Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы геоморфология» пәнінің глоссариі

СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары | Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар | Дәріс.Геоморфология пәні,оның зерттеу нысаны.Бедер туралы түсінік. | Эндогендік процестер және бедер | Неотектоникалық қозғалыстардың бедер құрудағы ролі | Бедер түзілудегі жер сілкіністерінің рөлі | Беткей туралы ұғым | Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедер пішіндері | Сел құбылыстарының бедер құрудағы орны | Бедердің дефляциялық және корразиялық пішіндері |


Читайте также:
  1. Айнымалы жұлдыздар жалпы каталогының құрылымы
  2. БАС (ЖАЛПЫ) ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛЫҚ (ЖЕКЕЛЕГЕН) БЮДЖЕТТЕРДЩ ҚҰРЫЛЫМЫ
  3. Білім бағасының жалпы баллдануы
  4. Дәріс. Атрибуттар жайында жалпы мәліметтер
  5. дәріс. Модельдеудің жалпы принциптері
  6. Жалпы қағидаттар
  7. Жалпы өндірістік шығын бюджеті
қазақша орысша түсініктеме  
  Жарықты кристалдармен абсорбциялау. Абсорбция кристаллами. Кристалдардан өту барысында жарық қарқындылығының бәсеңсуі.
  Кристалл агрегаттары. Агрегаты кристаллические. Кристалдардың бір-бірімен шоғырлана шорлануы.Жыныстың түзілуі барысында белгілі бір заттың әр түрлі кристалдары өзара немесе әртүрлі заттар кристалдары бірлесе отырып шорлар құруы мүмкін.
  Абразия абразия Түп жыныстардың толқын немесе ағын күштері әсерінен бірте-бірте мұжылу процесі.Әсіресе теңіз (мұхит) жағалауларының соқпа толқындар әсерінен абразияға ұшырауы мейлінше қарқынды өтпек.
  Автоженттас автобрекчия Лава беінің қатайып үлгерген қабыршақтарына тән кесектер мен түйіршіктердің сол сұйық лава заттарының өзімен жымдаса отырып қатаюы нәтижесінде түзілетін жент тәрізді жанартау жынысы.
  Ақық агат Негізінен алғанда кремний қостоты-ғынан (SiO2) тұратын құрылымсыз халцедон минераланың бір түрі. Ақық шоғырларының құрылысы әртүрлі түстерге боялған жұқа жолақтардың айшықтала астасуымен сипатталады. Ақықтар әшекей бұйымдар жасауға пайдаланылады, техника мен тұрмыста да қолданылады.
  Агломерат агломерат Мейлінше ірі де үшкір кесектерден (көлденеңі 30-2000мм) тұратын борпылдақ та босаң жанартау жыныс-тары.Жыныстардың түзілу орнына орай агломераттар көмей А.-тарына (жанартау көмекейіне шоғырланған кесектер) және күйінде А.-тарға (жанартау жапсарындағы күйінде кеуек кесектер) бөлінеді.
  Аккумуляция Аккумуляция Құрлық бетінде немесе су алаптары түбінде минералды заттар мен органикалық қалдықтар қабатының жинақталу (түзілу) процесі.
  Брахииілімдер брахискладки Тақия пішіндес иілімдер. Б.- брахи-антиклиналь және брахисинклиналь болып екі түрге бөлінеді.
  Вади жырға Маусымдық нөсерлер ағыны есебінен шөлді аймақтарда өте тез пайда боатын тік жағалы өзеншелер немесе жыралар аңғары.
  Габброидтар габброиды Габбро және норит деп аталатын магмалық тау жыныстары тобына кіретін жыныстардың жиынтық атауы.
  Геодезия геодезия Жердің пішіні мен мөлшерін анықтау және жер бетінің карталар мен сызба-нұсқаларын жасақтау тәсілдерін біріктіретін ғылым.
