Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Географиялық қабықтың құрылымы мен құрылысы, оның тұтастығына сипаттама беріңіз.

Арыш әлемі, Құс жолы және оның құрылымы жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз. | Магнитосфера , Жердің магниттік өрісі және Жердің магниттік полюстері жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз. | Жер қыртысы және оның құрамына талдау жасаңыз. | Атмосфера, оның құрамы және оның қабаттары жайлы анықтама беріңіз. | Атмосферадағы ылғал айналымы, булану және буланушылық құбылыстарына сипаттама беріңіз. | Биосфера жайлы В. И.Вернадскийдің іліміне түсініктеме беріңіз. | Географиялық қабықтың белдеулі зоналық құрылымы. Жердің негізгі географиялық белдеулері мен зоналарына талдау жасаңыз. | Карст және карсты жер бедеріне анықтама беріңіз. | Жер бедерінің қалыптасуындағы экзогенді үдерістерге сипаттама беріңіз. | Жер бедерінің қалыптасуындағы эндогенді үдерістерді талдау жасаңыз. |


Читайте также:
  1. SoftX3000 жүйесінің сипаттамасы
  2. Айнымалы жұлдыздар жалпы каталогының құрылымы
  3. Антты өңдіру және оның ассортименті
  4. Арыш әлемі, Құс жолы және оның құрылымы жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.
  5. Атмосфера, оның құрамы және оның қабаттары жайлы анықтама беріңіз.
  6. Атмосферадағы ылғал айналымы, булану және буланушылық құбылыстарына сипаттама беріңіз.
  7. Биосфера жайлы В. И.Вернадскийдің іліміне түсініктеме беріңіз.

Табиғат – Жер мен Әлем кеңістігі аралығын жалғастырушы, тұрақтандырушы болмыс. Оның құрамдас бөліктері: Әлем кеңістігі, литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера. Бұл аталған төртеуі – қоршаған ортаны құрайтын, бірімен бірі сабақтас, бір-бірімен әрекеттес, бір-бірінен туындайтын табиғит болмысы. Оларды зерттейтін ғылым – география. Табиғатты тану – қоршаған орта мен адамның арақатынасын және де олардың дамуын, өзгеруін зерттейтін ғылымдар жүйесі. Қоғамның дамуымен байланысты адамның табиғатты игеруі де біртіндеп күрделене түседі.

Құрлық пен мұхиттардың бірге алынған барлық табиғат комплекстері – Жер бетін тұтас қамтып жататын, біртұтас планетарлық табиғат комплексі – географиялық қабық деп аталады. Атмосфера, литосфера, гидросфера мен биосфера – бұл географиялық қабықтың құрамдас бөліктері. Барлық осы қабықтар тұйық өмір сүрмейді, олар бір-біріне өзара әсер етеді.

Географиялық қабық – адамзат қоғамы өмір сүріп, дамитын табиғи орта.

Географиялық қабық – атмосфераның төменгі қабаты, литосфераның жоғарғы бөлігі, бүкіл гидросфера мен биосфера өзара бір-біріне енетін және өзара әсер ететін жер қабығы. Георафиялық қабықтың жоғарғы және төменгі шекарасын түрлі ғалымдар әр түрлі белгілейді. Оның нақты шекарасы жоқ. Көптеген ғалымдар оның қалыңдығы орта есеппен 40-55 км аралығы болар деп есептейді. Жердің көлемімен салыстырғанда ол жұқа қабық.

Компоненттердің өзара әсер етуінің нәтижесінде географиялық қабықтың өзіне ғана тән қасиеттеріне ие болады. Мұнда тірі организмдер бар, топырақ, жасыл өсімдіктер күн энергиясын сіңіріп, онда органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдыру процесі жүріп жатады. Заттар қатты, сұйық және газ түрінде болады, мұның Жер бетінде тіршілікті дамыту үшін зор маңызы бар.

Атмосфера (көне грекше: ἀτμός — бу, шар) - Жерді қоршаған газ қабықшасы. Атмосфера 78% азоттан, 21% оттегіден және болымсыз мөлшердегі басқа газдардан тұрады. Атмосфераның төменгі қабаты тропосфера деп аталады, ол 10-12 км биіктікке дейін (орта ендіктерде) созылып жатады. Одан биіктеген сайын температура төмендейді. Онан жоғары стратосферада температура тұрақты дерлік болып қалады (-40С маңында). Ал шамамен 25 км-дей биіктіктен бастап бұл қабат Күннің ультракүлгін сәулелерін жұтатындығынан температура баяу артып отырады.

Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарында күн сәулелері күшті иондану туғызады. Атмосфераның ионданған қабаты ионосфера деп аталады. Атмосфера ғарыш кеңістігінен Жерге келетін сәулелерден басым бөлігін шағылдырады немесе жұтады. Мысалы, ол Күннің рентген сәулелерін жібермей, ұстап қалады. Атмосфера бізді микрометеориттердің үздіксіз атқылауынан және ғарыш сәулелерінің – жедел қозғалатын бөлшектердің ағынының бүлдіру әрекетінен де сақтайды. Атмосфера Жердің жылу балансында маңызды роль атқарады. Көрінетін Күн сәулелері атмосфера арқылы ешбір бәсеңсімей өте алады. Оларды Жер беті жұтады, осыдан келіп ол жылынады да, инфрақызыл сәулелер шығарады. Осы күнгі көзқарастар бойынша гидросфераның және атмосфераның болуы арқасында ғана жерде тіршілік пайда болған. Міне, сондықтан да экология мәселесі, біздің бірегей ғаламшарымыздың табиғатын қорғау ерекше маңыз алуда.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1455 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Географиялық қабық дамуының негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз.| Зендер және олардың морфометриялық сипаттамасына талдау жасаңыз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)