Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Арыш әлемі, Құс жолы және оның құрылымы жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.

Географиялық қабық дамуының негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз. | Географиялық қабықтың құрылымы мен құрылысы, оның тұтастығына сипаттама беріңіз. | Зендер және олардың морфометриялық сипаттамасына талдау жасаңыз. | Жер қыртысы және оның құрамына талдау жасаңыз. | Атмосфера, оның құрамы және оның қабаттары жайлы анықтама беріңіз. | Атмосферадағы ылғал айналымы, булану және буланушылық құбылыстарына сипаттама беріңіз. | Биосфера жайлы В. И.Вернадскийдің іліміне түсініктеме беріңіз. | Географиялық қабықтың белдеулі зоналық құрылымы. Жердің негізгі географиялық белдеулері мен зоналарына талдау жасаңыз. | Карст және карсты жер бедеріне анықтама беріңіз. | Жер бедерінің қалыптасуындағы экзогенді үдерістерге сипаттама беріңіз. |


Читайте также:
  1. B) анық және альтернативті 1 страница
  2. B) анық және альтернативті 2 страница
  3. B) анық және альтернативті 3 страница
  4. B) анық және альтернативті 4 страница
  5. Next Generation Network, міндеттері және анықтамасы
  6. Аграрлык өнімді өткізу арналары және оларды тандау
  7. Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» ара қатынасы. Эмансипация.

Жалпы жертану

Аламшардағы Жердің орнына сипаттама беріңіз. Күн жүйесінің геоорталық және гелиоорталық модельдерін анықтаңыз.

Жер – Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда 3 інші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін орны. Жер эллипстік(дөғгелекке жуық). Ердің нағыз беті, оның ауысып отыратын ұшы қиыры жоқ және сан алуан қыраттары мен офпаттары жер бетін тегіс деп айтуға мүмкіндік бермейді. Жердің формасы туралы түсінік алу үшін жердің шын беті емес тек теориялық беті зерттейді. Жер күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жердің массасы 5,975*1021 т, орташа тығыздығы 5,517 г/см 3, ауданы 510,2 м лн км2. Сыртқы пішіні 3 осьті эллипсойдқа жақын. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша Жер осыдан 4,5 млрд.жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ – тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған.

Күн жүйесі- Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Уран және нптун) Планета серіктерінен,мыңдаған кіші планеталардан (астеройдтардан) шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Күннен ең алыс орналасқан планетаға дейінгі орташа қашықтық шамамен 40 а.б немесе 6 млрд.км ге тең.

арыш әлемі, Құс жолы және оның құрылымы жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.

Ғарыш әлемі: Ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимы. Ғарыш жер төңірігендегі кеңістікті қамтитын жақын ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар т.б кеңістігін қамтитын алыс ғарыш болып ажыратылады. Дүние жүзіндегі аса ірі ғарыш алаңдары Қазақстанда(Байқоңыр) және АҚШ та (Шығыс сынақ полигоны, флорида штаты) орналасқан. Оның жасанды серігі және дүние жүзіндегі тұңғыш ғарышкер Ю.А.Гагарин(12,04,1961ж) ғарышқа ұшты.

Құс жолы: Аспанда көзбен көруге болатын сақина немесе шеңбер тәрізді жарық. Алғаш рет Құс жолының жұлдыздарын 1610 жылы Г.Галилей тапқан, бірақ оның жүйелі зерттелуі ХVIII ғасырдың соңында В.Гершель телескоп арқылы көзге көрінетін жұлдыздарды зерттегенде ғана мүмкін болды.

Құс жолы дегеніміз Галактика деген де түсініктер баршылық. Құс жолы аспанда көруге болатын сақина немесе шеңбер тәрізді жарық, ал Галактика – жұлдыздар системасы. Галактик – кең көлемді қамтитын жұлдыздар системасы. Оған күн мен жерді қоса есептегенде бүкіл плонета енеді. Галактика – жұлдыз аралық кеңістіктегі әртүрлі типтегі жұлдыздарды, жұлдыз топтарын, газды–шаңды тұманды, жекелеген атаомдар мен бөлшектерді біріктіреді. Галактикадағы жұлдыздардың саны 100 млрд – қа жуық.