  Геоизобата геоизобата Жер (су) бетінен оның әр түрлі деңгейлеріне дейінгі тереңдік көрсеткіштерінің теңдес мағынала-рын өзара жалғастыру нәтижесінде түрлі карталар мен сызбалар түрінде кескінделетін сызықтар жиынтығы.
  Геоизотерме геоизотерме Жер қыртысының қабатының темпе-ратуралық көрсеткіштерінің теңдес мағыналарын өзара жалғастыру нәти-жесінде әртүрлі карталар (қималар) бетінде пайда болатын сызықтар жиынтығы.
  Геосинклиналь геосинклиналь Г.-жер қыртысының мейлінше қозғал-малы аймағы.
  Градация градация Қалыптасу жағдайының ұқсастығымен сипатталатын тау жыныстарының әр қилы литологиялық түрлерін біріктіретін паратектік ассоциация, геологиялық формацияның жекелеген бөлшегі.
  Делювий делювий Еңіс өңірлерді құрайтын түп жыныс-тардың жаппай үгілу нәтижесінде бөлшектеніп, ерінді сулар мен жаңбыр суларының тасымалдауы нәтижесінде қайтадан шоғырланған кесектер мен түйіршіктер есебінен түзілетін тау жыныстарының тектік түрі.
  Мүжілу денудация Сыртқы күштер әсерінен жаппай үгіліске ұшыраған беткі қабат бөлшектерінің ойыс өңірлерге қарай сырғуына байланысты (салмақ күші, ағын сулар әсері, жел күші т.с.с.) көтеріңкі аймақтардағы тау жыныстарының ұдайы мүжіліп (жеміріліп) отыруын қамтамасыз ететін табиғи процесс.
  Үрлену дефляция Борпылдақ материалдарды, яғни құм және құмайт түйіршіктерін үргілей отырып, олардың алғашқы аймақтарда мұжылуын және келесі өлкелерде қайтадан түзілуін қамтамасыз ететін байырғы жел әрекетінің нәтижесі. Бұл процесс шөлді аймақтарда кеңінен етек алған,өзге климат жағдайларында да көрініс беруі ықтимал.
  Деформациялар деформации әр түрлі тектоникалық күштер әсерінен тау жыныстары бірлестіктерінің немесе жекелген жер қыртысы аймақтарының өз пішіні мен көлемін өзгерту процесі.
  Диафторез диафторез Магмалық және өзгерген жыныстардың метаморфизмнің төменгі сатысына тән жаңа жағдайларға бейімделу нәтижесінде осы жыныстар болмы-сында бұрынғы минералдар есебіне жаңа минералдық түрлердің қалыптасу процесі.
  Жекелену дифференциация Тектік тұрғыдан байланысты, бірақ құрамы жағынан анық ерекшеленетін бірнеше жаңа өнімдердің бір ғана материал есебінен қалыптасуын қамтамасыз ететін барша геологиялық процестер жиынтығын кескіндейтін жалпылама термин.
  Құмдөңдер дюны Жел әрекеті нәтижесінде теңіз немесе өзен жағалауларында жал-жал болып үйіліп қалатын құм дөңестер.Қ.- түрлі-түрлі климаттық белдеулер жағдайында қалыптаса алады.
  Құлама завал Опырылмалы массалардың жинақта-луы нәтижесінде өзен аңғарларында шағын белдер мен жартылай конустар түрінде тау жыныстарының мүлдем өңделмеген (жұмарланбаған) үшкір кесектер есебінен қалыптасқан шоғыр 2.Тау қазындыларының ернеуі мен жақтауларының опырыла құлауы нәтижесінде пайда болған тау жыныстарының шоғыры.
       
       
  Қолтық заводь Өзен аңғарының күрт бұрылатын тұстарында пайда бола отырып, өзен суы ағынының баяулауымен немесе теріс ағындардың етек алуымен сипатталатын шағын шығанақтар.
