Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ауаны түрлі ингриеденттерден тазартудың негізгі принциптері

Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілі және таратылатын материал, қолданылатын әдебиеттер тізімі). | Пәннің мақсаттары мен міндеттері | Дебиеттер тізімі. | Ауа бөлшектерінің қозғалысы. | Атмосфераның құрылысы | Атмосфераның физико-химиялық қасиеттері: температура мен қысымның өзгеруі. | Көміртегі | Көмірқышқыл газы | Атмосфералық ауа сапасының нормативтері | Неркәсіп қалдықтарын іске асыру. Қалдық сақтау қоймаларына қойылатын талаптар. |


Читайте также:
  1. Ақпаратты талдаудың негізгі көрсеткіштері.
  2. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  3. Бап. Осы Заѕда пайдаланылатын негізгі ўєымдар
  4. Бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  5. Географиялық қабық дамуының негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз.
  6. Географиялық қабықтың белдеулі зоналық құрылымы. Жердің негізгі географиялық белдеулері мен зоналарына талдау жасаңыз.

Атмосфераны қорғаудың ең радикальды әдісі жоюға немесе қайтадан пайдалануға келмейтін қалдықтардың көлемін азайтатын технологиялық процестерді енгізу болып табылады.

Қалдықсыз технологиялық процестер әзірге өте аз, алайда көптеген қалдықтарды басқа өндірістерде шикізат ретінде пайдалануға болады. Мысалға, гидротазарту процесінде пайда болатын күкіртсутегінің дизельді фракциясын күкірт қышқылы өндірісінде қолдануға болады.

Әрбір өндірістің негізіне тәжірибелік жағдайда құрастырылып, тексерілген технологиялық процестер жатады. Ол алдын-ала берілген қасиеттері бойынша жаңа өнімдерді алуға қажетті шикізаттардың өзімізге қажетті өзгерісін қажет етеді. Технологиялық процестің кіріспесіне тәжірибелік талап технологиялық регламентте көрсетіледі.

Технологиялық регламент қатаң қадағалануы операторға байланысты. Ол атмосфераға тасталатын лақтырыстардың пайда болуын анықтайды.

Мұнай өнімдерінің шығындалуын және атмосфераға тасталатын қондырғының гермитизациялануына жағдай жасайды.

Гермитизация дегеніміз ішінде сұйық пен газы бар аппараттар мен құбыр тізбектерінің қосылған жерлерін қамтамасыз ету. Егер гермитизация дәрежесі төмен болса, онда жабдықтар мен коммуникациядан өнімдердің атмосферадан ағуы жүреді. Химия және мұнай өндеу кәсіпшілігінде қолданылатын жабдықтардың ерекшілігіне, онда қосылған жерлер көп. Сондықтан сұйықпен газдың аз ғана бөлінуі атмосфераға тасталатын газдардың үлкен көлемін туғызады. Мұндай жерлерге жабдықтар мен құбыр тізбектерінң кейбір бөліктері (пісірілген, фланецті, бұрандалы), алынатын детальдардың қосылыстары (люк қақпағы) жатады.

Егер аппараттар қысымда жұмыс жасайтын болса, олардың гермитикалығын бірден жоғалтып алу аз ғана мерзімде атмосфераға сұйықтың, газдың және будың үлкен көлемінің тасталуына әкеледі. Ол лақтырыстар тек қана атмосфераны ластап қана қоймай адам өміріне де қауіпті болады.

Ешбір өндіріс шығынсыз жұмыс ісей алмайды. Шығындардың классификациясымен олармен күресу әдістерін мұнай өндеу зауытының мысалында қарастырайық.

Мұнай және мұнай өнімдерінің қайтарымсыз шығындалуының бөлінуі келесі кестеде көрсетілген.

Осыған орай көмірсутектердің ең көп шығындалуы резервуарлармен сыйымдылықтарда мұнай және мұнай өнімдерін сақтау кезінде болады.

Резервуарларда сыйымдылықтағы қысым өскен кезде артық буды сыртқа шығаратын, ал қысым түскен кезде сыйымдалыққа сырттан ауа жіберетін реттеуші клапандар орнатады.

