Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Көміртегі

Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілі және таратылатын материал, қолданылатын әдебиеттер тізімі). | Пәннің мақсаттары мен міндеттері | Дебиеттер тізімі. | Ауа бөлшектерінің қозғалысы. | Атмосфераның құрылысы | Атмосфералық ауа сапасының нормативтері | Мұнай-газ өндірісі мекемелері шығындыларының классификациясы | Ауаны түрлі ингриеденттерден тазартудың негізгі принциптері | Түрлі өндірістердегі сұйық және қатты қалдықтар, олардың топыраққа және грунтты суларға әсері. | Неркәсіп қалдықтарын іске асыру. Қалдық сақтау қоймаларына қойылатын талаптар. |


Табиғаттта көміртек бірнеше түрде кездеседі:

- мантияда, юрада, атмосфера мен гидросферада метан немесе басқа көмірсутектер түрінде қайта қалыпқа келген түрінде;

- юра мен мантияда графит, алмас және карбид түрінде бейтарап түрінде;

- мантия силикатында, юрада, атмосфера мен гидросферада көмірқышқыл газ, карбонаттар немесе қоспалар түрінде қышқыл күйінде.

Атмосферада көміртек көмір қышқыл газ (СО2), улы газ (СО), метан (СН4) немесе басқа да көмірсутектердің құрамында кездеседі. Қазіргі уақытта СО2 мөлшері – 0,04 % (индустриалды кезеңмен салыстырғанда 31 %-ға көбейген), метан – 1,7 ppm (149 %-ға өскен), оның мөлшері СО2-мен салыстырғанда екі есе аз; СО мөлшері – 0,1 ppm. Метан және көмірқышқыл газ тұманды эффект туғызады, ал улы газ ондай әсер етпейді.

Атмосфералық газдар үшін атмосферадағы газдардың өмір сүру уақыты анықтамасы қолданылады, бұл атмосферадағы газдардың мөлшеріне дәл сондай мөлшерде газ қосылатын уақыт. Метанның өмір сүру уақыты 10-14 жылға бағаланады, ал көмірқышқыл газдікі-3-5 жыл.

Метан атмосфераға өсімдік қалдықтарының аэробты ыдырауы кезінде қосылады. Метанның атмосфераға қосылатын негізгі көзіне батпақтар мен трофикалық ормандар жатады.

Қазіргі кезде атмосферада оттегі көп, сондықтан метан онда жылдам қышқылданады. Осылайша қазіргі уақытта СО2 айналымы басымдық танытуда. Атмосфераның көмір қышқыл газы гидросфераның жоғары қабаты үшін көміртек көзі болып табылады.

Мұхиттар көміртегінің негізгі резервуары болып табылады. Олардың жалпы мөлшері атмосферадағы мөлшерімен салыстырғанда 100 есе көп. Мұхит жоғарғы қабаты арқылы атмосферамен көмір қышқыл газды айырбастай алады және Жердің шөгінді жыныстарымен карбонаттардың шөгуі және еруі арқылы көмір қышқыл газды айырбастай алады. Мұхитта еріген көміртек негізгі 3 түрде кездеседі:

-органикалық емес көміртек;

- еріген СО2;

- мұхиттардағы организмдерде кездесетін органикалық көміртек.

Жер қойнауындағы көміртек мөлшері – 0,27 %. Адамзаттың индустриялық кезеңі басталғаннан бері бұл резервуардан көміртекті пайдалан бастады және олардың атмосфераға шығуына мүмкіндік берді.Академик Вернадский бұл процесті эрозия немесе вулканға ұқсас қуатты геологиялық процеске теңеген.

 

Кесте 3- Әртүрлі геологиялық резервуарлардағы көміртектердің салыстырмалы мөлшері (1750-ға дейін).

Индустриялық кезеңге дейінгі әртүрлі геологиялық резервуарлардағы көміртектердің салыстырмалы мөлшері (1750-ға дейін).
Резервуар Көміртектер мөлшері С
Атмосфера  
Мұхит (3,71—3,9)×104
Су беті, органикалық емес көміртек 700—900
Терең сулар, органикалық емес көміртек 35 600—38 000
Мұхиттардың барлық биологиялық көміртектері 685—700
Тұщы су биотасы 1—3
құрлық биотасы және топырақ 2000—2300
өсімдіктер 500—600
Топырақ 1500—1700
Мұхит суымен көміртекпен айырбастауға бейім теңіз шөгінділері  
Органикалық емес, бастысы карбонаттты шөгінділер  
Органикалық шөгінділер  
Жер қойнауы (7,78—9,0)×107
Шөгінді карбонаттар 6,53×107
Органикалық көміртек 1,25×107
Мантияда 3,24×108
Ресурстар және қазба жанар-жағар май резервуарлары (7,78—9,0)×107
Мұнайда 636—842
Табиғи газда 483—564
Көмірде (3,10—4,27)×103

 

 

Көміртек циклын талдауды әртүрлі жер қойнауындағы резервуарларда жинақталған көміртектер мөлшерін бағалаудан бастаған жөн. Сондықтанда пайдалы қазбалар өнімдерін жандыру арқылу атмосфераға көп мөлшерде лақтырылыстар басталған индустриялық кезең басталғанға дейінгі кезеңді, яғни 1850 жылғы жүйені қарастырамыз. Атмосферада мұхит пен жер қойнауына қарағанда көміртектің мөлшері аз, алайда атмосфераның көмір қышқыл газы өте әрекетті, ол жер биосферасы үшін құрылыс материалы болып табылады.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 260 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Атмосфераның физико-химиялық қасиеттері: температура мен қысымның өзгеруі.| Көмірқышқыл газы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)