  Бірқалыпты еңістенген астасу залегание монокленальное Қатпарланған тау жыныстары қабат-тарының астасу пішіні.Б.Е.А.-жағдайына ұшыраған тау жыныстары қабаттарының еңістену бағыты мен бұрышы бір-біріне сәйкес келеді, алайда бойлас еңістенген астасу пішіндерімен салыстырғанда, бұл иілімдер жүйесі (қатпар) қимасында бір қабат бірнеше рет қайталанбайды.  
  Бойлас еңістелген астасу залегание изоклинальное Қатты қатпарланған тау жыныстары қабаттарының астасу пішіні.Б.Е.А.- иілімдер жүйесіндегі (қатпардағы) нақтылы бағытқа қарай еңістенген немесе төңкерілген барша қабаттардың жүйе қимасында бірнеше рет қайталануымен сипатталады.
  Қат-қабаттардың тұйықталуы замыкание слоев Иілімнің бір жақ қанатын құрайтын тау жыныстары қабаттарының көлбеу жазықтықта өзіне тән сағалану бағдарын 180º-қа өзгерте отырып, екінші қанат қабаттарына ауысуы.
  Қалыпсыз белдем зона аномальная Қалыпсыз алаптар мен белдеулер жиынтығы,яғни нақтылы физикалық ерекшелігі тұрғысынан өзін қоршаған өңірден дараланатын аймақ.
  Үгілу белдемі зона выветривания Өн бойында физикалық және химиялық үгілу процестері кеңінен етек алған жер қыртысының ең беткі қабаты.Бұл өңірдегі тау жыныстарының ыдырауы және жаңа минералдардың қалыптасуы заттардың үш түрлі жүйесі жағдайында (газ, сұйық,қатты) жүзеге асады.
  Бұзылыстар белдемі зона нарушений Жер қыртысының әртүрлі тектоникалық жарылымдар көптеп шоғырланған, көбінесе ұзынынан-ұзақ созыла сағаланатын аймақтары.
  Қатпарлы белдемдер зоны складчатые Құрылымдық формациялық белдемдер терминінің синонимі.
  Изосейстер изосейсты Жер бетіндегі сейсмикалық энергия ағымдары тығыздығының теңдес мөлшерлерін белгілейтін нүктелерді бір-бірімен жалғау нәтижесінде алынатын сызықтар жиынтығы.
  Интрузия интрузия 1.Магманың жер қыртысына ену процесі.2.Жер қыртысы қойнауларында бірте-бірте суынып кристалданған магма есебінен қалыптасқан магмалық дене.Синонимі-плутон.
  Ихнология ихнология Құрып кеткен көне организмдер тіршілігінің іздерін зерттеуге бағытталған палеонтология саласы.
  Кальдера кальдера Қабырғалары біршама тік құлайтын, түркі жазықтығы тегіс, жалпылама пішіні цирк алаңын еске салатын жанартау ойысы.К.-дың диаметрі кейде 10-15км-ге жетуі,тіпті одан да үлкенірек болуы мүмкін.
  Шаймаапан карст Кейбір тау жыныстарының жер үсті және жер асты сулары әсерінен еруі нәтиже-сінде әртүрлі пішіндегі қуыстар мен үңгірлердің жер қыртысында пайда болуы.
  Катаклаз катаклаз Динамометаморфизм жағдайында тау жыныстарының құрамдық өзгерістерге ұшырауы және уатыла бастауы.
  Кларк кларк Салмақ мөлшерімен немесе атомдар санымен,%-пен т.б. бірліктермен өлшенетін жекелеген химиялық элементтердің жер қыртысындағы, литосферадағы,атмосферадағы, тірі организмдердегі немесе басқа да ірі-ірі геохимялық ортадағы орташа мөлшерін көрсететін тұрақты сан (константа).
  Клипп клипп Жаралу уақыты тұрғысынан біршама көне тау жыныстарының оларға қарағанда жастау тау жыныстары арасында ұшырасатын жартастар мен жақпартастары.Синонимі-тектоникалық бүркеме қалдық жоны.
