Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Атмосфералық ауа сапасының нормативтері

Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілі және таратылатын материал, қолданылатын әдебиеттер тізімі). | Пәннің мақсаттары мен міндеттері | Дебиеттер тізімі. | Ауа бөлшектерінің қозғалысы. | Атмосфераның құрылысы | Атмосфераның физико-химиялық қасиеттері: температура мен қысымның өзгеруі. | Көміртегі | Ауаны түрлі ингриеденттерден тазартудың негізгі принциптері | Түрлі өндірістердегі сұйық және қатты қалдықтар, олардың топыраққа және грунтты суларға әсері. | Неркәсіп қалдықтарын іске асыру. Қалдық сақтау қоймаларына қойылатын талаптар. |


Адамның экологиялық құқығы, экологиялық экспертиза, ластағаны үшін физикалық немесе кәсіпорын тұлғаларының жауапкершілігі, экологиялық риск – мұның бәрі қоршаған ортаның жағдайын бағалауға, оның ластану дәрежесінің нормативті көрсеткіштеріне байланысты болады.

Қазіргі уақытта табиғи қоршаған ортаның сапасының әр түрлі нормативтері қолданылады, олардың функциялары да әр түрлі болып келеді. Олар адамның өмір сүру ортасына баға береді, басқалары табиғатқа әсер ететін улануды бағалайды. Алайда олардың мақсаты бірдей, өйткені олар табиғи ортаның сапасын анықтауға бағытталған.

Табиғи ортаның сапасы деп жер бетінде өмірдің жалғасуына мүмкіндік беретін адам мен табиғаттың арасындағы заттар мен энергияның алмасу процесін үнемі қамтамасыз ететін экологиялық жүйені айтады. Ортаның сапасы адамның әрекеті әсері болғанға дейінгі табиғаттың өз күшімен реттелініп, тазаланып отырылған. Мұндай реттелініп, тазаланатын негізге қалдықсыз процесс жатады.

Адам өндіретін заттар (ауыл шаруашылығы,өндірістік,техногендік) табиғи процестерге қарағанда қалдықты өнім шығаруға негізделген. Технологиялық процесс нәтижесінде адам алатын соңғы өнім тиімді қолданылмайды. Негізгі өнімнің 90%- ы қалдық болып лақтырылады, кейін олар табиғи процестерге шикізат болып табылмайды. Бұл жер бетінде инертті және зиянды материялдардың жиналуына әкеп соқтырады.

Табиғатқа адамдардың әсері және оның зардаптары нәтижесінде адам өмір сүретін ортаның сапасын реттеу қағидалары дүниеге келді.

Табиғи ортаның сапасын қалпына келтіру деп адамның табиғатқа немесе өмір сүру ортасына шектік қажетті көрсеткіштер түрінде нормативтер енгізу арқылы заңды норманы қалыптастыру және дамыту процесін айтады.

Норма деп, әсер ету шегін айтады.

Шектік қалыптық норма деп қоршаған ортаға адамның әсер етуінің заңды түрде қалыптасқан қалыпты мөлшерін айтады. Әсер етуі деген кезде адамның антропогенді әсер етуін қарастыру керек, өйткені олар эканомикалық, дәстүрлік, рекроционалдық жұмысына байланысты болады. Соның нәтижесінде адам табиғи ортаның биологиялық, химиялық және физикалық өзгерістеріне жол береді. Соның ішінде табиғатқа кері әсерін беретін ластану б.т.

Табиғи ортаны қорғау заңына сәйкес ластану деп адамның антропогенді жұмысы нәтижесінде қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық өзгеруі жатады, өйткені соның нәтижесінде адамның денсаулығы мен өміріне, жануарлар мен өсімдіктерге, экологиялық күйге қауіп туады.

Сапа нормативтері деп табиғи қоршаған ортаға адамның антропогенді тұрғыда әсер етуінің шектелген қалыпты нормасын айтады.

Заңға байланысты нормативтер келесі талаптарға байланысты құрастырылған:

- Елді мекеннің экологиялық қауіпсіздігі

- Генетикалық қорды сақтау

- Ауыл шаруашылығының дамуына жағдай жасайтын табиғи жағдайларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету

Бұл талаптардың мақсаты жалпы процесс – даму кезінде экологиялық және экономикалық қызығушылықтардың бірігуін ғылыми түрде қамтамасыз ету.

Шектік қалыпты норма – бұл еріксіз енгізілген компромисс, ол шаруашылықтың өсуін, өмірді сақтауды және адамның өміріне қажет.

Сапа нормативі үш көрсеткіш бойынша анықталады:

Медициналық, технологиялық және ғылыми технологиялық.

Медициналық нормативтерді адамның денсаулығына қауіп төнбейтіндей тұрғыда, оның генетикалық программасына сәйкес орнатылады.

Технологиялық көрсеткіштер адам мен ол өмір сүретін табиғи ортаға техногенді әсер ету шегінің деңгейін анықтайды.

