Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жер қыртысы және оның құрамына талдау жасаңыз.

Арыш әлемі, Құс жолы және оның құрылымы жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз. | Магнитосфера , Жердің магниттік өрісі және Жердің магниттік полюстері жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз. | Географиялық қабық дамуының негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз. | Географиялық қабықтың құрылымы мен құрылысы, оның тұтастығына сипаттама беріңіз. | Атмосферадағы ылғал айналымы, булану және буланушылық құбылыстарына сипаттама беріңіз. | Биосфера жайлы В. И.Вернадскийдің іліміне түсініктеме беріңіз. | Географиялық қабықтың белдеулі зоналық құрылымы. Жердің негізгі географиялық белдеулері мен зоналарына талдау жасаңыз. | Карст және карсты жер бедеріне анықтама беріңіз. | Жер бедерінің қалыптасуындағы экзогенді үдерістерге сипаттама беріңіз. | Жер бедерінің қалыптасуындағы эндогенді үдерістерді талдау жасаңыз. |


Читайте также:
  1. B) анық және альтернативті 1 страница
  2. B) анық және альтернативті 2 страница
  3. B) анық және альтернативті 3 страница
  4. B) анық және альтернативті 4 страница
  5. Next Generation Network, міндеттері және анықтамасы
  6. Ақпаратты талдаудың негізгі көрсеткіштері.
  7. Аграрлык өнімді өткізу арналары және оларды тандау

Жер қыртысы — литосфераның беткі бөлігін құрайтын, төменгі жапсары Мохоровичич деңгейімен шектелген Жердің ең үстіңгі қабығы. Жер қыртысы қалыңдығына, құрамына, құрылысына қарай құрлықтық және мұхиттық болып негізгі 2 типке бөлінеді. Құрлықтық жер қыртысының қалыңдығы тектоник. жағдайына байланысты 25 — 45 км-ден (платформаларда) 45 — 75 км-ге дейін (тау түзілу аймақтарында), ал мұхиттық жер қыртысының қалыңд. 5 км-ден (Солтүстік Мұзды мұхит) 10 — 12 км-ге дейін өзгереді. Жер қыртысы төмен қарай тығыздығы арта беретін жанартаутекті-шөгінді (тығызд. 1,8 — 2,5 г/см3), гранит — метаморфты (2,5 — 2,7 г/см3) және базальтты (2,7 — 3,0 г/см3) қабаттарға бөлінеді. Жер қыртысының жоғарғы бөлігі қатпарларға жиырылып, жарылымдармен қиылған және төм. сатыда метаморфталған шөгінді, терригенді және магмалық тау жыныстарынан құралған. Қалыңдығы платформаларда 1 — 2 км, терең ойыстарда 10 — 20 км жетеді. Шөгінді қабаттың астында салмағы жеңіл, гранит пен гнейстерден түзілген шөгінді қабаттың жыныстарымен алмасып отыратын гранит-метаморфты қабат орналасқан. Гранит қабатының қалыңд. жазықтар астында 15 — 20 км, тау жүйелері табанында 15 — 50 км-ге дейін. Мұхиттар түбінде граниттік қабат өте жұқа, не мүлде болмайды. Граниттік қабат Конрад бетімен шектеледі. Жер қыртысының ең төменгі бөлігінде базальт, габбро және күшті метаморфтануға (метаморфизмге) ұшыраған шөгінді жыныстардан құралған базальт қабаты орналасқан. Жер қыртысының аралық типтері: субмұхиттық жер қыртысында шөгінді жыныстар мұхиттық жер қыртысындағыдан қалың болады; субконтиненттік жер қыртысы жұқа болады әрі граниттік қабат анық байқалмайды. Геофизикалық деректер бойынша, Қазақстандағы жер қыртысының қалыңдығы Тұран тақтасы, Каспий маңы ойысында 35 — 45 км, Тянь-Шань, Таулы Алтайда 45 — 50 км, Орт. Қазақстанда 50 — 55 км. Жер қыртысының үнемі дамып өзгеруі нәтижесінде геосинклинальдар сияқты қозғалмалы аймақтар платформаларға айналады. Жер қыртысының дамуының басты себептері — Жердің аса терең қабаттары мен жоғарғы мантиясы арасында өтетін процестер.[1]

Жүйелі зерттеулер негізінде жер қыртысының құрамында үш қабық (немесе қойнауқат) бөлінген. Олар құрамы, қасиеттері және жаралуы бойынша әр-түрлі таужыныстардан тұратын стратисфера (шөгінді қабық), гранитті және базальтты қабаттар.

Стратисфера (латынша "стратум" - қабат) шөгінді және жанартаулық-шөгінді, яғни саз бен сазды тақтатастардан (42%), құм (20%) мен жанартаулық (19%) таужыныстардан тұрады. Бұл қабық Жер бетін толығымен дерлік жауып жатады әрі терең ойпандарда оның калыңдығы 20-25 км шамасына (мысалы, Каспий маңы ойпаңы) жетеді. Оның жер қыртысы бойынша орташа алғандағы қалыңдығы 3 км.