  Конвергенция конвергенция әртүрлі геологиялық формациялардың жаралу тегінде айтарлықтай айырмашылықтар болуына қарамастан олардың құрамы мен құрылысында байқалатын ұқсастықтар.
  Жұмыртастар конгломерат Жымдаса дәнекерленген тасмалталар жиынтығынан тұратын тау жынысы. Мөлшері 1-10см аралығында болып келетін тасмалталар өзінің құрамы жағынан әртүрлі болуы ықтимал.
  Шөгіндінің шымырлануы консолидация осадков Борпылдақ та босаң шөгінділердің қысым салдарынан тығыздалуы, қайтадан кристалдануы, жымдаса дәнекерленуі т.б. процестер нәтиже-сінде берік те шымыр жыныстарға айналуы.
  Үгілу қабаты кора выветривания Құрлықтар өңірінде тиесілі литос-фераның беткі бөлігінде әртүрлі үгілу факторлары әсерінен өзгерістерге ұшыраған магмалық, шөгінді және өзгерген жыныстар есебінен қалып-тасқан тау жыныстарының бірлестігі.
  Тасқашалу корразия Су ағыны,жел күші, мұздық қозғалысы, салмақ күші т.с.с. күштер әсерінен қозғалыстарға ұшыраған тау жынысы кесектері мен түйіртпектерінің сол қозғалыстар кезіндегі үйкелістер әсерінен қажалу және өздерімен тоқайласқан өзге де тау жыныстарын тоздыру.
  Сәйкестендіру корреляция Стратиграфияда: көршілес немесе бір-бірінен алшақ орналасқан тау жыныстары қабаттарының немесе олардың қимасына тән кейбір дербес бөліктердің көнелігі бір-бірімен тұстас екендігін анықтау мақсатында оларды өзара сәйкестендіру.
  Тозу коррозия Геологияда:1.тау жынысының ала-жаулы еруі нәтижесінде әртүрлі өзгерістерге ұшырауы,яғни оны болмысында қуыстар мен кеуектердің пайда болуы; 2.магма есебінен бірінші болып қалыптасқан минералдар мен магмаға кірігіп кеткен тау жынысы кесектерінің еру,балқу және жемірлеу салдарынан өзгерістерге ұшырауы.
  Кюри кюри Табиғи немесе жасанды радио-активтілікті өлшеу бірлігі; 1г.радийдің радиоактивтілігіне сәйкес келеді, яғни кез-келген радиоактивті затттың бір секундта 3,7·10¹º мөлшерге ыдырауымен анықталады;
  Тоған лагуна 1.Теңіз суынан жағалау бел-белестерімен мүлдем оқшауланып қалған немесе онымен енсіз бұғаздар арқылы ғана байланысты мейілінше саяз табиғи су алабы.2.Сырт пішіні шығыршыққа яки сақинаға ұқсайтын маржанды аралдардың ішкі өңірінен ұшырасатын су алабы.
  Лакколит лакколит Саңырауқұлақтың телпегіне ұқсайтын интрузиялық дене пішіні. Бұл дене-лердің аз-мұз дөңкиген желек жазықтығы мен жаймалана көсілген табан жазықтығының екеуі де интрузия кіріккен тау жыныстары қабаттарымен үйле-сімді астасқан.
  Тастек литогенез Термин бірнеше мағынада қолда-нылып жүр, алайда шөгіндінің (тұнбаның) түзілуін (түзілімтек сатысы), оның тау жыныстарына айналуы (диатек сатысы) және метаморфтануға дейінгі аралықтағы барша өзгерістерін (кататек сатысы) біріктіретін бүкіл процестер жиынтығына Т. деп аталуға тиіс.
  Магма магма Жер қыртысы немесе жоғары мантия өңірінде көбінесе силикатты, сирегірек өзге құрамды балқыламалар түрінде қалыптасып, суынып-қатаюы нәтиже-сінде магмалық тау жыныстарын түзетін оттай ыстық масса.