Ғылыми – технологиялық көрсеткіштер барлық сипаты бойынша әсер ету шегін сақтауды бақылап отыратын ғылыми және техникалық мүмкіндіктерді бағалау.

Нормативтердің кейбіреулері өндірістің немесе ауыл шаруашылығының мүмкіндігіне байланысты қою керек дейді, осылайша оның экономикалық дамуына мүмкіндік жасау керек дейді. Кейбіреулер экологиялық көрсеткіштерді күшейте отырып бүкілдүниежүзілік деңгейге жеткізу керек дейді. Экономиканы ғана ойлап, соның артымен ғана жүруге болмайды, өйткені ол экологиялық кризиске ұшыратуы мүмкін. Кейбір бұл табиғи ортаның өзгеріске ұшырауына мүмкіндік береді.

Алайда Қазақстанның экономикасы үшін экологиялық дамыған елдердегі нормативтерді енгізуге әліде ерте. Сондықтан да, елімізде алдыңғы қатарлы объектілерді экономикалық және әкімдік – құқықтық тұрғыда қоршаған ортаны ластауды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл тұрғыда табиғи ортаны қорғаудың экономикалық механизмі мен қоршаған ортаның сапасы нормативі қарастырылады.

Сапа нормативі құқықтық нормаға жатпайды, өздігінен заңдық құқығы жоқ. Мұндай тек ғылыми бағыт беру, методикалық теңденістер түрінде министерствада жатады. Олар кейбір сұрақтарды шешуге көмектескенімен, алайда оларды анықтаудың қажеті де жоқ.

Олар орындалу керек, тек қажетті органдар бекіткен болса ғана. Мұндай органдарға ҚР денсаулық сақтау министрлігі және ҚР табиғи ресуростар министрлігі.

Сапа нормативтеріне негізгі талаптарды, олардың түрлерін, олардың орындалу керек органдарды, олардың орындалу қажеттігін заңды түрде бекітеді. Ал нағыз нормативтер олар заңның мазмұнына кірмейді.

Барлық қоршаған ортаны қорғаудың сапа нормативтері үш топқа бөлінеді:

1.Санитарлық – гигиеналық,

2. Өндірістік – шаруашылық,

3. Жалпы.

Санитарлық – гигиеналық нормалар – зиянды заттардың (химиялық, биологиялық) шектік қалыпты концентрациялары физикалық әсер ету, санитарлық қорғау аймағы, радияциялық әсер етудің шектік қалыпты деңгейі нормативтері.

Мұндай нормативтер мақсаты – адамның денсаулығына байланысты қоршаған ортаның сапа корсеткіштерін анықтау. Қоршаған ортаны қорғау заңына сәйкес осы топқа жататын нормативтер қатарына зиянды заттардың шектік қалыпты концентрациясы (ШҚК) нормативтін; магнитті поле, вибрация, шум, радияция әсерінің шектік қалыпты деңгейі (ШҚД) нормативтін; тамақ өнімдерінде (көкөністердегі нитраттар, судағы тұздар) зиянды заттардың мөлшерінің шектік қалыпты нормативтері.

Заңның статьясына сәйкес з.з. ШҚК нормативтері, сондай-ақ зиянды микроорганизмдер мен басқа биологиялық заттар нормативі қоршаған табиғи ортаның жағдайын бағалау үшін орнатады.

Санитарлық – гигиеналық норма елді мекендердің қалыпты санитарлы эпидемиялық қамтамасыз етудің бір бөлігі болып есептеледі. Ол адамның денсаулығын, оның өмір сүретін ортасында зиянсыз және қауіпсіз көрсеткіштерді игеру мақсатында құрылған.

Санитарлық – гигиеналық норма тек қана экологиялық ғана емес, тұрмыстық, өндірістік жағдайын қарастырған болса ғана өзалдына мағынаға ие болған болар еді.

1. Радияциялық ШҚК;

2. Шум, вибрация;

3. Өндірістік – шаруашылық сфера

Өндірістік – шаруашылықтың сапасы нормативтерін зиянды әсер етудің көзіне талапқа сай қояды, оның мөлшерін белгілі мөлшерге дейін шектейді. Бұл топты зиянды заттардың лақтырысы (ЗЗЛ, 33л) нормативтері басқарады. Бұл топқа басқа да талаптар жатады, мысалы техникалық құрылыс мөлшері мен тәртібі.

Бұл сапа топтары нормативтері көмегімен өндірістік және басқа да қоршаған ортаға зиянды заттардың атмосфералық ауаны, суды, жерді бүлдіретін микроорганизмдердің, биологиялық заттардың мөлшеріне бақылау қойылады.

Қоршаған ортаны қорғау заңына сәйкес бұл нормативтер объектінің өндірістік қуатына, әрбір ластау көздерінің шамасына қарай анықталады.

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 798 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Көмірқышқыл газы| Мұнай-газ өндірісі мекемелері шығындыларының классификациясы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)