 

3. Күн жүйесінің құрамы және оның планеталарына талдау жасаңыз.

Күн Жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер,Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран, және Нептун), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Күннен ең алыс орналасқан планетаға дейінгі орташа қашықтық шамамен 40 а.б. немесе 6 млрд. км-ге тең.

Күн – Күн жүйесіндегі орталық дене болып саналады, оның массасы Күн жүйесіндегі барлық денелердің жиынтық массасынан 750 есе артық. Сондықтан Күн жүйесінің массалар центрі Күн қойнауында орналасқан. Барлық 9 үлкен планета Күнді айнала, дөңгелек дерлік орбита бойымен, бір бағытта қозғалады. Олардың орбиталарының бір-біріне қатысты көлбеулігі өте аз. Планеталардың Күннен қашықтығы белгілі бір заңдылыққа бағынған, яғни көршілес орбиталардың ара қашықтығы Күннен алыстаған сайын арта түседі. Планеталар қозғалысының физикалық қасиеттеріне байланысты Күн жүйесінің үйлесімді екі топқа бөлінуі ғарыштық денелердің кездейсоқ жиынтық емес екендігін көрсетеді. Барлық кіші планеталар да үлкен планеталар қозғалған бағытта Күнді айнала қозғалады, бірақ олардың орбиталары едәуір созылыңқы және эклиптика жазықтығына көлбеу орналасады. Кометалардың көпшілігі параболаға жақын өте созылыңқы орбита бойымен қозғалады. Айналу периоды миллиондаған жылға жетеді. Мұндай комета орбиталарының эклиптика жазықтығына көлбеулігі алуан түрлі, олар Күнді айнала тура және кері бағытта да қозғалады.

Шолпан мен Ураннан басқа планеталардың барлығының өз осінен айналу бағыты Күнді айналу бағытымен сәйкес келеді. Уран планетасының осі орбита жазықтығына 98° көлбеу орналасқан, сондықтан оның айналысы сырттай қарағанда кері болып көрінеді. Шолпан планетасы кері бағытта өте баяу айналады. Күн мен планеталар арасындағы қозғалыс мөлшерінің таралуы маңызды космогониялық сипаттама болып есептеледі. Күн жүйесінің орталық денесі Күн – жұлдыз, яғни қызған газды шар. Ол өзінің қойнауынан үздіксіз энергия бөліп шығарады. Күн бетінің күшті сәуле таратуына қарамастан, ол өзінің жоғары температурасын сақтап қалады. Күн жүйесінің қалған денелері – салқын денелер. Олардың бетінің температурасы Күн сәулесінің қыздыруына байланысты анықталады. Планеталар массасына, химиялық құрамына, айналу жылдамдығына, серіктерінің санына қарай екі топқа бөлінеді. Күн жүйесінің төрт ішкері планетасы (Жер тобындағы планеталар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс) аса үлкен емес, олар тығыз тасты заттар мен металдардан құралған.

Алып планеталар – Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон әлдеқайда көлемдірек, олар негізінен жеңіл заттардан (сутек, гелий, метан, т.б.) құралған, сондықтан олардың орташа тығыздығы қойнауындағы зор қысымға қарамай аз болады. Планеталардың екі тобының аралығында орналасқан кіші планеталардың химиялық құрамы Жер тектес планеталардың құрамына жақын. Біршама тар аймақта қозғалатын кіші планеталар бір-бірімен соқтығысып, өте майда сынықтарға ыдырайды. Осындай майда сынықтар метеорлық денелердің соққысынан да бөлінеді. Ал өте майда тозаңдар қосылғанда, зодиактік жарық құбылысы байқалады. Метеориттердің жасын өлшеу (құрамындағы радиоактивті элементтерге және олардың ыдырау өнімдері бойынша) Күн жүйесінің шамамен 4,6 млрд. жыл бұрын пайда болғанын анықтады.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 274 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ІІІ. Перетворювальна діяльність.| Магнитосфера , Жердің магниттік өрісі және Жердің магниттік полюстері жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)