Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мұнай-газ өндірісі мекемелері шығындыларының классификациясы

Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілі және таратылатын материал, қолданылатын әдебиеттер тізімі). | Пәннің мақсаттары мен міндеттері | Дебиеттер тізімі. | Ауа бөлшектерінің қозғалысы. | Атмосфераның құрылысы | Атмосфераның физико-химиялық қасиеттері: температура мен қысымның өзгеруі. | Көміртегі | Көмірқышқыл газы | Түрлі өндірістердегі сұйық және қатты қалдықтар, олардың топыраққа және грунтты суларға әсері. | Неркәсіп қалдықтарын іске асыру. Қалдық сақтау қоймаларына қойылатын талаптар. |


Читайте также:
  1. Дәрілердің өнеркәсіптік өндірісі
  2. Дәрілердің өнеркәсіптік өндірісіндегі қолданылатын нормативтік құжаттар
  3. Крахмал және крахмалөнімдері. Крахмал, сірне және глюкоза өндірісі
  4. Мырыш жақпа майы өндірісінің технологиялық және аппаратуралық сызбалары

Мұнайды өңдеу кәсіпорыны табиғи ортаны жалпы ластаушы өндірістің саласына жатады.

МӨЗ – тан шыққан лақтырыстарды массалы және массалы емес деп бөлуге болады.

Массалы лақтырысқа көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, күкіртті сутек, азот оксиді, көмірсутектер, фенол, аммиак және басқалары жатады. Массалы лақтырыстар МӨЗ маңайындағы Ортаның санитарлы – гигиеналы жағдайын анықтайды.

Массалы емес лақтырыстар көп жағдайларда зауыт маңайындағы ауданды мүмкін концентрациядан жоғары ластамайды.

Лақтырыстардың сипаты бойынша ұйымдасқан және ұйымдаспаған деп бөлуге болады.

Ұйымдасқан лақтырыстар арнайы қондырғылардың көмегімен атмосфераға шығарылады: олар пештің түтінді құбырлары, зауыт факелдері, вент жүйелі патрубкілер.

Ұйымдасқан лақтырыстар токсикті компонентердің жоғары концентрациясымен сипатталады.

Ұйымдаспаған лақтырыстарға қандай да бір қондырғының көмегімен біріктіруге және шығаруға келмейтін лақтырыстар жатады. Мысалға, аппарат пен арматураның тығыздалмаған жерінен шыққан қалдықтар, резервуарлардан мұнай өнімдерінің ұшып кетуі және т.б.

МӨЗ – да негізгі ластаушыларға мыналар жатады:

1. Мұнай және мұнай өнімдерін сақтайтын резервуарлар.

2. Қалдық суларды тазарту қондырғылары, айналымды сулардың блогындағы мұнай бөлгіштер.

3. Пеш құбырлары.

4. Технологиялық қондырғылар.

5. Факелді жүйелер.

МӨЗ – ның ауаны ластаушы лақтырыстарының (күкіртті сутек, күкіртті газ, азот оксиді, көміртегі оксиді, көмірсутектер) ішіндегі ең негізгісі болып көмірсутектер мен күкіртті газдар табылады.

Атмосфераны көмірсутектермен ең ірі ластаушы мұнай және мұнай өнімдерін сақтайтын зауыт резервуарлары.

Отынды жағу кезінде атмосфераға төмендегідей зиянды заттар тасталады: көміртегі оксиді, азоттың оксиді мен диоксиді, күкірттің диоксиді, органикалық емес шаң, ванадий оксиді.

Көміртегі оксидінің, көмірсутектердің лақтырысы отынның толық жанбауы кезінде пайда болады. Отынның толық жағуға мыналар әсер етеді:

- газ тәрізді отынды алдын – ала ауамен араластырады;

- отын мен ауаны қыздыру;

- пештерді ауамен үретін, түтін соратын қондырғылармен жабдықтау;

- пештерді бақылау құрылғыларымен жабдықтау.

Отынның жану процесінде ауа азотының тотығуы және азот оксидінің пайда болуы жүреді.

Азот оксидінің пайда болуына әсер етеді:

1. Жану қондырғыларының орналасуы, факелдердің өзара байланыстылығы.

2. Жану зонасындағы температураны төмендету. Бұл үшін қолданылады:

- арнайы жану қондырғылары – төмен температуралы вихрлі жандырғыштар;

- жану зонасына бу немесе суды беру.

3. Ауаның артық коэффициентін азайту. Алайда ауаның артық коэффициентінің аз мәнінде отынды толықтай жақпау қаупі төнеді және көміртегі оксидінің жоғары лақтырыстары болады.

4. Түтін газдарын рециркуляциялау. Азот оксидінің лақтырыстарын азайтуға жағдай жасайды.

5. Отынды екі және үш сатылы жағу. Бұл үшін арнайы жағу қондырғыларын пайдаланады.

Күкіртті ангидриттің лақтырыстарына отындағы күкіртті қосылыстың болуы әсер етеді.

Күкірттің ангидриттің лақтырысына отын құрамындағы күкіртті қосылыстар әсер етеді.

SO2 – нің лақтырысын азайту үшін құрамында күкірті аз отынға көшу немесе отынды күкіртсутекпен тазарту керек.

Көмірсутегі мен күкіртсутектің лақтырыс көзіне АВТ вакуумды блогының бу эжектрлерінің шығару құбырлары жатады.

АВТ- 7,8,9 қондырғыларында бу эжектрлерінің орнына вакуумды тудыру үшін вакуумды – гидроайналымды қондырғылар (ВГАҚ) қолданады.

Бу орнына жұмысшы сұйық ретінде дизельді отын пайдаланылады. Ол жүйеде айналым жасайды. Газ – сұйықтықты қоспа вакуумтудырушы қондырғыдан айырғышқа түседі, одан кейін жұмысшы сұйықтық жүйеге қайтадан оралады.

Құрамында көмірсутегі мен күкіртсутегі бар конденсацияланбаған газдар жағу үшін пешке айдалады.

Бұл жүйе пешке жағылатын көмірсутектер мен күкіртсутектердің лақтырыстарын азайтуға жағдай жасайды.

Ашық беттік тазарту қондырғылары-құмаулағыштар, мұнайаулағыштар, I және II дәрежелі аэротендер, бірінші және екінші тұндырғыштар-атмосфераны көмірсутегімен және күкіртсутегімен ластандырғыштар болып табылады.

Айналымдағы судан келіп түсетін мұнай өнімдері градиерне дейін атмосфераға таралады.

Зауыттың әрбір технологиялық қондырғысы өндеу процесіне байланысты атмосфераны ластау спектрі әртүрлі болуы мүмкін. Оларға көмірсутектер, көміртегі оксиді, күкіртсутегі, азот оксиді және т.б.

Май өндіру қондырғылары атмосфераға аммиакты, фенолды, толоулды, N-метилпорролидонды, көмірсутекті шығару көзі болып табылады.

Мұнай өнімдерінің булары арматураның, фланецті қосылыстардың, сораптар мен компрессорлардың сальникті тығыздағыштары дұрыс тығыздалмауына байланысты атмосфераға таралып кетеді. Жақсы жұмыс істеп тұрған кезде бір сораптан сағатына 1 кг газ және бу, компрессордан 3 кг газ және бу бөлінеді. Нақты бөлінулер бұл цифрлардан 2-3 есе көп болады.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 243 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Атмосфералық ауа сапасының нормативтері| Ауаны түрлі ингриеденттерден тазартудың негізгі принциптері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)