Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Магнитосфера , Жердің магниттік өрісі және Жердің магниттік полюстері жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.

Географиялық қабықтың құрылымы мен құрылысы, оның тұтастығына сипаттама беріңіз. | Зендер және олардың морфометриялық сипаттамасына талдау жасаңыз. | Жер қыртысы және оның құрамына талдау жасаңыз. | Атмосфера, оның құрамы және оның қабаттары жайлы анықтама беріңіз. | Атмосферадағы ылғал айналымы, булану және буланушылық құбылыстарына сипаттама беріңіз. | Биосфера жайлы В. И.Вернадскийдің іліміне түсініктеме беріңіз. | Географиялық қабықтың белдеулі зоналық құрылымы. Жердің негізгі географиялық белдеулері мен зоналарына талдау жасаңыз. | Карст және карсты жер бедеріне анықтама беріңіз. | Жер бедерінің қалыптасуындағы экзогенді үдерістерге сипаттама беріңіз. | Жер бедерінің қалыптасуындағы эндогенді үдерістерді талдау жасаңыз. |


Читайте также:
  1. B) анық және альтернативті 1 страница
  2. B) анық және альтернативті 2 страница
  3. B) анық және альтернативті 3 страница
  4. B) анық және альтернативті 4 страница
  5. Next Generation Network, міндеттері және анықтамасы
  6. Аграрлык өнімді өткізу арналары және оларды тандау
  7. Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» ара қатынасы. Эмансипация.

Магниттің кез келген темір денені өзіне тартатыны ерте заманда-ақ белгілі болған, бірақ оның солтүстік пен оңтүстік бағытты көрсететіні кейіннен анықталды.

Біздің эрамызға дейінгі ІІІ ғасырда қолын созып тұрған адам бейнесін көрсететін “оңтүстікке сілтеу” аспабын жасай білген. Бұл фигура айналып тұрған магнитке бекітілген көне компас. Кейіннен VIII-IX ғасырда арабтар мен қытайлықтар теңізде жүзгенде компасты пайдалана бастады. Европалықтар компасты ІХ ғасырдан бастап пайдаланған, бірақ қытайлықтар мен арабтар сияқты неліктен компастың бір тілі оңтүстікке екіншісі солтүстікке бағытталатынына жауап таба алмады. ХІХ ғасырдың басында дейін жердің магниттік қасиеті туралы сұраққа былайша жауап алынды: “Жердің өзі магнит. Оның ортаңғы бөлігінде үлкен магнит орналасқан; ол компастың стрелкасының ауытқуын реттеп отырады – бүкіл жер шарын қоршап жатқан магниттік күш сызықтарының бойымен орнауын мәжбүр етеді”.

Ғылыми тұрғыда планетааралық кеңсістікпен салыстырғанда Жердің магниттік күш сызықтарының өрісінің жоғары екені дәлелденген.

Магниттік өрістің пайда болуын Жердің ядросы мен мантиясындағы процестерге байланысты деп есептейді. Үнемі қозғалыста болатын планетаның ядросының электр өткізгіш қасиетіне байланысты магниттік өріс өздігінен қозып, оның орталығынан 10-14 жер радиусына сәйкес келетін қашықтыққа таралады. Осы аралықта ол секундына 400 км жылдамдықпен қозғалатын зарядталған ағынмен – күн желімен кездеседі. Геомагниттік өрістің күн желімен байланысынан Жердің магнитосферасы пайда болады. Магнитосфера жер бетін зиянды электр зарядталған күн плазмасынан қорғайды. 44 мың км биіктікке дейін магниттік өріс біртіндеп әлсірейді, 44-80 мың км аралығында тұрақсыз, ал 90 мың км биіктікте зарядталған бөлшектерді ұстау қабілетінен айырылады.

Магнитосфераның пайда болуы мен оның жер бетін зарядталған Күн плазмасынан қорғауы – географиялық бағытта биосфераның дамуының негізгі шарты. Күн желіне магнитосфера кедергі болғандықтан оның біршама мөлшері магнитосфераны айнала ағып, оның қарама-қарсы жағында ұзындығы 5 млн км созылатын магнитосфера “құйрығын” қалыптастырады. Сондықтан магниосфера күн жағында қысыңқы, ал қарама-қарсы жағында созыңқы келеді.

Жердің магниттік өрісі құрылымының ендік бойынша өзгермелі екендігі дәлелденген. Ю.И.Витинский т.б. (1976) әрбір жарты шарда үш-үштен зоналық ендікті ажыратты:

1. Экваторлық зона (250 с.е. – 250 о.е.) – атмосфера қабатына жоғарғы энергиялы протондардың тигізер әсері әлсіз. Осы ендіктерде магниттік күш сызықтары жер бетіне параллель орналасқандықтан Космос кеңістігінен келетін зиянды ағындарды жер бетіне өткізбейді.

2. Қоңыржай ендік зонасы (300 с.е. – 550 о.е.) – ағынның қарқындылығы арта түседі, яғни полюстерге қара магниттік өрістің өткізгіштігі көбейеді.

3. Поляр маңы – магниттің күш сызықтарының өрісі жер бетіне перпендикуляр, сондықтан күн желі магнитосфераға, осы арқылы атмосфераның жоғарғы қабатына енеді.

Геомагниттік өрістің маңызы, ең алдымен жер бетіндегі тіршілік көзін зиянды космос сәулелерінен қорғауы. Нақтылы ғылыми деректер магнит өрісінің қарқындылығының ауытқуын жануарлардың, насекомдар мен балықтардың, өсімдіктер мен шыбын-шіркейлердің, жалпы бүкіл тірі организмдердің сезінетінін және оған жауап қайтаратынын дәлелдеп отыр.

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1235 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Арыш әлемі, Құс жолы және оның құрылымы жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.| Географиялық қабық дамуының негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)