Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Атрибуттар жайында жалпы мәліметтер

Читайте также:
  1. Айнымалы жұлдыздар жалпы каталогының құрылымы
  2. БАС (ЖАЛПЫ) ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛЫҚ (ЖЕКЕЛЕГЕН) БЮДЖЕТТЕРДЩ ҚҰРЫЛЫМЫ
  3. Білім бағасының жалпы баллдануы
  4. Дәріс. Өкілдік.Сенімхат.
  5. Дәріс. Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі
  6. Дәріс. Азаматтық құқықтық қатынастар
  7. Дәріс. Азаматтық құқықтың түсінігі

Атрибут – бұл сызбадағы объектімен немесе бірнеше объектілермен, сызбаның өзімен, спецификациямен, фрагментпен немесе фрагменттер библиотекасындағы фрагментпен байланыстағы қосымша графикалық емес ақпарат.

Атрибуттың типтері қолданушымен жасалып, құжаттың ішінде немесе сыртқы файлдарда *.lat – атрибуттар типтерінің библиотекасында сақталады.Сызба объектіне немесе құжатқа атрибут тағайындауды жалпы реті мынадай: 1. Атрибут типін көрсету. 2. Атрибут мәнін енгізу.

Атрибуттың жаңа типін жасау үшін төмендегідей жасаймыз:

1. Сервис → Библиотека стилей → Типы атрибутов командасын шақырамыз. Экранда атрибуттар типтерімен жұмыс істеу диалогы ашылады.

10-сурет. Атрибуттар типімен жұмыс істеу диалогы

 

Ағымды құжатта атрибут типін жасау үшін «Локальные типы документа» қарау терезесін активтендіреміз, ал кез келген библиотекада атрибут типін жасау үшін Библиотека басқышын басамыз.

2. Жаңа тип (Новый тип) басқышын басамыз. Экранда атрибут типін жасау диалогы ашылады.

3. Жасалатын атрибут типіне ат береміз.

4. Жасалатын атрибут типіне сай опцияны таңдаймыз.

5. ОК басқышын басып, атрибут типін жасаймыз.

Графикалық объектіге атрибут беру үшін мынадай жасаймыз:

1. Атрибут қойылатын объектіні белгілейміз

2. Сервис → Атрибут командасын шақырғанда экранда атрибуттармен жұмыс істеу диалогі ашылады.

3. Атрибуттар түрін таңдау үшін «Жаңа...» «Новый...) басқышын басамыз

4. Құжат немесе библиотекалар басқышының көмегімен артибуттар типтерінің керекті тізімін ашу қажет. Егер тізімде керекті атрибуттар типі болмаса, онда оны жасау үшін «Жаңа» (Новый) басқышын басып, ашылған диалогте жаңа атрибуттар типін жасаймыз

5. Тізімдегі атрибуттардың қажетті типін белгілеп, Таңдау (Выбрать) басқышын басамыз. Экранда атрибуттың мәндерін беретін диалог пайда болады.

6. Атрибут типіне сәйкес келетін мәндерді енгіземіз.

Объектінің атрибуттар тізімінде таңдалған атрибут типіне сәйкес пиктограмма мен оның атауы шығады.

Объектінің атрибуттармен жұмыс істеу диалогын аяқтау үшін шығу басқышын басамыз.

Атрибуттың кестелік типін жасау. Атрибуттың кестелік типін жасаудың кейбір ерекшеліктері бар. Егер атрибут кесте типті болса, онда атрибут типінде кесте бағанасының саны, әрбір бағанаға – атауы, берілгендер түрі, берілгендер мәндерінің диапазоны не болмаса рұқсат етілген мәндердің тізімі сақталады. Атрибут кестесінің әрбір бағанасының барлық ұяшықтары бір типтес берілгендер және мәндердің диапазонына бірдей шек қойылулар ұйымдастырылған.

Құрылымын суреттеу. Кестелік типті атрибут салуды құптағаннан соң экранда кестелік типті атрибуттың құрылымын суреттейтін диалог ашылады.

Деректер типін таңдау. 11-суретте деректерді таңдау диалог бағанасы көрсетілген.

11-сурет. Деректер типін таңдау

 

Атрибут типтерін басқару. Сервис → Атрибуттар типтері командасымен ашылатын арнайы диалогта артрибуттар типтерімен жұмыс жүргізіледі.

Атрибуттар типтерімен жұмыс диалогы ағымды құжатта сақталатын атрибуттар типтерін қарауға, редактрлеуге, жоюға мүмкіндік береді.

Осы диалогтың көмегімен библиотека құрылымын редактрлеуге, және де атрибуттардың типтерін библиотекалар мен құжаттар арасында көшіруге, орын ауыстыруға болады.

Топтамалы атрибут тағайындау үшін жеке объектке атрибут жекелеген атрибут тағайындаған сияқты. 12-суретте жекелеген және топтамалы атрибуттары бар объект атрибуттарымен жұмыс диалогы көрсетілген.

 

12-сурет. Объект атрибуттары: жекелеген және топтамалы

 

Топтамалы атрибуттардың төмендегідей ерекшеліктері бар:

1. Топтамалы атрибуттың мәнін редактрлегенде топтың барлық объектілері үшін өзгереді.

2. Топтамалы атрибутты буферге орыналастыру жекелеген атрибут сияқты.

3. Топтамалы атрибут тек қана топтағы ең соңғы объекттен атрибутты жойғанда жойылады.

Құжат атрибуты. Белсенді құжатқа атрибут тағайындау төмендегі тәртіппен жүргізіледі:

1. Меню Файл – Свойства.... командасын шақырамыз

2. Ашылған диалогта Атри­буты қыстырмасын (вкладка) активтендіреміз.

3. Новый....пернесін басамыз.

4. Атрибут типтерінің тізімінен Құжат (Документ) немесе Биб­лиотеки пернелерінің көмегімен қажетті пернесін ашамыз.

5. Қжаетті атрибут типін тізімнен таңдап Выбрать пернесін басамыз.

Экранда атрибут мәнін беру үшін диалог ашылады.

6. Атрибут типіне тиісті мәнді енгіземіз (сан немесе мәтін жолы), немесе кесте толтырамыз.

Объектілер арасында атрибуттарды көшіру. Егер объектіге оған дейін басқа объектіге тағайындалған атрибут типін тағайындау қажет болса, онды атрибуттың бұл типін қайта құрмай бұрынғысын көшіре салуға болады

Бір құжаттың және әртүрлі құжаттардың объектілері арасында артибуттарды көшіруге болады. Тек КОМПАС жүйесінің әртүрлі терезелерінде ашылған құжаттар арасындағы атрибуттарды көшіруге болмайды.

Объектілер атрибуттармен операциялар орындау. Геометриялық объектілердің атрибуттарымен операциялар орындау Сервис – Атрибуттар командасымен шақырылатын диалог арқылы жүргізіледі.

Құжаттардың атрибуттарымен операциялар орындау Файл – Құжаттар командасымен шақырылатын құжат жайлы ақпараттар диалогының атрибуттар қыстырмасында жүргізіледі.

Әдебиет 4 нег. т. 2 [188-206], 3 қос. [109-116]


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 534 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Порядок присвоения звания| ГЛАВА ЧЕТВЕРТАЯ 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)