мен протерозой – Жердің геологиялық тарихындағы ең көп аралықты қамтиды. Осы кезеңде жер қыртысы күрделенеді, қалыңдығы артты. Шамамен 2,6 млрд жыл бұрын, яғни архей эрасының соңында қалыңдығы 30 км құрылыстық қыртыс пайда болды, ал протерозой эрасының басында алғашқы протоплатформалар мен протогеосинклинальдар бір-бірінен дараланды. Гидросфера болды, бірақ су көлемі қазіргіден едәуір аз, протерозойдың соңында тек Тынық мұхиты ғана айқындалды. Алғашқы мұхит суы тұзды болмаған деп тұжырымдайды, өйткені ювенильді суда ұшып кететін газдар қазіргідей қарым-қатынаста болған. Алғашқы жер қыртысының құрамына байланысты ескі мұхит суындағы Na тұзы Ca тұзына қарағанда қазіргіден басым болған.

Биогендік кезеңге дейінгі уақытта да жер бетінде өмір болса керек, өйткені шамамен жасы 3,5-3,6 млрд жылға сәйкестенетін тау жыныстарынан қарапайым бактерия тәріздес денелердің қалдықтары табылған.

Биологиялық кезеңге дейінгі уақытта геологиялық масштаб бойынша органикалық өмір баяу дамыған. Осыған қарамастан венд дәуірінің соңында (650-570 млн жыл бұрын) мұхиттың органикалық өмірі өте бай болған. Диаметрі бір жарым метрге жететін медузоидтар, өте ірі скелетсіз жануарлар, алуан түрлі ірі және кіші фитопланктондар (Б.С. Соколов, 1984)

Осы кезеңнің бүкіл даму барысында органикалық өмір болса неліктен бұл кезеңді биогендік кезеңге дейінгі деп атайды? Өйткені органикалық өмір пайда болған кезінен бастап протерозойдың соңына дейін географиялық қабықшаның дамуында шешуші роль атқармады. Ғалымдардың тұжырымдары бойынша органикалық өмір құрлықтарда болмаған, яғни топырақ жамылғысы да дамымаған. Осы кезеңнің даму тарихында жетекші рольді абиогендік процестер атқарған, осының салдарынан алғашқы мұхиттар мен жер қыртысы дами бастаған. Атмосферада оттегенің мөлшері өте аз, озон қабаты болмаған, сондықтар тірі организмдер құрлықта өмір сүре алмаған.

М.И.Будыко, А.Б.Ронов, А.Л.Яншиннің (1985) мәліметтері бойынша атмосферадағы оттегі массасы осыдан 2 млрд жыл бұрын өте аз болған. Өйткені фотосинтез процесінен түскен оттегі толығымен жер бетіне шыққан вулкандық және органикалық заттардың тотығуына жұмсалған. Вулкандық процестің бәсеңдеуіне байланысты атмосферадағы оттегі массасы көбейіп протерозой эрасының соңында қазіргі атмосферадағы оттегі массасының 15-20%-ға сәйестенген.

Биогендік кезең (570 млн – 40 мың жыл бұрын) палеозой, мезозой және кайнозой эарсының соңғы 40 мың жылын қоспағанда. Венд дәуірінің соңында атмосферада бос оттегінің күрт өсуіне байланысты биостромның дамуында сандық және сапалық өзгерістер байқалды, әсіресе жануарлар дүниесінде.

Кембрий-ордовик дәуірлерінде құрлықты қарапайым өсімдіктер мен жануарлар игере бастады: теңіздерде трилобит, граптолиттер жақсы дамыды. Силурда алғашқы балықтар, девонда насекомдар мен қос мекенділер. Кембрий кезеңінен белгілі өсімдіктер қатарын прапапортниктер, плаун тәрізділер (мәңгі жасыл шөптесінді өсімдікте) толтырды. Девоннан бастап биостромның сандық және сапалық жақсаруынан – географиялық қабықтың жаңалығы – озон экранының дамуы. 20-25 километрлік стратосфера қабатының биіктігінде орналасып озон қабаты жер бетіндегі органикалық өмірді күннің қысқа толқынды ультракүлгін радиациясынан қорғайды. Кейінгі тас көмір дәуірінде құрлық бетінде ылғалды, биологиялық өнімділігі жоғары алып плаундар, қырықбуындар мен ағаш тәрізді папоротниктер қаулап өскен, яғни атмосферадағы оттегінің қазіргідей болды деп айтуының дәлелі болмақ.

