Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар | СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары | Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар | Дәріс.Геоморфология пәні,оның зерттеу нысаны.Бедер туралы түсінік. | Эндогендік процестер және бедер | Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі | Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі | Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері | Азіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі | Жалпы геоморфология» пәнінің глоссариі |


Читайте также:
  1. B) анық және альтернативті 1 страница
  2. B) анық және альтернативті 2 страница
  3. B) анық және альтернативті 3 страница
  4. B) анық және альтернативті 4 страница
  5. Next Generation Network, міндеттері және анықтамасы
  6. Ағынды бұрғылау суларын қайталама пайдалану үшін тазарту.
  7. Ағынның гидравликалық элементтері

Уақытша ағын сулар әрекетінен пайда болған бастапқы эрозиялық пішіндер - жылғалар (атыздар). Олар делювийлік беткейлер бойымен жайылып аққан су кішігірім бір арнаға жиналған кезде ғана пайда болады. Жылғалардың терендігі мардымсыз: 3-30 см-ден аспайды, ені де тереңдігімен бірдей. Эрозиялық жылғалар бір нөсердің кезінде немесе көктемгі қар тез ерігенде пайда болуы ықтимал. Ағын тоқтағаннан кейін жылғалар өздерінің морфологиясын жоғалтып жайпақтала береді. Жылғалардың терендігі мен морфологиялық бейнесі беткейлерді құрған тау жыныстар құрамына және беткейлерден аққан судың мөлшеріне байланысты. Әдетте жылғалар бір-бірінен бірнеше метр алшақ орналасып тармақталған жылғаларды құрайды.

Жыртылған және сирек есімдікті беткейлерде жылғалар уақыт өте бере тереңдігі 1,0-2,0 м-ге, ені 2,0-2,5 м-ге жететін эрозиялық жырмаларға айналады. Жырма ернеулері де жарлауытты келіп, көлденең кескіні көбінесе V-әрпін елестетеді.Алайда кез келген эрозиялық жылғалар жырмаларға айнала бермейді. Ол үшін ағыс күштірек, жиналған судың көлемі молырақ болуы тиіс. Сондықтан да жырмалар эрозиялық жылғаларға қараганда әлдеқайда сирек кездеседі және бір-бірінен ондаған метр алшақ жатады.Су қоры жеткілікті мөлшерде жиналғанда жырмалардың бір бөлігі терендей және кеңи келе, бірте-бірте жыраларға айналады. Жыралардың тереңдігі 10-20 м, не одан да көп, ені (бір қабақтан екінші қабаққа дейін) 50 м немесе одан да артық болады.Жыралардың жағалары көбінесе тік. Кейде жыралардың табаны жайпақ, ені бірнеше метрден аспайды. Жыра жырмадан тек өзінің көлемімен ғана емес, сонымен қатар өзіне тән жеке бойлық кескінімен ерекшеленеді, онысы ол тіліп өтетін беткейдің кескінінен өзгеше болады. Ал жырманың бойлық кескіні әдетте беткейдің бойлық кескінінің сәл тегістелген түрін қайталайды.Жыраның өсіп отыратын бас бөлігі әр түрлі. Көбінесе жыра бірден, биіктігі 1,0-3,0 м тік жармен - бас құламамен басталады. Кейде жыралардың бас бөлігі планда сопақша, эллипс пішіндес немесе дөңгеленген күрек пішіндес болады да, жер бетінде аса айқын көрінбейтін ойпауыттар түрінде байқалады. Бедердің мұндай пішіндерін су жиналатын ойпауыттар (водосборные понижения) деп атайды. Кейде жыралардың бас бөлігінен жоғарырақ, өзен аралығының өлкелеріне баяу ауысатын, терең емес (1,0-3,0 м) жарқабақтары айқын білінбейтін, жағалары шымтопырақты жайпақ ұзыннан-ұзақ созылған ойпауытгар орналасады. Бедердің мұндай пішіндері қолат (лощина) деп аталады. Топографиялық карталарда, тіпті ірі масштабты карталарда қолаттар аса білінбейді, алайда ірі масштабты әуе суреттерде, әсіресе егістер мен сирек өсімдікті жерлерде қолатгың бейнесі айқын көрінеді. Айтып кететін бір жайт, осы арнасы жоқ қолаттар жыралар дамуының нәтижесі емес, олардың тек пайда болуының себебі болып табылады. Сондықтан да бұрыннан дамыған эрозиялық пішіндердің түбінде эрозиялық оралымның (циклдың) қайталану нәтижесінде пайда болған жыраларды түптік (донный) немесе қосымша (вторичный) жыралар дейді, ал өзен аңғарларының беткейлерінде кішірек эрозиялық пішіндерден бірден түзіліп, дамыған жыраларды - жағалық немесе алғашқы жыралар деп атайды.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 764 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Беткей туралы ұғым| Сел құбылыстарының бедер құрудағы орны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)