Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. Заттық құқық.

Р азаматтық құқығы (жалпы бөлім ) курсы бойынша тест сұрақтары. | Бақылау өлшем құралы. | Дәріс. Азаматтық құқықтың түсінігі | Дәріс. Азаматтық құқықтық қатынастар | Дәріс. Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі | Дәріс. Заңды тұлғалар | Дәріс. Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық-құқықтың субъектісі рерінде | Ызмет көрсету және басқа да әрекеттер-азаматтық құқық объектілері ретінде. | Дәріс. Мәмілелер | Дәріс. Өкілдік.Сенімхат. |


Читайте также:
  1. Дәріс. Өкілдік.Сенімхат.
  2. Дәріс. Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі
  3. Дәріс. Азаматтық құқықтық қатынастар
  4. Дәріс. Азаматтық құқықтың түсінігі
  5. Дәріс. Заңды тұлғалар
  6. Дәріс. Мәмілелер

1. Шаруашылық жүргізу құқығы.

2. Оралымды басқару құқығы.

3. Жерге заттық құқық.

Негізгі ұғымдар: заттардың берілуі,

1. Шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті мелекеттен меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқытарын азаматтық кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорын мәртебесін бюджеттік ұйымдар мәртебесімен шатастырмау үшін ең алдымен шаруашылық жүргізу құқығы деген ұғым енгізілді.

Мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік базасын құрал-жабдық, еңбек құралы және ақша қаражаты құрайды. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу және өнім өндіру құқықтарын иеленеді. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және салымдар бойынша бөлініске түспейді, бұл кәсіпорынның жұмыскерлері арасындағы қатынасқа да қатысты.

Шаруашылық жүргізу құқығының объектісі, егер заңда өзгеше көзделмесе, кез келген мүлік болып табылады (АК 197-бабы).

Шаруашылық жүргізудегі мүліктің меншік иесі «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» заңның талаптарына сәйкес мынандай құқықтарға ие болады:

1. кәсіпорынды құру, тарату және қайта құру;

2. оның қызметінің атқаратын жұмысы мен мақсаты;

3. кәсіпорын қарамағындағы мүліктерді мақсатты пайдалануға және сақтауға бақылау жасау;

4. кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіндеге мүліктерді пайдаланудан табыс түсіру.

Шаруашылық жүргізу құқығының субъектілері заңға сәйкес мына төмендегідей деп танылады:

1. республикалық меншіктегі кәсіпорындар;

2. коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар;

3. шаруашылық жүргізу құқығының негізінде еншілес кәсіпорындарда құрылуы мүмкін.

2. Оралымды басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мекеменің, мемлекеттік мекеменің, меншік иесінен мүлік алушы және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктік мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсіпорындардың заттық құқығы болып табылады (АК 202-бап).

Бұл құқықтың субъектісі қазыналық кәсіпорын немесе кез келген меншік түріндеге мекеме болып табылады.

Құқық объектісі қазыналық кәсіпорынның мүлкі мен мекеменің мүлкі саналады.

Оралымды басқару құқығының мазмұнының шаруашылық жүргізу құқығына қарағанда аясы тарлау келеді. Мысалы, мемлекеттік кәсіпорынды құрылған сәттен бастап оны қаржыландыруды тоқтатады, бұл мемлекеттік мекемеден басты айырмашылық болып есептеледі.

Орылымды басқару құқығы дегеніміз заттық құқық, яғни қазыналық кәсіпорын мен мекеменің өзінің шаруашылық қызметін жүзеге асыру мақсатында меншік иесінің мүлкін заң талабына, өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмасына және мүліктің мақсатына сәйкес заттық құқықты пайдалану болып табылады.

 

3. ҚР АК-нің 195-бабының 1-тармағына және «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы» жарлықтың 1-бабына сәйкес, жерге құқықтардың ішінен меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, сервитуттар заттық құқықтарға жатады. Заң доктринасында жер учаскесіне заттық құқықтарға, жоғарыда аталғандардан басқа, әдебиетте кепілді, сенімгерлікпен басқару құқығын жатқызады. Біз жер учаскелеріне оралымды басқару құқығының туындауы мүмкін деп ойлаймыз. Мұндай құқыққа, әсересе, ғимараттары мен құрылыстары өздеріне оралымды басқару құқығында тиесілі мемлекеттік емес мекемелер мұқтаж болып отыр. Жер учаскесіне шектелген өзге де заттық құқықтар (тұрақты және уақытша жер пайдалану құқығы) мемлекеттік меншік құқығынан туынды құқықтар болып табылады, ал мемлекеттік емес мекеме құқығы құрылтайшылардың жеке меншік құқығынан туынды болуға тиіс. Оралымды басқару құқығы осындай конструкцияға жатады. Бірақ күшіндегі жер заңнамасы жер учаскелерін оралымды басқару құқығының объектілері деп танымайды.

Барлық көрсетілген құқықтардың объектісі – жер учаскелері. Заттық құқықтар дара белгілерімен анықталатын заттарға туындайды. Баяндалғандарға жүгінсек, жер учаскесіне заттық құқықтың туындауының алғышарты – объектіні қалыптастыру болып табылады.

 


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 288 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс. Мерзімдер. Талап мерзімі.| Дәріс. Меншік құқығының ұғымы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)