Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар | Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» ара қатынасы. Эмансипация. | Семинар. Заттардың түсінігі мен құқықтық жіктелуі. | Семинар. Шарт нысаны. | СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары | Аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары. | Аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары. | Р азаматтық құқығы (жалпы бөлім ) курсы бойынша тест сұрақтары. | Бақылау өлшем құралы. | Дәріс. Азаматтық құқықтың түсінігі |


Читайте также:
  1. Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» ара қатынасы. Эмансипация.
  2. Дәріс. Өкілдік.Сенімхат.
  3. Дәріс. Азаматтық құқықтық қатынастар
  4. Дәріс. Азаматтық құқықтың түсінігі
  5. Дәріс. Заңды тұлғалар
  6. Дәріс. Заттық құқық.

1. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері.

2. Азаматтарды хабар-ошарсыз кетті және өлді деп тану.

3. Жеке тұлғалардың азаматтық құқық субъектілігі.

Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, азамат, шетел азаматы, азаматтығы жоқ адамдар, әрекет қабілеттілік, құқық қабілеттілік, хал-ахуал актілері.

 

1. Азаматтың есімі оны дараландырудың аса маңызды құралы. Азамат өз есімі мен құқықтарға ие болып, оларды жүзеге асырады (АК 15-бабының 1-тармағы).

Заңдарды азаматтық құқықтарды жасырын атпен иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын немесе бүркеншік (ойдан шығарылған) есімді пайдаланатын жағдайлар да көзделуі мүмкін.

Жалпы ереже бойынша азаматтың фамилиясын, атын, әкесінің атын ауыстыруға оның өтініші бойынша рұқсат ету тәртібімен ол 16 жасқа жеткенде жол беріледі.

Азаматтың тұрғылықты жері оны дараландырып тұратын келесі белгісі болып табылады. Азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекені оның тұрғылықты жері деп танылады (АК 16-бабы).

Азаматтың өміріндегі, оның қоғамдағы құқықтық жағдайын, ең алдымен, азаматтық-құқықтық және отбасылық-құқықтық жағдайын айқындайтын және өзінің құқықтық маңызына қарай мемлекеттік тіркеуге жататын аса маңызды оқиғаларды азаматтық хал-ахуал актілері деп түсінеді. Өзінің құқықтық жаратылысы жөнінен азаматтық хал-ахуал актілер заңдық фактілерге жатады.

 

2. Егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер болмаса, ол хабар-ошарсыз кетті деп танылуы мүмкін (АК 28-бабының 1-тармағы). Егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, ол өлді деп жариялануы мүмкін (АК 31-бабының 1-тармағы).

Соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметшілерді және өзге адамдарды өлді деп жариялау үшін ерекше тәртіп белгіленген. Бұл адамдар соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемінде екі жыл өткеннен кейін өлді деп жариялануы мүмкін (АК 31-бабы).

 

3. ҚР заңдары бойынша, ерекше заңдық қасиетті – азаматтық құқық субъектілікті иеленетін, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленуге және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (индивидтер) және олардың кейбір ұйымдары (заңды тұлға, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер) азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар деп танылады. «Азаматтық құқық субъектісі» ұғымы оның құқық субъектілігі ұғымынан кең болады және есімді, тұрғылықты жерді және басқа белгілерді қамтиды.

Азаматтық құқық субъектілерінің ішінен АК ҚР азаматтарын және басқа жеке тұлғаларды бөліп көрсетеді.

«Жеке тұлға» жалпы ұғымы ҚР АК –нің 12-бабында тұжырымдалған. Бұл бап жеке тұлғалар туыстық ұғымы мен ҚР-ның азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарды біріктіреді. Азаматтық құқық субъектілік – салалық құқық субъектіліктің бір түрі.

 


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 319 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс. Азаматтық құқықтық қатынастар| Дәріс. Заңды тұлғалар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)