Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Биосфера жайлы В. И.Вернадскийдің іліміне түсініктеме беріңіз.

Арыш әлемі, Құс жолы және оның құрылымы жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз. | Магнитосфера , Жердің магниттік өрісі және Жердің магниттік полюстері жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз. | Географиялық қабық дамуының негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз. | Географиялық қабықтың құрылымы мен құрылысы, оның тұтастығына сипаттама беріңіз. | Зендер және олардың морфометриялық сипаттамасына талдау жасаңыз. | Жер қыртысы және оның құрамына талдау жасаңыз. | Атмосфера, оның құрамы және оның қабаттары жайлы анықтама беріңіз. | Карст және карсты жер бедеріне анықтама беріңіз. | Жер бедерінің қалыптасуындағы экзогенді үдерістерге сипаттама беріңіз. | Жер бедерінің қалыптасуындағы эндогенді үдерістерді талдау жасаңыз. |


Читайте также:
  1. D) Биосфера, гидросфера, атмосфера
  2. Арыш әлемі, Құс жолы және оның құрылымы жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.
  3. Атмосфера, оның құрамы және оның қабаттары жайлы анықтама беріңіз.
  4. Атмосферадағы ылғал айналымы, булану және буланушылық құбылыстарына сипаттама беріңіз.
  5. Биосфера
  6. ВРЕМЯ И БИОСФЕРА: ПЕРВЫЕ ЧЕТЫРЕ ГОДА МИРА НА ЗЕМЛЕ

Биосфера түсінігі ғылымға кездейсоқ енді деуге болады. 1875 жылы Австрия геологы Эдуард Зюсс Альпі тау сілемдерінің шығу тегін зерттеу барысында, жердің әртүрлі қабықшаларына тоқталып, алғаш рет биосфера деген терминді пайдаланды. Бірақ бұл концепция, 1929 жылы француз тілінде – орыс минералогиясының белгілі ғалымы В.И. Вернадскийдің еңбегі пайда болғанға дейін, ғылыми ой-өрістің дамуында елеулі рөл атқармады. Э. Зюстен кейін 50 жылдан соң пайда болса да қазіргі биосфера концепциясы Вернадскийдің идеяларына негізделеді. Вернадский болса – биосфера түсінігіне алғаш рет жақын келген француз ғалымы Жан Батист Ламарк деп санайды.

Биосферадағы тіршіліктің пайда болуы, оның кеңінен тарала түсуі, құрамындағы түрлі өзгерістер, мұндағы зат пен энергияның алмасуы организмдердің тіршілік әрекетіне тікелей байланысты және айналадағы орта жағдайының эволюциясымен біртұтас дамиды. В.И.Вернадский – тірі организмдер биосферадағы іс-әрекетті жүргізуші, әрі қоршаған ортамен материалдық жағынан, әрі энергиялық жағынан да онымен тікелей байланысты, қуатты геологиялық күш, яғни үнемі әсер етуі мен осы әсердің соңғы нәтижесі бойынша теңдесі жоқ – деп түсіндірді. Вернадскийдің осы идеялары, өзі негізін қалаған биогеохимия саласында, бірден қолдау таппады. ХХ ғасырдың басында биогеохимия өте баяу дамыды, дегенмен, оның ғылыми бағыт ретінде гүлденуіне Вернадскийдің Я.В.Самойлов, А.П.Виноградов сияқты шәкірттері елеулі үлес қосты. Кейіннен Б.Б.Полынов, ал соңғы жылдары қоршаған ортаның ластануы, оны қорғау шараларына байланысты Вернадскийдің биогеохимиялық идеясы көпшілік қалауынан шықты – осы аза маңызды проблеманы шешудің теориялық негізі – биосфера ілімі қағидасы.

Жердiң барлық экожүйелерi планетаның бетiн алып жатқан бiр үлкен экожүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Бұл әлемдiк экожүйенi биосфера деп атайды. Биосфера туралы iлiмдi орыс геохимигi В.И. Вернадский жасады. Ол алғаш рет тiршiлiктiң физикалық табиғатқа әсер ету масштабын бағалады.

В.И. Вернадскийдiң айтуы бойынша, биосфера — жалпы планеталық қабықша, тiрiшiлiгi бар және оның әсерiне ұшырап отырған Жер бөлiгi. Биосфера құрлықтың, теңiздiң және мұхиттың барлық ауданын алып жатыр, және тiрi организмдер қызметiмен жасалынған жыныстары бар Жер бөлiгi кiредi.

Атмосферада тiршiлiктiң жоғарғы шегi озонды экранмен анықталады — озон газының 16-20 км биiктiгiндегi жұқа қабат. Ол Күннiң қауiптi ультракүлгiн сәулесiн ұстап қалады. Мұхитта тереңдiгi 10-11 км-ге дейiн тiршiлiк бар. Жердiң қатты бөлiгiнiң 3-7 км тереңдiгiне дейiн белсендi тiршiлiк болады (мұнайлы жердегi бактериялар). Организмдердiң қызметiнiң тұнбалы жыныстар түрiндегi нәтижесi одан ары қарай тереңдiкте де болады.

Тiрi организдердiң миллиард жылдар бойы белсендiлiгi, зат алмасу, өсуi, көбеюi бiздiң планетамыздың осы бөлiгiн өзгерттi. Барлық түрлер организмдерiнiң барлық массасын В.И.Вернадский Жердiң тiрi заты деп атады. Тiрi заттың химиялық құрамына да өлi табиғат құрамына кiретiн атомдар кiредi, бiрақ мөлшерi әртүрлi. Тiрi заттар зат алмасу барысында химиялық элементтердi табиғатқа шығарады. Сөйтiп, биосфера химизмi өзгередi.

В.И.Вернадский жер бетiнде үздiксiз қызмет ететiн химиялық күш жоқ, сондықтан тұтас алынған тiрi организмдерден басқа өте құдiреттi күш жоқ деп жазды. Миллиардтаған жыл бойы фотосинтездеушi организмдер Күн энергиясының көп мөлшерiн байланыстырып, химиялық жұмысқа айналдырады. Оның қорының бiр бөлiгi геологиялық даму барысында таскөмiр және тағы басқа тыңайған жерiне жиналды. Фотосинтез нәтижесiнде атмосфераның оттегiсi жиналды. Ертедегi Жердегi атмосферада басқа газдар: сутегi, метан, аммиак, көмiрқышқыл газы болды. Оттегi нәтижесiнде озонды экран түзiледi. Бұл газдың молекуласы оттегiнiң 3 атомынан тұрады және молекулярлы оттегiге ультракүлгiн сәулесiнiң әсерiнен түзiледi. Сонымен, тiршiлiктiң өзi атмосферада бұл сәулелердiң көп мөлшерiн ұстап қалатын қорғаныш қабатын түздi.

 

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 582 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Атмосферадағы ылғал айналымы, булану және буланушылық құбылыстарына сипаттама беріңіз.| Географиялық қабықтың белдеулі зоналық құрылымы. Жердің негізгі географиялық белдеулері мен зоналарына талдау жасаңыз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)