  Территекті материал материал терригенный Құрлық бетінің жемірілуі нәтижесінде жаңа шөгінділердің құрам бөлшегіне айналған тау жыныстары мен минералдардың сынықтары.
  Пирокластика-лық материал Материал пиро-кластичесий Әлі суынып та үлгермеген лавалардың жанартау әрекетінің кезекті сәтінде сынуы яки уатылуы нәтижесінде дараланған кесектер мен түйіршіктер (жанартау атпалары, шементастар, жанартау құмдары, шаңдар, күйінділер,пемза т.с.с.)
  Мезотаскелбет-тер мезофации Екінші дәрежелі,яғни микротаскел-беттерге қарағанда ірірек таскелбет-тер;микротаскелбеттер бірлестігін құрайды.
  Мезофиттер мезофиты Орташа ылғалды өңірлерде яки қоңыржай климат жағдайында тіршілік ететін өсімдіктер.
  Метабазиттер метабазиты Азды-көпті метаморфтанған негізгі жыныстарға қатысты қолданылатын жалпылама атау.
  Метаболизм метаболизм а) темірлі жыныстардағы ұзақ уақыт бойына қыздырған жағдайда оларға тән октаэдрлы құрылымдардың ғайып болуы,сөйтіп олардың түйіртпекті заттарға айналуы; ә) шөгінді жыныс-тардың ішкі өңіріндегі өзектерге- олардың құрам-бөлшектерінің жаңадан жасақталуы (қозғалмалануы, қоныс аударуы, қайта түзілуі).  
  Метаморфизм метаморфизм Тау жыныстарының алғашқы жаралу жағдайынан өзгеше жағдайларда құрылымдық және құрамдық өзгеріс-терге ұшырауын қамтамасыз ететін эндотектік процестер жиынтығы;
  Қозғалмалылық мобилизм Жоғарғы мантияның аққыш қабаты (астеносфера) бетімен литосфераның немесе жер қыртысы астындағы өзге де аққыш денелер бетімен материктік қыртыстың жазық бағытта жылжу мүмкіндігін дәріптейтін тектоникалық болжамдар хақында қолданыла-тын термин.
  Мульда (нем. табақша) мульда Тең өлшемді немесе овал тұрқылас синклиналь пішінді тектоникалық ойыстардың немесе олардың жекеле-ген бөліктерінің жалпылама атауы.
  Жаңатектоника неотектоника Бүгінгі таңдағы жер бедер түрлерінің қалыптасуын қамтамасыз еткен текто-никалық процестерді саралайтын геотектоника тарауы.
  Қаржеміру нивация Қардың тау жыныстарын жеміру процесі,яғни қар қатуы мен еруінің алма-кезек ауысуы нәтижесінде онымен беттескен тау жыныстарының аяздық үгілуге ұшырауы.
  Батиалды облыс область батиальная Шельф пен мұхит төсеніші аралығын қамтитын, яки негізінен материктік баурайға жапсарлас орналасқан батиальды фаунаның тіршілік етуіне қолайлы мұхит (терең теңіз) деңгейі; шамамен 500-3000м тереңдіктер аралығы деп есептеледі.
  Геоқұрылымдық облыс область геоструктурная Жер қыртысының материктік және мұхиттық платформаларлы, геосин-клинальды облыстарды, таужаралу (орогенді) облыстарын біріктіретін ең басты құрылымдық элементі.
  Орогенді облыс область орогенная Платформалар мен геосинклинальдар дамуының ерекше сатысын кескіндейтін,тау жүйесінің кеңінен етек алуымен сипатталатын дербес те ірі құрылымдық элементтердің бірі.  
  Платформалық облыс область платформенная Тектоникада:геосинклиналь деген ұғымға қарама-қарсы мағынада қолданылатын, сол геосинклиналь-дардан тектоникалық режимнің мейлінше салғырттылығымен айрық-шаланатын,континенттерге тән жер қыртысының ең басты құрылымдық элементтерінің бірі.