Шөгінді таужыныстарға шамалы дислокациялану, біршама төмен тығыздық пен диагенезге сәйкес келетін шамалы өзгерісгер тән. Жанартаулық таужыныстар шектеулі таралған. Барлық шөгінді таужыныстардың орташа тығыздығы 2,50 г/см3, оның мәні 2,28- 2,80 г/см3 шамасында болады. Шөгінді тыста серпімді толқындар таралуының жылдамдығы оны құрайтын таужыныстардың заттық құрамына, нығфыздалу дәрежесіне байланысты болып, 1,8-5,0 км/с аралығында өзгереді.

Стратисфераны құрайтын таужыныстарды зерттеу алғаш олардың суда (сулы ортада) осыдан 3,8 - 4,0 млрд жыл бұрын жарала бастағанын көрсетеді. Ол кезде атмосфера ауыр және ыстық болған, қазіргі Айдағы жағдайға жақын келеді. Сондықтан жер бетін құраған бастапқы магмалық таужыныстар күшті кышқылдар буына канықкан атмосфераның ықпалынан қарқынды ыдырауға ұшыраған. Ыдырау өнімдері уақыт өте келе шайылып, сушараларға барып тұнып, шөгінді таужыныстар түзілген.

Гранитті қойнауқат деп шартты түрде оны құрайтын таужыныстардың граниттерге ұқсастығына байланысты атаған. Ол гнейс (37,6%), гранодиорит (19,9%), гранит (18,1%), амфиболит (9,8%), кристалды тақтатас (9,0%), сонымен қатар габбро, мәрмәр, сиенит, т.б. таужыныстардан тұрады.

Гранитті қойнауқатты құрайтын таужыныстар заттық құрамы мен олардың дислокациялану дәрежесі бойынша әр-түрлі. Олар өзгеріске түспеген әрі метаморфталған таужыныстардан тұрады. Гранитті қойнауқаттың тығыздығы таужыстардың құрылысы мен құрамына байланысты 2,60-2,80 г/см3 шамасында өзгеріп, оның орташа мәні 2,70 г/см3 болады.

Гранитті қойнауқат шөгінді қабықтан күрт сейсмикалық шекара бойынша бөлінеді (шекарада жылдамдықтың секірісі 0,7 км/с). Гранитті қойнауқаттағы серпімді толкындар таралуының қабаттық жылдамдығы 5,0-6,5 км/с аралығында өзгереді, орташа мәні 6 км/с шамасында. ТМД аумағында гранитті қойнауқаттың қалындығы 6 км- ден 40 км-ге дейін. Бұл қойнауқат кейде қимада жоқ болуы да мүмкін. Гранитті қойнауқаттың төменгі шекарасы Конрад сейсмикалық беті (шекарасы) деп аталады.

Базальтті қабық - жер қыртысының үшінші қойнауқаты. Ол кристалды ауырлау таужыныстардан тұрады. Олар қасиеттері бойынша базальттарға - магмалық таужыныстарға жақын. Қойнауқат әр-түрлі дәрежеде метаморфталған магмалық таужыныстардан тұрады. Кей жерлерде базальтті қойнауқат пен мантия аралығында базальттан тығыздығы жоғары таужыныстар орналасады, олар эклогит қабаты деп аталады.

Базальтті қойнауқат таужыныстарының орташа тығыздығы 2,9 г/см3 ал тығыздық мәнінің өзгеруі 2,8-3,2 г/см3 аралығында. Сейсмикалық толқындардың (Vp) таралу жылдамдығы 6 км/с-ден 7,5 км/с-ке дейін. Толқындар таралуының ерекшеліктері базальтті қойнауқаттың тік бағыттағы қимасында петрографиялық құрамы әркелкі комплекстер болуымен сипатталады.

ТМД аумағының континенттік бөлігі аукымында базальтті қойнауқаттың орташа қалыңдығы 20 км шамасында болады. Ал жекелеген аудандарда (тау жоталарының астында) оның қалындығы 30-40 км-ге жетуі мүмкін. Сонымен қатар базальтты қойнауқаттың калыңдығы 12-13 км, тіпті кейде 5—7 км-ге дейін азаятын бөлікшелер де бар (Каспий маңы синеклизасы, Днепровск-Донецк ойпаңы, т.б.). Біздің планета жер қыртысының орташа қалыңдығы 33 км, ал Қазақстан ауқымында — 40-45 км. Планетаның жекелеген бөліктерінде оның мәні орташа қалыңдықтан едәуір ауытқиды. Мәселен, жер қыртысының минимал қалыңдығы (7-12 км) мұхиттарға тән, ал максимал қалыңдық (70-80 км) — континенттердің биік таулы алқаптарында. Жер қыртысының астыңғы шекарасы жер бетін айнадағы бейнедей қайталайды. Континенттер астында ол мантияға тереңдей батады, мұхиттар астында Жер бетінде жақындайды, бұл құбылыс "изостазия" принңипіне сай келеді. Жер қыртысы мантиядан Мохоровичич шекарасы (М ажырамасы немесе беті) арқылы бөлінеді.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 832 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Зендер және олардың морфометриялық сипаттамасына талдау жасаңыз.| Атмосфера, оның құрамы және оның қабаттары жайлы анықтама беріңіз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)