Күндізгі уақытта ауа температурасы жоғарлаған кезде резервуардың беті қызады, бу-газды қоспалардың, яғни мұнай өнімдерінің, жеңіл ұшқыш фракциялардың қысымы мен температурасы жоғарлайды. Бу-газды кеңістіктегі қысымның өсуі клапанды іске қосып, бу-газды қоспаның сыртқа шығуына әсер етеді. Бұл кезде резервуарлардың мұнай өнімдерімен толу дәрежесі маңызды орын алады. Толу дәрежесі жоғарлаған сайын газ кеңістігі азаяды.

Түнгі уақытта өнімнің салқындауы кезінде бу-газ қоспасының қысымы төмендейді, вакуум пайда болып, жіберу клапаны арқылы резервуардың газды кеңістігіне түседі.

5. Атмосфералы ауаны ластайтын әрбір заттар үшін екі норматив орнатылған:

1. 20 минут өлшеу кезіндегі максимальды мүмкін болатын концентрация-МБК, мг/м3

2. Ұзақ уақыт аралығындағы орталандырылған орташа тәуіліктік мүмкін болатын концентрация-МБК, мг/м3

Атмосферадағы зиянды заттардың МБК-бұл анықталған, орталандырылған периодқа (20-30 минут, 24 сағат, ай, жыл) апарылған максимальды концентрация. Ол адамға және өмірдің санитарлы-гигиеналық жағдайына жанама немесе тура әсерін көрсетпейді.

Суммарлы әсері бар бірнеше зиянды заттардың оргнизмге бірден әсері кезінде ауадағы мүмкін болатын концентрациясымен бірге әрбір заттың (С1, С2...,Сn) нақты концентрациясының қатынасының суммасы бірден аспауы керек:

С1/ МБК12/ МБК2 +...+Сn/ МБКn = 1

Атмосфераға тасталатын кейбір заттардың МБК- сы мұнай мен газдың көмірсутектерінен алынған өнімдердің химиялық өндірісі төмендегі кестеде келтірілген.

Қоныстанған аудандардағы атмосфералық ауадағы кейбір зиянды заттардың МБК-сы (мг/м3) келесі кестеде берілген.

Кесте 1- Қоныстанған аудандардағы атмосфералық ауадағы кейбір зиянды заттардың МБК-сы (мг/м3).

Көрсеткіштер Максимальді әртүрлілік Орташа тәуліктік
Азот диоксиді Аммиак Ацетон Бензол Бензин Дихлорэтан Изопропильбензол Метанол Пиридин Күкірт диоксиді Күкірттісутек Стирол Толоул Сірке қышқылы Көміртегі диоксиді Фенол Формальдегид Хлор 0,085 0,2 0,5 1,5 5,0 3,0 0,014 1,0 0,08 0,5 0,008 0,04 0,6 0,2 0,01 0,035 0,1 0,04 0,04 0,35 0,1 1,5 1,0 0,014 0,5 0,08 0,05 0,008 0,002 0,6 0,06 0,003 0,003 0,03

Қоршаған ортаның сапасын реттеу үшін мүмкін болатын лақтырыстар қатаң қадағаланып отырылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Атмосферадағы қоспаларды анықтау үшін қандай аспап қолданылады?

2. Қоршаған ортаның сапасын реттеу үшін қандай шаралар қолданылады?

3. Атмосфералық ауаның ластанбауы үшін істелінетін шаралар?

Қолданылатын әдебиеттер:

1. 2.Иллорианов А.И. Экологические основы природопользования. Экология и жизнь, 2002.

2. Мазур И.И., Молдаванов О.И. Курс инженерной экологии: Учебник для вузов/ Под.ред. И.И.Мазура – М.: Высшая школа, 19997.

3. Охрана окружающей среды. Под. Ред. С.В. Белова – М.: Высшая школа,1991.

 

Дәріс № 4

Тақырыбы: Мұнай кен орындарын игерудің топыраққа әсері

Дәріс мақсаты: студенттерге Мұнай-газ саласы өндірісі мекемелері

қызметінің жер қорларына әсері туралы түсінік беру

Пайдаланған сөздер: өнеркәсіп қалдықтары, рекультивация


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 233 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мұнай-газ өндірісі мекемелері шығындыларының классификациясы| Түрлі өндірістердегі сұйық және қатты қалдықтар, олардың топыраққа және грунтты суларға әсері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)