Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Заңды тұлғалар

Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» ара қатынасы. Эмансипация. | Семинар. Заттардың түсінігі мен құқықтық жіктелуі. | Семинар. Шарт нысаны. | СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары | Аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары. | Аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары. | Р азаматтық құқығы (жалпы бөлім ) курсы бойынша тест сұрақтары. | Бақылау өлшем құралы. | Дәріс. Азаматтық құқықтың түсінігі | Дәріс. Азаматтық құқықтық қатынастар |


Читайте также:
  1. Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» ара қатынасы. Эмансипация.
  2. Дәріс. Өкілдік.Сенімхат.
  3. Дәріс. Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі
  4. Дәріс. Азаматтық құқықтық қатынастар
  5. Дәріс. Азаматтық құқықтың түсінігі
  6. Дәріс. Заттық құқық.

1. Заңды тұлғаның ұғымы.

2. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі.

 

Негізгі ұғымдар: заңды тұлға, коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар, шаруашылық серіктестіктер, құрылтайшы, жарғы, жарғылық капитал, заңды тұлғаның әрекет және құқық қабілеттілігі.

1. Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы).

Заңды тұлға дегеніміз — бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Занды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: "заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар".

2. Құкық қабілеттілік дегеніміз — бұл заң шығарушылардың нақты субъективтік азаматтық құқықтарды иелену және нақты субъективтік міндеттерді атқару жөніндегі жалпы қабілетін таныған ерекше зандық қасиет.

Заңды тұлға азаматтармен (жеке тұлғалармен) қатар, мүліктік қатынастардың субъектісі болып табылатындықтан, тұлға үшінші тұлғалардың алдында өзінің органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді.

Занды тұлғаның органы оның өкілі емес, сондықтан органның қызметін атқару әлде бір сенімхаттың болуын талап етпейді. Бұл ретте лауазымдық жағдайын растайтын қызметтік құжатты көрсету жеткілікті болады.

Заңды тұлға үшін азаматтық құкықтарды иелену және өзінің қатысушылары мен өкілдері арқылы өзіне азаматтық міндеттерді қабылдау туралы тармақты түсіндірілетін баптан шығару заңды тұлғаның мұны істеуге құқысы жоқ дегенді білдірмейді. Бұл жағдайда өкілдік туралы жалпы ережелер қолданылады.

Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан мүліктік және аумақтық оқшау бөлімшелері болып табылады.

Филиалдар мен өкілдіктердің занды тұлға мәртебесі болмайды.

Филиалдың (өкілдіктің) оқшау өз мүлкі болмайды, филиалдың (өкілдіктің) мүлкі есепке алыну мақсатында жеке баланста тұрады, бірақ мұндай баланс дербес болмайды; мүліктік тұрғыдан алғанда филиал (өкілдік) өз атынан емес, оны құрған заңды тұлғаның атынан әрекет етеді; және ең ақырында, ол дербес мүліктік жауап бермейді, оның іс-әрекеттері үшін заңды тұлға жауап береді.

Заңды тұлғаның филиалы қызметтің барлығын немесе оның бір бөлігін атқарады (мысалы, Мемлекетгік заң университетінің Астанадағы филиалы). Өкілдік дегеніміз — бұл заңды тұлғаның атынан заңдық іс-әрекеттер жасайтын және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын занды тұлғаның бөлімшесі.

Филиалдар мен бөлімшелер оларды құрған заңды тұлға бекітетін Ережелердің негізінде әрекет етеді. Филиал (өкілдік) туралы Ереже филиал ішіндегі қатынастарды және филиалдар (олардың ішкі бөлімшелері) мен негізгі заңды тұлга арасындагы қатынастарды: филиал қызметінің мақсаттары мен негізгі түрлерін, оның лауазымды адамдарын тағайындау тәртібін, олардың құзіретін, мүлікті филиалдан занды тұлғаға және керісінше тапсыру тәртібін, оны бақылау түрін, филиал (өкілдік) қызметінің тоқтатылу жағдайдарын анықтайды.

Заңды тұлғалардың кейбір түрлері үшін көзделген жағдайлардан басқа реттерде филиалдар мен өкілдіктердің басшыларын занды тұлғаның уәкілетті органы тағайындайды. Мәселен, қоғамдық бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) басшылары қоғамдық бірлестікгің жаршсында және оның филиалдары немесе өкілдіктері туралы ережеде көзделген тәртіппен сайланады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлға-лардың филиалдары мен өкілдіктері заңды тұлғалардың құқықтарын иеленбестен есептік мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.

 


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 148 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс. Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі| Дәріс. Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық-құқықтың субъектісі рерінде

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)