Атмосферада оттегі массасының артуы бір бағытта (өсу бағытында) болған жоқ: бірде көбейіп, ал бірде азайып отырды (М.И.Будыко т.б. 1985) Оттегі массасының бірде артып, бірде кеміп отыруының негізгі себебі – атмосферада көміртек тотығының сандық шамасының өзгеруіне байланысты фотосинтездің ауытқуы, климаттың ылғалдылығының, “көмілген” органикалық көміртек ерекшелігіне байланысты болды.

Бүкіл биогендік кезеңде биостром эфолюциясы бір қалыпты болмады: баяу, өзгеріссіз бір деңгейде даму күрт және өте айқын өзгерістермен алмасып отырды; флора мен фаунаның бір түрлері жоғалып, келесі жаңа түрлері дамып отырды. Жаппай қырылу кезеңдері ордовик пен силурдың шекарасы (480 млн жыл бұрын), пермь мен триас (240 млн жыл бұрын), триастың соңы (195 млн жыл бұрын) және мезозой мен кайнозой эраларының шекарасында (65 млн жыл бұрын) орын алды.

Бор дәуірінің соңына қарай 898 түр мен 108 тұқымдастар жойылып кеткен, теңіздерде бұрын кең өріс алған аммониттер мен белемниттер, теңіздік бауырымен жорғалаушылар, құрлықта – диназаврлар.

Ғылыми пікірлер бойынша “мезозойдағы жаппай жойылу” табиғи жағдайдың күрт өзгеруімен – космос кеңістігінен диаметрі 5-30 километрге жететін астероидтардың құлауымен байланысты. Әрине, космостық әсерді жоққа шығаруға болмайды, дегенмен мезозой мен кайнозой эралары шекарасында өсімдіктер мен жануарлардың сандық және сапалық секірмелі өзгеруінде мына екі фактордың маңызы зор.

Біріншісі тау түзілуі кезінде табиғаттың өзгеруі. Бұл кезеңде геосинклинальдардың орнына биік қатпарлы таулар пайда болды, рельефтің тілімденуі ұлғайды, вулкандық әрекет күшейді, географиялық қабықтың құрамдас бөліктері арасындағы зат пен энергия айырбасы нығайды. Сыртқы орта өзгерісіне байланысты органикалық өмірде де түрлік өзгеру, жаңа түрлер мен тұқымдастардың пайда болуы артты.

Екіншісі – эндобиогендік фактор – организмдегі теңдік өзгерістерге байланысты. Белгілі интервал аралығында жануарлардың сандық көбейіп немесе азайып отыруы. Осындай күрт өзгермелі процестер биостромның дамуына әсерін тигізді, мысалы бор дәуірінде кенеттен жабық тұқымды өсімдіктердің пайда болуы. Құрлық бетінде биостромның дамуы топырақ жамылғысын пайда етті.

Антропогендік кезең (40 мың жыл бұрын). Биологиялық түр Номо ретінде адам баласы осыдан 2-3 млн жыл бұрын пайда болса да оның табиғи ортаға тигізер әсері шектеулі болды. Ол саналы адам (Homo Sapiens) пайда болған соң үдей бастады – жоғарғы палеолитке сәйкес келді. Географиялық

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1459 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Магнитосфера , Жердің магниттік өрісі және Жердің магниттік полюстері жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.| Географиялық қабықтың құрылымы мен құрылысы, оның тұтастығына сипаттама беріңіз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)