  Асабиссальды облыс область ультра-биссальная Мұхиттардың ең терең (6000м-ден асатын) облыстары.
  Октаэдр октаэдр Сегіз жағының әрбіреуі дұрыс үшбұрыш құрайтын геометриялық пішін.
  Ореол ореол Тау жынысының негізгі массасы арасындағы жеке – дара порфирлі сеп-пелерді сол массаға тиесілі тектестері есебінен жиектей отырып,одан әрі даралай түсетін жолақша.
  Палео палео “көне”,”ескі” деген ұғымдарды білдіретін, терминдердің алдыңғы жағына жалғанатын қосымша.
  Палеогеография палеогеография Өткен геологиялық дәуірлердің географиясы,яғни сол дәуірлердің ландшафт ерекшеліктері және олар-дың даму заңдылықтары жайлы ғылым;негізінен геологиялық арнаулы бөлігі ретінде дамып жетілуі.
  Паратек парагенез Бір уақытта яки бір-біріне іле-шала жаралуына байланысты тұтастала астасу пішіні.Бұл термин бір-бірімен тектік байланыстағы (бірге жаралған) минералдардың (тау жыныстарының, таскелбеттердің) бірлестігі хақында ғана қолданылуы тиіс.
  Пенеплен пенеплен Адыр-бұйраттардың аздығымен, яки негізінен тегіс жазықтармен сипат-талатын,бұрынығы таулы өңірдің үгіліп-араласуы нәтижесінде пайда болған жербедер түрі,яғни толықтай тоқтаған эндотектік құрылымның экзотектік процестер әсерінен типылдануы нәтижесінде қалыптасқан жазықтық.
  Тақта плита Платформалардың платформалық тыспен көмкерілген бөліктері; қалқан-дарға қарсы мағынада қолданылады.
  Пролювий пролювий Маусымдық жауын-шышын суларымен шайылып, таулы өңірдің баурайлары мен етектерін көмкере жайылған құмайттар мен саздар жиынтығы.
  Эолды процестер процессы эоловые Жел әсерінен жербедер қалыптасу процестері; құрғақ облыстардағы, әсіресе шөл және шөлейт аудандарда-ғы маңызы өте зор.
  Псефиттер псефиты Ірі кесекті шөгінді жыныстар.
  Кендердің қайтадан қалыптасуы регенерация Ертеректе қалыптасқан кен шоғырына тән рудалы заттардың кейінгі кезеңдегі тектоникалық процестер нәтижесінде метаморфтық,магмалық немесе гидро-термальды қозғалмалану әрекетіне ұшырауы,сөйтіп сол заттар есебінен мүлдем жаңа кен орындарының қалыптасуы.
  Реголит реголит Айдың беткі қабатына тән түп жыныстардың(құрамы жағынан бұлар базальтқа ұқсас) ғарыштық денелермен қайта-қайта соққылануы нәтижесінде пайда болатын түйіртпек жыныстар атауы. Р.-ті қабаттың қалыңдығы 10см-ден 10м-ге дейінгі аралықта.
  Теңіз регрессиясы регрессия Теңіз суының құрлық бетіне таралуы; көбінесе құрлықтың көтерілуі, сирегірек Әлемдік мұхит суының азаюы салдарынан туындайды;
  Кедертас риф Суасты немесе жоғарғы бөлігі су бетіне азын-аулақ шығып тұратын жартастар.
  Ор ров Эндотектік күштер әсерінен (рифтер) немесе экзотектік құбылыстар (гравитациялық қозғалыстар) нәтиже-сінде жер бетінде пайда болатын ұзын да енсіз түсіңкі аймақтар.
  Сегрегация сегрегация Магама есебінен қалыптасқан тау жыныстары арасыда өзінің қалыптасуы уақыты жағынан алғаш түзілген кристалдарды біріктіретін шоғыр.

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 350 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азіргі геоморфологиялық процестердің генетикалық жіктелуі| Студенттердің білім оқу жетістіктерін бақылау мен бағалауға арналған материалдар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)